Қамыр илеу машиналары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 21:57, реферат

Описание работы

Нан – ең азы ұн мен судан тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады.
Нан - ұннан дайындалатын тағам.

Содержание работы

Кіріспе…………………………………………………………………...... 5-6
Негізгі бөлім
1.1 Қамыр илеу машиналары................................................................. 7-8
1.2 Ұн елеуге арналған жабдық ............................................................ 9-11
1.3 Қамыр дөңгелектеу машинасы........................................................ 12
1.4 Толықсыту шкафтары...................................................................... 13-18
1.5 Нан пісіру пештері……………………………................................. 19-20
Қорытынды.............................................................................................. 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................ 23

Файлы: 1 файл

Диля отчет.docx

— 675.45 Кб (Скачать файл)

                                          Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………...... 5-6

Негізгі бөлім

1.1 Қамыр илеу машиналары................................................................. 7-8

       1.2 Ұн елеуге арналған жабдық ............................................................    9-11

1.3 Қамыр  дөңгелектеу машинасы........................................................ 12

1.4 Толықсыту шкафтары......................................................................  13-18

1.5 Нан пісіру пештері……………………………................................. 19-20

       Қорытынды..............................................................................................     22

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................     23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

                                                       4

  Кіріспе

  Нан – ең азы ұн  мен судан  тұратын қамырды пісіру, булау немесе қуыру жолы арқылы даярланатын азық-түлік өнімдері тобындағы біріктіретін атау. Көп жағдайда тұз қосылады, сол сияқты ашытқы сияқты қопсытқыш та бар. Сонымен бірге нанның кейбір сұрыптарына (зире  дәні, жаңғақ, мейіз, кептірілген өрік және түйірлер (күнжіт, мак тұқымдары) сияқты) дәмдеуіштер қосылады.

Нан - ұннан дайындалатын тағам. Дәстүрлі қазақ қоғамында нан пісірілуіне, қоспасына қарай әр түрлі аталған. Әдетте пешке пісірілгендерін нан отқа көміп пісірілгендерін күлше, табаға, тандырға пісірілгендерін бәтір, қазанға пісірілгендерін қарыма, майға пісірілгендерін бауырсақ, жайма деп атаған. Бұларды қамыр түрлеріне қарай ашыған, ашымаған деп те ажыратып атаған. Алайда жалпы тілдік ұғымда ұннан пісірген тағамдардың бәрін бір сөзбен нан деп атау қалыптасқан. Қазақтардағы ең ежелгі нан түрі ашытылмаған қамырдан жасалынған “қазақтың қара қатырмасы” болған. Қамырды ашытып, нан пісіру технологиясы үндіеуропалық халықтарға тән. Қамырды илеу үшін жалпы қалыптасқан тәсіл бойынша жылы тұзды судан басқа шалап, қымыз, шұбат, сүт, сорпа, сондай-ақ ащы қосып илесе дәмді болады.

   Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты.Ал егістіктен біз астық аламыз.Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса,одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.Астық өндірілсе – ауыл шарушылығының ірі саласы.Астықтан ұн,нан,макарон,жарма,тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады.Астықты жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы,ыстықтан да ,суықтан да қорықпайды.Міне,осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен.Астық тамақ өнеркәсібінің шикізаты болғандықтан,ол ауыл шаруашылығынан тамақ өнеркәсібіне жақын.Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі  - нан және нан өнімдері.Нан және нан өнімдері тұрғындардың тамақтануында негізгі орын алады.Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады,сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.Нан адамға қажетті минералдық заттардың жетткізушісі.

    Халықты жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз ету ең негізгі кезек күттірмейтін міндет. Сондықтан барлық тағамдар, оның ішінде астық және оны өңдегенде алынатын өнімдер барлық жағынан алға қойылған шартқа сәйкес болу керек. Ол шарт мемлекеттік стандарттарда (ГОСТ-тарда) көрсетілген.Стандарт халық шаруашылығында маңызды орын алады. Сол арқылы халық шаруашылығының барлық салалары бірімен-бірі байланысады. Міне сондықтан мемлекет көлемінде наның сапасы қатаң тексеріледі. Ол тексеру барлық мекемелерге бірдей құжат-стандарт арқылы жүргізіледі.

 

 

 

                                                     5

Тамақ өнімдері ішіндегі көшбасшылардың бірі болып нан пісіру саласы саналатындықтан оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Басты нан шығарушылар – үлкен нан зауыттары мен комбинаттар. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар  стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмайды, бірақ олардың сирек кездесетін нан түрлерін (мысалы, диеталық, ұлттық, эксклюзивті және т.б. нандар) пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуы әбден мүмкін, себебі олар кішкентай болғандықтан өте мобильді.Наубайхана өндірісі өте тиімді(1-cуретте).

Шағын наубайхана ашу бойынша кішігірім бизнесті бастау үшін сауда нүктесінің орналасу орнын дұрыс таңдау өте маңызды. Бастысы, оның жанынан адамдар көп жүретін болуы керек. Яғни сауда нүктесінің аялдамалар, вокзал, әуежай, өндіріс заттарын сататын дүкендер, базарлар т.б. жерлердің маңында болғаны дұрыс. Сату орны стационарлы немесе жылжымалы (тонар) болуы да мүмкін.

 

1-сурет Наубайхана іші

 

 

 

 

                                           6         

 1.1 Қамыр илеу машиналары

         Қамыр илеу процесі – шикізатты (ұн, су, ашытқы қамыр, тұз, шекер, ұн және басқа да құрамдастар) біртекті қоспаға араластыру, осы қоспаға қажетті құрылымдық-механикалық қасиеттер беру, оны ауамен қанықтыру және осылайша келесі технологиялық операциялар үшін қолайлы жағдайлар құрудан тұрады. Илеу жай ғана механикалық процесс емес, ол биохимиялық және коллоидтық көріністермен, араласып жатқан қоспаның температурасының жоғарылауымен жүреді. Қамыр илеу процесінің негізгі шиізаты – ұн мен ашытқы қамыр болып табылады.

      Қамыр илеу машинасының жұмыс істеу ұстанымы 2–суретте көрсетілген. Ең алдымен ұн себілетін түтікшеден 1 ұн және ашытқы қамыр құйылатын клапаннан 2 ашытқы қамыр құйылмалы қабылдағышқа 3 түседі. Құйылмалы қабылдағышта ашытқы қамыр мен ұн араластыру қалағымен 4 шала араластырылып, келесі қоспалауышқа 5 түседі. Бұл қоспалауышта ұн мен ашытқы қамыр араластыру қалағымен 6 солдан оңға қарай араластырылып, пластификаторға 9 түседі.Осы пластификаторда ылғал өлшегіш 7 орналасқан. Ылғал өлшегіштің жұмысы пластификаторға түскен қамырдың ылғалдылығын анықтау болып табылады.Яғни, егер қамыр ылғалдылығы 28%-дан асып кетсе, ұн себілетін түтікшеден 1 ұн қосылады, ал егер қамыр ылғалдылығы 28%-дан кем болса ашытқы қамыр құйылатын клапаннан ашытқы қамыр құйылады. Ары қарай араластыру қалағымен 10 соңғы рет интенсивті түрде солдан оңға қарай араластырылып, конвейерге -11 түседі.Ары қарай нан дайындаудың келесі процестеріне өтеді.2)1-ұн себілетін түтікше; 2-ашытқы қамыр құйылатын клапан; 3-құйылмалы қабылдағыш; 4 – араластыру қалағы; 5 – қоспалауыш; 6 – араластыру қалағы; 7 – ылғал өлшегіш; 8 – мотор-редуктор; 9 – пластификатор; 10 – араластыру қалағы; 11 – конвейер.

 

           

              Қамыр илеу машинасының 1-кинематикалық схемасы

                                                       7

       Маркасы Т1-ТММ қамыр илеу машинасының конструкциясы шағын наубайханаларда қолданылады. Бидай,қара бидай ұнынан нан пісіруге арналған.Дежасының сыйымдылығы 100 литр және қуаттылығы төмен болып келеді.Қамыр илеу сыйымдылығында ашытпа және қамыр иленіп ашытылады.

 

 

 

                       2-сурет  Т1-ТММ қамыр илеу машинасы

 

 

                                                  8

         1.2 Ұн елеуге арналған жабдық

        Електі елеуіштер ұннан бөгде қоспаларды ажырату және оны қопсытып оттегімен қанықтыру үшін арналған. Тамақтандыру кәсіпорындарында жетектерге жалғанатын маркалары МС24-300 және МПП11-1 атқару механизмдері мен елеуге арналған маркасы МПМ-800 деп аталатын машина пайдаланылады. Бұл машининаларға электрқозғаушы орнатылған платформадан, жүк қабылдау шанағынан, қоректендіргіш-шнектен, оның жоғарғы жағындағы жұмысшы камерасынан, цилиндр тәріздес електен және жетектен тұрады. Жетек электрқозғаушыдан және екі сатылы сына бел дікті берілістен тұрады. Шнектің сыртында кұбыр бар. Шнек білігі қиылыспаға бекітілген және оның төменгі жағында қопсыту пышақтары бар. Жұмысшы камерасының төменгі жағындағы науашда тұрақты магниттер орнатылған. Қаппен әкелінген ұн кабылдау шанағана арнаулы көтеру-аудару механизмі арқылы төгіледі.                                                                                                                            Жүк қабылдау шанағының төменгі жағында ұнды құбырға беруге арналған қанатшаныңүстіңгі жағында ұнға бөгде ірі заттың түсіп кетпеуін қамтамасыз ететін тор бар.Жұмысшы камерасындағы барабаңды елек шнектің білігіне бекітілген.Жұмысшы камерасыныңүсті қақпақпен жабылады.                               Машинаның жұмыс істету тәртібі төмендегідей: қабылдау шанағына түскен ұн қанатша арқылы шнекке түседі.Шнек ұнды барабанды електің ішіне көтереді.Онда ұн ортадан тепкіш күштіңәсерімен ұн қопсытылып, елекпен еленеді де камера қорабы мен елек арасындағы науаша мен сыртқа шығарылады.Науша түбіндегі тұрақты магниттер арқылы үн құрамынан металл қоспалары ажыратылады                                                                    

        Маркалары МС24-300 және МПП11-1 деп аталатын елеуіш атқару механизмдері ПГ-0,6 және П11 деп аталатын әмбебап жетектерге қосылып пайдаланылады. Бұл елеуіштер ұнды, крахмалды, ұнтақталған жарманы, кұмшекерді елеуге арналған. Олардың конструкциялары негізінен бір-біріне ұқсас.Маркасы МПП 11-1 механизмі корпустан, конусты тісті мультипликатордан, барабанды електен және өнімді қабылдау шанағынан тұрады.Елеуіштің 1-корпусының ішінде жұмысшы камерасы және мультипликатор бар. Мультипликатор 3-жетекші білікке бекітілген 2-конусты дөңгелектен және 5-вертикалды білікке бекітілген 4-конусты тісті шестернядан тұрады. Тік білік 6-подшипниктерге орнатылған.

      Барабанды елеуіш қаңқадан және оның сыртындағы металл жіптерінен тоқылған електен тұрады. Жүк қабылдау 9-шанағы 8-қысқыштар көмегімен корпусқа жалғанады. Шанақтың астында қопсыту пышақтары бар таратушы конус орнатылған. Елек пен пышақтардың арасындағы саңылау 1,5…2.0 мм болғандықтан ұндағы жентектер тек копсытылып және ауамен қанығады.Механизмдердіңқұрамына үш түрлі барабандар бар: N1,4 – ұн, крахмал, түз; N2,8 – құмшекер мен тұз және N4 – жарма үнтақтарын елеуге арналған.

 

 

                                                     9

        Механизмнің жұмыс істеу тәртібі. Шанаққа толтырылған үн барабанды елекке түсіп ортада тепкіш күштердіңәсерімен еленеді де жұмысшы камерадан шығарылады, ал барабанда қалған қоспалар механизм тоқтағаннан кейін шығарылып тасталынады.

Маркасы МПМВ-300(4-сурет) елегі тамақтандыру кәсіпорындарында кеңінен пайдаланылады.Машина негізден, електен, корпустан, электрқозғаушыдан және тиеу құрылымынан тұрады.Електің корпусы тотықпайтын болаттан жасалынған цилиндр тәріздес және бөгетпен екіге бөлінген. Цилиндрдің жоғарғы жағындағы шанақты, електі және корпусты жалғайтын қысқыш бар. Корпустың төменгі жағында түсіру науашасы бекітілген.Машинаның жұмысшы камерасы негізге орнықтырылған. Электрқозғаушықозғалысынан жұмысшы камерасы тербеліп ішіндегі өнім еленеді. Камераның тербелу амплитудасы 1,5…2,0 мм, ал жиілігі электрқозғаушының айналым жиілігіндей. Өңделінетін өнім машина камерасына 5…6 кг мөлшерінде тербелген камераға салынып еленеді.

                      3-сурет МПМВ-300 ұн елеу елеуіші

 

 

 

 

 

 

                                            10

        Елеуіш машиналарының техникалық сипаттамалары төмендегі 1-кестеде берілген.

1-кесте 

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

МПП-800

МПП-11-1

МС 24-300

Өнімділігі

кг/сағат

800

300

Електіңайналымжиілігі

1/с

12,1

12,6

Електіңтербелужиілігі

1/с

 

Шнектіңайналымжиілігі

1/с

12,1

 

Қанатшаныңайналымжиілігі

1/с

8,0

 

Шнек диаметрі

мм

78

 

Электр қозғаушықуаты

кВт

1,1

 

Сыртқыөлшемдері:                мм

ұзындығы

ені

биіктігі

 

820

750

1470

 

340

420

450

 

Массасы

кг

160

14

 
         

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                11

1.3Қамыр дөңгелектеу машинасы

        Маркасы (1-сұлбасы)Т1-ХПЯ машинасы көрсетілген.Машиан қамыр дөңгелектеуге арналған.Машинада массалары 0,2-1,1 кг аралығында қамыр домалақтанады.Машина4-корпустың ішінде 2-электрқозғаушыдан,екі сатылы белдікті берілістен және 3-червякті редуктордан тұрады.Қуысты 5-білікке 1-пішіндеуші спираль мен 10-ауа жеңі бекітілген.Бұл жеңнен машина ішіне жел беріледі,сондықтан қамыр бөлшектері пішіндеу немесе тасымалдау беттеріне жабыспайды. Спиральді 2-диск пен 9-саусақша арқылы білік бойымен айналдырып бекітуге болады,ал 7-винт арқылы спираль мен тасымалдау бетінің арасындағы саңлайды реттеуге болады.

         Қамыр бөлшектері машинаға 6-қабылдау шанағы арқылы түсіріледі.Машина ішіне берілетін ауа 10-жеңге 12-құбыр арқылы жеткізіледі.

       Т1-ХПЯ машинаның жалпы сұлбасы. (1- сұлба)

 

                                                12

        1.4 Толықсыту шкафтары

     Арнайы шкафтарды пішіні мен массалары өзгермейтін белгілі бір түрлі

нан өнімдерін шығаратын ағынды желілерде қолданылады. Бұл қамыр дайындамаларын отырғызу, түсіру және кесу операцияларын механикаландыру үшін алғы шарттар жасайды. Осы топтың көптеген конвейерлік шкафтары құрамына аталған операцияларды орындауға арналған механизмдер мен қондырғылар кіретін агрегаттар болып табылады.

        Батон тәрізді өнімдердің дайындамаларын толықсытуға арналған шкафтар (6 – сурет). Массасы 0,4-0,5 кг қамыр дайындамаларын толықсытуға арналған. Екі нұсқада шығарылады: түбінің ауданы 25 және 50 м2тоннельдік пештері бар ағынды желілер үшін. Шкафтар Г-тәрізді пішінді болады, олардың құрамына қоректендіргіш-тиегіш, ұстаудың бесікті конвейері, бесіктерді аударғыш және кескіш кіреді.

         Шкафтың конструкциясында жеті унифицирленген секциялар – А, Б, В, Г, Д, Е, Ж қолданылады. Каркас бұрыштық болаттан орындалады және металл қаптамамен жабылған. Ж секциясы тұғыр болып табылады. Онда конвейердің жетекші білік 7, коректендіргіш-тиегіш 6 , бесіктерді аударғыш 9 және кескіш 8 орналасқан. Бұл секцияда Е, Д және Г тік секциялары орнатылған, оларға тірекке тірелген А, Б, В секцияларынан тұратын консольдік шкаф жанасып орналастырылған. Шкафтың өнімділігін қосымша консольдік шкафтарды орнату арқылы арттыруға болады.

          Каркастың ішінде тізбекті жұлдызшалардың он жұбынан және екі шексіз пластинкалы втулкалы-роликті тізбектерден 4 тұратын шынжырлы конвейер орналасқан, жұлдызшалардың екі жұбы (2 және 3) – созылмалы, қалғандары – бағыттаушы болып табылады. Әрбір екі буын сайын шарнирлердің көмегімен бесіктер 5 ілінген.

Информация о работе Қамыр илеу машиналары