Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 15:18, курсовая работа
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы жиырма жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты.
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25
ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45
Қорытынды............................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55
Жалпы белгілі бір бағдарламаны талапқа сай тартымды жүргізу дегеніміз дикторден де, тележүргізушіден де дарын, қабілеттілікті, алғырлықты талап етері белгілі. Ал, оны журналист, редактор немесе автор өзі атқарды ма, әлде, диктор немесе тележүргізушінің қабілеттілігінің арқасында эфир арқылы тарады ма дегеннің қайсы болсын, бәрібір хабар жүргізу шеберлікпен тығыз байланысты туындайды.
Соңғы жылдары жарыққа шыққан түсіндірме сөздіктердің бірінде бағдарлама жүргізушісі (host) мен диктордің (anchor) айырмашылығын анықтаған. Ол «anchor - бағдарламаның барлық мазмұнын жеткізуші. Ал, host радио, телевизияның бағдарламасын игере отырып, шешім қабылдайтын тұлға» деп түсіндірген. Оның түсіндіруіне қарағанда, anchor жаңалықтарды эфир арқылы жеткізуші - диктор, ал, host белгілі бір телехабарды көрермен алдына ұсынушы - жүргізуші болмақ. Олай болса, мынандай дәйектеме ұсынуға болады:
Енді бұлардың әрбірінің ерекшеліктеріне тоқталайық.
Диктор деген мамандық жүргізушіден әлдеқайда бұрын радио, телевизия өмірге келгенде онымен бірге пайда болған. Барлық елде радио мен телевизияның үні осы дикторлар арқылы қалыптасты. Барлық елде дикторлар радио мен телевизияның алғашқы үні әрі көрнекті өкілі ретінде тарихта қалды. Кеңес одағы тұсында да дикторларға биік талап қойылды. Елдің ішкі және сыртқы саясатын терең түсінген, білімі мен пайымы терең адам ғана диктор бола алады делінді. Шын мәнінде диктор дарын-қабілеттілікті, жағымды әсем дауысты, анық та айқын сөз саптауды, әртістікті терең меңгерген маман болуға тиіс болды.
Диктор - шебер шешен оқу мәнерімен мәтінді жандандыратын ішкі жан дүниесі бай өнер адамы. Диктордің жүргізушіден айырмашылығы неде? -дегенге келсек, ол аудиторияны басқарып, бағыттап отырмайды. Оның атқаратын міндетінің өзі тыңдаушылар мен көрермен қауымға ақпаратты, журналистің дайындаған мәтінін жеткізу. Алайда, бұл диктор қызметінің қатып қалған қағидасы емес. Егер диктор бағдарлама жүргізетін, тікелей хабарға жетекшілік ететін болса, әрине, ол қатысушылармен, аудиториямен қарым-қатынас жасауына тура келеді.
Бағдарлама жүргізу кезінде тіл байлығының мүмкіндіктерін толығымен пайдалану, сөзді мазмұнына сай дұрыс қолдану талаптары қойылады. Ал, хабар мәтінін оқығанда диктордің оқу мәнері мен өзіндік тәсілі айқын көрініс табады. Кейбір дикторлерде жүргізушілік мүмкіндігі кең, қабілет-қарымы жеткілікті болғанымен оқудың аясынан шыға алмай тар шеңберде тұйықталып қалатыны бар. Сондықтан, жүргізушілер секілді еркін қимылдай алмайды. Радио, теледидар арқылы жаңалықтар жеткізудің, рөл ойнап, образ жасаудың, тікелей эфирде әңгіме-дүкен құрудың, бағдарлама жүргізудің әрбіріндегі шеберлік қабілеттілік өзара айырмашылықта болады. Мысалы, драмада ойын негізгі орынға шықса, бағдарламада жүргізушінің комментарийі, ал, жаңалықтар қызметіндегі оқылым түсінікті, қысқа әрі анық және жеңіл екпенді болуға тиіс.
Бүгінгі таңда жүргізушілік мәнерді алға шығару бағыттың кең өріс алғаны рас. Алайда, бұдан диктордің позициясы төмендеп, жүргізушінің дәурені жүріп тұр деп түсіну тағы сыңаржақтық болар еді. Мысалы, Жапонияның әлемге әйгілі NHK телекомпаниясы жыл сайын 25 дикторді жұмысқа қабылдайды екен. Бұл туралы мәлімдеген аталмыш компанияның дикторы Миада Осамуи олардың бесеуі ғана әйел адамдар болатындығына назар аудартқан. Сондай-ақ, «Америка даусы» радио станциясы халықаралық жаңалықтарын оқитын дикторлерге әркез байқау жариялайтындығын оның вэб сайтынан жиі кездестіруге болады. Шет елдерде дикторлерге деген сұраныстың, беделінің қандай деңгейде екендігін жоғарыдағы мысалдардан айқын аңғаруға болады.
Жүргізуші (ведущий, announcer, host). Бұған радио, телевизия, сахна өнері және түрлі мәдени іс-шараларын жүргізетін барлық жүргізушілерді жатқызуға болады.
Жүргізуші - өмірлік тәжірибесі мол, жан-жақты, білімді, рухани әлеуеті мықты, алғыр әрі әзілқой, ойлау қабілеті жылдам тапқыр, кішіпейіл бола тұра өзіне сенімді, адамдармен жайлы қарым-қатынас жасай алатын тұлға.
Радио, телевизия жүргізушілері үшін студияда жазылым (запись) жасатуға мүмкіндік болса да көбінесе тікелей эфир таңдалып жатады. Жүргізушілер алдымен бағдарлама қонақтарын таныстырады, әңгіменің көрігін қыздырып, бағытын түзейді және телефон арқылы көрермен, тыңдаушы қауыммен байланыс жасауы мүмкін. Тікелей мағынасы бойынша түсіндірсек, жүргізуші дегеніміз тыңдаушылар мен көрерменді бағдарламаның айналасына топтастырушы. Кең арнада қарастырсақ, тыңдау, пайымдау, сөйлеу, баяндау және әртістік өнерді меңгерген сезімтал жан болуға тиіс.
Ресейлік әріптестеріміздің жазуларына қарағанда, радио мен телевизия жүргізушілерінің өзара елеулі айырмашылықтары бар:
Жалпы бүгінгі телевизия өмірінде де аудиториямен тікелей қатынас алға шығып бара жатқандықтан талап негізінен ортақ деуге болады.
Тікелей эфир дикторы, жүргізушілері. (диктор трансляций, ведущий трансляций, transmitter) Тікелей эфир бағдарламаларын көбінесе тәжірибелі жүргізушілер атқарады. Оның жауапкершілігі де айтарлықтай. Мемлекеттік немесе халықаралық маңызы бар ірі іс шаралардың ашылу немесе жабылу салтанатты рәсімдері кезінде тікелей эфир арқылы оқиғаны халыққа жеткізу оңай шаруа емес. «Азиада» тұсында тікелей эфирге жүргізуші болып тағайындалған белгілі әншінің тележурналистикадағы тәжірибесіздігі халыққа сол сәтте әшкере болғаны телевизия ұжымдарына үлкен сабақ болса керек. Жүргізушінің жеке дайындығы да бұл жерде елеулі рөл атқармақ.
Диктор, тележүргізушілердің еңбек өнімділігінің нәтижесі нақты материалдық зат еместігі белгілі. Керісінше, адам руханиятының жемісі болып табылатындықтан үнемі алға ілгерілеуге ұмтылып жетілдіре түсуге бағытталады. Сол арқылы халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандырғанда ғана диктор, жүргізушілер еңбегінің нәтижесі жемісті болады.
Тыңдаушы, көрермен қауым тікелей эфир арқылы қабылдаған бағдарламаға көңілдері толып қанағаттанғанда ғана диктор, жүргізушінің еңбегі ақталады деген сөз. Сондықтан, бағдарлама жүргізуші үшін кәсіби шеберлігін әрдайым шыңдап, жетілдіріп отыру талабы қойылады.
Жүргізушіліктің пайда болуы және қажеттілік. Кәсіби тұрғыдан келсек, дикторлік пен журналист қызметінің қосарланған формасы болып келетін жүргізушілік көрермен, тыңдаушылармен тікелей қатынас орнатады. Оның артықшылығы да осында. Сондықтан, әлем журналистикасының қазіргі бағыт-бағдары жүргізушіліктің маңыздылығын арттырып, оны кәсіби мамандықтың деңгейіне көтерді.
«Хабар жүргізу», «жүргізушілік өнер» деген ұғымның да пайда болуының өзіндік тарихы бар. Дерек көздеріне зер салсақ, әлемдегі ең алғашқы жүргізуші - американдық Муроу көрінеді. Ол радиохабардың аты аңызға айналған журналисі болғанымен алғашқы тележүргізушілердің ұлағатты ұстазы болып саналады. Дүниежүзілік екінші соғыс кезінде «Муникэ оқиғасының» көзкөрген куәгері әрі оны дер кезінде ыстық нүктеден тікелей хабарлаған, бомбаланған дүкеннің ішіндегі қираған сөрелердің бірінде микрофонын орнатып қойып, төгілген жеміс шырындарының еденге тамшылап сыртылдаған дыбысын естіртіп, кезекті әуе шабуылы алдындағы бір сәттік мүлгіген тыныштықты радио арқылы жұртқа жеткізген журналист болатын ол. Сонымен қатар журналист Муроу немістің бомбалаушы ұшақтарының баса көктеп келе жатқанын Лондон қаласындағы бір биік мұнараның үстінен бақылап тұрып, жағдайды айна-қатесіз баяндап, мұхиттың арғы жағындағы американдық тыңдаушыларға соғыстың шынайы көрінісін анық түсіндіріп келген. Осылайша, соғыс аяқталғанда Муроу қолына қару алып соғыспаса да Америкаға атағы жайылған ержүрек азамат ретінде танылған.
Осы деректің өзінен-ақ, эфирдегі жүргізушілік дегеніміз радио арқылы оқиғаны бейнелеп шебер баяндайтын тікелей бағдарламадан туғанын анық аңғаруға болады.
Қазақстанда алғашқы радиохабар 1921 жылдан бастап таратыла бастады дегенді алғаш рет журналистикатанушы ғалым Марат Барманқұлов мәлімдеген. Ол жайында өзге зерттеушілердің де түрлі пікірлері бар. Әзірге бірізділік болмаса да қазақ радиосының ғасырға жуық тарихы бары басы ашық әңгіме. Ол тұста жазу аппаратуралары болмағандықтан хабар атаулының бәрі тікелей толқынға шыққан болса керек. Олай болса, сол тұста тілші аталғандардың бәрі де алғашқы хабар жүргізушілері болып есептелмек. Мұның өзі алдағы уақытта саланы жіті зерттеуді, тарихи деректерді айқындауды талап етеді.
Журналист жазған немесе өңдеген мәтінін аудиторияға тікелей жеткізудің бірден бір жолы бағдарламаны өзі жүргізуі. Журналистің дайындаған жүз пайыздық ақпаратының аудиторияға 90-95 пайызы жетеді екен. Қалған бес-он пайыз ақпарат құлаққа жеткенше желге ұшқандай болып, назардан тыс қалады. Айталық, сөз тасымалдау ойыны деген болады ғой. Алғашқы айтылған сөз қаншалықты көп адам арқылы бір біріне жеткен сайын белгілі деңгейде өзгеріске ұшырап, тіпті мүлде басқаша мағынаға ауысып кетіп жатады. Сол секілді жоғарыдағы бес, он пайызды жоғалтпаудың мүмкіндігіне оқиға ортасындағы адам сол мезетте тікелей репортаж арқылы жеткізгенде ғана қол жеткізуге болады. Олай болса, журналистерден жүргізушілік қабілетке ие болуды қазіргі заманның өзі талап етіп отыр.
Алайда, әр журналист бағдарламасын өзі жүргізген жағдайда бәрі жаппай жүргізушілікке айналып кетеді екен десек, қателескен болар едік. Нашар жазылған мәтін жүргізушінің шеберлігінің арқасында жанданып құлпырып кетіп жатады. Сол секілді жақсы жазылған мәтінді автор өзім жүргіземін деп бүлдірмесіне де кепілдік жоқ. Әр журналист жүргізуші немесе диктор бола алмаса да оларға кәсіби талап қоя алатын, жүргізушілік шеберліктің негізін білетін мол мағлұматы болғаны абзал.
Тәуелсіздік жылдары телеарналар мен радиохабар ұжымдары сан жағынан да, сапасы тұрғысынан да ұлғайды. Қазірдің өзінде елімізде республикалық аумақта хабар тарататын телеарналар саны оннан асты. Жекеменшік және коммерциялық телекомпанияларды айтпағанның өзінде мемлекеттің қолдауымен «Мәдениет» (бүгінгі күні эфирге шықты), «Білім» (келесі жылы жұмысын бастайды) телеарналарының құрылып жатқаны елдің рухани, мәдени өміріндегі елеулі оқиға. Жергілікті өлкелерде де ашылып жатқан түрлі телеарналар мен радиостанциялар баршылық. Олардың бәріне де мамандықтың шеберлігін игерген мәдениетті де білікті жүргізушілер керек.
Жүргізушілер таңдауда теле, радио ұжымдары эфирге көбінесе кәсіби мамандардан гөрі әуесқойларға көбірек ден қоятындықтан эфир мәдениеті төмендеп, жауапкершілік босаңсып кеткен. Соның салдарынан бағдарламалардың тартымдылығы төмендеп солғын тартады, жүргізушінің өзінің ғана емес, ақпарат құралының беделі мен жүргізушілік өнердің құны түседі. Оларда эфир мәдениетінің ең қарапайым талаптарының өзі бұзылып жатады. Айталық, дауыстың тоны құлаққа түрпідей тиетін, тілі жұтаң әрі быдық, сөзі өшкін, «ң» мен «і»-нің өзін дұрыс дыбыстай алмайтын, ернін сылпылдатып, екі қолын жөнді-жөнсіз ербеңдетіп, стендапқа ербеңдеп шыға келетін тележүргізушілер мен репортерлер көбейді. Микрофон, камера алдында жасалатын қарапайым қарым-қатынас нормаларын білмейтіндіктері, сөйлеу қабілеттіктері тым осал екендіктері бірден аңғарылуының өзі олардың жүргізушілікке мүлдем жарамайтындықтарын айғақтап тұрады.
Замана талабы мен сұранысқа сай алдағы уақытта маман даярлайтын ЖОО-дағы журналистика факультеттері жүргізушілерді соңғы курстарда арнайы оқытып, мамандандырып шығаратын жүйеге көшіргендері дұрыс. Қазіргі кезде жаңалықтар қызметіндегі диктор жүргізушілердің өзі кейде «артық қыламын деп тыртық етті» демекші, бірде әлдебір шетел арналарына еліктеп айғайға басса, енді біреулері өзара еркін сөйлесеміз деп одан ары бүлдіріп, жасандылықтан арыла алмай жүр. Апталық шолуларды жүргізетін кейбір әріптестеріміз өзін тым асқақ ұстаймын деп тіпті көктен түсе алмай шала бүлініп отырғанын көргенде езуге күлкі үйіріледі. Өз табиғатында жоқ болмысты қолдан жасаймын деп әуірелену ешқашан көрермен көңіліне қонбайтындығын әр кәсіби маман сезінуге тиіс.
Көру өнері (визуальное искусство) яғни, телевизияда, сахнада тыңдау өнері (авизуальное искусство) және радио арқылы сөйлегенде ана тілінің төл табиғатын жетік білетін, тіл байлығының бай қорын тиімді пайдалана білетін, дауыс ырғағы мен оның тоны, жылдамдығы үйлесім тапқан, құлаққа жағымды, түр келбеті де келісті, көзге жылы, түсі игі, көрерменмен лайықты әрі сыпайы қарым-қатынас жасай білетін тележүргізушілерді білікті етіп даярлап шығару бүгінгі таңда аса өзекті.
Елімізде радио пайда болғанына бір ғасырға таяу, ұлттық телевизияның туғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де әлі күнге дейін Радио, телевизия институты тұрмақ жеке факультет те жоқ. Оны айтасыз, арнайы мамандандырылған курс, білім жетілдіру, қайта даярлау семинар-тренингтердің өзі жүйелі түрде жүргізіліп жатқан жоқ. Тәуелсіздіктен бұрынғы мамандардың дені Мәскеуден білім алып келген. Әлі сол жүрістен жаңылған жоқ. «Жүргізуші», «диктор» атты күрделі кәсібіи мамандарды отандық төл білім ордасында даярлау ісі алдағы кадрлық саясатымыздағы елеулі қадамымыз болуға тиіс.
Тақырыпта қарастырылып отырған диктор, жүргізушілік жайындағы мәселе радио, телевизия, сахналық деген кәсіби жүргізушілер тобының сыртында қоғамдық қатынастағы басты тұлға болып табылатын өзге ұйымдардың да іс қызметтерімен белгілі бір формада қатысты болумен қатар аталмыш өнердің ерекшелігін айшықтайды.
Жүргізушілік өнер жайында. Жүргізу өнерінің теориялық және тәжірибелік зерттеулерін кәсіби радио, телевизия, өнер, мәдениет аясында ғана емес, әрбір ұйым, мекеменің мәдени менеджменті, бизнес істері, адамдар арасындағы қатынас секілді көп қырлы коммуникациялармен тығыз сабақтастыруға болады. Айталық, бизнес саласына келсек, өнімдерін, тауарларын немесе көрсетілетін қызметінің түрлерін қаншалықты тиімді насихаттаса, соншалықты мол табыс таппақ. Жалпы белгілі бір топты, тұтынушы қауымды нақты мерзімде бірлескен іс қимылға жұмылдырудың өзі жүргізушінің (ұйымдастырушы) қызметімен байланысты болмақ.
Кейбір ұйым, мекемелер мерейтойларын немесе маңызды мәдени іс шараларын басқаруға танымал тележүргізушілерді арнайы шақыратыны бар. Бұл соншалықты тиімді тәсіл емес. Негізі шешендік өнерге жуық, ұжымын бес қолдың саласындай жақсы білетін өз адамдары болғаны тиімді. Сондай «ұжымдық жүргізушлердің» өзінде жүргізушілік өнердің алғашқы мағлұматы бар, өзіндік мәдениеті қалыптасқан тұлға болғаны абзал. Жалпы топтың назарын аударып, мәдени шараны басқару оңай іс болмағанымен оған үйренуге, жүргізушілік қабілеттілікті игеруге болады. Сондықтан, мәдени іс шаралар жүргізу, шешендік өнер жайында білім беруге бағытталған оқыту семинарларын БАҚ қана емес өзге ұйымдар да өткізуге мүдделі болуға тиіс. Себебі, осының өзі мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, оның бай қайнар көздерін ашуға, мүмкіндігін кеңейтуге елеулі үлес қосар еді.