Патриоттық сана сезім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 18:13, статья

Описание работы

Патриотизм туралы айтатын болсам,патриотизм деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда отандас деген мағынаны білдіреді. Ол дегенің,яғни жанның Отанға деген махаббатын,сүйіспеншілігін,оған деген адалдығын өзінің іс-әрекеттерімен білдіріп,оған қызмет етуі. Осылайша ол өзінің патриот екенін көрсете алады.

Файлы: 1 файл

Патриоттық сана сезім.docx

— 13.69 Кб (Скачать файл)

Патриоттық сана сезім.

Патриотизм туралы айтатын болсам,патриотизм деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда отандас деген мағынаны білдіреді. Ол дегенің,яғни жанның Отанға деген махаббатын,сүйіспеншілігін,оған деген адалдығын өзінің іс-әрекеттерімен білдіріп,оған қызмет етуі. Осылайша ол өзінің патриот екенін көрсете алады. Менің ойымша біз нағыз патриоттарды елімізді,жерімізді,туған өлкені қорғап жүрген,сол кезекте жанын қиған,Атамекеннің егемендігін,шекараның бұзылмауын қамтамасыз ететін азаматтарымыздан көре аламыз. Әрине,жалғыз олар ғана емес көптеген басқа да азаматтар баршылық. Тарихымызға да көз жүгіртсек,Отанымыз үшін жандарын берген көптеген батырларымызды білеміз. Мысалы,халқымыздың біртуар ұлы,ержүрек  қолбасшысы,әрі жазушы,Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Бауыржан Момышұлы ағамызды айтсақ болады. Ағамыз өзінен кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп,үлгі етіп қалдырған өсиеттері және ерлікке толы шығармалары,мақал-мәтелдері де бар. Осы тұрғыда алғанда нағыз патриот тіпті Отанына зиян тигізбейді. Қоршаған ортаны ластау,бүлдіру отаншылдық сезімнен жұрдай адамның ісі. Сондай-ақ қазіргі таңда жемқорлық пен қазына тонаушылық,нашақорлық пен ішімдікке салынушылық және де т.б. бұлардың бәрі де патриотсыздықтың әртүрлі формалары. Яғни,патриотизм қандай да бір деңгейде барнемесе мүлдем жоқ. Өйткені,бұл әр адамның санасында,жан-дүниесінде жатқан құпия сезім. Мұнымен мен нағыз патриотты адамның сөзіне қарап емес,ісіне қарап танимыз дегім келіп отыр. Бұл орайда мен мына сұрақтың жауабын саралағым келіп тұр: «Мен патриотпын! » деген адам патриот па,әлде,басқа да адамдар патриот деп таныған адам патриот па?! Әрине,екіншісі. Ақиқатын айтар болсам,нағыз патриот деген адамның нақты анықтамасы жоқ. Себебі,өзінің денсаулығы мен рухын тұрақты нығайтуға ұмтылатын,тәрбиелі,білімді,сауатты,ата-баба дәстүрін қадірлейтін,сақтайтын,отбасын құрып,ұлағатты ұрпақ өсірген,өз халқы мен Отанына адал қызмет ететін әр адамды патриот деп атауға болады. Алайда,қазіргі таңда біздің азаматтарымыздың барлығын патриот деп айта алмаймын. Өйткені,қазір жастардың арасында байқаймын,көбісі Батысқа еліктеушілік болады. Яғни «Мен Hollywood-та туылғанымда мынадай әртіс болар едім,»-дейді. Бірақ бәрі де Алланың қолында екенімен істері жоқ. Және де шетелдегі оқу орындары,техниканың дамуы,т.б. Қазақстанды дамымаған дейді,алайда біздей 20 жылдың ішінде осындай жетістікке жетіп жатқан,алдыңғы қатарлы дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіріп жатқан бір де бір ел жоқ. Солай емес пе?! Және де біз кез-келген адамға«Сен патриот бол!»,деп айта алмаймыз. Ол адамның өз санасына байланысты. Бірақ,менің ойымша,біз ондай патриоттарды көрмесек те тәрбиелеуімізге болады деп ойлаймын. Яғни,оның патриоттық сана-сезімін қалыптастыруға болады. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің,әр ұстаздың ең басты мақсаты-дені сау,ұлттық сана-сезімі оянған,рухани ойлау дәрежесі биік,мәдениеті,парасаты,ар-ожданы мол,еңбекқор жас патриоттарды тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында:«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп айтып өткен болатын.

Тағы бір айтатыным,қазіргі таңда жастарда Отанға деген сүйіспеншілік жоқ дейміз,бірақ біздерге,жастарға үлгі болар ақсақалдарымызда сол сезім бар ма екен? Бұған айтар мысал көп. Мысалы,қазір ақсақалдарымыз «Отан үшін аянбай еңбек ететіндер»дейді. Дұрыс,жастардың да аянғысы келіп тұрған жоқ. Бірақ қайда сол «еңбек»? Базардағы тәшке сүйреу ме,әлде,аяусыз қанайтын құрылыс па? Қазір кез келген жұмыскер Отан мүддесі үшін еңбек етіп жатырмын деп ойламайды:бір олигархтыңбайлығын еселеу үшін жұмыс істеудемін деп ойлайды. Сондықтан жұмысты «елім үшін» деп үлкен патриоттық сезіммен рахаттанып істемейді,кіжініп істейді. Анау Атырау мен Ақтаудағы мұнайшылар да,Қарағанды-Теміртау-Жезқазғандағы шахтерлер мен темір құюшылар да,қазақ жерін аяусыз қанап жатқан латифундистердің «жалшылары» да... Ал жұмыс беруші сол алпауыттардың өздерінде отаншылдық сезім бар ма? Бар болса,неге жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын,олардың мәртебесіне сай жалақысын,өмірінің қауіпсіздігін өз еркімен,қалауымен қамтамасыз етпейді. Неге қарапайым еңбек адамы лайықты өмір сүруге құқы бола отырып,аштық жариялауға,өмірін қиюға,төбелесіп-соттасуға т.с.с. баруы тиіс?!

Сонымен өз ойымды қорытындылай келе,елімізге патриоттық тәрбие жүргізуде оқушылармен осы жоғарыда баяндалған патриоттық сезімдерді жеткізе білсек,үлгі көрсетсек,онда заманға сай,қоғамға керекті азамат,отансүйгіш азамат,елге қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деп ойлаймын.

 


Информация о работе Патриоттық сана сезім