Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 16:17, реферат
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды.»Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы» ,»Қазақстан РеспубликасындағыТіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым қатынас құралы. Адамның ой- өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп ,қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.