Ұйымдасқан қылмыстарды ашу мен ескертуді ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2014 в 09:41, статья

Описание работы

Ұйымдасқан қылмыстылық, бұл жалпы қылмыстылық сияқты қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік саяси процестерді көрсететін күрделі әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыстың айқын көріне бастауы қоғамдағы экономикалық қарым-қатынастардың ауысуы мен әлеуметтік жағдайдың түбегейлі өзгеруіне байланысты.
«Ұйымдасқан қылмыстылық» термині бұрынғы кеңестік криминологияда пайдаланылмағанымен, қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстылықтың бөлек белгілері (қауіпті қылмыстар тобының ұйымдасқан, топтық сипаттамасы, лауазымды тұлғаларды параға сатып алу, «заң ішіндегі ұры» деп аталатындардың қызметі) ерекше орын алуда.

Файлы: 1 файл

Абилезов.doc

— 63.00 Кб (Скачать файл)

7. Жоғары деңгейдегі латенттік. Шетел мамандарының пікірінше, ұйымдасқан қылмыстылықтың жасырын бөлігі құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстардың санына қарағанда 6-10 рет асып кетеді. Кейбір кеңестік ғалымдар құқық қорғау органдарына белгілі және жасырын бопсалаушылықтың ара қатынасы 90 есе тұрақсыз деп айтады. Ұсақ және орта кәсіпкерлерге сұрау жүргізу барысында олардың 40 пайызға жуыға ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар жағынан үнемі және ұзақ мерзімдегі қысымға тартылып отырғандығын көрсетті. Ал сұраушылардың 10 пайызы қорқытып алушылық күшінің үлкен болғандығы сонша, кәсіпкерлік қызметтің ары қарай дамуына кедергі болып табылады деп белгіледі.

Мұның барлығын ескере отырып, ұйымдасқан қылмыстық құрылымдар арызсыз деп аталатын қылмыстар арқылы әрекет етуге талпынып, сатып алу жолымен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қылмысты есепке алудан жасыруға немесе қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы негізсіз қаулыларды шығаруға итермелейді.

Ұйымдасқан қылмыстылық жоғарыда көрсетілгендей, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы (экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани) жалпы қарама-қайшылықтардың салдары, сондай-ақ біздің қоғамымыздың соңғы он жылдағы қарама-қайшы дамуының нәтижесі болып табылады.

Дағдарыс құбылыстарын, яғни оның ішінде ұйымдасқан қылмыстылықты жеңіп шығу – тым ауыр, ұзақ, материалды-техникалық, құқықтық ақпараттық, кадрлық ресурстарды талап ететін процесс. Ұйымдасқан қылмыстылықтың себептері мен жағдайы қоғамдық қатынастарға теріс әсерін тигізетін құбылыс, бұл көріністі немесе осы жүйенің белгілі бір аспектісін, не болмаса қызмет етуінің айтарлықтай тұрақты салдарын қысқа мерзімде жолын кесіп, оқшаулауға болады. Және де Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында ескерілгендей, ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрамында қылмыс жасағаны, қылмыстар кәнігілігі кезінде қылмыстық жауаптылықты байланысты күшейту шараларын жетілдіру қажет.

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Организованная преступность (под ред. А.И. Долговой, С.В. Дьякова). М., 2002, - 142 с.
  2. Алауханов Е.О. Қылмыстық құқық (жалпы бөлім). Оқұлық. Алматы – 2009. 215 б.
  3. Айдишен Р., Гилинский Я. Функциональная теория организации и организованная преступность (Изучение организованной преступности: российско-американский долг). Под. ред. Н.Ф. Кузнецовой, Л. Шелли. М., 2003, - 162 с.

 

 

Түйін

 

Автор аталған мақалада, ұйымдасқан қылмыстылыққа қатысты  бірқатар авторлардың көзқарастарына сүйене отырып, жалпы сұрақтарды және ұйымдасқан қылмыстардың түсінігі мен сипаттамасын қарастырады.

 

 

РЕЗЮМЕ

Автор в данной статье рассматривает вопросы касающиеся общей характеристики организованной преступности, раскрывая ее сущность приводит несколько примеров ссылаясь на мнения некоторых ученных.

 

RESUME

The author in given article considers questions concerning an organised crime general characteristic, opening its essence results some examples referring to opinions of some view scientists.

 

 


Информация о работе Ұйымдасқан қылмыстарды ашу мен ескертуді ұйымдастыру