М. Шаханов: публицистикасындағы ұлттық құндылық мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2013 в 15:06, доклад

Описание работы

«Публицистика, яғни көсем сөз дегеніміз заман тарихы, дәуір тынысы, өмір шежіресі. Оның мақсаты – саяси, экономикалық, әлеуметтік, философиялық, ұлттық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдық ойға ықпал ету» Ал көсемсөзтанушы Т. Ыдырысов: «Публицистика – журналистің пікірі, күнделікті өмірге, әрқилы қоғамдық құбылысқа пікір айтуы, кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі»,- деп анықтама береді [2, 31б]. Демек, көпшілікке арналған сөз өнерінің бойында ұлттық ойлау жүйесінің сипаттары, қайталанбас мәдениеттің озық үлгілері мен мұндалап тұруы шарт. Ақпараттық кеңістіктегі өзгеше стиль, дара мінез-құлық дегеніміз, міне, осы. Дейтұрғанмен, әлемдегі тұрақтылық категориясының өзі салыстырымды, өзгермелі.

Файлы: 1 файл

М.Шаханов публицистикасындағы ұлттық құндылық мәселелері.doc

— 46.00 Кб (Скачать файл)

                                                          Кіріспе

 

Тақырыптың  өзектілігі. «Публицистика, яғни көсем сөз дегеніміз заман тарихы, дәуір тынысы, өмір шежіресі. Оның мақсаты – саяси, экономикалық, әлеуметтік, философиялық, ұлттық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдық ойға ықпал ету» [1]. Ал көсемсөзтанушы Т. Ыдырысов: «Публицистика – журналистің пікірі, күнделікті өмірге, әрқилы қоғамдық құбылысқа пікір айтуы, кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі»,- деп анықтама береді [2, 31б]. Демек, көпшілікке арналған  сөз өнерінің бойында ұлттық ойлау жүйесінің сипаттары,  қайталанбас мәдениеттің озық үлгілері мен мұндалап тұруы шарт. Ақпараттық кеңістіктегі өзгеше стиль, дара мінез-құлық дегеніміз, міне, осы. Дейтұрғанмен, әлемдегі тұрақтылық категориясының өзі салыстырымды, өзгермелі. Осы тезисті басшылыққа алатын болсақ, заман ауанын жіті қадағалап, сырттан келер құндылықтарға сын көзімен қарап, оның ұлттық мүддеге сайын ғана іріктеп алуға күш салған жөн. Біздің бітіру жұмысымыздың өзектілігі осы мәселелердің басын ашып көрсетуден айқындалады. «Міне, осындай мәселелер қазақ баспасөзінде қаншалықты көтеріліп, шешімін тауып жатыр? Ұлттық құндылық мәселесі жиі көтеріле ме? Қазақ қоғамы, мемлекет  бұл мәселелерге қаншалықты  назар аударып жатыр?» сияқты сүйекті проблемаларды жалықпай күн тәртібіне қойып жүрген ақын Мұхтар Шахановтың публицистикасын нысанаға ала отырып, біз аталмыш сауалдарға жауап іздейміз. Тақырыптың көкейтестілігі ұлттық ауызбірлік, консенсус тұрғысынан ғана емес, қазіргі қоғамымыздың әртектілігі, әр тілділігі тұрғысынан да бедерлене түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бітіру жұмысына өзек болған ұлттық құндылық тақырыбын бізге дейін публицист, ғалым, қазақ журналистикасын зерттеуші Намазалы Омашев «Қазақ Журналистикасы» (2008) кітабындағы «Жаһандану. Ұлттық мүдде және Журналистика» атты I тарауда қарастырады. Ал қоғам қайраткері  М. Шахановтың шығармашылығына байланысты осы уақытқа дейін «М. Шаханов поэзиясындағы ұлттық рух», «М. Шахановтың ақындық даралығы» атты тақырыпта бітіру жұмыстары қорғалған. Яғни, дені ақын поэзиясын қарастырады.

Ал Мұхтар Шахановтың публицистикасын  зерттеп, көсемсөздеріне ғылыми дәйектеме берген арнайы жұмыстар жоқтың қасы. Өз уақытында сөздің күші мен қаламның сиясын серік еткен көсемсөзшінің публицистикасы қоғамда шекесі қызып тұрған мәселелерді қозғады. Ал соларды бүгінгі күн биігінен қарап талдау, әрбір мәселенің байыбына барып, қозғалған проблемалардың өміршеңдігін зерттеуді өз алдымызға мақсат тұттық. 

«Тоқтатпаймын ешқашан күресімді, өмірден толық алам үлесімді»  деп жырлаған ақынның үлгі тұтарлық қасиетінің бірі – сөзі мен ісінің қабысып жататынында [3, 5б].

Ш. Айтматов пен М. Шахановтың – «Құз басындағы аңшының зары» эссе-кітабында (1997)  адами, ұлттық, қоғамдық, жалпыадамзаттық құндылық мәселелері өте ауқымды түрде сөз болады. «Тілсіздендіру анатомиясы» (2006), М.Шаханов – «Желтоқсан эпопеясы» (1-том, 2006), М.Шаханов – «Мәңгүрттенбеу марсельезасы» (2008), М.Шаханов – «Ұлт анасы – тіл» (2010) кітабы, М.Шаханов – «Қонаевпен сырласу» эссесі (2011), «Желтоқсан эпопеясы» (2-том, 2011) атты көсемсөзшінің алып тынысты еңбектерін негізге ала отырып, тақырыбтың қыр-сыры қарастырылады.

Диплом жұмысының  мақсаты мен міндеттері. «Біз бұрын ұлтшылдықпен күрессек, енді ұлтсыздықпен күресуіміз тиіс» [3, 7б]. Кезінде ұлтын шексіз сүйген арыстарымыз елдің барын сақтап, жоғын толтырам деп жүріп, нақақтан нақақ өліп кетті. Ал бүгінде жиі еститін – «ұлтсыздану» сөзі заман ағымы тудырған ұғым деуге болады. Өйткені, сырттан келіп жатқан өзгенің мәдениеті мен салтына қызығып, «жылтырағанын» таңсық көретін жастарымызға ұлттық құндылық дегеніміз ескінің көзі ғана тәрізді. Ал халқының барын бойына сіңіріп өскен кез келген жанды ұлтының төңірегінде болып жатқан мәселелер бей-жай қалдырмайтыны анық. Қоғам қайраткері Шаханов көсем сөзімен де, ісімен де ұлтсызданумен жан аямай күресіп жүргендердің бірегейі. Бұл жұмыстың мақсаты – қоғам қайраткерінің публицистикасы көтерген мәселелерді барынша түбегейлі зерттеу. Көпшілік ақын ретінде қабылдайтын Мұхтар Шахановтың ұлт үшін істеген әрбір еңбегіне, ұлттық құндылықтарды қорғауда  қоғамдық пікір қалыптастырып, жұрт назарын аударған көсем сөздерінің көкейтестілігіне, маңыздылығына баға беру.   Әрбір мәселеге журналистік тұрғыда  анализ жасалады. 

Диплом жұмысының  ғылыми жаңалығы. Біздің ойымызша, әрбір ғылыми жұмыстың сонылығы – оны қанша адам қаншалықты зерттеуден ғана аңғарылмайды, әрбір теориялық еңбектің жаңалығы – тақырыпты қалай талдауында, алға қойған мақсатты қалай орындауында, ойға алған идеяның қалай жүзеге асырылуында.

Ғылыми еңбектің теориялық және әдістемелік негізі. Оған әрине журналистика саласында қызмет етіп, сүбелі кітап жазған белгілі қаламгерлердің, публицистердің теориялық еңбектері негіз болмақ. Сондай-ақ философияда «құндылық деген не?» деген сауалға пәлсапалық тұрғыда тоқталып, теориялық түрде баға берген философтардың пікірі пайдаланылады.  Ғаламтор бетіндегі диплом жұмысына қатысты ақпараттар, ғалымдар мен зерттеушілердің ой-пікірлері қолданылады. Сонымен бірге «КТК» телеарнасындағы бағдарлама мен «Менің есімім Кхан» фильмнің қысқа сюжеті пайдаланылады. Бітіру жұмысына Ахмет Байтұрсынов – «Ақ жол» (1991), І.Жансүгіров «Кереге газеті», Т.С. Амандосов – «Газет жанрлары» (1969), Т. Қожакеев – Таңдамалы шығармалар (7-том) (2007), М.К. Барманқұлов – «Телевизия: бизнес әлде билік?» (2007), Н.О. Омашев – Қазақ журналистикасы (2008), Кәкен Қамзин – «Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі»  (монография) (2009), Б.Ө. Жақып – «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» (2004), Б.Ө. Жақып - «Публицистикалық шығармашылық негіздері» (2007),  Қ.Тұрсын – «Көгілдір экран құпиясы» (1998), Т.Ғабитов – «Философия» (2004), А.А. Тертычный – “Жанры периодической печати» (2006), В.В. Ворошилов – «Журналистика»  (1999), Б.В. Стрельцов – «Основы публицистики. Жанры» (1990) сияқты іргелі еңбектер негіз болды.

Зерттеудің тәсілдік негіздері.  Бұл дипломдық зерттеу жұмысы алдымен көсемсөзшінің барлық публицистикасын мұқият оқып алуды талап етеді. Көсем сөздің, құндылық дегеннің не екенін ұғыну, теориялық еңбектерді қарастыру. Өткен жылдардағы мәселелер мен бүгінгі күннің ақын публицистикасында көтерілген өзекті проблемаларын салыстыра отырып,  талдау жүргізу. Ұлттық құндылық аясындағы мәселелерді тізбектеп алған соң ой қорытындылап, әрбір ойымызға дерек көздерін қоса сөйлету болмақ. Көкейтесті деп танылған мәселелердің өміршеңдігін анықтау. Толық жұмыс – баяндау, салыстыру, шолу, талдау, жинақтау, қорытындылаудан тұрады.

Диплом жұмысының дерек көзі. «Қай елдің баспасөзі күшті болса сол елдің болашағы зор», - деп Міржақып Дулатов мерзімді баспасөздің әлеуеті мен пәрменіне  дәл баға берген [4]. Қазақ қоғамындағы барлық келеңсіздіктерді, қоғамдағы дертті  осы күні қазақ баспасөзінің ғана бетінен көреміз. Мүмкін, бұл дұрыс құбылыс та шығар. Өйткені, қазаққа қазақтың ғана жаны ашыса керек. Дипломға дерек көзі ретінде мерзімді баспасөз, яғни республикалық, қоғамдық-саяси, ұлттық басылымдарда әр жылдары көрініс тапқан ақынның мақалалары, ашық хаттары пайдаланылады. Мұхтар Шахановтың осы уақытқа дейін құндылықтар мәселесіне байланысты жарық көрген кітаптары мен жеке сайты да нысанада.

 Диплом жұмысының сыннан өтуі. Дипломдық жұмыс баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Жұмыстың теориялық  және практикалық мәні. Қазіргі кезде өзгеше ой айтатын, балама пікір білдіретін көсемсөзшілер мен қоғам қайраткерлеріне ілтипатпен қарау кемшін соғып жатыр. Осы ретте М. Шаханов сынды тұлғалар туралы ғылыми дәйегі мығым еңбектің қажеттілігі айдан анық. Біздің обьектіні теориялық жағынан дәл осылайша тануымыз болашақ зерттеушілерге үлгі-өнеге болар деп ойлаймыз.

Диплом жұмысының  құрылымы.  Дипломдық жұмыс зерттеудің жоспары, негізгі бағдары көрсетілген кіріспеден, «Тәуелсіздік концептінің М. Шаханов көсемсөзіндегі көрінісі» сондай-ақ  «Мұхтар Шаханов публицистикасы  және  қоғамдық  пікір» деп аталатын екі тараудан, қорытындыдан және сілтемелер көрсеткішінен тұрады.


Информация о работе М. Шаханов: публицистикасындағы ұлттық құндылық мәселелері