Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 00:13, статья
Қазақстан Республикасыныңқұқыққорғауоргандарыдегеніміз-бұзылғанқұқықтыорнынакелтіруге, заң бойынша міндеттіңорындалуын қамтамасыз етугебағытталғанмемлекеттікорганныңмәжбүрлеу қызметі. Осы шаралардықолдау үшін ерекше құқыққорғауоргандары құрылады.
Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т. б. қызметі жатады.
Қазақстан Республикасыныңқұқыққорғауорга
Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі. Олардың қызметінің негізгі бағыттарына сот билігі, прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т. б. қызметі жатады.
Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:
1.Сот. Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады, Сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды.
Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандырылған сот – ҚР Әскери соты және баркалары) және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысаны болып табылады.
Соттар қайсы біреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздерінің Республика атынан берілген жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығынығ да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады.
Істі сот отырыстарында қарау мен шешу Конституциясының 77-бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді:
Конституциямен белгіленген сот төрелігінің аталған принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және біріңғайболып табылады.
Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьяларының мәртебесі біріңғай, ал бір-бірінен тек өкілеттіктермен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.
2.Прокуратура.Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық мәртебесі, қызметтік ұйымдастырылуы, қызмет тәртібі және прокурорлардың өкілеттігі Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен, халықаралық шарттармен, прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас Прокурордың бұйрықтарымен реттелген.
Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры басқарады, ал оған облыстық прокуратуралар, республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған (көлік, табиғатты қорғау, сондай-ақ арнаулы объектілердің прокуратуралары) прокуратуралар кіреді.
Республиканың Бас Прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.
Сонымен, прокуратура мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган. Оның басты мақсаты – Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтыө актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің анықтау мен тергеудің әкімшілік және орындаушылық іс-жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді және т.с.с. Сөйте тұра, прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды, ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды.
3.Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 195 жылғы 21 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:
Қазақстанның ішкі істер органдарының біріңғай жүйесі – Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және басқа мекемелерден құралады.
4.Ұлттық қауіпсіздік органдары. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.
Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылға 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заң күші бар Жарлығы реттейді.
Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, онің жергілікті органдарынан және басқа да тиісті мекемелерден құралады.
5.Әділет органдары. Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» заңы реттейді.
Заңға сәйкес органдардың міндеттеріне:
Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министірлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады.
6.Қаржы полициясы. Қазақстан Республикасы қаржы полициясының органдары: заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін; алдын-ала тергеу және анықтау; әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқықа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.
2002 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан
Республикасының қаржы
7.Қазақстан Республикасының адвокатурасы. Адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын ссотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген және азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.
Адвокаттардың құқықтық статусы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы желтоқсан айының 5 жұлдыөындағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі.
Жоғары заң білімі бар, заңгер мамандығы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес және адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқықғына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс.
Қазіргі кезде барлық елімізде барлық облыстарда, қалаларда адвокаттар алқасы және жекеменшік адвокаттық кассалар халыққа қызмет етеді.
Қазақстан РеспубликасыБiлiм және ғылымминистрлiгі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті
Заң факультеті
«Азаматтық іс жүргізу құқығы және еңбек құқығы кафедрасы» кафедрасы
ЭССЕ
Тақырыбы: Құқық қорғау органдары.
Орындаған:
Астана, 2011