Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 10:26, курсовая работа
Тергеу қарауының жалпы ережелері. Қылмыс ізін, өзге материалдық обьектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жердің, үй-жайлардың, заттардың, құжаттардың, көзі-тірі адамдардың, мәйіттердің, жануарлардфың қарауын жүргізеді.
Кеңістіктің жеке жоспары-
оқиға орны- жоспарлары етпетінен
және аударылған түрде құрастырылады.
Етпетіндегі жоспарларда
4. Оқиға орнындағы фотосуреттер.
Фотосурет қарау хаттамасының мазмұнын және хаттамада көрсетілмеген заттардың көрінісі немесе жеткіліксіз анық жазылмағандарды толықтырады. Оқиға орнындағы фотосуретте оның жалпы түрі бірнеше нүктеден белгіленеді, өйткені жағдайдың барлық бөліктерін толығырақ бекіру үшін. Фотоаппарат түсірген кезде жерден жоғары бір нүктеде орнатылады. Түсірген кезде жақсы шығу үшін объектіні бірнеше рет фотаға түсіреді. әрбір қарау хаттамасында ұсынылған суреттің артында түсініктеме жазылу керек, осы суретте қайдау көрініс юар, қандай жерде түсірілгендігі, сонымен бірге суретке түсірген тұлғаның, тергеушінің қолымен бекітілуі, мүмкіншілікке байланысты куәгерлердің қатысуы. Егер фотосуреттер фотокестеде жасалса, онда бұл жазулар осы кестенің ішінде жазылу керек. Егер қарау үрдісінде бейне жазу қолданылса, хаттамаға бейнежазба жазылған кассете қосылады.
Панораммалық фотосуреттер.
Панорамалық тәсіл дегеніміз-
бұл бір объектілердің
Панораманың келесі түрімен түсіндіруге болады:
Айналмалы панорама дегеніміз- фотокамераны бір нүктеде ұстап, объектіні кезекпен түсіру және түсіру кезінде шекаралық фрагменттерді 10-15 пайыз артық түсіріп отыру қажет. әдетте бұл әдіспен екі не одан көп кадрлар түсіріледі.
Сызықтық панорама әдеттегідей
объектілердің фотокамерадан
5 Тақырып Оқиға болған жердегі өлікті сырттай қарау
1. Өлікті қарау
2. Эксгумация және
жерлеу жерінен көтерілген
1. Өлікті қарау. Адам мәйітін, ол табылған жерде сыртынан қарау тергеулік қараудың жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицина саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Өлікті қарау үшін басқа да мамандар таратылуы мүмкін.
Өлікті қосымша немесе қайталап қараған жағдайда сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің қатысуы міндетті.
Танылмаған өлік міндетті түрде фотосуретке түсірілуге және дактилокөшірме жасалуы тиіс.
Өлікті сырттай қарау кейін сот-медицина сараптамасының жүргізілуін алмастырмайды және жоққа шығармайды.
Өлікті қарау барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәліметтерді сол тергеу әрекетінің хаттамасына енгізіліп, кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынады, бұл мәйітті басқа адамдардың тануы үшін көрсетуді жоққа шығармайды (ҚР ҚІЖК-нің 224-бабы).
Мәйттіңі табылған жерінде, тергеушіні оның сырттай қарауын жүргізеді. Табылған жерінде мәйтті сырттай қарау екі сатыдан тұрады-мәйттің жалпы қарауы және бөлшектеп қарауы. Мәйітті қараудың барысы мен нәтижелері оқиға болған жерді қарау хаттамасында сипатталады.
Мәйітті қарау кезінде міндетті түрде зерттелетіндер:
Мәйіттің орналасуын қараған кезде, оның жақын жердегі қозғалмайтын обьектілерге қарағанда қалай орналасқанын сипаттау керек – кірер есікке, терезелерге, қабырғаға, темір жол рельстеріне, ағаштарға және басқаларға. Егер келеңсіз қалыпқа қандай да бір құралдармен ұстаттырылып қойылған болса, онда ондай құралдар да мұқият қаралып сипатталуы керек. Мәйіттің оқиға жеріндегі орнынан ауыстырылуы немесе бастапқы қалпынан басқа қалыпқа өзгертілуін ең алдымен мәйіт дақтарының сипаттары мен орналасуы куәлайды.