Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 15:04, реферат
Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Тіпті, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмаймыз
Жалпы ойын-сауықтар
Қозғалмалы ойындардың қалыптасуы
3. Олардың тәрбиелік маңызы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Реферат
Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар
Орындаған: ГК-13 тобының студенті Билялова Диана
Тексерген: Бақтыгүл Есенгелдіқызы
Астана, 2012 жыл
Жоспар:
Ойнамайтын бала жоқ, ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Тіпті, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмаймыз. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100-ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.
Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған — қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi — ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiн де бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес.
Ойында өмiрдiң еркiндiгi, кедергiсi мен мақсаты анықталынады. Ойын-сауық — жеке адамның даму қажеттiлiгiн арттырады, қарсыласпен татуласу немесе оны жеңу жолдарын iздестiредi. Шаруашылықтағы қимыл-әрекеттi осы биiк мақсатқа көтердi. Ойын — адам ойлану және дене қабiлетiнiң бәсекесi, қарсыласпен ашық жарыс. Оның мақсаты — жеңiске жету, ойындағы адамның қабiлет күшiнiң үстемдiгiн көрсету, дәлелдеу.
Кейде ойындардың аттары, атаулары өзгерiп жатса да, олардың ойналу мазмұны сақталып қалған, сөйтiп әдептiң түрлерiн қалыптастыруға септiгiн тигiзген. Мысалы, ақсүйек ойынының басқа түрiк тiлдес елдерде орда, тоқтышақ сияқты атауы да бар немесе лек жалау ойынының шiлiк, қарыс ағаш, шөлдiк және т.б. түрлерi бар. Бұл ойындарды әуелi балалар ойнаса, кейiннен оған жiгiттер мен ересектер де қосылған. Таралуы жағынан ойындар ересектерден балаға мұра ретiнде жиi қалдырылған. Мемлекеттiк құрылым қалыптасқан сайын ойындар халықтық мерекенiң құрамына енген. Ойындар халықтық той-думанның оттығына, көпшiлiктiң ортақ сауығына айналды. Кез келген жыйын-той күрессiз, ат пен жаяу жарыссыз, айтыс, ән мен күйсiз, аң аулаусыз өтпейтiн болған.
Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.
Қозғалмалы ойындар ашық та, икемдi. Талаптарына шартты түрде келiсуге болады. Ойын тәртiбiн ойыншылардың өздерi де, көрермен де бағалауға бiрдей мүмкiндiк алды. Ойынға төрешiлiк халықтық сипатта жүргiзiлдi. Үлкендер, ел ақсақалдары баталарын берiп, ойынның басталуына рұқсат бердi немесе жеңгендерге табыс пен шапағат тiледi. Халықтық ойындар бiртiндеп дәстүр мен еңбек мерекесiне айналды, әдет-ғұрып негiзiнде тамыр жайды, жасөспiрiмдердiң қозғалмалы ойындары ретiнде өрiс алды.
Ойын — бiржағы, дене қозғалысы, шыныққан дененiң шеберлiгi, бiржағы көңiл көтеру, дем алу, бiржағы бас қосып бiрлесу, әдет-ғұрыпты жалғастыруға үндесу. Шаруашылықтан бос кезде той-думан мен ойын-сауықтар жиi атқарылады. Ойын - ұрпақтар өмiрiн үйлестiрудiң дәстүрлi ән-бимен өрнектелген сауық түрi. Оған қатысушылар тамаша құратын орынды, уақытты, ортаны өз ерiктерiмен iрiктейдi, оны өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға деген әуесқойлық күшеедi. Ойыншылар тағдырластарымен, өзiмен жақындастарымен кездесiп, өзара сырласуға және жарысуға мүмкiндiк алады. Бұдан ашық мiнездiң, жарқын жүздiлiктiң лебi естiп, ән-күйдiң тоғысы жаңарып жатады. Ойыншылар — көптiң көңiлiн аулайтын өнерлiлер, өзiнiң мәртебесiн көтермелейтiн өнегелiлер. Ойын үй мен даланың төрiнде өттi, ойыншылар — елдiң көз алдында, көңiлiнен құрмет тапты.
Қозғалмалы ойындар — тәжiрибе мен тәсiлдiң еркiндiгi, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебi, мұрат пен меженiң тоғысқан шеңберi. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзiл-қалжың бола бермейдi. Ойын-сауық қара күш көрсететiн озбырлық немесе бiреудiң намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтiмдiлiгi мен сөз өткiрлiгi, күш пен қабiлет ашық сайысатын ортада көрiнiп, дiлмарлар, шешендер, шеберлер өз мәртебесiн мойындатып жатады. Ойын серiктестi таба бiлуге, онымен тiл табысуға үйретедi. Ойында адам қарсыласының олқы жән оң жақтарын дұрыс анықтауға ерекше мән бередi, оның күш-қабiлетiн тура бағалау ережесiне ередi. Ойнаушы бәсекесi мол қарым-қатынастың тәртiбiне жүгiнедi. Әр ойынның өз тәртiбi, тәсiлi және тәжiрибесi бар. Сол тәртiп, тәсiл, тәжiрибенi бiлген адам тезiрек қалыптасады, жан-жақты жетiледi. Ойын - адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi iс-әрекеттiң көрiнiсi.
Ойын-сауықта кiсiлiк қасиет шыңдалады, адам қабiлетiнiң құндылығы артады. Әр деңгейдiң өз өнерi мен өнегесiне қызыққан шетел саяхатшылары осы қайталанбас табыстарды қанша мәртеге дәл сипаттап жеткiзе алған.
Ойын-сауық жасөспiрiмдердiң ой қабiлетiн, өмiрге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырады. Олар үшiн ойын — баланың жан-тәнiн қоздыратын тартымды қозғалыс, дене мен ойды қатар жаттықтыратын тартылыс, жеңiстiң дәмiн татқызатын, жеңiмпаздың мәртебесiн көтеретiн кеңiстiк пен қолдау тоғысы. Жарысқа қатысатындардың сезiмi сергек, ойы өткiр, кеудесi мен бiлегi мықты, қимыл-әрекетке ептi болуы шарт. Көшпелi қазақтардың өмiр салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа мiну өнерi жас баланың сезiмi мен денесiн жаттықтырудың басты және ортақ дәстүрiне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейiмделдi, соған тырысты.
Қозғалмалы ойын ұрпақтардың өмiр-салтымен, әдет-ғұрпымен ұштасты. Ойын - өзгенiң көңiл-күйiн дер кезiнде және дәл ұға бiлуге, өз көңiлiн дұрыс жеткiзе алуға ұйытқы болады. Жасөспiрiм қозғалмалы ойын арқылы а) ұшқан құс, жүгiрген аң, қыбырлаган жәндiктер тiршiлiк тiрегi екенiн ертерек сезiне алды; б) өз қабiлетiн күнделiктi тiршiлiк ағымына бейiмдеуге ықшамдайды, өзiн алдағы өмiрге икемдей түседi; в) үлкендердiң өнегесiнен тағылым алады. Ойындар өнеге-өсиеттi күнделiктi тәжiрибеде iске асырудың құралына айналды. Ойнаушылар әртүрлi қозғалыста денешынықтыруға төселдi, үлкеннiң бар қасиетiн қабылдады, iс-әрекет үстiнде сәбиге тиiстi мiндеттердi ойнақы, жеңiл сөздермен, ертерек ұқтыра бiлдi. Ойын түрлерi жүйелi және жедел өзгерген сайын, баланың ойлау, қиялдау, армандау қабiлеттерiн ертерек оятып, тезiрек қалыптырды. Ойынның кең таралған түрлерi осылайша халық тәрбиесiнiң көзiне айналды, халықтық салттың қалыптасуына айқын ықпал еттi.
Қозғалмалы ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзiн-өзi қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты — дененi шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай бiлуде.
Дене шынықтыру — денсаулық көзi, денсаулықты сақтау үшiн әрекет, адамның күш мүмкiншiлiгiн дамыту, жеңiске деген жiгерiн шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетiн шоғырландыра бiлу, соларға үйрену:
- дене еңбегiмен үнемi шұғылданып, жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседi, бойының күш-қуаты қалыптасады;
- сыртқы ортаның түрлi қолайсыз жағдайларына төзiмдiрек келедi;
- қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемi жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейiмделуi жоғары;
- сезiну, ойлану және еңбектену қабiлеттерi бiр-бiрiмен үйлесiмдi және бiрiн-бiрi толықтырады. Аз қозғалыссыз ортада жүйке талшықтары тез тозады, қан айналым жүйкесi бiртiндеп ауруға шалдығады, жүрек қабынады, бойды әуре-сарсаң құрыстырады. Жүрегi шынықпаған адам тез шаршайды, тырысқақ немесе ашушаң келедi. Жалқаулық жекенiң де, ұлттың да қасiретi. Онда санасыздық басым. Жүрегi шыныққан адамның мiнезi де төзiмдi, кеңпейiл, батыл соғады, қарсыласынан қайтпайтын тынымсыз, күрескер келедi. Жүрегi ашық жан қиыншылықтан құтылудың, қуанышқа жетудiң саналы жолын таңдайды, өзiн қарпайымдылық пен қайырымдылықтан ауытқыта бермейдi. Өзiн емдеудiң, сергiтудiң тиiмдi тәсiлдерiн қолданады.
Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:
1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;
2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;
3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.
4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.
Ер адамдардың ойын-сауықтары әрқалай қалыптасады. Оның бiрiншi тобына қозғалмалы ойындар — ақсүйек, ақшамшық, алтыбақан, көршi, тиын салу, қысқұлақ, айдап сал, қарамырза, белбеу тастау сияқтылар жатады; екiншi топқа спорттық дара ойындар - аударыспақ, арқан тартыс, ат омырауластыру, аламан бәйге, бәйге, көкпар, қыз қуу, күмiс алу, жаяу көкпар, жаяу жарыс, жiгiт қуу, жорға жарыс, түйе жарыс, қазақша күрес, тұмақ қуу, сайыс, таяқ жүгiрту сияқтылар жатады; үшiншi топты саяси-әлеуметтiк өмiрдiң даму ерекшелiктерiн көрсететiн ойындар — хан жақсыма, қаһарлы бану, ұжымақ-тозақ, мырш-мырш, сиқырлы таяқ, тобық ойнау сияқтылар құрайды.
Қозғалмалы ойындар — ақыл мен жiгердiң тартысы, қозғалыстағының таласы мен жарысуы, мықтылар мен ептiлердiң жеңiсi:
- жарысқандардың әңгiмелесiп желпiнуi, әндетiп серпiлуi, әсемдене есеюi;
- әзiл-әңгiмесi мен әдебi жарасқандардың сәндiлiгi мен сенiмдiлiгi;
- тапқырлықтың алданышы, қуанышы, жұбанышы, ептiлiктi үйрену, батылдықпен үйлесу, қайсарлықты үйрету;
Мысалы, бәйге — Тәңiр мен ата-баба аруағын дәрiптейтiн халықтық мерекенiң оттығы. Бәсекенiң қан қыздырар бiр түрi — жiгiттер сайысы. Оған аударыспақ, күрес, ат жарысы, көкпар жатады.
Сонымен, қозғалмалы ойындар адамның талдау, таңдау қабiлетiн шыңдайды, ортамен тiл табысуға, қарым-қатынасты жетiлдiруге, жұмысын мазмұны етуге, жеңiске жетудiң ең тиiмдi түрлерiн қарастыруға, адамның бойындағы қасиеттi әлеуметтiк күшке және қозғалысқа айналдыруға итермелейдi. Оның тәрбиелік те, денсаулыққа берер пайдасы да өте зор десем қателеспеспін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Мухтаров С.М.. Дене тәрбиесі сабағында // Қазақстан мектебі., 2001. – № 6 . 67- 68 б.б.
Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.
Уанбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. – Алматы, 2001.
Интернет жүйесінен алынған мәліметтер