Абайдын кара сөздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:31, реферат

Описание работы

Абайдың . көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Файлы: 1 файл

Абайдың қара сөздері...СӨЖ.doc

— 239.50 Кб (Скачать файл)

  Абайдың . көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі -  қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

         Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.  

Оның кара сөздерінің бірнешеуі  ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Өмірде  көрген –білгені, көңілге  түйгені  көп Абай  өзінің  осы  даналық  тәжірибе-тағылымын  жұртымен  -« қалың  елі, қазағымен»  бөлісу  мақсатымен  қарасөздерін  жазған. «Бұл  шығармаларында (яғни, қара сөздерінде),- жазады М.Әуезов, -Абай  өзінің  оқушылармен  әңгімелесіп, жүзбе-жүз  кездесудегі  мәслихат, кеңес  құрып  отырған  ойшыл  ұстаз  тәрізді».  

Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі  философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде  пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған  қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр... 

Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші  сөзде" көздеген мақсаты адамның  бойыңда туа пайда болатын  жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр. 

Абай бұл бағыттағы ойларын  өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол,

деген жолдарда жатыр.    

Ақынның   бүкіл   шығармаларындағы   негізгі  бір   тұтас тақырыпта   өзекті   идея   болған.     

Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы  іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзіңде": "Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады",— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.   

Абайды публицист ретінде қарастырған  ғалым-зерттеушілер, олар көп емес —  саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М. И. Фетисов «Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені «Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді.   

"Дүние – үлкен көл, замана  – соққан жел, алдыңғы толқын  – ағалар,  артқы толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер", - деп кемеңгер Абай айтқандай, талай су ақты, талай өзгерістер эволюциялық жолмен де, революциялық жолмен де өтті. Бәрі дағы өткен ұрпақтар үшін де немесе қазіргі жастар үшін де баяғыдай көрінбеуіне кім кепіл? Бүгіндегі сан салалы экономика ғылымы өз бастауын шын мәнінде XVII— XVIII ғасырлардан алып, ХІХ-ХХ ғасырларда оның толып жатқан бағыттары мен түрлі мектептері қалыптасты да, күрт дамыды. Қай халықтың болсын оның ақын-жазушылары, ойшыл философтары, ғалымдары өзі сүрген ортада экономикалық іліммен тура айналыспаса да, оның әртүрлі үрдістерін, үдеулерін, категорияларын жалпыхалықтық ұғым арқылы беріп отырған. Ұлы Абай да әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өз шығармасына арқау еткен. Ерте замандардан қазақ жері көшпелілердің құтты мекені болып келгені рас. Дүние жүзі үлкен өзгерістерге ұшырап жатқанда біздің еліміз бірқалыпты ырғақпен ғасырдан-ғасырға шығып отырды, не бір күрт даму, не бір әлеуметтік қайшылық қазақ қоғамына тән емес еді. Тек табиғаттың әсері, ішкі демографиялық өсу, жер тапшылығы және рухани еркіндік, жауынгерлік дәстүрлер елді қозғалыстарға итермелеп отырды. Осы үрдіс ХVIII ғ. соңына дейін қазақ-жоңғар ортасында өз жалғасын тауып келді. Ал, енді, ұлы Абай өмір сүрген – ХІХ ғ. ол заңдылықтардың шеңберінен шықты. Оған басты себеп - қазақ жерінің осы ғасырда Ресейдің нақты отарына айналуы деп білеміз. Ресей империясының өзінің ауқымы мен ұзақтығы жағынан дүние жүзі тарихында бұрын-соңды болмаған көлемде шаруаларды қазақ жеріне жаппай қоныстандыруы қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, шаруашылық жүйесін үлкен өзгеріске ұшыратты.  
        Қазақтың солтүстік өлкесіндегі Ресей әсері алдымен кең тараған қайыршылық болды, малдан айырылу (жер тапшылығы және сауданың кесірінен), егіншілік кәсіптің кең таралуы, шөп шабу, саудаға бейімделуден сезілді. Б.Бекмахановтың жазуынша, XІX ғ. басында әр жылы қазақтар Ресейге 3 млн. қой, 150 мың жылқы сатқан, осынша малды Қытай, Бұқара, Хиуа елдеріне жөнелткен,  яғни қазақ әлі де малды ел болған.  
        Оның бір айғағы XIX ғ. бірінші жартысында ел ішінде 10-20 мың жылқысы бар байлар сирек болмаған. XIX ғ. екінші жартысында негізгі қоры орта шаруада болса, ғасырдың соңына қарай аз малдың өзі байлардың қолына жинақталғаны аян. Әрине, егіншілік және өзге кәсіптер (мұжыққа, орыс-қазаққа жалдану, жәрмеңке саудасына араласу, өндірісте жұмыс істеу) мал шаруашылығынан босаған жұмыс қолын өзіне сіңіріп жатты.  
        Ұлы Абай сол заманда өмір сүрді. Бірақ Абайдың әлеуметтік-экономикалық көзқарасы әлі де болса толық зерттелмеген, жаңа жағдайдағы методологиялық тұрғыдан екшеленбеген. Өз заманының ыстық-суығын басынан өткерген қайраткер қалыптасқан экономикалық жағдайды көрмеуі де, одан тыс қалуы да мүмкін емес.  
        "Жан аямай кәсіп қыл", — дей отырып, Абай: "Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнері — қазақтың әулиесі сол" екендігін ескертеді. Сонымен қатар, сол кезеңнің мал тауып жүрген қолөнершілерінің қолындағы аз-мұзына мақтанып, өнер арттыруға салақ екенін, екіншіден, ерінбей жылжудың орнына, бір-екі мал тапса, малға бөге қалғандай кісімсуін, үшіншіден, "дарқансың ғой, өнерлісің ғой" деп мақтағанға уақыт өткізіп алатындығын, төртіншіден, тамыршыл боламын деп, ақырында біреуге батпан қарызға бататындығын көрсеткен еді.  
        Бүгіндері қазақ жастарының ішінде қолөнермен, жалпы өндіруші кәсіппен айналысып жүргендер жоқ емес, баршылық. Бірақ олардың саны аз, істерінің сапасы да көңіл жұбатпайды. Тасқынды өндіріс қалыптасу үстінде. Жеке қолөнершілердің көзге көрініп жүргені ұлттық қолөнер төңірегінде. Ол да керек, бірақ қазіргі заманның ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын бағыттарында отырған жастар қатары көңіл толтырмайды. Әрине, Абай заманымен салыстырғанда ілгерілеу бар да, қарқын баяу. Әлбетте, кәсіпкершілік қолөнер мен өндірістік кәсіппен ғана шектелмейді. Мысал үшін, сондай бір сала — жерге байланысты фермерлік кәсіп. Біз бұл саланы да толық меңгердік деп айта алмаймыз. Көптеген жастарымыз істің жолын таба алмай, қашқалақтап жүр. Тағы бір мәселе, бізде атадан балаға ауысатын қолөнер жоғалған. Оның көп себептерін түсіндірмей-ақ айтар шындық - сол қолөнерді жаңа сипатқа сай жасау, техникалық-технологиялық өнерді дамыту - бүгінгі ұрпаққа жүктеліп отырған тарихи абыройлы міндет. Сондықтан қайратты да жігерлі өнерпаз жастар оны ілгері, кең жолға қоюы керек. Казақстанның келешегі бұл тығырықтан тез, ерте шықса, арта түседі.  
        "Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, қардың суы секілді тез суалар". Абайдың бұл сөзі дәл бүгінгіге айтылғандай. Аумалы-төкпелі нарыққа өту барысында еңбексіз, жеңіл жолмен мал табушылар көбейді де, кейінірек, мемлекет аяқ-қолын жинай бастағанда, қар суындай тез суалып, жайнаған көркінен айырылды. Оның толып жатқан мысалдарын келтірмесек те болады, тек ескертетініміз: басқару буынында отырғандар ар-ұятынан ғана жұрдай болмай, бастары істі болды. Сондықтан да халқымыз "Ұрлық түбі — қорлық" деп тегін айтпаған.  
        "Адам баласын замана өсіреді, кім де кім жаман болса, замандасының бәрі виноват". Абай өз шығармаларында замандастарын өткір сынға алған. Данышпан Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет құру жолында жүріп өтер соқпақтарын көріп білгендей айтылған. Нарықтық экономика тезінен дүниеде қарқынды дамып отырған мемлекеттердің бәрі өткен. Қазақстан да нарықтық экономика жолымен дамуға ден қойып отыр.  
        Замандастар әр қилы, әр пікірлі. Көбісі жүргізіліп отырған экономикалық саясатқа құлақ асады, біразы қара түнекті орнатып, басшыларды кінәлайды, керек десеңіз, енді бір бөлігі өткен өмірді аңсайды. Қарап отырсаңыз, замандастар-армандастар бір-бірін кінәлаудан алшақ емес.  
        Қара  халық, сыпайы айтсақ, бұқара халық, қоғамның үрдістерін кештеу және де белгілі бір нәтижеден кейін түсінетінін (соңғы кездері) ескерсек, ісім өнсін десең, ретін табу керектігі ақиқат. Ол үшін, Абай айтқандай, ақыл керек, іс керек, мінез керек. Міне, сондай жағдайда адамды заман өсіреді. Бұлар бүгінгі Қазақстан жағдайында "адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес". Асылында, құрмет еңбекпен байыған, туған жері үшін жанын салатын азаматтарға арналуы керек. Шын мәніндегі бизнесмен адамгершілігі жоғары, қояр мақсаты елінің гүлденуіне арналған, адал болуы керек. Байлық та, бақыт та өркөкірек, менменшіл, тәкәппар адамға құттамайды. Замандастар азат елде өмір сүріп, өз бақыты өзінде екендігін ескеруі керек.  
        Дәулет пен несібенің жиналу, қорлану мәселелеріне Абай көп көңіл бөлген. Түптеп келгенде, олардың адал еңбекпен келуін қалаған.  
        "Біреу бай болса, біреу кедей болса, бұл неліктен?", - дейді де, Абай: -"Байлықты, кедейлікті жаратқан құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес", — деп түйеді. Яғни, дәулетті болу, әркім өз несібесін тауып отыруы - адамдардың өз ісі, алыстан ойлап, жақыннан нәтижесін пайдалануы керек екендігін мегзейді.  
Абайдың әлеуметтік-экономикалық көзқарастары философиялық, психологиялық, этикалық және эстетикалық сияқты пікірлерімен терең астасып, ұштасып, жымдасып жатады. Соның бірі — бірлік пен тірлік мәселесі. "Бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ емес, қайта, бірлік ақылда, малға бірлік емес", — дейді.  
        Абай шығармаларында экономика ұғымы дәулет және тірлік сияқты этнонимдерді пайдалану арқылы берілген. Тірлік этнонимін, бір жағынан, қызмет ету, еңбектену деп түсіндіре отырып, көкірегі, көңілі тірі болмаған адамды ол өлі тірлік қатарына жатқызады. Сондықтан да Абай: "Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл тауып, сөз ұға алмасаң, адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың", — деп қорытады.  
        Абайдың әдеби-философиялық еңбектерінде экономикаға кері әсерін тигізетін немқұрайлылық, еріншектік, іштарлық, мақтаншақтық, пайдакүнемдік, бейқамдық, надандық сияқты әдеттерді жеріне жеткізе сынай отырып, олардан құтылудың жолдары моральдық, этикалық тәрбие тұрғысынан анықталған. Жеке адамға байланысты Абай былай дейді: "Қазақтың біріне бірі қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзінің аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз, қорқақ мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ, қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді; әрбір арсыз, жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады".  
        Аталған ұғымдарды сөз еткенде, Абай көбіне адалдыққа қарсы арамдықты, шындыққа қарсы өтірікті, ынсапқа қарсы дүниеқорлықты, еңбекке қарсы арамтамақтықты қояды. Бұндай жағымсыз ұғымдардың экономиканың дамуына кері әсерінің тиетіндігі дәлелдеуді қажет етпейді.  
        Келісімге келмейтін қарама-қарсы айтылған ұғымдарға Абай көп жағдайда сипаттама бере отырып, мәнісін ашады. Жағымсыз ұғымдардың, әдеттердің кедейлікке жетелейтінін жазады. Мысалы: "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі — надандық, екінші — еріншектік, үшінші — залымдық деп білгей.  
        Надандық - білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.  
        Білімсіздік хайуандық болады.  
        Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.  
        Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан есебіне қосылады".  
        Ақынның барлық ойы ел болу, жұрт болу мәселесіне тіреледі. Сол кездің мардымсыз тіршілігін, яғни экономикалық жағдайын былайша суреттейді.

"Байлар да мал  қызығын біле алмай жүр,  
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр. 
Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,  
Ызаменен ыржиып, күле алмай жүр.  
Саудагер тыныштық, сауда қыла алмай жүр, 
Колдан беріп, қор болып, ала алмай жүр. 
Ел аулақта күш айтқан, топта танған,  
Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.  
Естілер де ісіне қуанбай жүр,  
"Ел азды" деп надандар мұңаймай жүр.  
Ала жылан, аш бақа күпілдектер  
Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр".         

Абайдың әлеуметтік  көзқарасын сөз еткенде, оның белді буыны — еңбек мәселесі. Еңбек арқылы ғана экономикалық ілгерілеу болатынын ақын төртінші  сөзінде былай келтіреді: "Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі, құдайға сыйынып, екінші, өз қайратыңа сүйеніп,еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, жер де береді, құр тастамайды". Мұның сыртында: "Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей", — деген қысқа да нұска еркін еңбектің түпкі нәтижесін көрсетіп тұр. Еңбектену барша халыққа, жасына, қызмет-лауазымына, ұлтына қарамай, дәулет пен тірлік көзі екендігін былайша сипаттайды: "Бақпен асқан патшадан ақылмен аскан қара артық, сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық". Шындығында, Абай айтқандай: "Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін бірі аңдып, біріне бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды".

Алтыншы  сөзінде Абай мастықты, орынсыз күлкіні, құр сарыуайымшылдықты сынайды. Оданда сабырлы бол, еңбек ет, аз күндік өміріңді босқа өткізбе дейді: «Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың. 
Кеселді жалқау, қылжақбас, 
Әзір тамақ, әзір ас, 
Сыртың - пысық, ішің - нас, 
Артын ойлап ұялмас, - 
болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.».

Қырық  екінші сөзінде «қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын сұрап мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кәсібін тастап, кезегендікке салына ма? Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы құдай берген азды-көпті дәулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. Пыш-пыш кеңестен қалып, бір ауылға барып, қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржыңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халыққа әдет жол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пәле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін «естігенім», «білгенім» деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді» - дый  келіп, қазақ  халқаның  ерінбей  тірлік  қылуға  шақырады, еңбексіз  өмірдің  бос, мәнсіз  екенін  ашып  көрсетеді. 
        Абайдың еңбек жөніндегі жоғарыда келтірілген қағидалы сөздері айта  келіп, «ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады», - деп  өз  ренішін  де  білдіреді. Сондай-ақ, Абай  отыз  жетінші  қара  сөзінде «өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың»,- деп  адал  еңбек  етуге үндейді.Және  осы  сөзін  жалғастыра  келіп,мынадай  тәрбиелік  мәні  зор  нақыл  сөздер  айтады:

  1. Мен егер закон, қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
  2. Бақпен асқан патшадан 
    Мимен асқан қара артық. 
    Сақалын сатқан кәріден  
    Еңбегін сатқан бала артық.

Ал, оныншы  қара  сөзінде  пайда  үшін  еңбек  қылудың  нағыз  иттік  екенін  айта  келіп, ондай еңбекпен  табылған  байлықтың тез жоғалатынын ескертеді: «мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол. 
       Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.». 
        Жалпы, еңбек мәселесі Абай шығармаларында әлеуметтік мәселелермен тығыз ұштасып жатады. Абай әлеуметтік мәселелер төңірегінде еңбектен басқа бостандық, әділетшілік, ерлік, ынсап пен байлықты да қарастырған. Бұлардың бәріне жаңаша қарап, адамнан адамның артықшылығы неде деген философиялық тақырыпқа ауысады. "Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылдық". Көріп отырғанымыздай, байлықпен озу болмайды. Байлық пен ынсап қатар жүруі керек. Адамда ынсап болмаса, байлықты, соңғы кезде әртүрлі атақты асырамын деп, неше түрлі сұмдық істерге, жарамсыз қылықтарға баруы мүмкін.

Отыз үшінші сөзінде  Абай халықты өнерге үгіттейді: “Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол”, -дейді.

Абайдың дүниенің дамуы  жөніндегі көзқарасында диалектикалық  сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын өзара бір-бірімен байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, адамды қоршаған ортаның – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы білуге болады деп қарастырады. 
         Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. 
              Өнер-ғылымды Абай қазақ жұртшылығын экономикалық мешеуліктен құтқару, тығырықтан жол табу мақсатында уағыздаған.  Оны отыз  үшінші  қара  сөзінен  байқауға болады: «Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. 
       Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады»,-дейді. Абай өнерді  рухани дамудың баспалдағы деп те қараған. Сондықтан: "Жамандықтан жирен, өнер-ғылымды үйрен”,- деген. Ғылымды үйрену "мал аяр жол емес, турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа ғылым үйрет", — деген.

Абай ғылымға, білімге  көп көңіл бөледі. Қазақтың тек  байлық ойлап, білім, ғылымға мән  бермейтініне ыза болады. Мысалы, оныншы сөзінде ол: ал, “... мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы- сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды”- дейді.

Сегізінші сөзінде ақын “Ақыл мен насихатқа кім зәру?”- деген сұрақ қойып, соған өзі жауап іздеп көреді де, өз заманының әлеуметтік тетігін жіктеп береді. Оның байқауынша ақыл мен насихат алдымен ел басшылары – болыс билерге қажеті жоқ, өйткені олар өздері елге ақыл, насихат айтамыз деп болыс, би болып сайланған.

Ақыл мен насихат байларға да керек емес. Дәулет қонып, дүниенің жарының басында тұрған байлар ақылды қайтсын?

Олардың ақылы – малы, бәрін паралап сатып алады. Ұры, сұм-сұрқияларға ақыл “ау бастан”  артық. Ал, ақыл осыларға керек-ау деген  қой жүнді қоңыршаларға келсек, олар өз қара басына жете алмай, күндерін көре алмай жүр. Ана ақылды атқамінерлерге айт дейді олар. Сонымен ақыл, білім елге қажет болмаса, ақылды адамның жұрт үшін керегі бар ма? –деп, Абай сөзін сұрақпен бастап, сұрақпен аяқтайды. Оның бұл сұрағы – қараңғы халқына ақылды, білімді адамның қажеттігіне күмән келтіру емес. Өйткені ол:

Білімдіден шыққан сөз,

Талаптыға болсын кез.

Қыры, сырын ұғуға 

Көкірегінде болсын көз,- деп армандап өткен ақын ақыл мен  білім пайдасына шүбә келтірмек  емес қой. Аталған адамдардың қайсысына болсын ақыл мен білім неге керек болмасын? Оларды керексіз етіп жүрген - өздері, олардың надандығы.

Бұдан шығатын қорытынды: Абай ақылды, білімді адам осы жұртқа керек пе дегенде, сол парасат  иесінің сөзіне көнер, соңына ерер халқы жоқтығына ашынғаннан айтады.

Он жетінші сөзінде  Абай толық сапалы адам болудың шарты  жөніндегі ойларымен бөліседі. Адам жан-жақты, асыл қасиетті болу үшін оның бойындағы қайрат, ақыл, жүрек үшеуі  бірдей болып, тең табылсын деген  талап қояды. Және осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет,-деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен – деп ғылымның рөлі ерекше атайды.

Он сегізінші сөзінде  де адамды адам етіп өсіретін, ұлғайтатын ақыл, ғылым, ар, мінез деген ой түйеді.

Он тоғызыншы сөзінде  Абай: “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады”. Бұл да адамға өте қажетті, пайдалы ескерту емес пе?!

Информация о работе Абайдын кара сөздері