қылмыстық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2013 в 16:49, курсовая работа

Описание работы

Басқару тәртібіне қарсы кылмыстар тақырыбын қарастырар алдынды ең алдымен керекті мәліметтермен қаруланып алуымыз керек теп есептеймін.
Қазіргі кезде елімізде қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғауға, сот беделін көтеруге қатысты құқықтық форма қадамдары одан әрі жалғасуда. Бұрынғыдай емес қазір қылмыстардың түрі де өзгерген, галстук тағып, кабинетте отырып, компьютермен, ұялы байланысты пайдалану арқылы қылмыс жасайтындар саны өсті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылы 10 қыркүйекте құқық қорғау органдары өкілдерімен болған алқалы жиында қылмыспен күресті күшейтуге ерекше мән берді. Бас прокуратура тарапынан да жергілікті буындарға талап күшейді.

Содержание работы

Кіріспе
1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар.
1.1 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстарың жалпы сипаттамасы.
1.2 Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы.
2. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың құрамы.
2.1 Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері.
2.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының мызғамастығына қол сұғатын қылмыстар.
2.3 Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.
2.4 Әскери кызметке шақыру тәртібіне қарсы қылмыс.
2.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қарсы қалмыстар.
2.6 Басқару тәртібін қамтамассың ететін жекелген ережелерге қол сұғатын қылмыстар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Файлы: 1 файл

қылмыстық құқық.doc

— 121.00 Кб (Скачать файл)

Қылмыс субъективтiк  жағынан теқ қана тiкелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кiнәлi адам өкiмет  өкiлiн оның қызмет бабындағы мiндеттерiн  орындауына байланысты көпшiлiк алдында  жария түрде қорлағанын сезедi және соған саналы түрде жол бередi және аталған адамлардың абыройын, беделiн түсiрудi тiлейдi.

Қылмыстың субъектiсi - 16-ға толған, есi дұрыс, кез келген азамат болады.

Өкiмет өкiлiне қатысты  күш колдану.

Қылмыстық кодекстiң 32I-бабының 1-тармағында өкiмет өкiлiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысы өмiрi мен ден саулығы үшiн қауiпсiз күш  қолдану немесе күш  болып қорқыту үшiн жауаптылық белгiленген.

Кылмыстың тiкелей объсктiсi өкiмет өкiлдерiнiң дұрыс басқару қызметi, ал қосымша тiкелей объектiсi олардың өзiнiң және жақын туыстарының өмiрi мен денсаулығы. Бұлар қылмыстың жәбiрленушiсi болып табылады.

Қылмыс объективтiк  жағынан мына әрекеттердi iстеу аркылы көрiнiс табады:

а) өкiмет өкiлiнiң өзiне немесе оның жақын туыстарына қатысты өмiрi мен денсаулы үшiн қауiпсiз күш колдану;

б) осы көрсетiлген адамдарды  күш қолданбақ болып қорқыту;

 в) аталған адамдарға  қатысты өмiрi мен денсаулығына  қауiптi күш қолдану.

Өкiмет өкiлiнiң өз қызметтiк  мiндеттерiн орындауына байланысты оның өзiнiң немесе жақындарының өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз күш қолдануға жәбiрленушiнің киiмiң жырту, олардьт сабау, денесiне жеңiл жарақат келтiру, бостандығын шектеу, өмiрiне немесе денсаулығынақауап келтiрмейтiн жағдайда жәбiрленушiнiң организмiне есеңгiрететiн нәрселер егу сияқты ерекеттер жатады.

Қылмыс құрылысы жағынан  формальдық-материалдық құрамға  жатады. Жәбiрленушiлерге күш қолданбақ  болып қорқыту - формальдық құрамға, ал басқа әрекеттер материалдық  құрамға жатады.

Субъективтiк жағынан қылмыс тiкелей қасақаналықпен iстеледi.Қылмыстың субъектiсi 16-ға толған адам.

Жауапты мемлекеттiк лауазымды  иеленушi лауазымды адамға қатысты  қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Көрсетілген қылмыстың  объективтiк және субъективтiк белгiлерi жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы заңда арнайьт көрсетiлген.

Қылмыстыiң негiзгi тiкелей  объектiсi жауапты мемлекеттiк лауазымды  адамдардың бiрқалыпты, дұрыс қызметi, ад қосымша тiкелей объектiсi — көрсетiлген осы адамдардың немесе олардың туыстарының қауiпсiздiгi болып табылады. Осы адамдар қылмыстың жәбiрленушiлерi болып табылады. Жақын туыстары — ата-аналары, балалары, атасьт, әжесi, немерелерi, iнiлерi, қарындастары, жиені, асырап алған балалары асырап алған ата-аналары, келiнi, құдасы, жақын досы және т.б. жатады.

Қылмыс объективтiк  жағынан алғанда жоғарыда аталған  жебiрленушiлерге тiкелей байланысты қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi кез келген тәсiлмен жария ету  жолымен әрекет немесе әре кетсiздiк арқылы жүзеге асырылады.

Қылмыс құрылысы жағынан  формальдық және ол заңда көрсетiлген iс-әрекььер қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi бөтен адамға немесе адамдарға  жария еткен уақыттан бастап аяқталған  деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан қасақана (тiкелей немесе жанама) түрде iстеледi.

Қылмыстың субъектiсi арнаулы 16-ға толған, осы мәлiметтер өзiне сенiп  тапсырылған немесе оның қызметтiк iс-әрекеттерiне байланысты белгiлi болған адам (жеке күзетшiсi, хатшысы, көлiк  жүргiзушiсi дәрiгерi, үй күтушiсi және т.б.).

Қылмыс құрамы материалдық. Ауыр зардаптарға - жауапты лауазымды  адамды немесе оның жақын туыстарын  өлтiруге оқталу, оларға ауыр дене жарақатын  келтiру, үй-мүлкiн жою т.б. зардаптар  жатады. Кiнәлiнің зардап жөнiндегi кiнә нысаны абайсыздық арқылы көрiнiс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             2.2 Республикасының мемлекеттік шекарасының

      мызғымастығына қол сұғатын қылмыстар

Қазақстан Республикасының  күзетiлетiн Мемлекеттiк шекарасынан  әдейi заңсыз өту.

Қылмыстын тiкелей объектiсi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының қол сұғылмайтындығын реттейтiн қоғамдық қатынастар.

Қылмыс объективтiк жағынан алғанда  Қазақстан Республикасыньщң күзетiлетiн  Мемлекеттік шекарасынан белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өту арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс күзетiлетiн Мемлекеттік шекарадан кез келген тәсiлмен жаяу, көлiкпен, әуе кемесiмен, сумен жұзу арқыы Қазақстан Республикасының аумағына немесе оған шекаралас мемлекеттің аумағына заңсыз — белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз өткен уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс формальдық құрама жатады. Бұл жерде айта кететiн нәрсе — күзетiлетiн мемлекеiттiк шекарадан заңсыз өту ғана қылмыс деп қарастырылады. Егер шекара ТМД елдерi арасында күзетiлмейтiн болса, онда одан өту қылмыс деп қарастырылмайды. Мемлекеттiк шекарадан өту, Қазақстан Республикасынан кету және оған келу тәртiптерi Мемлекеттiк шекара туралы Заңмен және халықаралық келiсiмдермен реттеледі.

Қылмыс субъективтiк жағынан  алғанда тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам Қазақстан Республикасының күзетiлетiн Мемдекеттiк шекарасынан белгiленген құжатсыз және тиiстi рұқсатсыз әдейi заңсыз өтетiнiн сезедi және соны iстеудi тiлейдi.

Абайсызда не амалсыздан, аса қажетгiлiк  жағдайда мемлекеттiк шекарадан өту қылмыс деп танылмайды (Мысалы әуе, су кемесiнiң апатқа ұшырау қаупi туғанда, басқа елдiң аумағына амалсыздан қонуы, күрделi ауа райына байланысты адасып ше караны бұзу т.б.)

Мемлекеттiк шекараны бұзудың ниетi мен мақсаты iс-әрекеттi саралауға қатысы жоқ, олар тек жаза тағайындағанда ескерiледi.

Қылмыстың субъектiсi — 16-ға толған, кез  келген адам.

ҚК-тің 330-бабының 2-тармағында осы  кылмыстың мынадай ауырлататын  түрлерi: а) адамдар тобының алдын  ала сөз байласуы бойынша; б) немесе ұйымдасқан топпен; в) не күш қолданумен немесе оны қолданбақ болып қорқытумен жасалған дел сол әрекетгер үшiн жауаптылық белгiленген.

Күш қолдану ден жәбiрленушiге жеңiл, ауырлығы орта дәрежедегi жарақат келтіруді  айтамыз. Одан зор жарақат келтiрген жағдайда қылмыс жиынтығы бойынша сараланады. Күш қол данбақ болып қорқытудың түсiнiгiне ҚК-тiң 321-бабында тоқталғанбыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк  шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.

Қылмыстың тiкелей объектiсi күзетiлетiнiне немесе күзетiлмейтiнiне қарамастан Қазақстан Республикасының  шекарасына қол сұғылмайтындығы.

Қылмыстық заты - шеқаралық  белгі.

Қылмыс объективтiк  жағынан: Қазакстан Республикасының  Мемлекеттiк шекарасын құқыққа  қарсы өзгерту мақсатында шекаралық белгiлерлi алып тастау, орнын ауыстыру немесе жою арқылы сипатталады.

Қылмыс субъективтiк  жағынан  тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi шекаралық белгiлердi алып тастайынын, орнын ауыстыратынын  немесе жоятынын сезедi және соны iстеуді тiлейдi.

Қылмыстын мақсаты - заңға  қайшы түрде Қазақстан Республокасының  Мемлекеттiк шекарасын өзгерту.

Қыллмыстың субъектiсi 16-ға толған, кез калген  адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Ресми құжаттар  мен мемлекеттік наградалардың айналым тәртібіне қарсы қылмыстар.

Ресми құжаттар және мемлекеттік  наградаларды сатып алу немесе өткiзу.

Бұл қыдмыстың негiзгi тiкелей объектiсi ресмт құжаттар мен мемлекеттiк наградаларды айналымға  занды түрде шығу тәртiбiн қамтамасыз ететiн басқару қызметi болып табылады.

Қылмыстың заты – ресми  құжаттар және  мемлекеттiк наградалар.

Қылмыстық кодекстiн 323 - бабында көрсетiлген қылмыстын затында кез келген құжаттар емес, тек қана ресми құжттар жатады.

Осы қылмыстын затына ресми құжаттардың және мемлекеттiк  наградалардың түпнұсқасы жатады.

Объктивтiк жағынан  алғанда кылмыс ресми құжаттарды немесе мемлекеттiк наградаларды заңсыз алу немесе заңсыз өткізу арқылы көрiнiс алады.

Қылмыс кұрамы формальдық. Занда көрсетiлген әрекеттер ресми  құжаттарды немесе мемлекеттiк наградаларды алған немесе өткiзген уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады.

Қылмыс субъективтiк жағынан тiкелей қасақаналықпен iстеледi. Кiнәлi адам заңсыз көрсетiлген заттарды алатынын немесе өткiзетiнiн сезедi және соны тiлеп стейдi.

Қылмыстың субъектiсi 16 - ға толғаң, есi дұрыс адам.

Құжаттарды, мортаңбаларды, мөрддеоді ұрлау немесе бүлдіру.

Қылмыстың тікелей объектiсі ресми құжаттардың айналым тәртiбiне қол сұғу.

Қылмыстың заты азаматтық  төлқұжат, жеке басының куәлiгi немесе жеке басының басқа маңызды құжаттары.

Қылмыстың затына ресми  құжаттармен қатар мөртаңба, мөр  де жатады.

Көрсетiлген қылмыс құрамы объективтік  жағынан мындай әрекеттерді  жасау арқылы жүзеге асырылады: а) ресми құжаттарды, мөртанбаларды немесе мөрлерді ұрлау; б) заттарды жою; в) оларды бүлдiру, немесе; г) жасыру.

Көрсетілген заттарды ұрлау  деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құқыққа карсы тәсілмен алу болып табылады.

Көрсетілген заттарды бүлдіру  деп оны ішінара жарамсыз ету болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс формальдык кұрамға жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек қана тікелей  қасақаналықпен жасалады.

Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың субъектісі болып табылады.

Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.

Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында құкықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық белгіленген.

Көрсетілген қылмыстың  қоғамға қауіптілігі қолдан куәліктер мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нұқсан келтіріледі.

Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.

Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар, мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.

Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәліктерге  тиісінше мемлекеттік немесе мемлекеттік  емес орган беретін құжаттар жатады.

Мөркағазға —баспа әріптері арқылы құжат мәтініне ішінара сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.

 Көрсетілген заттарды  ұрлау деп мемлекеттік немесе мемлекеттік емес мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың игілігіндегі осындай заттарды кез келген құқыққа карсы тәсілмен алу болып табылады.

Көрсетілген заттарды бүлдіру деп оны ішінара жарамсыз ету болып табылады.

Қылмыстың объективтік жағының осы көрсетілген әрекеттерінің бірі жасалған жағдайда қылмыс аяқталған деп есептеледі. Қылмыс формальдык кұрамға жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан алғанда тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады.

Есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам осы қылмыстың субъектісі болып табылады.

Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу.

Қылмыстық кодекстің 325-бабының 1-тармағында құкықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау, не мұндай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізгені үшін жауаптылық белгіленген.

Көрсетілген қылмыстың  қоғамға қауіптілігі қолдан куәліктер  мен құжаттарды жасау, өткізу, сондай-ақ қолдан жасалған мөртаңбаларды, мөрлерді, мөркағаздарды, мемлекеттік наградаларды дайындау арқылы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымдардың, кәсіпорындардың немесе мекемелердің заң қорғайтын мүдделеріне елеулі нұқсан келтіріледі.

Қылмыстың тікелей объектісі құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды жасау, дайындау, өткізудің заңмен белгіленген тәртібі болып табылады.

Қылмыстың затына — куәліктер, ресми құжаттар, мөртанбалар, мөрқағаздар, мөрлер, мемлекеттік наградалар жатады.

Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәліктерге  тиісінше мемлекеттік немесе мемлекеттік емес орган беретін құжаттар жатады.

Мөркағазға — баспа  әріптері арқылы құжат мәтініне ішінара  сөздер жазылған, белгілі бір нысанға сай келетін қағаз парағы жатады.

Информация о работе қылмыстық құқық