Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 12:51, дипломная работа
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс
Журналист батыл, табан астынан әлденені ойлап тауып, қысылтаяң жағдайдан оңай шығып отыратын, сегіз қырлы, бір сырлы болуы тиіс. Тікелей эфирдегі бағдарлама журналисті өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білуі үшін эфирді жүргізгенде тілдің барлық мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Сонымен бірге журналистік шығармашылықтың өзіне тән ерекшеліктерін игеруі тиіс. Негізі осы жолға түсіп, бірнеше жылдық тәжірибе жинаған журналистер біз үшін белгісіз, өздері үшін белгілі себептер бойынша басқа салаға кетіп жатады. Бұл мамандықтың қадірін түсіріп, тіпті мамандықтарынан безіп кетуге себепші болып жатқан базбіреулерге ақыл мен парасат кіретін уақыт жақындаған да шығар деп үміттенуден басқа амал жоқ. Қорытындылай келе еліміздің БАҚ-да оның ішінде телевизия саласында жетістіктер де кемшіліктер де бар.