Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2013 в 17:49, реферат
Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға арналған.
Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы:
— бөлім бойынша кезекші;
— бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
— қарауыл;
— кезекші бөлімше;
ТМД-ның әрбір елінде Қарулы Күштер құрылған кезден бастап, олардың басшылары өз қорғаныстарын ұжымдық негізде құрғысы келетіндерін мәлімдеді. Алайда, 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШ) тек 6 ел ғана - Армения, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойды. Келесі жылы оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Небәрі бес жыл өткеннен кейін, 1999 жылы 4 ақпанда Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан ҰҚШ-ға мүшеліктен шығу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті. 2-3 аптадан кейін бұл үш елдің бірінің қабылдаған шешімінің қате болғанын сезінуіне тура келді. Ташкенттің орталығында ислам оппозициясы күштері ұйымдастырған жарылыс болды. Діни уағыздармен бүркемеленген мұндай күштер Тәжікстан және Қырғызстан Республикаларында жанданды. Ауған талибтерінің, Усама бен Ладеннің және басқа да халықаралық экстремистердің қолдауына сүйенген олар Ферғана жазығында және Тәжікстанның, Қырғызстанның оған көршілес аудандарында, Өзбекстанның Сурхандария облысында ислам мемлекетін құру идеясын көтерді. 1999 жылы үкімет әскерлерінің күшінен жеңіліске ұшыраған олар 2000 жылы өздерінің арандату әрекетін қайталап, бірақ тағы да қуылды. Алайда бүкіл ортаазиялық республикаларға, оның ішінде Қазақстанға да елеулі қатер төнгені айқын болды.
Біздің көршіміз - Қытай Халық Республикасы үшін де қауіп күшейді. Бұл бұрынғы КСРО-ның ортаазиялық республикалары мен Қытай кіретін "Шанхай бестігінің” қызмет ауқымын кеңейтуге негіз болды. Шекара мәселелерін және шекаралық белдемдердегі сенім шараларын шешуге негізделген "Шанхай бестігі” терроризм қатерімен күресте де бірлесе әрекет етуге шешім қабылдады. Осы мақсатпен олардың арасында әскери-саяси ынтымақтастық кеңеюде, халықаралық террористердің қауіпті әскери қимылдарын тойтару жөнінде біріккен жаттығулар өткізу, бітімгершілік шараларға қатысу көзделуде. Осы және басқа мәселелер бойынша келісімдер 2000 жылғы наурыздың соңында Астанада өткен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс министрлері кеңесінің қорытындысына негізделген Бірлескен коммюникеден өз көрінісін тапты.
Бір айдан соң Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, және Өзбекстан президенттерінің екі күндік кездесуінің қорытындысы бойынша, саяси және діни экстремизмге, транс-ұлттық ұйымдасқан қылмысқа және тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін басқа да қатерлерге қарсы күрестерге бірлескен қимылдар туралы шартқа қол қойылды. Көршілес мемлекеттер басшылары мұны "Қорғаныс Одағы” деп атады. Көрші елдегі "Баткен соғысы” деп аталған жағдайлар, оның біздің мемлекетіміздің оңтүстік аудандарына өтуінің тікелей қатері "қорғаныс одағы” - ҰҚШ-ға қатысушы елдердің өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге бұрын басталған әскери реформаны жеделдетуді талап етті. 2000 жылы 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа Әскери доктринаны бекітті. Ол бұрынғыша қорғаныс сипатына ие және әскери қақтығыстарды болдырмауды, оларды дипломатиялық жолдармен шешуді басты міндеті санайды. Геосаясаттағы өзгерістер терең талдана отырып, жаңа әскери доктринада жаңа қауіп қатерлердің өскені, әсіресе, оның халықаралық терроризм, саяси және діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, қару-жарақ пен есірткіні заңсыз тасымалдау тарапынан болып отырғаны мәлімделді. Осыларды, сондай-ақ, қарулы күрес құралдары мен әскери өнердегі өзгерістерді ескере отырып, жаңа доктрина соғыстың сипаты, құрылымы және әскерлердің әскери іс-қимылдары туралы мәселелерді жаңаша түсіндіреді. Әскери қауіпсіздікті экономикалық жағынан қамтамасыз ету мәселесі де кеңінен қарастырылды. Әскери доктрина негізінде, 2000 жылы 7 шілдеде "Әскери реформа тұжырымдамасы” және "Әскери құрылыстың 2005 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді.
Қабылданған құжаттар толығымен іске асырылуда. 2000 жылы 7 тамыздағы ел президентінің нұсқауымен Жаңа әскери-әкімшілік құрылым - әскери округтер құру басталды. Қазіргі кезде округтерде құрамалар мен бөлімдерді толықтыру, оларды орналастыру жұмыстары аяқталуда, гарнизондар ретке келтірілуде, барлық керек жарақпен қамтамасыз ету жолға қойылуда, облыстық және жергілікті өкімет органдарымен байланыс орнатылуда.
Қазақстан армиясында бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік оқулар Ауғанстандағы соғыстың, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінің соңғы онжылдықтағы қарулы қақтығыстарының тәжірибелерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу сыныптарындағы сабақтар далалық-роталық және батальондық жаттығулардағы жауынгерлік атыстармен, әр түрлі ауқымдағы командалық-штабтық жаттығулармен толықтырылады.
1994 жылы 14 мамырда Әуе шабуылынан қорғаныс және Әскери-әуе күштері әскерлерінің республикалық әуе кеңістігін қорғау кезіндегі олардың өзара біріккен қимылдары мәселесі бойынша командалық-штабтық жаттығуы болды. Сол жылдың 15 тамызында Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен гвардиялық гарнизон бөлімдерінің кешенді командалық-штабтық жаттығуы өтті. 1995 жылы 3-7 қыркүйек аралығында Гвардейский поселкесінде кешенді жазғы-тактикалық жаттығу болды. Бір жылдан соң, 1996 жылы 13 қыркүйекте Әскери-әуе күштері бөлімдерінің жауынгерлік дайындығын тексеру және авиацияның, әскердің басқа түрлерінің бөлімдерімен өзара үйлесімді қимылдарын байқау мақсатында жаңа жаттығу өткізілді. Оларға қатысқан Н.Ә.Назарбаев тиісті қолбасшыларға Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің туын және Әуе шабуылынан қорғаныс күштерінің жауынгерлік туын тапсырды.\
әСКЕРИ
ОбычныйТерминСписокопределений
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына (бұдан әрі - Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;
2) әскерге шақыру жасына дейінгілер - әскери есепке алынғанға дейін әскери қызметке даярлықтан өтетін Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
3) әскерге шақыруды кейінге қалдыру - осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру;
4) әскерге шақырылушылар - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және Қарулы Күштерге әскерге шақыруға жататын Қазақстан Республикасының ер азаматтары;
5) әскери атақ - әскери қызметшіге және әскери міндеттіге берілетін әскери айырым белгісі;
6) әскери билет - азаматтың әскери қызметке тиесілігін және әскери міндеттілікке қатыстылығын айқындайтын бірыңғай мерзімсіз жеке есептік-әскери құжаты;
7) әскери бөлімнің штаты - жеке құрамның құрамын, ұйымдастыру-штаттық құрылымын, санын және қару-жарақ кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техника санын айқындайтын құжат;
8) әскери есепке алу - әскери қызметшілер, әскерге шақырылушылар мен жұмылдыру ресурстары туралы сандық және сапалық деректерді есепке алу және талдау жүйесі;
9) әскери жиындар - Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге шақыра отырып, оларды әскери даярлау, әскери білім алу және жетілдіру бойынша әскери басқару органдары жүргізетін іс-шаралар.
Әскери жиындар:
оқу-жаттығу жиындары - әскери міндеттілерді, әскери оқу орындарына (әскери факультеттерге) түскен кезде әскерге шақырылушыларды және жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттерін даярлау және қайта даярлау мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;
тексеру жиындары - соғыс уақытының ұйымдастыру-штаттық құрылымында міндеттерді орындауға арналған әскери бөлімдердің дайындығын тексеру мақсатында өткізілетін әскери жиындар түрі;
арнайы жиындар - төтенше жағдайлар салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де жағдайларда өткізілетін әскери жиындар түрі болып бөлінеді;
10) әскери киім нысаны - Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін әскери қызметшілердің Қарулы Күштерге тиесілігін айқындайтын айырым белгілері бар нысанды киім (киім-кешек) және жабдық;
11) әскери қызмет - Қазақстан Республикасының егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларының қол сұғылмаушылығын қарулы қорғауға байланысты әскери қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге бағытталған Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің мемлекеттік қызметінің ерекше түрі;
12) әскери қызметтен шығару - әскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздемелер бойынша запасқа немесе отставкаға шығара отырып, әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару;
13) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт - уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы азамат әскери қызмет өткерген кезеңде тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін белгілейтін ерікті түрде әскери қызмет өткеру туралы шарт;
14) әскери қызметшілер - Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
15) әскери лауазым - әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер жүктелген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемесінің штаттық бірлігі;
16) әскери міндеттілер - әскери есепте тұратын және әскери есепте тұрудың шекті жасына дейін запаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
17) әскери міндеттілер запасы (запас) - аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, Қарулы Күштерді және соғыс уақытының басқа да мемлекеттік органдарын толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;
18) әскери міндеттілік - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндеті;
19) бастапқы әскери даярлық - әскери іс және адамның қауіпсіздігі мен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);
20) еңбек сіңірген жылдары - әскери қызметшінің күнтізбелік те, сондай-ақ жеңілдікпен де есептеліп шығарылатын әскери қызметте болу ұзақтығы;
21) жалпыға бірдей әскери оқыту - Қазақстан Республикасының азаматтарын соғыс жағдайы енгізілген кезеңде әскери даярлыққа міндетті оқыту;
22) жеке құрам - Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары;
23) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер - осы Заңда айқындалатын мерзімге Қарулы Күштерге әскери қызметке ерікті түрде кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;
24) курсанттар - орта техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-жаттығу орталықтарында, оқу орындарының әскери факультеттерінде (бұдан әрі - әскери факультеттер), әскери оқу орындарында оқитын офицерлер құрамының әскери атағы жоқ әскери қызметшілері;
25) курстық даярлық - әскери қызметшілердің әскери білімін, практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған кәсіби деңгейін, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтитын кәсіптік оқыту нысаны;
26) қолданыстағы резерв - барлау қызметі шеңберінде жүктелген жедел міндеттерді орындайтын әскери қызметшілер;
27) мерзімді әскери қызмет - ер азаматтарды осы Заңда айқындалған тәртіппен Қарулы Күштерге қатардағы жауынгерлер және сержанттар құрамының әскери лауазымдарына әскерге шақыруға негізделген әскери қызмет;
28) отставка - әскери қызметтен босатылған немесе әскери есептен шығарылған, запаста болудың шекті жасына толған адамдардың немесе әскери есептен шығарылып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдардың жай-күйі;
29) офицерлер - офицерлер құрамының тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;
30) психикалық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер - адамның жеке физиологиялық реакцияларын арнайы техникалық құралдар көмегімен тестілеуді және тіркеуді қамтитын, Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарында, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілер арсеналдарында, базаларында және қоймаларында қару-жарақты және оқ-дәрілерді сақтауға байланысты лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін іріктеу кезінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері мен азаматтарының жеке-психологиялық және психикалық-физиологиялық қасиеттерін жан-жақты бағалауға бағытталған тексеру іс-шаралары жиынтығы;
31) ротация - әскери қызметшілерді Қарулы Күштердегі тең және өзге де лауазымдарға ауыстыру;
32) сарбаздар (матростар) - сарбаздар (матростар) құрамының әскери атақтары берілген әскери қызметшілері;
33) сержанттар (старшиналар) - бекітіліп берілген жеке құрамға қатысты басқару функцияларын жүзеге асыратын, жеке құрамды үйрету және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындайтын, сержанттар (старшиналар) құрамының әскери атақтары берілген командалық құрамның әскери қызметшілері;
34) тәрбиеленушілер - әскери даярлық бойынша қосымша білім беру бағдарламалары бар жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары;
35) тыңдаушылар - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарында оқитын офицерлер құрамының әскери қызметшілері;
36) уәкілетті лауазымды адам - Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштерде әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі - Әскери қызмет өткеру қағидалары) белгіленген тәртіппен келісімшарт жасасуға құқық берілген лауазымды адам;
37) уәкілетті орган - құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;
38) ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар - Қарулы Күштерде мемлекеттік мекемелерді және олардың құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта ұйымдастыру, орнын ауыстыру, бағыныстылығын өзгерту, штаттарын өзгерту бойынша, сондай-ақ Қарулы Күштердің құрамы мен штат санын өзгерту бойынша өткізілетін іс-шаралар.
ТәуЛІКТІК НАРЯД
Тақырыбы: «Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің
құқықтары мен міндеттері».
Сабақтың мақсаты:
1. Тәуліктік наряд, оның құрамы, тағайындалу тәртібін және лауазымдық
тұлғалардың негізгі міндеттерін оқып,
білу.
2. Оқушылардың әскери білімдерін арттыру.
3. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу, оқушылар арасында
шынайы әскери достықты нығайту.
Сабақтың жоспары:
1. Тәуліктік наряд, оның құрамы
2. Тәуліктік нарядтың тағайындалуы
3. Тәуліктік нарядтың лауазымдық тұлғалардың
негізгі міндеттері
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: ҚР ҚК Жарғылары, проектор, MyTest орнатылған
ноутбуктер.
Тәуліктік наряд - әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға,
әскери бөлімнің жеке құрамын, қару-жарағын, әскери техникасы мен оқ-дәрілерін, материалдық
қорларын, үй жайлары мен мүліктерін күзетуге, бөлімшелердегі
істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде
шаралар қабылдауға арналған.
Бөлімнің тәуліктік нарядының құрамы:
-- бөлім бойынша кезекші;
-- бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі;
-- қарауыл;
-- кезекші бөлімше;
-- парк бойынша кезекші және тәуліктік
кезекшілер, кезекші сүйреткіштердің
механик-жүргізушілері;
-- кезекші фельдшер және медпункт бойынша
тәуліктік кезекшілер;
-- бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші және оның көмекшілері;
-- бөлім штабы бойынша кезекші;
-- өрт наряды
Ротаның тәуліктік нарядына:
- Рота бойынша кезекші
- Рота бойынша тәуліктік кезекшілер тағайындалады.
Ротадағы тәуліктік кезекшілердің ауысым
санын бөлім командирі белгілейді. Жатақхана
бойынша тәуліктік нарядтың құрамы, сондай-ақ олардың міндеттері ротаның
тәуліктік нарядына сәйкестендіріліп
белгіленеді.
Бөлімшелер нарядқа өздерінің командирлерімен бірге тағайындалады.
Бөлім офицерлерінің және бөлімшелерінің
арасындағы кезектілікті бөлім штабының
бастығы белгілейді.
Тәуліктік наряд тағайындалатын бөлімшелердің
командирлері жеке құрамды іріктеу және қызмет атқаруға, оқу сабақтарына және жұмысқа
таратуға дер кезінде келуі үшін жауап береді.
Ротаға нарядтардың кезектілігін ротаның
старшинасы, ал взводта - взвод командирінің
орынбасары белгілейді.
Сарбаздардың, сержанттар мен офицерлердің
арасында кезекті нарядтардың саны біркелкі
және әділ бөлінуі керек. Нарядтың қағаздары жыл бойы сақталады, сонан соң жойылады.
Тәуліктік нарядқа дайындалу
Тәуліктік нарядка тағайындалатын бөлімшелердің
командирлері жеке құрамды іріктеп және қызмет атқаруға даярлау үшін, оқу сабақтарына және жұмысқа таратуға
дер кезінде келуі үшін жауап береді.
Нарядтың алдындағы түні тәуліктік нарядқа
тағайындалған адамдар барлық оқу сабақтарынан
және жұмыстардан босатылуы тиіс.
Нарядқа түсетін күні күн тәртібінде көрсетілген
сағаттарда жеке құрамға қызмет өтеуге даярлануына, оның ішінде практикалық
оқу сабақтарын өткізуі үшін кем дегенде үш сағат және тынығуға кем дегенде бір
сағат уақыт берілуі керек.
Тәуліктік нарядтың жеке құрамын даярлауды старшина немесе бөлімшеден
тағайындалған басқа лауазымды адам жүргізеді.
Дивизионнан немесе әскери бөлімнен тағайындалған тәуліктік нарядты
даярлауды тиісті командирлер ұйымдастырады және олардың орынбасарлары жүргізеді.
Жұмысқа таратуға шығуға 15 минут қалғанда тәуліктік наряд қызмет өткеруге дайын болуы және олар өз кезекшілері мен бөлімнің қарауыл бастықтарының қарамағына қабылдануы керек.
Тәуліктік нарядты жұмысқа тарату оның
қызмет өткеруге деген даярлығын тексеру, лауазымды
адамдарға бағынуы, бұрынғы қарауылдарды ауыстыру құқығын беру болып табылады. Жұмысқа таратудың
ұзақтығы 40 минуттан аспау керек.
Жұмысқа таратудың басталуына 10 минут
уақыт қалғанда бөлім бойынша кезекшінің офицерлер
қатарындағы жаңа көмекшісі жұмысқа тарату орнына
кезекші бөлімшеден басқа тәуліктік нарядтың
жеке құрамын сапқа тұрғызып, түгел болуын тексеріп,
ол туралы бөлім бойынша кезекші келген
кезде баяндайды.
Жұмысқа тарату кезінде тәуліктік наряд:
оң қапталда - қарауылдар, сосын оңнан солға - парк бойынша кезекші,
кезекші фельдшер, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші, бөлім штабы
бойынша кезекші, бөлімшелер ретіндегі
роталар бойынша барлық кезекшілер, шабармандар,
асхана бойынша кезекші, өрт нарядының бастығы, кезекші белгі беруші-барабаншы;
бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшілері,
тәуліктік кезекшілер мен кезекші сүйреткіштердің
жүргізушілері өз кезекшілерінің артына бір-бірден тізіліп,
бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі қарауылдардың оң жақ қанатына тұрады.
Бөлім бойынша кезекші бөлімнің басқару
офицерлерінен, рота командирлері мен
оған теңестірілгендерден тағайындалады.
Ол бөлімшелер мен бөлім басқармаларының
дабыл жарияланғандығы туралы дер кезінде
құлақтануына, бөлімде ішкі тәртіпті ұстауға және тәуліктік нарядтың қызмет өткеруіне, бөлім штабы мен қызметтері офицерлерінің пистолеттері мен оқдәрілерінің
сақталуы үшін жауапты болады. Бөлім бойынша кезекші
бөлімнің командиріне бағынады. Оған бөлімнің
барлық тәуліктік наряды бағынады.
Бөлім бойынша кезекшінің көмекшісі кіші
офицерлерден немесе әскери қызметті келісім шарт бойынша өткеруші іскери қызметкерлерден сайланып, бөлім бойынша кезекшіге бағынады,
кезекшінің орнында қала отырып, оның міндеттерін орындауға
міндетті.
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекші сержанттардан
тағайындалады. Ол бөлімге келген-кеткен
адамдарды бақылау-өткізу пунктінен дұрыс өткізу-шығару мен қандай да бір болмасын мүлікті алып шығудың
(алып кірудің) немесе әкетудің (әкелудің) дұрыстығына жауап береді.
Бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісі
сержанттардан немесе сарбаздардан тағайындалады.
Ол бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшіге бағынады.
Кезекшінің кезекті көмекшісі бақылау-өткізу пунктінде үнемі болуы керек және ол бөлім аумағында
келген адамдарды өткізудің дұрыстығы мен қандай да бір болмасын мүлікті алып шығару
не кіргізу немесе әкету не әкелу дұрыстығы үшін жауап береді.
Бөлім штабы бойынша кезекші бөлім прапорщиктері
мен сержанттарынан тағайындалады. Ол
штабтың қызмет бөлмелерін күзету, штаб үй-жайларының тазалығы, шабармандардың
қызметті дұрыс өткеруі және байланыс жіберілімдері мен телефонограммаларды
дер кезінде қабылдау үшін жауап береді. Бөлім штабы бойынша кезекші
бөлім бойынша кезекшіге, оның көмекшісіне
және бөлім штабының бастығына бағынады.
Кезекшілікті тапсыру мен қабылдау жайлы бұрынғы кезекші мен жаңа кезекші
бөлім штабының бастығына және бөлім бойынша
кезекшіге баяндайды.
Медициналық пункт бойынша кезекші фельдшер
медпунктегі ішкі тәртіпке және дәрігер
болмаған жағдайда - дәрігерге дейінгі
медициналық көмек көрсетуге жауап береді.
Ол бөлім бойынша кезекшіге, көмекшісіне
және медпунктің бастығына бағынады. Оған
медпункт бойынша тәуліктік кезекшілер
бағынады. Бұрынғы және жаңа кезекші кезекшілікті
тапсыру және қабылдау жөнінде медпунктің бастығына баяндайды.
Асхана бойынша кезекші кіші офицерлерден,
прапорщиктерден немесе сержанттардан
тағайындалады. Ол қоймадан азық түліктің дұрыс алынуына, олардың
қазанға керекті мөлшерде толық салынуына, белгіленген
норма бойынша тамақтың дер кезінде берілуіне,
асханалық ыдыс аяқтың басы бүтіндігіне,
санитариялық гигиеналық күйіне және
ондағы тәртіп жағдайына жауап береді.
Асхана бойынша кезекші бөлім бойынша
кезекшіге, оның көмекшісіне, тыл жөніндегі
бөлім командирінің орынбасарына және
бөлімнің азық түлік қызметінің бастығына бағынады. Оған асханада жұмыс
істеуге белгіленген тәуліктік наряд
және аспазшылар бағынады.
Өрт наряды бөлімнің штаттық өрт командасынан құралады, оның құрамына: наряд бастығы, жүргізушілер және өрт сөндіруші машиналар немесе басқа автомобильдер
(мотопомпалар)саны бойынша өрт тобының нөмірі, өрт посттардың саны бойынша постқа тұрушылар
кіреді. Өрт наряды бөлім бойынша кезекшіге және
өрт командасының бастығына бағынады.
Рота бойынша кезекші сержанттардан не
жақсы даярланған сарбаздар қатарынан тағайындалады. Ол рота әскери қызметшілерін алған дабылдар жайлы уақытылы хабардар
етуге күн тәртібінің дәл орындалуына
және ротадағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі
басқа да ережелерді орындауға, қарулардың, оқдәрі жәшіктерінің, рота мүліктерінің,
сарбаздар мен сержанттардың жеке заттарының
бүтіндігіне және тәуліктік кезекшілердің
қызметті дұрыс өткеруі үшін жауап береді. Рота бойынша кезекші бөлім
бойынша кезекші мен оның көмекшісіне,
ал ротадағы ішкі қызмет тәртібі бойынша - рота командиріне және
рота старшинасына бағынады.
Рота бойынша тәуліктік кезекші сарбаздардан
тағайындалады. Ол өзінің қол астында күкзетуге тұрған қару жарақтың, пистолеттер тұрған шкафтардың,
оқдәрі салынған жәшіктердің, рота мүліктерінің
және сарбаздар мен сержанттардың жеке
заттарының сақталуы үшін жауап береді. Рота бойынша тәуліктік
кезекші рота бойынша кезекшіге бағынады.
Рота бойынша кезекті тәуліктік кезекші
казармалық үй жайдың ішінде кіре беріс есіктің жанында,
қару жарақты сақтауға арналған бөлменің
жанында қызметін өткереді.
Жұмысқа таратудан соң жаңа кезекші бұрынғы
кезекшіден тізбе бойынша құжаттарды, бөлім штабы мен қызметтерінің офицерлерінің қару жарақтары мен оқ дәрілерін қабылдап алады. Қару жарақ номері мен жинақталуы бойынша
бір-бірлеп жеке қабылданады. Сосын бұрынғы кезекшімен бірге хабарлау
мен күзеттің техникалық құралдарының, радиациялық және химиялық барлау аспаптары
дұрыс жұмыс істеуін тексереді.
Кезекшілікті өткізгеннен кейін және қарауыл ауысымы туралы қарауыл бастықтарының баяндауынан кейін бұрынғы
және жаңа кезекші бөлім командиріне баяндауға
келеді.
Мысалы: «Полковник мырза, лейтенант Омаров
бөлім бойынша кезекшілікті тапсырды».
«Полковник мырза, капитан Иванов бөлім
бойынша кезекшілікті қабылдады».
Мұнан соң бөлім бойынша жаңа кезекші
кезекшілікті қабылдап алу кезінде аңғарылған және ауыстырылған
тәуліктік наряд жоя алмаған барлық кемшіліктер
туралы, қарауыл күзеткен объектілерді ашу және жабу
туралы хабарлайды.
Информация о работе Тәуліктік наряд. Тәулік кезекшінің құқықтары мен міндеттері