Шынықсаң шымыр боларсың

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2015 в 00:52, доклад

Описание работы

Дені сау,рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Біздің балабақшамыздың ең негізгі міндеті «Бірінші байлық-денсаулық» дегендей балалардың денсаулығын нығайту,шынықтыру,түрлі аурулардың
алдын алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргу..Ол үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға,яғни олардың дене құрылысының дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлу. Барлық топтарда
сабақтарда және одан тыс кезде тәрбиешілер балалардың қимыл белсенділігін арттырып отырады.Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде ойын элементтерін жиі қолдану,ал серуен кезінде тікелей тапсырма беру
арқылы балаларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарды сапалы жасауға ұмтылдыру. Соның нәтижесінде бақшада дене шынықтыру жұмыстары дұрыс жолға қойылады.

Файлы: 1 файл

«Шынықсаң шымыр боларсың».docx

— 14.36 Кб (Скачать файл)

 

 «Шынықсаң  шымыр  боларсың»

Дені сау,рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселенің бірі болып саналады.

Біздің балабақшамыздың ең негізгі міндеті «Бірінші  байлық-денсаулық»

дегендей балалардың денсаулығын нығайту,шынықтыру,түрлі аурулардың

алдын  алу, сақтану жұмыстары дәстүрден тыс әдістерді қолдану  арқылы

жүргу..Ол  үшін бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға,яғни олардың дене

құрылысының  дұрыс өсіп қалыптасуына көп көңіл бөлу. Барлық топтарда

сабақтарда және  одан тыс кезде  тәрбиешілер балалардың қимыл белсенділігін

арттырып отырады.Дене шынықтыру сабағында ертеңгілік жаттығу кезінде

ойын элементтерін жиі қолдану,ал серуен кезінде  тікелей тапсырма беру

арқылы балаларды әр түрлі қимыл-қозғалыстарды сапалы  жасауға ұмтылдыру.

Соның нәтижесінде бақшада дене шынықтыру жұмыстары дұрыс жолға қойылады.

Ауа,су,күн шуағын қабылдау,ықшам киім,ертеңгілік жаттығу,ауладағы дене

Шынықтыру сабақтары,серуендету шараларының бәрі де баланың шынығып

шымыр болуына игі ықпалын тигізеді.Тәрбиешілер ата-аналармен тығыз

байланыста болса,топтық ата-аналар жиналыстарында дене шынықтыру

гигиеналық шараларды қалай орындау керектігі жөнінде кеңес беріп отырған 

жөн болады.Сонымен қатар балабақша медбикесі балалар денесін шынықтыру

және әр-түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізіп бақылайды

Денсаулықты нығайту мақсатындағы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру. 

Денсаулықтың көп жасаудың бір кепілі-қимылды әрекет,ұдайы

Шынығу,еңбек ету екені ғылымда дәлелдеген.

Ғылымм зерттеу таңертеңгі гимнастикалық жаттығуларды аз уақыт

жасағанның өзінде қан тамырлары кеңіп,қан айналымы ,зат алмасуы

жақсарып,тін мен жасуша қызметінің күшейетіндігін әлдеқашан

дәлелдеген.Қан тамырлары тарылып,бұдырланбауы ,әсіресе ой еңбегі

адамдардың тез қартаймауы,мезгілсіз қазаға ұшырамауы үшін

гимнастикалық жаттығулардың маңызы зор.Гимнастиканың ең бір

көп тараған түрі-таңертеңгі жаттығу.л организмді ұйқыдан оятып,

күндізгі жұмысқа дайындайды.Жүректің тез жиырылып,тыныстың

кеңеюінің зат алмасуын жақсартады,нерв жүйесінің   сергектігін

арттырады,бүкіл организмді салқын тиюден болатын түрлі сырқат-

тардан сақтайды.Балалардың дене құрлысының сымбатты көрінуі 

үшін әртүрлі жаттығуларды үздіксіз жасатып жүргеніміз қажет.

Мысалы,кеуде тұсының қимылдары эстетикалық тұрғыдан алғанда

Өте маңызды.Кеуде формасы әдетте,майдың көп жиналуынан,терінің

Босаң тартуынан өзгеріске ұшырайды.Сондықтан мұндай жаттыгулар

кеудені дамытып,омыртқалар мен иықты түзетеді,бұлшық еттерді

нығайтады.

Дене бітімінің дұрыс дамуына, жалпақ табандықтың алдын алуға арналған

жаттығулар Шульц тәсілі бойынша дем алу  жаттығуларын өткізуге болады.

Жалпақ табандықтың алдын алуға арналған қимылды ойындар.Қандай пайдасы

бар десеңіздер, ол эмоционалдық фонға  қатысты,ағзаға жалпы емдік әсерін

тигізеді.Мысалы мынадай ойын»Дәулер мен карликтер» Балалар колоннада бір-

бірінің соңында жүріп отырады,тәрбиеші «дәулер» сөзін айтқанда балалар аяқтың

ұшымен  жүреді,ал егер «карликтар» десе жартылай отыра аяқ ұшымен жүреді.

«Допты аяқпен әпер» балалар екі шеңберге бөлініп отырады.Бастапқы баланың

аяғының арасында доп,тәрбиешінің командасы бойынша қолдың көмегінсіз

аяқпен допты бір-біріне береді.Қай команда жаттығудыбірінші аяқтайды,

сол ұтады.Эстафета «Күннің көзін суретте» балалар колоннада тұрады,бегі берген

кезде бірінші нөмірдегілер орындықтарға жүгіреді,қолдарымен қарындашты алып

бақайдың арасына қыстырады еденде жатқан қағаздың бетіне аяқпен дөңгелек

салады,қарындашты орнына қойып келесі ойыншының оң қолына шапалақ жасап

эстафетаны береді.Келесі ойыншы күннің жүздерін салады.Қай команда жылдам

аяқтайды,сол жеңеді. 

Эстафета  «Затты әпер» Бір-біріне қарама-қарсы тұрады,аяқ алшақ.

Бірінші баланың алдында жерде орамал жатады.Команда бойынша

Орамалды сол аяқпен алып,оң аяққа еденге қояды,қысып алып келесі

көршісінің сол аяғына қояды.

 


Информация о работе Шынықсаң шымыр боларсың