1996 жыл толерант жылы деп аталады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2013 в 19:53, реферат

Описание работы

Әсіресе, Қазақстандық жастардың бойында, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибиесін, әлем өркениетті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты ұлттық тәрбиенің басым бағыттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс.

Файлы: 1 файл

11.docx

— 559.81 Кб (Скачать файл)

       Қазіргі таңдағы қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жастардың жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді. 

      Әсіресе, Қазақстандық жастардың бойында, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибиесін, әлем өркениетті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты ұлттық тәрбиенің басым бағыттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс.     

       Себебі, бүкіл дүние жүзінде жастар стратегиялық қор болып табылады,халық болашағының қандай болары соған байланысты. Білімді әрі материалдық жағынан қамтылған жастар ғана мемлекеттің жемісті өркендеуінің кепілі бола алады. Жастар қоғамдық өмірдің тереңінде әрдайым біртіндеп болып жатқан өзгерістердің әлеуметтік жиынтығы тәрізді: ол-шынайы ақиқатқа қатысты сын көзқарас пен көңіл-күй,  түбегейлі өзгерістер кезінде қажетті жаңа ойлар мен күш-қуат, сонымен қатар, ақыл-ой талап-жігердің, шығармашылық қабілеттіліктің иесі болып табылады, олар жаңа ойларды, ниеттерді, бастамаларды жүзеге асыруды тездетуге көмектеседі. Осылайша,  жастар – әлеуметтік өзгерістер субъектісі, ал жастардың жас ерекшілігі, бүгінгі күні, демографиялық ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік әрі саяси ұғым болып отыр. 

       «Жастар» түсінігін кең мағынасында да, тар мағынасында да қарастыруға болады. Кең мағынасында жастар – топтық қауымдастықтың жиынтығы, ол жастық белгілері және онымен байланысты негізгі іс-әрекет түрлерінің негізінде құрылады. Жастардың жас шегі туралы ортақ пікір жоқ. Қазіргі заманғы әлеуметтануда көбінесе жастардың төменгі жас шегі 14-16 жас аралығы, ал жоғарғысы-25-29 жас аралығында өтеді.

       Жастар әлеуметтік-демографиялық топ ретінде өз құрамы бойынша біркелкі емес. Оның құрамында жасына қарай жынысы бойынша, іс-әрекеті бойынша,тұрғылықты орнына қарай әртүрлі топтары бар. Бүгінде дүние жүзі тұрғындарының 25%  жастар; жер шарындағы жастардың 80%  дамып жатқан елдерде тұрады. 

      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңында, жастар-Қазақстан Республикасының он төрт пен жиырма тоғыз жас аралығындағы азаматтары. 

     Жас ұрпақтың бейімделу үрдісін, жеке тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуінің әлеуметтік  қолайлы әрі тиімді түрлерін іздестіруін қиындатқан мәселелерге мыналарды жатқызамыз: әлеуметтенудің дәстүрлі институттары мен оның дәстүрлі механизмдерінің дағдарысы, әлеуметтік-мәдени ортаның өзгеруінің әсерімен жеке тұлғаға деген қоғам талабының жаңа жүйесінің пайда болуы, әлеуметтік-мәдени сабақтастықтың дәстүрлі құндылықтары мен механизмдерінің бұзылуы, қазақстандықтардың жаңа ұрпағының қалыптасуындағы білім берудің рөлін асыра бағалау және тәрбие рөлін жете бағаламау, жоғары мектептің талап-жігерінің төмендетілуі.       


Информация о работе 1996 жыл толерант жылы деп аталады