Жаңа жыл әңгімесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 21:24, сочинение

Описание работы

Бұл шешімге келуіне себеп көп еді. Үйдегі тауық біткенді түн жамылған біреу үптеп келді қызыл көз қораз «қу тізесін құшақтап» жаңғыз қалды. Аулаға сыймайтын болды. Тіміскіленіп көршілерге барады. Жан-жағын қымтанып, шекараларынан жорғалаған қоңыз етпейтіндей болып аңдысып отырған көршілер қызыл көздің серілік серуенін тұтқиылдан жау шапқандай қабылдайды. Сүттей ұйып отырған ел арасы бұзылды. Аяқ-табақ араласып, арада ауыс-күйіс жүретін көршілер осы Қызыл көзге бола, қарым-қатынастарын бір жақты бұза бастады. Әсіресе, жақында ғана Валя әжейдің үйін сатып алған бауырсақтай домаланған жас қазақтың сөзі етіп кетті.

Файлы: 1 файл

Жана жыл ангимеси.docx

— 19.62 Кб (Скачать файл)

Қораз сатамын...

 

   Сататын ештеңенің  реті  қалмады. 

   Қоғабай ақыры: «Осы «қызыл көздің» көзін құртайын» деген шешімге келді.

   Бұл шешімге келуіне себеп  көп еді. Үйдегі тауық біткенді  түн жамылған біреу үптеп келді  қызыл көз қораз «қу тізесін  құшақтап» жаңғыз қалды. Аулаға  сыймайтын болды. Тіміскіленіп  көршілерге барады. Жан-жағын қымтанып, шекараларынан жорғалаған қоңыз  етпейтіндей болып аңдысып отырған  көршілер қызыл көздің серілік  серуенін  тұтқиылдан жау шапқандай  қабылдайды. Сүттей ұйып отырған  ел арасы бұзылды. Аяқ-табақ араласып, арада ауыс-күйіс жүретін көршілер осы Қызыл көзге бола, қарым-қатынастарын бір жақты бұза бастады. Әсіресе, жақында ғана Валя әжейдің үйін сатып алған бауырсақтай домаланған жас қазақтың сөзі етіп кетті. Қызыл көз албастының  да жүрмейтін жері жоқ. Валя әжейдің тегін жеміне әбден дәнігіп алғаны сондай, ауласынан шықпайтын. Қазақшаға судай Валя әжей: «Сендерден адамдық кетті. Күнде сәлем беріп тұратын осы Қызыл көз болмаса» дейтін. Қызыл көз атын қойған да Валя әжей-тұғын.  Сол үйді сатып алған әлгі қазақ мәшинесін ауласына кіргізгенде тауықтың нәжісін (қағын) басып кетіпті. Өзі емес, өзі табан жолына еңкейе алмайтын сорлы, мәшинесінің дөңгелегі былғаныпты. Бұған зілденіп тұрып: «Қоразың менің аулама аяғын аттап баспайтын болсын. Баса қалса бұтын айырып сорпа қыламын. Өзіңе тезегін тергіземін» деді. Мұны көршілер де естіді. «Қоразың бақшамның астан-кестенін шығарды. Қара да тұр, бүр күн болмаса бір күні бердеңкемді шығарып бір оқтық қыламын» деп қызыл көзді алып келгеннен кейін бір аптадан соң-ақ қоқан-лоқы жасаған Кәрім ака түн ішінде келіп:

    -Валяның ауласына кімнің тауығы бармайтын еді. Оның мәшинесі басқан нәжісті сараптамаға беру керек. Милиция ақ-қарасын айырды. Керек болса айтайын, менің бердеңкемді кәмпеске жасаған таныс «милициям бар», - деп келіп кетті.

    Қоғабай Қызыл көзді  сонда таныды. Бірақ амалы жок  еді. Нәжісті сараптамаға жібергенде де Қызыл көздің кінәлі болатынын іші сезді.

    Қоразды себетке салып  мал базарына келгенде Қоғабай  өзін қолайсыз сезінді. Базар  қайнап жатыр. Өмірі мал пұлдап  көрмеген ол көзге шыққан сүйелдей, мың сан адамның ортасында  жалғыз жүргендей жалғыз болды.  Бірақ мұның бәрі алдамшы екен. Құс сататындар қатарына беттей  бергені сол екен, «О, Қоғабай  келді!» дегендей, бір топ бозбала  анталапай жүгірісті. «Қанша?»  «Қаншадан сатасың?» «Қораз ба, Қаз ба?» «Мә, мың теңге»  деп қаумалаған желөкпе жігіттерге  не айтарын білмеді. Себеттен  басын қылтитып: «Ендігі тағдырым не болар екен?» деп момақан жатқан Қызыл көз де елең-елең  етіп, айдары тікірейіп кетті. Қызыл көздері жылт-жылт етеді. Осы жерде Кәрім аканың: «Тұқымы мықты. Бір қаралық құны бар. Әттең, Шымкенттің базарына шығарар ма еді...» деген сөзі есіне сап ете қалды. «Бес мың!» деді бұл. «Мынауың жынданған ба?» дегендей одыраңдаған жігіттер бастарын шайқап тез тарасты. Енді қайтып бұған көңіл аударған бірі болмады.

    Қоғабай өзінің артық  кеткенін сонда түсінді. Жемге  баққан семіз әтеш-тауықтардың екі мыңнан, қораздардың екі жарым мыңнан асып тұрғаны жоқ екен. «Оларға сол керек, беттерін жақсы қайтардың құрдас. Сені «сыңдыруға» келгендері ғой»,-деді мұны өзіне жақын тартып, өзін Калима деп таныстырған «құрдасы». Ол да қораз сатып тұр екен. «Мынауың өзің сияқты шынжау сияқты ғой. Мекиенге қарайтын қауқары бар ма?» деп қутың-қутың етті Қалима.

    Бірінші күні Қызыл  көз өтпеді. Қалима: «Сауданың заңы  солай, әйтпесе «қол жүрмейді» деген соң шемішкі-сағыз сатып отырған қара кемпірден қарызға бір жарты сұраған. Ол ұсақ-түйегін жанындағы әйелге тапсырып, Қызыл көздің тауарлық келбетін көріп біраз тұрды да: «Қанша сұрайсың?» деді. «Екі жарым мың, екіге түсем», - деді Қоғабай «осы кемпірдің өзі-ақ алып қалар» деген дәме көңілмен.  «Өтеді,- деді қара кемпір қойнынан бір жартыны суырып беріп,- өткен соң есептесесің».

    Қызыл көз екінші  күні де, үшінші күні де өтпеді. Үшінші күні ерлі-зайыпты екеу  келіп ұзақ саудаласты. Ері екі  жарым мың теңгеге алуға пейілді  еді, сұқсыр үйректей сумаңдаған  әйелі қоразды қораз деп емес, піскен ет деп бағалайтын біреу  екен: «Бойында бір шайнам еті  жоқ, көстеңдеген қу сүйекті қайтесің?» деп кимеледі. «Өзіңнің де бір шайнам миың жоқ»

-Қоғабай қанын ішіне тартып  әлгінің күйеуіне қарап еді,  ол да: «Басында тауықтың миындай ми болса қайтерсің?!» дегендей кейіпте шаршап тұр екен. «Бір қора тауықты жалғыз қайыратын қайраты бар екен» деп Қызыл көздің айдарын сипай берген күйеуі «Екі мыңға түссеңщі» деді қиылып. Қоғабай да базардың заңын игеріп қалған. «Жоқ» деді үзілді-кесілді. Іштей келісе салғысы да келген, бірақ бұл кезде қара кемпірдің «қол шығаратын» дәрісіне үш күнде 600 теңге қарыздар болып қалған. Жанындағы Қалима да: «Сатып алушының алды-арты осылар деймісің. Алдымызда сенбі, жексенбі келе жатыр. Қоразың өтеді» деп желпіндіріп қойды. Екеуі «бой жылытып» қара кемпірдің «дәрісінен» бір жүзден тартып жібергеннен кейін Қалима бір әңгіменің ұштығын шығарды. «Жексенбіде осында қораз төбелестіреді» дейді. Бәлкім, сенің Қызыл көзінді өтіп кетпесе  соған қосармыз, ә? Кіру ақысын мен-ақ төлейін. Мың теңге ғой, жеңіп жатса пайданы тең бөліп аламыз. Жеңіле қалса жер көтереді, кірген ақының 500 теңгесін Қызыл көзді сатқан соң бересің». Қоғабай қорланып кетті. Қасындағы өзімсінген «құрдассының» өзі мұны пайдаланып, үстінен тиын-тебен жырып қалғысы келеді ей! Ашуланғандағы әдеті : шықшыты ойнап, жақ жүндері үрпиіп кетті. Қалиманың зәресі ұшты. Қоғабайдың көздері қып-қызыл боп қанталап тұр еді!  «ТФа, тфа, өзіңмен кет! Мен тек... сізге жақсы болсын деп жатқаным. Басқа ойым жок... Қораз аты бар ғой, бір пайдасы болсын деп...» Жүре жиналған Қалима тағы бірдеңелерді сампылдап жатты. «Қып-қызыл көздеріне дейін айнымайды. Мал иесіне тартады деген. Сол қораздан бірдеңе шығады деген мен де ақымақ. Шықса отырды ғой қасымызда бірнеше күн, жылы сөз айтып та жарытпады. Иесінен ұзап ол Қызыл көз қайда барады. Мен де ақымақпын ғой...» дегенін естіп, мырс етіп басын шайқады. Артық кеткенін түсінді. Себетін арқалап үйіне қайтты.

    Ертеңіне күтпеген оқиға  болды. Қызыл көз қорада жоқ.  Қуыс-қуыстың бәрін қарап шықты  – жоқ! «Қолды болды-ау» деген суық ой миын қарып өтті. «Кешегі ерлі-зайыптыларға екі мыңға неге бере салмадым? Қара кемпірдің қарызынан да құтылған болар едім. Бұл тұқымың құрығыр мені қарыздандырып кетті-ау, тек кетпей» деп ауласының ортасында сең соққандай болып тұрған, көрші жас қазақтың ауласынан алқын-жұлқын дыбыс естілгендей болды. Маңдайынан суық тер шып ете қалды. Жас көршісінің ескертуі  есіне түсті. Екі үйдің арасын жас қазақ адам бойы жетпес бетон қабырғамен бөліп тастаған. Ауланың бір бұрышында жатқан бос бөшкені домалатып әкеліп, үстіне шығып қараса... – мәссаған, безгелдек! Қызыл көз жас қазақтың ауласынан қызыл майдан қылып жатыр! Өзінен екі есе үлкен қара мойын, алтын балақ әтешпен екеуі бір-бірін түтіп жейтіндей болып айбат шегісіп тұр. Қызыл көздің көздері бір теңгеліктей домаланып от шашады. Алтын балақтың  қимылын аңдып қатып қалған. Әлден соң қанатын қомдап, атылғалы жұдырықтай түйіліп құныса қалды.  Алтын балақ кеудесін керіп, желке жүнін қоқырайтты. Қоладан құйғандай балтыры тамырланып, арбиған тырнақтары жайылып бара жатты. Осы күйінде Қызыл көзді омырауымен бір батырса, қожайыны айтқандай, Қызыл көздің «бұттын айырып» сорпа қылуға жеткізбей арам қатыратын түрі бар. Тас түйін Қызыл көз де қоғасын оқтан кем емес екен, жерді бір тарпып атылды да, алтын балақты омыраудан топшысымен қағып, есін жиғызбай екі иықтан бүріп, тұмсығымен желкеден ала түсті. Алтын балақ желкесіне мінген Қызыл көзден қалай құтыларын білмей әлек. Арпаң-тарпаң  жанталасып, қанатын қағып жұлқынғанмен, тастай қатқан Қызыл көз айрылмады.


Информация о работе Жаңа жыл әңгімесі