Абай поэзиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 15:18, реферат

Описание работы

Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

Файлы: 1 файл

махаббат лирикасы.docx

— 63.32 Кб (Скачать файл)

Махаббат қызық мол жылдар?!

Ақырын ақырын шегініп,

Аластап кетті-ау, құрғырлар. 

 

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер жамап сынайын, - деп, махаббатқа қызыққа мол жылдарын, басынан өткен ғажайып, ғашықтық, махаббатқа құштар кездерін сағынған болып... келесі шумақта жаралы болған жүрегіне дауа іздеп, ол кездердің  келмеске кеткенін сағынышпен еске алады: 

 

Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,

Сөзді ұғар, көкірегі болса көзді.

Қадірін жақсы білер жанға

Таппай айтпа оған да, айтар кезді. 

 

Абайдың өзі сөз  қадірін, сөз құдіретін, жақсы білген терең түсінген, оны жеткізе білген өзгелерге де,  - «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп баршаға жақсы жолға шақырып жазған емес пе еді...

Абай үшін өмір сәулесінің гүлі де, көркемділіктің көркі де,поэзия еді.

Махаббат пен  сұлулық бұл мәңгі өшпейтін шырақ емес пе. Адамға деген махаббат өмірге деген ұмтылыс жастардың бір-біріне ғашықтығы өмір сұлулығы, табиғат көркі әділетсіздіктен туған озбарлық міне осылардың бәрін Абай айта білді.

Абай өзі өлсе де М.О.Әуезов айтқанындай: «мұрагері  бізге алтын да әсем сазды сөздері қалды - біздің көз алдымызда жаны мен тәні поэзиялық махаббатқа алып бейнесі қалды» деп келтіреді.

Абай ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге күйінді, сағынды, аңсады махаббаттың жақсы жаманын тартты. Дәмі бұзылмайтын өлең, түсі сарғаймайтын ән қалдырды. Осының бәрін сезініп айта, жаза, ән қыла білген қазақтың бас ақыны Абайдай жаннан айналайын демеске амал жоқ. Қазіргі жазғанымыз Абайдың тек бір қырынан ғана көрінуі...

Әрине, Абайдай ақынды қанша жазса да аз, - біздің мақсатымыз Абайды дәріптеу, насихаттау, оны терең түсіне білу.

Абайдың (қырық бесінші  қара сөзінде) «Адамшылдықтың алды - махаббат, ғаділет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, керіспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.

Бұл ғаділет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

Бұл сөздердің мағанасын  білген адамға өте үлкен, терең...

Абай осы бір  кесек сөзбен адам мен ғалам жаратылысының  үйлесімді өмір сүруінің тетіктерін  сиғызып жіберген.

 

 


Информация о работе Абай поэзиясы