Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2013 в 21:10, реферат

Описание работы

Өнеркәсіптің құрылымы:Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы.

Файлы: 1 файл

Өнеркәсіп құрылымы.docx

— 36.03 Кб (Скачать файл)

1991 жылға дейін Қазақстанның ауыр өнеркәсібі КСРО-ның бірыңғай химия шаруа кешені ретінде дамыды. Мұндай тәуелділіктің бірнеше зардаптары болды. Біріншіден, әрі қарай өңдеу үшін жартылай өнім сыртқа тасылды. Екіншіден, түпкі өнім шығаратын кәсіпорындар үлесі төменгі деңгейде қалды. Үшіншіден, түсті және қара металлургия, басқа ауыр өнеркәсіп салалары түпкі өнімге бейімделмей, шикізат бағытын ұстанды. Төртіншіден, экологиялық жағынан таза, озық технол-ларды өндіріске енгізу ісіне жете назар аударылмағандықтан әлемдік технологиялық дамудан кенжелеп қалдық. Бесіншіден, Қазақстан ауыр өнеркәсіп өнімдері тек КСРО рыногына бейімделді. Қазақстанда өндірілген мұнайдың 70%-і, темір рудасының 55%-ті, көмірдің 28%-ті, қара металдың 46%-ті, синтетик. каучуктің 86%-і, негізгі химия өнімдерінің 54 %-ті сол рынокқа шығарылды. 1991 — 1996 жылдары еліміз экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне, бұрынғы қалыптасқан экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты отандық ауыр өнеркәсіп елеулі қиындықтарды басынан өткізді. Бастапқы жылдардағы еңбекақының өсуі, айналым қаражаттарының жетіспеуі, ақшаның құнсыздануы, қаржыландыру тәртібінің өзгеруі, қажетті ресурстарға бағаның шексіз өсуі ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын дағдартып тастады. Қазақстан үкіметі шұғыл түрде кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру, шетелдік кәсіпкерлер мен инвесторлар қаржылары көмегімен оларды қайта жарақтандыру бағытында экономикалық жобалар тізбегін жасап ұсынды. 5000 жұмысшысы бар өнеркәсіп орындарының саны 129 болып, олар жеке жобалар арқылы жекешелендіруге көшірілді. 1995 — 1996 жылдары түсті және қара металлургия, тау-кен және химия өнеркәсібінің 50-ге тарта белді кәсіпорындары шетелдік басқаруға берілді. Олардың арасында “Айведон интернешнл ЛТД” (Соколов-Сарыбай кен байыту өнеркәсіптік бірлестігі), “Japan chrom corporatіon” (Хром өндірісі кәсіпорындары), “Самсунг” (Жезқазғанцветмет),“Испат-Қармет” (Қарағанды меаллургия комбинаты) т.б. компаниялар бар. 1994 — 96 жылдары Қазақстанға 6 млрд. доллар шамасында шетел капиталы тартылды, оның 60%-і түсті металлургияға, ал қалғаны мұнай, газ өнеркәсібін дамытуға және басқа салаларға жұмсалды. Басқаруға берілген кәсіпорындардың қарыздары мен берешектері жабылып, өндіріс орындарына қан жүгірді, экон. көрсеткіштері жоғарылады. Қазақстан үкіметінің ауыр өнеркәсіп саласында ұстанған саясаты негізінде шектеулі құрылымдық өзгерістер енгізіліп, ұлттық шаруашылықтың отын-энергетика, металлургия, мұнай және газ, машина жасау, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері дамытылып елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілмек. Бұл туралы ел Президентінің Қазақстан халқына 1997 жылғы жолдауында: “Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды. Дүниежүзілік тәжірибеде жалпы ұлттық өнімде ауыл шаруашылығының, өндіруші өнеркәсіптің үлесін ұдайы кеміту және керісінше, өңдеуші өндірістің, ең алдымен ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саятын белгілі бір дәйектіліктің қажеттігін көрсетіп отыр” делінген.

Жеңіл өнеркәсіп - халық тұтынатын көпшілік қолды заттар, ең алдымен, мата, іш және сырт киімдік трикотаж, шұлық-үйық бұйымдарын, аяқ киім, тігін және галантерея бұйымдарын өндіретін салалар мен кәсіпорындар жиынтығы жеңіл өнеркәсіптің негізгі салалары — мақта-мата, зығыр, жүн, жібек, кендір-кенеп, аяқ киім, былғары жөне аң терісі бұйымдарын өндіретін салалар

 


Информация о работе Өнеркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері