Шілікті патша қорғаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2014 в 07:25, реферат

Описание работы

Глоссарий (анықтама, сөздік);
Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.
Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен өлшенеді.
RGB - RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк).

Файлы: 1 файл

комп графика лекция.doc

— 141.50 Кб (Скачать файл)

2-Бөлім. ДӘРІСТІК КЕШЕН

1-модуль. Компьютерлік графика

Глоссарий (анықтама, сөздік);

Түзу - векторлық графикадағы элементерлық объекті.

Линиатура - Растр торының жиілігі дюймдегі (lpi) сызықтар санымен өлшенеді.

RGB -  RGB түстік моделі. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Үш компоненттен тұрады (қызыл, жасыл және көк).

CMYK - CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады Төрт компоненттен тұрады (ақ, қызыл, жасыл және көк).

HSB - HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар( түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы).

BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде қолдануға негізделген растрлық формат.

PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.

TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus фирмасымен арнайы жасалған.

PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.

JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.

CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін арнайы жасалған.

CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.

PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында электрондық дакументті тарату үшін жасалған.

DCS( Desktop Color Separations ) Quark Inc компаниясы шығарған. әлемге әйгілі Xpress баспа жүйесінің жұмысы.

 

Дәріс -1. Компьютерлік графика ұғымы

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Компъютерлік графика түсінігі.

2 Даму кезеңдері.

3 Қолданылу аймақтары.

Дәрістің тезисі: Бағдарламалық аппараттық есептеуіш комплекстер көмегімен суреттерді жөндеу, жасау құралдарын, әдістерін зерттейтін бөлімді–компьютерлік  графика деп атаймыз. Оған адам көре алатын монитор экранындағы немесе сыртқы тасушыдағы (қағаз, кинопленка, мата т.б) көшірмелер ретіндегі адам көзбен көре алатын суреттердің барлық формалары кіреді.

  • Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.
  • Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

  • Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
  • Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.

Нүктелерден тұратын растрлық суреттер үшін ұзындық бірлігіне келетін нүктелер санын білдіретін рұқсат ету түсінігі маңызды болып табылады. Онда:

    • Түп нұсқалыққа рұқсат ету
    • Экрандық суретке рұқсат ету
    • Баспа суретке рұқсат ету

Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен сақталады.Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.

 

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютерлік графика деген не?

2. Инженерлік графика деген қандай графика? Айырмашылықтары қандай?

Әдебиеттер: 1,2,6.

 

Дәріс -2. Компьютерлік графика түрлері

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың түрлерін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Компъютерлік графика түрлері.

2 Векторлық, растрлық, фрактальді графика.

3 Графикалық файлдардың форматтары. Графиктік бейнелерді сақтау форматы.

Дәрістің тезисі:

Компьютерлік графиканың классификациясы. Суретті форматтау әдісіне байланысты компьютерлік графика растрлық, векторлық, фракталдық деп бөлінеді.

Растрық графика – суретті компьютерде нүктелер (пикселдер) жиыны ретінде көрсету форматы. Осындай суреттерге мысалға, сканерленген суреттер және сызбалар жатады.

Растрлық графика бағдарламалары: Paint, Fractal Design Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photo Shop.

Артықшылықтары: 

  • Пикселдер өлшемі кішкене болған кезде растрлық сурет жай суреттен кем көрінбейді.
  • Растрлық суреттер принтрмен оңай шығарылады.

Кемшіліктері:

  • Растрлық суреттерді сақтау үшін жадының көп көлемі қажет.
  • Растрлық суреттердің масштабталу мүмкіндіктері шектеулі, мысалы айландыру және басқадай ауыстырулар.

Векторлық графика – Сурет қарапайым геометриялық фигураларға жіктеледі- квадрат, дөңгелек, эллипс, түзу,  және қисық сызық  т.б.

Векторлық грапиканың программалары:CorelDraw, Adobe Illustrator

 Артықшылықтары

  • Векторлық беине көлемді еи\мес жадыдан орын алады.
  • Векторлық бейненің сапасын жоғалтпай жеңіл түрде масштабтауға және басқасын қозғамай кез келген элементін жөндеуге болады.

Кемшіліктері:

  • Бейнені фотографикалық сапада ала алмайды.
  • Кейбір кездері қағазға басылмайды немесе қағазда онша емес болып бейнеленіледі.

Фрактальдық графика - Виртуалдық кеңістікте обьектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зерттейтін үш өлшемді (3D) графика жеке пән болып саналады.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Графиканың түрлерін атап беру

2. Айырмашылықтарын атап беру

Әдебиеттер: 1,2,6.

 

Дәріс -3. Компъютерлік графикада түстермен жұмыс істеу әдістері

Дәрістің мақсаты: Түс үлгілерін оқып үйрену.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Түс ұғымы.

2 Түс палитралары.

3 Түсті басқару жүйелері.

Дәрістің тезисі: Суреттің көріну әсерін күшейту және ондағы ақпараттың көлемін жоғарлату құралы ретінде түс компьютерлік графикада өте маңызды. Сәулелі немесе бейнелейтін обьектілерден көзге түскен жарықты талдау нәтежесінде адамның миында түсті сезу қалыптасады. Түсті сезгіш жүйкелер, әр қайсысы бір ғана түсті қабылдайтын – қызыл, жасыл немесе көк, үш топқа бөлінеді деп есептелінеді. Қай топтың болсада жұмысының бұзылуы дальтонизм – түсті теріс қабылдау, пайда болуына әкеледі.

Түстің тобы, үш <<таза >> түстердің (қызыл, жасыл, көк) және олардың туындыларының (ағылшын тілді әдебиетте RGB – Red, Green, Blue аббревиатурасын қолданады) сәулеленуі қалыптасады.

RGB түстік моделі. RGB моделі түсінуде өте қарапайым. Бұл моделде мониторлар және телевизорлар жұмыс жасайды. Қандай болсын өң үшін негізгі компоненттен тұрады деп есептелінеді: қызылдан, жасылдан және көктен.

CMYK түстік моделі. Бұл моделді экрандық емес, басып шығаратын суреттерді жасау кезінде қолданады. Олар өтпелі емес бейнеленген жарықта көрінетіндігі мен ерекшеленеді. Қағазға бояу қаншалықты көп салынас, соншалықты

HSB түстік моделі. Кейбір графикалық редакторлар HSB түстік моделімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. RGB моделі – компьютерге, CMYK моделі – типографияға ыңғыйлы болса, HSB моделі – адамға ыңғайлы. Ол қарапайым және түсінікті. HSB моделінде үш компонент бар: түстің өңі, түстің қоюлығы, түстің ашықтығы. Бұл үш компонентті басқара отырып қалған екі моделмен жұмыс жасағандағыдай көп түс алуға болады.

Түстік палитра – бұл түс қандай кодпен кодталғаны туралы ақпарат сақталатын деректер кестесі. Бұл кесте графикалық файлмен қатар жасалады және сақталады

Компьютер үшін түстік кодтаудың ең ыңғайлы әдісі – 24 разрядты True Color. Бұл режімде түстік құрауыштарын R (Қызылды), G (Жасылды), B (Көкті) кодтауға бір байттан бөледі. Әр құрауыштың ашықтығы 0 – 255 ке дейінгі санмен анықталады және 16,5 миллион түстің қайсы бірі болсын компьютер 3 код бойынша шығарады. Бұл жағдайда түстік палитра қажет емес. Себебі 3 байттың ішінде пикселдің өңі туралы жеткілікті дерек сақталады.

Түстерді сәйкестіру үшін компьютерлік графиканың жөндеу қадамдарында түстерді басқару жүйесі қолданылады. (Color Management System – CMS).Бұндай жүйелерде түстік деректермен алмасу кезінде барлық құрылғыларға қажетті обьективті параметрлер жиыны бар.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

Қорғауға берілген реферат тақырыптары:

1. Түсті сипаттау әдістері

2. Грассман заңы

3. Гетенің табиғи түстер шеңбері

Әдебиеттер: 4,7

 

Дәріс -4. Графикалық  редакторлар. Графикалық кескіндерді сақтау форматтары

Дәрістің мақсаты: Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдарын қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 Графикалық редактордың интерфейсі және жұмыс істеу режимі.

2 Графикалық кескіндерді сақтау  форматтары

Дәрістің тезисі:

Әр түрлі форматтағы растрлық, векторлық графика әр түрлі әдіспен сақталады. Суреттің өлшемі жеке жазба ретінде сақталады, ал суреттің барлық видео пикселдерінің түсі бір үлкен деректер блокы ретінде сақталады.

Ең жиі кездесетін графикалық кескіндерді сақтау форматтары:

BMP(BitMap) – Microsoft корпорациясымен жасалған Windows жүйесінде қолдануға негізделген растрлық формат.

PCX – PC Paint Brush, бағдарламасына арналып Zsoft фирмасымен жасалған растрлық форматтарының алғашқыларының бірі.

TIFF-(Tagged Image File Format) – Сканерленген суреттерді сақтау үшін Aldus фирмасымен арнайы жасалған.

PSD- Adobe PhotoShop бағдарламасының өзінің форматы.

JPEG(Join Photographic Expert Group) – бұл форматта алғаш рет суреттің сапасын кемітіп сығу принципі жүзеге асты. Ол суреттегі адамның көзіне көрінбейтін (немесе нашар көрінетін) бөліктерді өшіріп тастауға негізделеді.

CIF(Graphic Interchange Format) – CompuServer (бүгінгі America Online бөлімшесі) фирмасымен аумақтық желілерде растрлық суретті жіберу үшін арнайы жасалған.

CDR –CorelDraw иллюстрияциялық программасының форматы болып табылады, бірақ кезектегі версия программасына өзгертулер енгізіледі.

PDF (Portable Document Format)- әмбебап формат Adobe System фирмасында электрондық дакументті тарату үшін жасалған.

Өзін - өзі бақылауға арналған тапсырмалар:

1. Компьютелік графиканың кескіндерін сақтаудың қандай форматтары бар?

2. Айырмашылықтарын атап беру

Әдебиеттер: 1,2,6.

 

Дәріс -  5,6,7. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw  бағдарламасы жайлы түсінік

Дәрістің мақсаты: CorelDraw бағдарламасының ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1 CorelDraw бағдарламасына түсінік.

2 CorelDraw бағдарламасының артықшылықтары.

3 CorelDraw бағдарламасын пайдалану ортасы.

Дәрістің тезисі: Corel Draw суреттік графика жұмысына арналған интеграцияланған объектілі – бағытталған бағдарламалар пакетін құрайды.

«Біріккен кешен» ұғымын былай түсінуге болады. Corel Draw 9 әр түрлі көптеген міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалардың кешенін құрайды. Бірігуін мына мағынада түсіну керек: бұған кіретін бағдарламалар мәліметтермен жеңіл алмаса немесе әр түрлі әрекеттерді сол және басқа да мәліметтермен бірізділікпен орындай алады.

Біздің дәрістер курсымыз Corel Draw суреттерді дайындау бағдарламасы-қуатты пакеттің бір ғана құрылымына арналған.

Суретті графика машиналық графиканың қолданбалы тармағын құрайды. Суретті графика аймағына суреттер, жарнамалық хабарламалар, қыстырмалар және т.б көркем өнімдер деп атауға болатындардың бәрі жатады. Суретті графиканың объектілері басқа қолданбалы объектілерден өзінің алғашқылығы мен ерекшеленеді – олар суретшінің немесе дизайнердің қатысуынсыз автоматты түрде кейбір бастапқы мәліметтермен құрыла алмайды. Олардан айырмашылығы диаграммалар (іскерлік графика), сызбалар (инженерлік графика), функцияның графикасы (ғылыми графика) сияқты графикалық тәсілін ұсынады.

«Объектілі-бағытталған» терминін мына мағынада түсіну керек, бейнені құру және өзгерту үрдісінде орындалатын барлық операцияларды, қолданушы бейненің семантикалық-жүктелген элементтер-объектілермен жүргізеді.

Екінші ерекшелігі мынада: объектілердің әр стандартты кластарына сәйкесінше басқарушы параметрлердіғң немесе кластардың атрибуттарының бірегей жиынтығы қойылады.

Үшінші ерекшелігі мынада: Объектілердің әр стандартты кластарына стандартты операциялардың тізімі анықталған. Corel Draw 9-тың объектілі-бағыты қолданушыға жұмыста шексіз икемділік береді. Бейненің жеке объектілерді ерекшелеуге және жұмыстың кез-келген кезеңінде өзгертуге болады.

Информация о работе Шілікті патша қорғаны