Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2012 в 17:55, реферат
Дене белсенділігі біздің өмірімізде маңызды роль атқарады, бірақ біздің тек бір бөлігіміз ғана қандай да бір спортпен тұрақты шұғылданамыз. Әрқайсымыздың рахат сезімін сыйлайтын спорттық жаттығуларды табуға мүмкіндігіміз бар. Әсіресе,денсаулыққа пайдалы әсерді таза ауадағы қозғалыс береді. Дем алудың белсенді түрлерінің жоғалып бара жатқан танымалдылығы өзекті мәселеге айналды. Ал, белсенділіктің болмауы темекі шегу немесе холестериннің жоғарғы деңгейі сияқты денсаулықа сондай зиянды әсер етеді.
Денсаулық және физикалық белсенділік
0 |
Дене белсенділігі біздің өмірімізде маңызды роль атқарады, бірақ біздің тек бір бөлігіміз ғана қандай да бір спортпен тұрақты шұғылданамыз. Әрқайсымыздың рахат сезімін сыйлайтын спорттық жаттығуларды табуға мүмкіндігіміз бар. Әсіресе,денсаулыққа пайдалы әсерді таза ауадағы қозғалыс береді. Дем алудың белсенді түрлерінің жоғалып бара жатқан танымалдылығы өзекті мәселеге айналды. Ал, белсенділіктің болмауы темекі шегу немесе холестериннің жоғарғы деңгейі сияқты денсаулықа сондай зиянды әсер етеді.
Жүйелі дене белсенділігі көптеген аурулардың алдын алудың тиімді әрі арзан әдісі болып табылады. Ол денсаулықтың күйін әр түрлі қалыпта жақсартады:
Дене белсенділігінің жағымды әсері психологиялық өрісте де сезіледі.
Дене белсенділігі қорқу сезімін төмендетеді, күйзеліспен күресуге көмектеседі, ұйқыны жақсартадыжәне көңіл-күйдің субъективті бағасын да көтереді.
Сонымен қатар, басқалармен бірге орындалатын дене белсенділігі үлкен ықпалдасу ролін атқарады. Дене белсенділігі күнделікті қиыншылықтарды ұмытудың әдісі болып табылады, күнделікті күйзеліс туралы ұмытуға мүмкіндік туғызады, өйткені Сіз өзіңізді жаттығуға толығымен бағыштайсыз. Дене жүктемесінің арқасында көңіл-күй жақсарады, бұл, әрине, хал-жағдайға жағымды әсер етеді.
Дене белсенділігі калориялардың жағылуын күшейтеді, бұл дене салмағының төмендеуіне және қалаған салмақты ұстауға мүмкіндік туғызады. Тұрақты дене белсенділігі негізгі зат алмасуға пайдалы әсер етеді, тәбетті төмендетеді және дененің майлы салмағын азайтуға көмектеседі. Дене жаттығуларының арқасында біз тек ажарлы көрінбейміз, сонымен қатар, өзімізді жақсы сезінеміз және де семіздікпен байланысты көптеген қиыншылықтардан аулақ боламыз.
Егер дене белсенділігімен және жаттығулармен тұрақты айналысуды бастау үшін адам ағзасына пайдалы әсердің дәлелі жеткіліксіз болса, онда «қарсы емеспін» дәлелі біздің құмартуымызға оңды әсер етуі болуы мүмкін. Спортпен шұғылданған кезде, біздің құштарлығымзды басқаратын гормондар бөлінеді. Спорт, сонымен қатар, біздің дене пішімімізге және қарсы жыныс өкілдері үшін сексуалды тартымдылыққа үлкен әсер етеді.
Деннің саулығын, пішімін және жастықты ұзаққа сақтау үшін спортпен тұрақты шұғылданыңыз. Жаттығулардың таңдалған түрімен танысқан және өзіңіз үшін сәйкес түрін таңдаған жөн.
Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар.
Аква аэробика спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды.
Калланетик бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі.
Пилатес дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді.
Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу.
Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді.
Тай Чи – бұл негізгі екпінді белсенді медитацияға аударатын, дәстүрлі қытай әдістеріне негізделген дене жаттығуларының түрі.
Фитбол – бұл, әсіресе, қарттарға, жүкті және босанған әйелдерге ұсынылатын, керемет ойынмен біріктірілген қауіпсіз жаттығу.
Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі.
Стретчинг бұлшықеттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі.
Джогинг – бұл аз ғана жылдамдықтағы жүгіру. Арнайы орынды да, құрылғыларды да, қиын жаттығу жинақтарын да талап етпейтін, өте әйгілі спорт түрі.
Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді.
Денсаулық
– адам организмінің қалыпты жағдайы.
Адамның денсаулығын биологиялық (іштен
туа біткен және жүре пайда болған сырқат
белгілеріне қарап) және әлеуметтік факторларды
ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы және
жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі.
Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физио
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық
кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың
өсімі, өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға
шалдығуы, адамның дұрыс өсіп дамуы, орташа
жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады.
Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты
болуы – жеке адамдардың ай сайынғы алатын
еңбек ақысына, жұмыс уақытының ұзақтығына,
еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс
тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің
даму барысына, елдің жалпы санитарлық
жағдайына тікелей байланысты. Адам денсаулығының
мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп
көңіл бөлген; күнделікті өмірде денені
күтіп ұстауға, тазалық сақтауға, дұрыс
тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ
халқының «Бірінші байлық – денсаулық»,
«Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың
– тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам
денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және
философиялық маңызын осы күнге дейін
жойған жоқ.
Шамадан
тыс жұмыс істейтін жандардың
өмірі мен денсаулығына үлкен
қауіп төнеді, деп есептейді британдық
ғалымдар. Ғалымдардың анықтауынша,
жұмыс күні 11-сағатқа созылатын адамдарда
инфаркт алу қаупі 70%-ға жоғары болып келеді.
Сегіз сағаттық жұмыс күнімен еңбек ететіндер
арасында жүрек ауруларына шалдығу қаупі
әлдеқайда төмен болған. Зерттеулер ондаған
жылдар бойы өткізіліп, мамандар әр түрлі
саланың мыңдаған қызметкерлерінің денсаулығын
бақылаған.
Сарапшылар сегіз сағаттан артық жұмыс
күнін зияндылығы жағынан алколгольдік
шімдіктер, никотин мен есірткімен теңестіруге
болады деген тұжырымға келген. Сонымен
қатар, аталған тізімге төмен физикалық
белсенділік, құрамында майлар мен көмірсулар
мөлшері көп тағамдарды да жатқызуға болады.
Тақырыбы: «Денсаулық және физикалық белсенділік»
Қабылдаған: __________________________
Орындаған: __________________________