Логистиканың анықтамасы, ұғымдар, міндеттері мен функциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 16:32, лекция

Описание работы

“logistike” – грек сөзі, есептеу, пікір айту шеберлігі деген мағына береді. Логистика - материал ағымдарын басқару шеберлігі мен ғылымы.
Логистика дегеніміз – материалдық және сонымен байланысты ақпараттық, қаржы ағымдарын тиімді басқарудың ғылыми-тәжірибелік тәсілі.
Халық шаруашылығында логистика дегеніміз – жалпы ел экономикасындағы материалдарды өткізу немесе тасымалдауды зерттеумен және соған байланысты ақпараттар ағымдарын жетілдіру арқылы қаржы шығындары мен адам күштерін үнемдеуді қамтамасыз ету туралы ғылым.
Кәсіпкерлікте логистика дегеніміз – барлық іс-қимылдарды бақылау, яғни керекті материалдарды іздестіру, сатып алу, оны тасымалдау және тиімді пайдалану немесе тұтынушыларға ұтымды өткізу.

Файлы: 1 файл

логистика.docx

— 52.99 Кб (Скачать файл)

1-тақырып. Логистиканың  анықтамасы, ұғымдар, міндеттері мен функциялары. Логистиканың дамуының алғышарттары. Логистиканың даму кезеңдері

 

“logistike” – грек сөзі, есептеу, пікір айту шеберлігі деген мағына береді. Логистика - материал ағымдарын басқару шеберлігі мен ғылымы.

Логистика дегеніміз – материалдық және сонымен байланысты ақпараттық, қаржы ағымдарын тиімді басқарудың ғылыми-тәжірибелік тәсілі.

Халық шаруашылығында логистика дегеніміз – жалпы ел экономикасындағы материалдарды өткізу немесе тасымалдауды зерттеумен және соған байланысты ақпараттар ағымдарын жетілдіру арқылы қаржы шығындары мен адам күштерін үнемдеуді қамтамасыз ету туралы ғылым.

Кәсіпкерлікте логистика дегеніміз – барлық іс-қимылдарды бақылау, яғни керекті материалдарды іздестіру, сатып алу, оны тасымалдау және тиімді пайдалану немесе тұтынушыларға ұтымды өткізу.

Логистикадағы негізгі ұғым – материал ағыны болып табылады.

 

Материалдық ағын - қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.) қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.

это логистическая категория, представляющая из себя движение и/или преобразование в экономической сфере (промышленность, торговля, сельское хозяйство и т.д.) вещественных объектов, к которым относятся энергоносители, сырьё, материалы, незавершенное производство, полуфабрикаты, комплектующие, готовая продукция и т.д., на всех стадиях общественного производства (снабжение, производство, сбыт и т.д.).

Қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат, материалдар, аяқталмаған  өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.)қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.

 

 

Логистиканың  дамуының алғышарттары. Қазіргі экономикада логистиканы кеңінен қолдану мүмкіншілігі неге қажет болғанын қарастырайық.

Логистиканы қолдану қажеттілігі бірқатар себептермен  түсіндіріледі, соның ішінде 3 негізгі  себеп:

1-себеп, сатушы нарығынан тұтынушы нарығына ауысумен байланысты бәсекелестің дамуы.

60-жылға  дейін нарықтық экономикасы дамыған  елдерде өнімді өндірушілер мен  тұтынушылар материалдық ағындарды  басқаруды оңтайландыратын арнайы  жүйелерді құруға аса мән бермеді.  Тауарларды тарату жүйесі жоспарланбады.  Тауарларды өндіру, толайым және бөлшек сауда бір-бірімен тығыз байланыссыз жұмыс істеді. Тауарларды жылжыту процесін басқару жүйесі нашар болды. Бәсекеге қабілеттілік потенциалы материалдар ағымын басқару саласына салғырт қарау нәтижесінде өндірісті кеңейту мен жетілдіру есебінен артты.

Бірақ, 60-жылдардың басында бұндай потенциалды  арттыру қоры таусылды. Бұл бәсекелестікті құрудың дәстүрсіз жолдарын іздеуге  мәжбүрледі. Кәсіпкерлер тауардың өзіне  емес оларды жеткізу сапасына аса  көңіл аудара бастады. Қосымша қаржы  салымынсыз тарату саласында жұмысты  жақсарту жеткізушінің бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Тарату саласына жұмсалған  ақша қаражаттары өндіріс саласына салынған ақша қаражаттарына қарағанда  жеткізушінің нарықтағы беделін  арттырды. Логистика тұрғысынан ұйымдастырылған материал жеткізілетін тізбекте тауардың өзіндік құны дәстүрлі жолмен жеткізілетін тауардың өзіндік құнынан төмен болды. Сонымен, логистиканы қолданатын нысандардың бәсекеге қабілеттілік:

  • тауардың өзіндік құнының күрт төмендеуі;
  • жеткізудің сенімділігі мен сапасын арттыру есебінен қамтамасыз етілді.   

2-себеп, 70-жылдардағы энергетикалық құлдырау. Энергия тасымалдау құнының артуына байланысты кәсіпкерлер тасымалдау үнемділігін арттырудың жаңа әдістерін іздестіре бастады. Ол үшін бірлескен логистикалық процестің барлық қатысушылары келісіп әрекет етулері керек болды.

3-себеп, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы. Логистиканың дамуы үшін логистикалық процестерді компьютермен басқару үлкен роль атқарады.

 

Логистиканың  даму кезеңдері. Қазіргі экономикада логистиканы жетілдірудің 3 кезеңін ажыратады:

1-кезең  - 60-жылдар, айналыс саласында материалдық  ағымдарды басқаруға арналған  логистикалық тәсілді қолданумен  сипатталады. Бұл кезеңде екі  негізгі жағдай орын алды:

  1. Өндірістегі, сақтаудағы және тасымалдаудағы жеке материалдық ағымдар басқарудың бірыңғай жүйесімен өзара байланысты бола алды.
  2. Материалдарды қолмен таратудың кейбір функцияларын біріктіру мәнді экономикалық эффект бере алды.

Логистиканың  дамуының 1-ші кезеңінде көлік пен  қойма өзара тығыз байланысқа түсе бастады. Олар бірыңғай тариф және бірыңғай келісілген технология бойынша  бір экономикалық нәтиже үшін жұмыс  істей бастады. Жүк тасымалданатын ыдыс қолданылатын көлік түріне байланысты, ал көлік тасымалданатын жүктің сипатына байланысты таңдалды. Сонымен қатар, көліктік-қойма процесін ұйымдастыру бойынша басқа да міндеттер бірлесіп шешіледі.

 

 

 

 

 

Логистиканың дамуының 1-ші сатысы – көліктік-қойма процесінің бірігуі

ӨНДІРІС


 

 

 

Шикізат қоймасы

цех

Дайын өнім қоймасы

көлік


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Логистиканың  дамуының 2-ші сатысы 20 ғасырдың 80-ші жылдарына  сай келеді. Бұл кезеңде логистиканың бірігуі өндіріс процесін қамтыды. 80-ші жалдардағы логистиканың дамуы  келесілермен сипатталады:

  • Қол күшімен тарату құнының тез өсуі;
  • Логистикалық процестерді басқаруды жүзеге асыратын менеджерлердің кәсіби деңгейлерінің артуы;
  • Логистика саласында ұзақ мерзімге жобалау;
  • Ақпарттарды жинау мен логистикалық процестерді бақылау үшін компьютерлерді кеңінен қолдану;
  • Қол күшімен таратуды орталықтандыру;
  • Материал өткізу тізбегінде қорлардың күр азаюы;
  • Таратудың нақты шығындарын анықтау;
  • Материал ағынының соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысының құнын төмендету бойынша іс-шараларды анықтау мен жүзеге асыру.

 

Логистиканың дамуының 2-ші сатысында өндірістік цех, көлік және қойма бір механизм ретінде жұмыс істейді

ӨНДІРІС


 

 

 

Шикізат қоймасы

цех

Дайын өнім қоймасы

көлік


 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-ші кезең қазіргі кезеңге  келеді және келесі белгілермен  сипатталады:

  • Бүкіләлемдік экономикада нарықтық процестерді ұйымдастыру мен басқаруда маңызды өзгешеліктер болды;
  • Материалдық және ақпараттық ағындардың тез өтуін қамтамасыз ететін заманауи коммуникациялық технологиялар өнімнің шикізат кезінен бастап соңғы тұтынушыға жеткенге дейінгі барлық қозғалыс фазаларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді;
  • Логистика саласында қызмет көрсетумен айналысатын салалар дамыды.

 

Логистиканың дамуының 3-ші сатысында логистикалық процестің қатысушыларының жиынтығы біртұтас сипатқа ие болды.

ӨНДІРІС


 

 

 

Шикізат қоймасы

цех

Дайын өнім қоймасы

көлік

тұтынушы

көлік

Карь-ера


 

                                      

                                   

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Логистиканың  бағыты мен принциптері. Логистиканы пайдаланудың негізгі мақсаты - жұмыстың тиімділігін арттыру, сұраныстарды көбейту, бәсекелестікті арттырып, табыс көлемін ұлғайту.

Логистиканың негізгі шарттары:

  • Жүйелі шешім,
  • Материалдар ағымына бағыт ұстау;
  • Қосымша ағымдарды есепке алу;
  • Материалдар ағымының жүйе тізбегі бойынша өту жылдамдығын арттыру;
  • Артық қорды ықшамдау;
  • Ең жоғары пайда алуға талпыну;
  • Бір басқару жүйесін орнату;
  • Тізбектегі әр бөлімдегі шығындар көлемін ықшамдау;
  • Жоғары деңгейде дайындалған қызметкерлер;
  • Жоғары деңгейдегі ақпараттарды орнату;
  • Тұтынушыларға ең жоғарғы қызмет көрсету. 

 

Логистикалық  тізбекте жеткізушіден тұтынушыға дейін жеткізілетін тауар және ақпараттық ағымдар өтетін тізбек келесі негізгі буындардан тұрады: материалдарды,  шикізаттарды,  жартылай фабрикаттарды сатып алу және жеткізу; өнімдер мен шикізаттарды сақтау; тауарларды өндіру; дайын өнім қоймасынан тауарларды жөнелту, тарату; дайын өнімді тұтыну. Логистикалық тізбектің әр буынының өз элементтері болады, олар логистиканың материалдық негізін құрайды. Логистиканың материалдық элементтеріне: көлік құралдары және оларды жабдықтау, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады. Логистикалық жүйе барлық операцияларды орындайтын жұмыскерлерді (кадрларды) қамтиды.

Әртүрлі операциялары жобалау мен  логистикалық жүйе элементтерінің деңгейіне талдау жүргізу логистиканы макро және микро логистикаға бөлді.

Макрологистика жеткізушілер мен тұтынушылардың нарығын талдаумен, таратудың жалпы концепциясын дайындаумен, қызмет көрсету полигонында қоймаларды орналастырумен, көлік түрлері мен көлік құралдарын таңдаумен, тасымал процесін ұйымдастырумен, материалдық ағымдарды дұрыс бағыттаумен, шикізаттарды, материалдарды, жартылау фабрикаттарды жеткізу пункттерімен, тауарларды жеткізудің транзиттік немесе қойма сұлбасын таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді.

Микрологистика жеке фирмалар мен кәсіпорындар шегінде жергілікті мәселелерді шешеді.

 

 

2-тақырып. Айналым саласындағы  материалдық ағымды логистикалық  тиімділеу. Біріктірілген материал  өндіруші жүйені құру үшін  шешілетін тауар қозғалысының  қатысушыларының міндеттері. Логистиканы пайдаланудан болатын экономикалық тиімділік. Логистиканың алты ережесі

 

Материалдық ағымдарды басқарудың логистикалық тәсілінің мәні қажетті тауарды  қажетті уақытта жылдам және үнемді жеткізетін логистикалық процестің  жеке қатысушыларын бір жүйеге біріктіру  болып табылады. Күрделілігі - бірыңғай жүйе шегінде әртүрлі меншік иелерін, яғни экономикалық көзқарастары әртүрлі  субъектілерді біріктіру. Материалдық  ағымды логистикалық тиімділеу тауар  қозғалысына кететін жиынтық  шығындарды әртүрлі іс-шараларды  жүзеге асыру есебі нәтижесінде  төмендетуге мүмкіндік береді.


Информация о работе Логистиканың анықтамасы, ұғымдар, міндеттері мен функциялары