Абай поэзиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 15:18, реферат

Описание работы

Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

Файлы: 1 файл

махаббат лирикасы.docx

— 63.32 Кб (Скачать файл)

Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:

 

Махаббатсыз - дүние бос

Қайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар, -деп келеді.

 

Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға хайуанға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

Абай сұлу қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел теңсіздігі, сағыныш пен күйініш, осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.

 

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жеңешке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. 

 

Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де:

Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағаналы

Күлкісі бейне бұлбыл құс сайрайды, -деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді.

 

 

Жігітті жұрт жақтаған - қыз мақтаған,

Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай,

Бойында майдалық пен сыр сақтаған,

Кей жігіт арсыздық пен ұят сынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған, -деп жігіт бейнесін де үйлестіріп алып кетіп, сұлу қыз бен жігіттің де жігіті бар екенін ескертеді.

 

Жігіттер ойын арзан күлкі қымбат деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.

 

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе

Қырмызы қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе, деп бозбалаларға жөн сілтейді.

 

Шу дегенде көрінер сұлу артық,

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. 

 

Осы шумақ өлеңінде сұлу қыздың да өз кемшіліктері болатынын, бетім барда бетіме кім шыдар деп кімі паңдау келеді, кімі тантақ, деп айтып жақсы жар ондай істерден аулақ болғай...  

 

Ақыл керек, іс керек, мінез керек,

Ер ұялар іс қылмас, қатын зерек,  -деп, нендей нәрсе керек екенін айтып жатыр. 

 

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе-қызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл берме! 

 

Жігіттерге шынында неге көңіл аудару керек екеніне құлақ қағыс айтады. 

 

Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,

Қоржаң суық  келеді кей сасық ми.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, райыс үстіндегі үй.

Жоқ болса қатынының жат өсегі,

Болмаса мінезінің еш  кесегі.

Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,

Кем емес алтын тақтан жар төсегі.

Жасаулы деп, малда деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарлан ба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-анаңның қызығынан ғапыл  қалма, -деп ақын Абай қызды қалай таңдау керек, несіне көңіл адару керек екенін, жақсы құрбы, адал жар, үйленгенге дейін, үйленгенен кейін нендей қам-қарекетте болу жайлы түгел айтады. 

 

Демеңдер өнбес іске жабыналық,

Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.

Қызды сүйсе, бірді-ақ, сүй таңдап тауып,

Көрсе қызар, күнде асық -  диуаналық.

Адалдықты, шынайы сүйіспеншілікті жақсы істерге итермелеп жатыр. 

 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, -деп ақын Абай өзі де айтып кеткен. 

 

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан мейлің күл, - деп ғашық жандарға қандай түсіністікпен ғашықтық өз дегенін айтпай қоймайтынын меңзеп отыр. 

 

 

Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол. 

 

Абай ғашықтықты, сүюді, жақсы көруді  өз басынан өткізіп тіл шеберлігі мен  сөз көркемділігі арқылы жеткізіп айтады. Ғашық жарына - мен не болсам болайын, сен аман бол - деп тұр.  

 

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,

Дәмеленсе, өртенер күйіп - жанып.

Сыртқы көркемділігі мен сөздің ішкі мазмұны шын ғашық болған адамның кейіпін танытып жатады. 

 

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Осы өлеңінде Абай өзінің ғашықтық, жастықтың керемет балғын шақтарын өлең мен ән қылып жазады. 

 

Көзімнің қарасы.

Көңлімнің санасы,

Бітпейді ішімде,

Ғашықтың жарасы. 

 

Ер емес қымсынар,

Әр кім-ау, ұмсынар.

Құдай-ау, бұл көңлім

Күн бар ма бір тынар? - деп көңілі жабырқайды.  

 

Жігіт сөзі, қыз сөзі өлеңдерінде екі жақтың бір-біріне ыстық ықыласын, ашық түрдегі ерік, жігер-ынтасын қысылмай, қиналмай өлең- ән қылып айтады.  

 

Айттым сәлем, қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас. 

 

Сенен артық жан тумас,

Туса туар - артылмас.

Бір өзіңнен басқаны,

Ынтықтығым айтылмас. 

 

Сізде сымбат, бізде ықылас,

Осы сөзім бәрі рас,

Сіздей жардың жалғанда

Қызығынан жан тоймас, - деп жігіт сөзі айтылады да, 

 

Қиыстырып мақтайсыз

Ойласаң не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ өзің біл,

Әлденеге бастайсыз. 

 

Біз де әркімді байқаймыз,

Тап бергеннен тайқаймыз.

Сіздей асыл кез болса,

Қайтып басты шайқаймыз? 

 

Қабыл көрсе көрім жай,

Тастап кетсең япырмай

Ит қор адам болар ма

Бұл жалғанда сорлыңдай? - деп қыз сөзін білдіреді.  

 

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішсем деп бейнет сусынын,

Асау жүрек алқынар. 

 

Есер көңіл деп махаббатқа асау жүрегі алқынғанын іздеп, талпынғанын меңзеп, өз жүрегіне терең бойлайды.

Аяндап ақырын,

Жүрекпен алысып.

Сыбырын, тықырын,

Көңілмен танысып. 

 

Жүрегі елжіреп,

Буындар босанып,

Рахатпен әлсіреп,

Көзіне жас алып.

Екі ынтық жандардың сезімдерін сол кездегі қандай күйде екенін шеберлікпен сыртқы және ішкі түр үндестігімен білдіріп отыр.

 

Абай тағы бір өлеңінде:  

 

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ.

Піскен алма секілді тәтті қызды,

Боламын да, тұрамын көргендей-ақ, 

 

Егер қолың тисе білегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе,

Бетіңді таяп барсай тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе. 

 

Сол кездегі сезген, көрген, білгенін еш мүлтіксіз ақындық зор шабытпен еркін, ақ қағазға түсіре алған.

Абай ғашық жарын қандай сүйсе сондай күйінді, жүрегінің түбінен зарланды, қайғырды, керек болса өлең ән болып төгілді. 

 

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудеме тулай алмай.

Кейде ыстық қан басып кетеді оны,

Дөмбекшіген түндерде тынши алма, - деп өз халын баяндай отырып... 

 

Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да. 

 

Сорлы асық, сарғайса да, сағынса да,

Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да.

Шыдайды риза болып жар  ісіне,

Қорлық пен мазағына табынса да, - деп асыл Тоқжанын армандайды.  Осы өлеңінде Абай жарына деген көңлі таза болса, өлеңі де, аспанда ай менен күн шағылса да қара көңлін еш нәрсе баса алмайтынын, не көрсе де шыдайтынын өлең-әнімен адам айтқысыз түрде жеткізеді.  

 

Қор болды жаным,

Сенсіз не менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе алла

Не көрмейді пәндә? - деп тағдырына мойынсұнып айтады дағы:  

 

Ғашықтық - қиын жол

Жетсең – жетті,

Жетпей өттің

Не болды?

Арманда өмір өтті,

Ойлар ма екен бір мені сол? -  

Ғашықтықтың келуі тез, жетуі қиын арманда өмір өтті деп айтып жатыр. 

 

Сүйсіне алмадым, сүймедім.

Сүйегім жасып сор қалың,

Сүйісіп саған тимедім,

Бола алмадым сенің жарың, - мына  өлеңінде күдерін үзіп, Тоқжанынан айырылғанын сорым қалың деп айтады. 

 

Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі-асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.

Жүректен  қызу-қызба кете қалса,

Өзге  тәннен еш қызық іс табылмас. 

 

Шынында да, жүректен қан тарайды, жан сонда мекен қылады, жүрек арқылы табылған қызық, асыл да, адал дүниелер, жүрекпен табылмаған дүниелер қызықсыз, ал жүректің қызба нұры сөнсе өзге тән оның қызметін атқара алмас, деп айтылады.  

 

Жүрегім, нені сезесің

Сенен басқа жан жоқ па?

Дүниені көңлім кезесің,

Тианақ  жоқ па, қой тоқта! 

 

Күйесің жүрек күйесің,

Күйгеніңнен не пайда?

Дүние де нені сүйесің

Өмір қайда дос қайда? 

Абай өз-өзімен сырласып кең ой тербетіп, өзіне басу айтқандай екі жақты көңілі мен дүниеге ой көзімен қарап отыр. 

 

Махаббат, достық қылуға

Кім де болса тең емес.

Қазір дайын тұрға -

Бес күндік ғашық жөн емес. 

 

Сүіспек көңлім ойлайды,

Жанның  бәрі - қаты бас.

Сүйісу  тозбай тұрмайды,

Еңбекке аз күн татымас. 

Махаббатқа деген көз қарасы екі адамның да, бірдей болуы, тең болуы, жоқ екенін тілге тиек етіп, уақытшы күіп-жанудың еш жөні жоқ деп көңілдің кертартпа бола қалатынын, нағыз сынақ келгенде сүйісудің тозбай тұрмайтынын айтып кетеді.

Жас жүрегім жанды менің

Жай таба алмай, япырым!

Өзің оңда жақсы жолға ақырын, - дейді. 

 

Өзгеге көңлім тоярсың,

Өлеңді қайтып қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.

Өлеңнің қандай зор құдіретке ие екенін, шерменде шерін тарқататын сырлас, мұңдас болатын осы өлең емес пе...  

 

Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында.

Хан да жанын қияды қыз жолында,

Алтын - күміс кигені, қамқа, торғын,

Күтуші қыз-келіншек жүр соңында. 

 

Кәрі, жас дәурені өзге тату емес,

Епке көнер ет жүрек сату емес,

Кімде-кім үлкен  болса екі мүшел,

Мал беріп алғанменен, қатын емес. 

 

Ақын Абай көрініп тұрғандай әйел теңсіздігін көрсеткен, қыздарын теңге емес малға берген заманды даттайды, қарсылығын білдіреді. 

 

Есерлер жас қатынды тұтады екен.

Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.

Ортасында бұлардың махаббат жоқ,

Тұсап қойып қашырар бұқа ма екен?  

 

Малы көптің бұл дүниеде сөзі, ісі жүретінін жиреніп айтады да:

Бай қартайса, малынан берер шылбыр,

Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр.

Біреудің қызын алып малға сатып,

Баяғыны іздеген қандай құрғыр? - деп ол замандар артта қалатынын айтады. 

 

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Информация о работе Абай поэзиясы