Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 17:59, реферат

Описание работы

Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен норма дегеніміз не деген сұраққа тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.
Мінез-құлықтағы ауытқулар дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық жағдайларға байланысты адамның қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.

Файлы: 1 файл

Девиантты мінез.docx

— 21.18 Кб (Скачать файл)

Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы

Қазақ тіліндегі әдебиеттерде керітартпа ғадет, жағымсыз мінез-құлық, девиантты мінез – құлық деп  әртүрлі деп беріледі. Ең алдымен  норма дегеніміз не деген сұраққа  тоқталайық. Ғылыми әдебиеттерде норма  деп «қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын, ережелер жиынтығын айтамыз». Сонымен, норма – қоғамдағы жалпымен қабылданған моральдық, заңдық, әлеуметтік талаптарға сәйкес мінез-құлық.

Мінез-құлықтағы ауытқулар  дегеніміз әлеуметтік, мектептік, отбасылық  жағдайларға байланысты адамның  қоғамдағы қалыптасқан нормалар мен ережелерді бұзуы.Зерттеушілердің  мәліметтеріне сүйенсек, ауытқушылықтардың  төмендегідей критерийлері мен белгілерін бөліп көрсетуге болады:

Отбасылық сәтсіздік;

Оқыту және кәсіби мекемелердегі  ауытқушылықтың алдын алатын жұмыстардың  аздығы;

Тұлғаның тұлғалық компоненттерінің төмендігі;

Қарым-қатынастағы дискомфорт

Асоциалдық мінез-құлық  басқаларға өшпенділік, агрессивтік  қарым-қатынас, ережелерді бұзу, абыройды мойындамау.Осы жағдайда келесі көріністерді атап өтуге болады: төбелескіштік, басқаның мүлкіне зиян келтірушілік, адамдарға  немесе жануарларға деген қатыгездік қарым-қатынас, ұрлық, өтірік айту.

«Деликвенттілік» түсінігі «delinque» - ренжіту, бұзу сөзінен шыққан. Әлеуметтік – психологиялық әдебиеттерде бұл түсініктің мәндік мағынасын  А.Личконың анықтамасымен байланыстырады. Оның ойынша, деликвенттілік Қылмыстық  кодекске сәйкес жазаланбайтын криминалдық  мінез – құлыққа тікелей қатысты  емес, майда құқық бұзушылық. Бірақ  әлеумдік тәжірибеде кәмелеттік жасқа  толмағандардың криминалдық іс-әрекеті.Девиантты  мінез-құлық түсінігі Э.Дюркгеймнің  атымен тығыз байланысты. Э.Дюркгейм бойынша девиантты мінез-құлық  қоғамдағы жалпы қалыптасқан  нормалардан ауытқуы.

Девиантты мінез-құлық  теориясының  өзін бірнеше топтарға бөліп қарастыруға  болады:

Теориялардың бірінші  тобына био-антропологиялық және био-медициналық  концепцияларды жатқызамыз. Девианттылықтың  себебі туа біткен немесе жүре біткен физиологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктер.

Теориялардың екінші тобына девиантты мінез-құлықтың экономикалық теорияларын айтуға болады.Девианттылық экономиканың жоғары дамуымен немесе төмен құлдырауымен пайда болады.

Теориялардың үшінші тобына «мәдениеттер мен субмәдениеттер арасындағы қайшылықтар теориясын» (Т.Селлин, А.Коэн), «бақылау теориясының» әлеуметтік-психологиялық  нұсқасы (М.Гольд, А.Райс), аномия теориясын  жатқызуға болады.

Теориялардың төртінші тобына қоғамдағы тұрақсыздықтың, ұйымдастырушылықтың  құлдырауының нәтижесіндегі жаһандық себептерді айтамыз.

 

 

 

 

 

Әлеуметтанудағы девиацияның түрлері мен формалары.

Девианттылықтың ең алдымен  синхронды және диахронды түрлерін бөліп көрсетуге болады. Синхрондық девианттылық – қоғамдағы девиацияның  тең бөлінуі; диахронды – жылдам динамика, ауытқушылық мінез-құлықтың тез бой көтеруі.

Ауытқушылықтың сонымен  қатар, төмендегідей түрлерін көрсетеміз:

Реактивті – психотравмалық жағдайларға негізделген.

Тұлғаның төмен моральдық  деңгейімен байланысты.

Құштарлық патологиясы (садиз), биологиялық факторларға негізделген.

Ал, көптеген ғалымдар девиацияны екі негізгі бағытта қарастырылады:

Қылмыстың пайда болу формасы  бойынша – деликвентті, үйден  қашу, босқыншылық, маскүнемдік, суицидтік  мінез-құлық.

Себептерге байланысты –  биологиялық факторлар, сонымен  қатар, әлеуметтік-психологиялық негіздер, әлеуметтік орта, жасөспірімдік кезең  мерзіміндегі психологиялық ерекшеліктер.

 

Девиантты  мінез – құлық туралы жалпы  түсінік 

     Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.

          Әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық  тұжырымдамасын қалыптастырған  француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:

• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);

• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этникалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,); 
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).

     

 

 

 

 

Девиация  типтері

          Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және  криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық — әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды. Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

     Девиацияның  екінші түрі — делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:

1. Агрессивті-зорлаушылық  мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға  көрсетілетін дөрекілік, төбелес,  күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз  іс-әрекеттерде көрініс береді. 
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық. 
3. Наша сату және тарату.

      Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.

 

   Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторлары

        Девиацияны  зерттеуші көптеген ғалымдар  девиантты мінез-құлықтың пайда  болу факторларын түрліше түсіндіреді.  Біріншілері оларды екі үлкен  топқа ішкі және сыртқы факторлар  деп бөлсе, екіншілері оларды  бөлмей: 
• жанұяда берекенің болмауы; 
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы; 
• тәрбие берудегі кемшіліктер; 
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау; 
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы; 
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы; 
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы; 
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетсе, үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. 
Оларды жекеше қарастыратын болсақ: 
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады: 
-  ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер. 
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады.    

Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену — невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады. 
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар

Баланың психоәлеуметтік  дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі  факторы — ата-ана. Баланың бойындағы  асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын  отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар: 
- дисгармонды стиль — бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді; 
- тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды; 
- асоциалды стиль — ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады. 
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б. 
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады: 
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; 
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену; 
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену; 
         Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет


Информация о работе Девиантты мінез-құлық әлеуметтануы