Диссертациялық жұмыстың библиографиясын түзу әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2013 в 17:54, реферат

Описание работы

Ғылыми ізденістің барлығы (баяндама, курстық жұмыс, диссертация т.б.) әуелі тақырыптық зерттелу тарихынан мағлұмат беретін еңбектерді тауып, жүйелеп елеп-екшеуден басталады. Осы бағыттағы ғасырлар бойы жинақталған ой-пікірлермен жақсы таныс болу – нәтижелі зерттеудің алғышарты. Демек болашақ филолог үшін өзіндік ғылыми зерттеу жұмыстарына қажет деректер мен мәліметтерді тез әрі неғұрлым толық жинап ала білуі маңызды екен.

Файлы: 1 файл

Библиография түзу әдісі.doc

— 61.00 Кб (Скачать файл)

Көрсеткіште шартты қысқартулардың шешуі міндетті түрде беріледі.

Библиографиялық ізденістің түрі мен жолы көп. Олар негізіне қарай  қарапайым және күрделі, жаппай немесе суыртпақтап іздеу деп аталып жүр.

Жеке қаламгер жөніндегі  ақпар қарапайым жолмен іздеп  табылады. Жаппай іздеу – анықтамадағы көрсетілген тақырыпқа сәйкес барлық материалдарды іздеп табу. Бұлардың ішіндегі ең күрделісі – суыртпақтап  жинау. Ізденіс барысында кейбір мәселелерді, жасырын атпен берілген мақаланың авторының аты-жөнін, туындының жарық көрген уақытын, қай жерде басылғанын т.б. анықтау қажет болады, осыған байланысты әр түрлі қосымша көрсеткіштер мен анықтамаларға жүгінуге тура келеді.

Студенттің баспа өнімдерінің  библиографиялық түзілімін жасау ережелерімен мұқият танысқаны, оларды жете меңгергені ғылыми зерттеу үшін аса қажет. Оқушылардың баспаның аты мен журналдың аталуын ауыстыруы немесе кітап пен мақаланың белгісін айыра алмау сияқты қателіктері кітапхана өмірінде жиі кездесіп отыр. Оның үстіне оралымсыз әрі қабылданған ережелерге сай емес библиографиялық тізімдер, сілтемелер – ғылыми зерттеудің бағасын кемітетін көрсеткіштер.

Библиографиялық жазулардың негізгі ережелерін жеке библиографиялық  картотека жасауда да қолданған дұрыс. Карточкаларды кітапханадан сатып алуға немесе қатты қағаздан қолдан жасауға (өлшемі 12,5х7,5) да болады, мұндай библиографиялық анықтама қолдануға өте оңтайлы, себебі оған өзгерту енгізуге, қгосымша деректермен толтыруға, карточкаларды тақырыптық, мәселелік, алфавиттік, хронологиялық топтарға жинақтау оңай. Карточканың сырт жағына басылым жөнінде аннотация беруге, мазмұны, авторы жайлы қосымша ақпарлар, өзіндік сын-пікірлер, цитаталар жазып қоюға болады. Қабылданған келісім бойынша аннотация тік жақшамен бөлектенеді.

Библиографиялық көрсеткіш, тізім, кітапхананың каталогын, жеке картотека  жасауда қолданылатын баспа өнімдерін  белгілеудің қабылданған жалпыға  ортақ ережелері бар, дегенмен аздаған  айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ  олар негізінен ертеректе шыққан басылымдарға ғана байланысты болады.

Библиографиялық көрсеткіш, анықтамалықтан каталогтардан баспа өнімінің мынадай  мәліметтерін мұқият жазып алу керек, олай болмаса қайта-қайта қарап, уақыт кетіретін боласыз:

1. Автордың аты-жөні.

2. Басылымның атауы.

3. Том. Кітап сандары,  басып шығарылу реті (бұлар әдетте  араб цифрларымен көрсетіледі).

4. Баспаның аты, мекені, шығарманың басылған уақыты.

Бұл деректер кітаптың мұқабасынан  емес ISBN, ӘОЖ, КБЖ сияқты барлық белгілер толық көрсетілген титулдық парағынан алынуы керек, ол көбіне-көп екінші рет болып отырады, библиографияда осындағы мәліметтер ешбір өзгеріссіз қолданылуы керек:

Енді осы деректердің  библиографиялық көрсеткіштер мен  картотекаларда ережеге сәйкес жазылуына  назар аударайық. Карточкада жазылу үлгісі:

Келімбетов Н.

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі. – Алматы, мектеп, 1986.-2012 б.

Мысалдан көрініп отырғандай, ыңғайлы болу үшін карточкада автордың аты бірінші жолға бөлек жазылған, қалған ақпарлар тіркестіре берілген.

Авторы көрсетілмеген жинақтарды, ресми документтердің жиынтығын былайша өрнектеу қабылданған:

Ескі түркі жазба  ескерткіштері туралы зерттеулер. –  Алматы, Ғылым. 1983.-352 б.

Кітаптан алынған мақаланың  өрнектелуі:

Дәдебаев Ж. Анахарсис // Адам және заман. – Алматы: «Өнер», 2007. Б43-62.

Журналдық мақала:

Ғаббасов Ә. Отар. // Жұлдыз. – 1985. -№12 – 50-55 бб.

Газеттік мақала:

Смаилов К. Әлем биігіндегі азамат // Қазақ әдебиеті. – 8 қараша, 1991ж. – Б.14.

Ғылыми еңбекте берілетін  библиографиялық тізімде, сілтемелерде деректің барлық элементтері тіркестіре жазылады.

Әдеби мәтн жайлы ғылыми еңбектің соңына зерттеуге негіз  болған бастаулардың тізімі былайша  жүйеленіп берілуі мүмкін:

- ресми құжаттар

- шығармалар

- ғылыми-сын зерттеулер

-библиографиялық негіздер

Соңғы талаптар бойынша библиографиялық мәліметтерді зерттеуде қолданылу реті бойынша рәсімдеу қалыптасқан.

Библиография түзу ережелері  бойынша студенттер білуге тиіс сұрақтар:

- библиографиялық дереккөз  түрлері (перспективалық, ретрспективті,  ағымдық);

- жеке және жалпы библиографиялардың айырмашылықтары;

- жеке библиографияда  қолданылатын көрсеткіштер тобы;

- жалпы және жеке библиографиялардың сипаты мен қызметіне қарай бөлінетін түрлері, олардың қызметі;

-библиографиялық құрал және  онымен жұмыс істеу тәсілдері;

- библиографиялық негіздердің  төрт тобы, олардың сипаты, мазмұны,  қызметі, өзара байланысы. 


Информация о работе Диссертациялық жұмыстың библиографиясын түзу әдістемесі