Жүзу егде адамдарға да пайдалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2013 в 11:57, реферат

Описание работы

Ал бүгіндері олай емес. Дербес, тәуелсіз ел болғандықтан, спорт Қазақстанның әлемдік мерей-мәртебесін ардақтаудың бір құралына айналды. Оған Олимпиада ойындарындағы, әлем, Азия чемпионаттарындағы жеңістеріміз айғақ. Әсіресе, осы соңғы бір-екі жылдың ішіндегі қысқы жетінші Азия ойындарындағы жетістігіміз Қазақстан спортын әлемге танытты. Бүкіл дүниежүзілік универсиаданың 2013 жылы Қазақстанда өтетіні еліміздің мәртебесін арттыра түспек. Ал биыл Лондонда өтетін Олимпиадаға қызу дайындықтан біздің спортшыларымыз да сырт қалмауда.

Файлы: 1 файл

жүзу.docx

— 25.99 Кб (Скачать файл)

Ал бүгіндері олай емес. Дербес, тәуелсіз ел болғандықтан, спорт Қазақстанның әлемдік мерей-мәртебесін ардақтаудың бір құралына айналды. Оған Олимпиада ойындарындағы, әлем, Азия чемпионаттарындағы жеңістеріміз айғақ. Әсіресе, осы соңғы бір-екі жылдың ішіндегі қысқы жетінші Азия ойындарындағы жетістігіміз Қазақстан спортын әлемге танытты. Бүкіл дүниежүзілік универсиаданың 2013 жылы Қазақстанда өтетіні еліміздің мәртебесін арттыра түспек. Ал биыл Лондонда өтетін Олимпиадаға қызу дайындықтан біздің спортшыларымыз да сырт қалмауда.  
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде жоғары шеберлікті діттейтін спортты дамытуға да, сондай-ақ оның бұқаралылығына да зор көңіл бөлуі баршамыздың айрықша ризалығымызды тудырады. Ол биылғы Жолдауында спортты дамытуға, әсіресе, салынған биік дәрежедегі, әлемдік талаптарға сай келетін спорт нысандарын тиісінше пайдалануды талап етті. Күні кеше ғана Астана қаласын одан әрі көркейтуге арналған отырыста Елбасы осы мәселені тағы бір мәрте қадай айтты. 
Бұл орайда Президентіміз спортты ел азаматтарының денсаулығын сақтаудың бір негізгі қайнар көзі деп есептейтінін де анық аңғарамыз. Расында да, бүгіндері мемлекет дене шынықтыру мен спортты дамытуға мол мөлшерде қаражат бөліп отыр. Соның арқасында спорт нысандары халық игілігіне асып әрі спортты дамытуға, әрі тұрғындар денсаулығын нығайтуға қызмет етіп келеді. 
Мұны өзім басқарып отырған “Дельфин” жүзу бассейнінің мысалына негіздей отырып, айта аламын. Осы ретте оның тарихына, сәл де болса, тоқталғым келеді. Бассейн 1972 жылдың желтоқсанында ашылды. Ал жеті жылдан кейін “Авангард” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің негізінде жүзу бөлімшесі құрылды. Бұл бөлімше су спорты түрлері бойынша “Дельфин” мектебінің шаңырақ көтеруіне негіз қалап берді. Сөйтіп, 2000 жылғы 18 шілдеден бері аталған мектеп жұмыс істеп келеді. 
Сол жылы мектепте 166 оқушы суда жүзумен айналысса, бүгінде 344 шәкірт жаттығады. 
Қырық жылдың ішінде бассейнде айтарлықтай дәрежеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол оң өзгерістер орныққан спорт нысанына айналды. Бүгіндері ескі хлорлау қондырғысының орнына осызаманғы “Аквахлор-500” жүйесі қолданылады. Шағын бассейн мен спорт залы пайдалануға берілді.  
2006 жылы “Дельфин” Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі мәртебесін иеленді. Екі жылдан соң осы атағын ақтады. 
Нысанның көлемі өзінің осы мәртебесіне сай. Атап айтқанда, 25х14 метрлік үлкен ванна жұмыс істейді. 7х12,5 метрлік шағын ванна да бар. Құрғақ залдың көлемі де 7х12 метр. Онда шешінетін және шайынатын екі бөлме пайдаланылады. 12х16 метр аумағындағы спорт залын да кәдеге асырамыз. 
Жаттықтырушылар құрамы көңілімізден шығады. Он бір жаттықтырушы-ұстаздың оны штатта жұмыс істеп жүр. Штаттағы жаттықтырушылардың үшеуінде – жоғары дәреже, тағы соншасында – бірінші, ал төртеуінде екінші дәреже бар. Осылардың еңбегінің арқасында тек соңғы жылы ғана еліміздің екі спорт шебері, төрт бірінші дәрежелі, 54 бұқаралық дәрежедегі жүзушілері даярланды. 
Бірнеше жүзушілеріміз еліміздің құрама командаларына мүшелікке қабылданды. Атап айтқанда, В. Поляков, Д. Гапотченко және А. Труш негізгі құрамның қатарына алынды. Осылардың ішінде Владислав Поляковтың брасс әдісімен жүзуде Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғап келгені жұртшылыққа белгілі. 
И. Игнатов, И. Маковецкий, В. Иванов, А. Вагнер, И. Сорокин және К. Березный – жастар құрамасының мүшелері. Ал М. Лепехин, С. Сенчурова, Т. Хаиров, В. Кустиков, И. Сорокина, Р. Мырзағұлов және С. Қазбеков жасөспірімдер сапында ел намысын қорғап жүр. 
Аталған жүзушілердің шеберліктерін арттыру мақсатында спорт мектебінің өз ішінде үнемі жарыстар өткізіліп тұрады. Мәселен, еліміздің және өңіріміздің айтулы оқиғаларына арнап тоғыз жарыс ұйымдастырдық. 
Бүгіндері дүниежүзінде суда жүзуде өзгелерге өнеге көрсетіп келе жатқандар қатарында АҚШ, Австралия, Ресей, Голландия және Қытай елдері тұр. Суда жүзудің еркін, брасс, баттерфляй, кешенді, шалқалай жүзу, эстафета сияқты аса тартымды түрлері бар. Мысалы, Қытай спортшылары суға секіруден озық екені белгілі. Бара-бара Қазақстанның суда жүзушілері де топжарғандар қатарынан орын алуы керек. Біз озық елдердің шеберлік сырларын меңгере алсақ, осындай дәрежеге жетеміз.  
Енді бір айтарымыз, біз бұқараның жүзуге ықыласын арттыру мақсатында тұрғындардың ақылы шұғылдануына жағдай жасап отырамыз. Бұл пайда табу мақсатын көздемейді, шығындардың орнын толтыру амалы ғана. Ол үшін оқушылар жаттығатын уақыттардан тыс бос күндерді пайдаланамыз. Тұрғындардың бес тобы құрылып, күн сайын жаттыға алады. Жаттықтырушылар осы тұрғындарды жүзуге машықтандырады. Зейнеткерлерге жеңілдіктер жасалып келеді. 
Ардагерлер, мүгедектер және өңіріміздің белгілі спортшылары бассейн қызметін тегін пайдаланады. 
Ал жексенбі күндері ата-аналар үш жасар балдырғандарымен өздеріне арналған топтарда жүзумен шұғылданады. Суда жүзе білу – адам өміріне аса қажетті өнер. Онымен мықтап машықтанған адам суда тап болатын қауіп-қатерлерге қарсы тұра алады.

Жүзу пәнінің анықтамасы 
 
Жүзе білудің маңызы. Суда жүзе білу - өмірге өте қажет. Адам баласы ерте заманнан беру сауда жүзумен айналысып келеді. Ал жүзуді, сүңгуді, судың бетінде қалқауды адам іштен туа білмейді. Мұны бала кезінен үйренген жөн, есейе келе ол кімге болса да қиынға соғады.  
Жүзе білетін адам судағы неше түрлі кедергілерді жеңеді, біреу-міреу суға бара жатса, оны құтқара да біледі.  
Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп күш түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның әсерінен адам тұлғасы сымбаттанып, қимыл-қозғалысы еркін де әсем көрінеді. 
Жүзу кезінде адам кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңеді, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, жұмысын жақсартады, оттекпен қамтамасыз етіп, өкпенің көлемін ұлғайтады.  
Ерте заманнан бері халық арасында таралған су бетінде қозғалу тәсілдері мынадай: су ішінде тіке тұрып қимылдау, бақаша, итше қырындап жүзу және теңізшілердей жүзу тағы басқа.  
Жүзу дегеніміз судың бетімен немесе ішімен белгілі тереңдікте қолмен және аяқпен есу қимылдары арқылы адамның ілгері жылжуы. Осыған сәйкес бір-біріне ұқсас екі тәсіл болады - ол жүзу тәсілі және сүңгіу тәсілі. Бірақ олардың бір-бірінен айқын айырмашылығы бар.  
Алға қойылған мақсатқа қарай, жүзуді негізінен мынадай үш түрге бөледі: жалпы жұртшылықтың жүзе білуі, спорттық жүзу және қолданбалы жүзу.  
Жұртшылықтың жүзе білуінің маңызы - жалпы халықтың дене тәрбиесін жетілдіруге тигізетін көмегінде. Мұны жүзеге асыру үшін, екі түрлі жұмыс атқарылды: 1. Көпшілікке жүзуді үйрету. 2. Жүзудің көмегімен денсаулықты және дамуын нығайту.  
Жүзе білудің негізгі құндылығы – суға барып бара жатқан адамдарды құтқару, оларға уақытында көмек көрсету. Осыған байланысты халықты, әсіресе жасөсіпірім балаларды жүзуге үйрету - маңызды міндет.  
Суда жүзудің пайдасы –адамның денсаулығын нығайтатындығы, сонымен қатар ол адам өзін таза ұстауға және денесін шынықтыруға көмектеседі.  
Жүзуді үйрету - дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі. Ол балалар бақшасында, мектептерде, орта және жоғары білім оқу орындарында іске асырылады. Мектеп оқушыларына жүзуді үйретуге ерекше мән беріледі. Сондықтан жүзу сабағы мектептердің дене тәрбиесі оқу бағдарламасына енгізіледі.  
Жүзу сабағы міндетті түрде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерін, спортшыларға оқу пәні ретінде өтеді. Бұл пән институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына еншізіліп оқытылады. Сондықтан жүзу сабақтарын маман адамдар өткізуі керек.  
Спорттық жүзудің маңызы. Жүзумен шұғылданудың спорттық жетістіктерге жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты және т.б. мұндай спорт түрлерімен айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Ал су добы, су асты және мәнерлі жүзу спортының негіздері - жүзе мен сүңгу. Бұл екеуін шебер меңгерген спортшының жоғарыда аталған су спорты түрлері талап қойылады. Мысалы: су добы спорты үшін керегі доппен және допсыз жүзгенді жылдамдық пен ептілік, су асты спортында қолыңдағы қажетті құра-жабдықтарды тастамай, тез жүзіп, сүңғи білу қажет.  
Суда жүзудің мынадай спорттық әдіс тәсілдері бар. Кроль – еркін жүзу (етпеттеп және шалқалап), брасс және баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).  
Спорттық жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу әдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады. Жүзген кезде қимыл-қозғалыстың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, мұның өзі адамның денсаулығына және тұласына сымбатты болуына көмектеседі. Ал жүзу қашықтығын ұзартқанда, жылдамдықты шапшаңдатқанда денеге түсетін күш біртіндеп байқалады. Осыған жаттығу адамның дене құрылысының төзімділігі ұлғайтады және икемділігін арттырады. 
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары бар: аяқ-қолдың қимылдары, тыныс алу, дем шығару, жүзуді бастау сәттері, бұзылу т,б,. Мысалы: кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылын кезектесіп орындалады да, ал брасс және баттерфляй әдістерін қолданғанда қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды.  
Күш-қуатты аз пайдаланып, үлкен табысқа жету үшін спорттық жүзу әдістерімен қимылдары үнемді, дұрыс пайдалануы керек.  
Жүзуден бағдарламаға сәйкес ерікн әдіспен мынадай қашықтықтарды жарыстар өткізіледі: 50,100,200,400,800, 1500 метрге (жаттығушының қалаған әдісімен әдетте ең жеңіл, шапшаң әдіс болып саналатын етпеттеп кеудемен жүзу); 100 және 200 м бассейн, 100, 200 м баттерфляймен (әдеттер мұның шапшаңдылық түрі дельфин әдісімен орындалады); 100 және 200 м шалқалап кроль әдісімен жүзу; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбектен орындайды; 50 м немесе 100 метрден (қашықтықты төртке тең бөліп) - баттерфляймен, шалқалап, брасспен, еркін әдіспен аяқтайды; эстафета (алмасу): 4Х100 м бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды, жарысты шалқалап жүзу әдісінен бастайды, сонан кейін брасс, баттерфляй және еркін әдіспен аяқтайды, 4х100 м еркін әдіс – ер адамдар үшін.  
Қолданбалы жүзудің маңызы. Мұндай жүзу еңбек өнімділігін арттыру және еңбекшілердің денсаулығын сақтау мақсатын көздейді. Жүзу мен сүңгу қолданбалы тәсілдерге жатады. Бұоапдың қолдану мүмкіндігі өте кең.  
Жазғы қапырық, ыссы күндерде амалдар жүздеп, мыңдап жағажайларға - өзен-көлдердің, теңіздердің жағаларына жиналады. Судың жағасындағы таза, салқын ауа, күннің сәулесі, табиғи көгілдір өсімдіктер дүниесі демалысқа өте пайдалы. Әрине мұның бәрі, әсіресе жақсы жүзе білетін адамдарды ерекше рақаттандырады.  
Жүзудің қолданбалы тәсілін өзен-көлшіктерді, тоғандарды, каналдарды жүзіп өткенді, судың астынан бір зат іздегенде суға батып бара жатқан адамды құтқару кезінде кеңінен пайдалануға болады. Ол үшін жүзудің спорттық әдістерін білу шарт. Себебі адам өзін суда жақсы ұстай алмай тұрып, жүзудің қолданбалы тәсілдерінің меңгере алмайтыны белгілі.  
Жүзудің спорттық әдістерін меңгергеннен кейін әрбір адам жақсы сүңги білуге, жолдағы кедергілерді жүзіп өтуге, суға батып бара жатқан адамды құтқару тәсілдерін білуге тиіс. Жақсы жүзе білетін адамның небір қиын жағдайда таңғажайып ерліктер көрсете алатыны да белгілі. Ал жүзе білмейтін немесі қатты ағынды су ала жөнелсе, өзін-өзі ұстай алмай, сасқалақтап су жұтып ағып кетуі ғажап емес. Қолданбалы жүзудің маңызды түрі - суға кеткен, апатқа ұшыраған адамды құтқару. Бұл түр теңізшілерге, балықшыларға, сал ағызатын жұмысшыларға, ғарышкерлерге және дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажет.  
Жүзудің денсаулыққа әсері. Жүзу – дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Ол тұрақты тазалық дағдыларын қалыптасуын мүмкіндік туғызады.  
Судың температурасы адамның дене қызуынан қан уақытта да төмен болады, сондықтан су ішіндегі адамның денесінен ауа кеңістігіне 50-80% артық жылу тарайды. Шомылу және жүзу дене мүшелерінің сыртұы температура өзгерістерінен, салқыннан пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тәрбиелейді. Ал жүзу өзен-көлдеде өткізілетін болса, күннің шуағы мен таза ауа адам денесіне күшті әсер етеді.  
Жүзе – жүрек, қан тамырлары мен тыныс алу жүйелерін жетілдіруге жақсы әсерін тигізеді. Жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрге адамның жүрек соғуы минутына 72-ден 48-50-ге дейін сирейді, ал қанның көлемі жүрек бір соққанда 70-80 мл-ден 120-140 мл-ге дейін көбейеді.  
Жүзу тыныс жүйелерін нығайтып, оның жұмысы дағдыландырып, өкпенің тұрақты сыйымдылығын ұлғайтады. Мысалы, жүзумен жүйелі түрде шұғылданып жүрген спортшылардың өкпесінің сыйымдылығы 4000-7000 см 3 дейін, кейде одан да көбірек ұлғаяды.  
Судың тығыздығына байланысты тыныс алу, дем шығару қиындайды, тыныс алу судың қысымына, ал дем шығару судың кедергі күшіне байланысты.  
Жүзу жүйке жүейсін бекітіп, адамның ұйқысын, асқа тәбетін жақсартады, сол себептен дәрігерлер жүзуді емдік амал ретінде ұсынады. Дене шынықтыруда және емдеуде жүзу сабағы кеңінен таралған әдіс. Жүзу әсіресе балалардың дене құрылысын, денсаулығын жүйелі түрде нығайтуға пайдалы әсерін тигізеді. Сонымен қатар жүзу сабағы балалардың қол-аяқтарының тірек-қимыл жүйесін бекітіп, денесін дамытады және төзімділігін арттырады. Баланың денесі күшті, буындары иілгіш, қимылдары шапшаң және әсем болуына ықпалын тигізеді.  
Жүзу егде адамдарға да пайдалы, өйткені ол адам денесінде зат алмасуды күшейтетін жолдың бірі. 


Информация о работе Жүзу егде адамдарға да пайдалы