Абайдын кара сөздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:31, реферат

Описание работы

Абайдың . көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.

Файлы: 1 файл

Абайдың қара сөздері...СӨЖ.doc

— 239.50 Кб (Скачать файл)

Абай жиырма бесінші  сөзінде қазақ халқынан қадірлі, қоғамға пайдалы қайраткер шығару үшін орыс оқуының ерекше бағасын қадірлеп айтады. Оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек ететін адам болсын дейді. “Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өнері- дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі”,-деп түсіндіре келе: “Турасын айтқанда, балаңа қатын әперме..., барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Балаң бала болсын десең –оқыт, мал аяма!”- деп ұсыныс жасайды, талап қояды.

Ол халықтың артта  қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет  пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді. 
         Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды. 
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбексүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты.   

Рухани ұстазымыз Абай армандаған ғылыми-техникалық прогресс Казақстанда  өркен жайды, белгілі дәрежеде дамуда. Енді осы ғылымды жоғалтып алмай, әрі қарай өркендету бүгінде  ұлттық маңызға ие болып отыр.  
        Сайып келгенде, Абай қалдырған бай мұра, оның әлеуметтік-экономикалық көзқарастары бүгінгі таңдағы Казақстанның экономикалық идеологиясын қалыптастырып, дамытуға көп септігін тигізуді. Оны бірнеше қырынан байқауға болады.  
        Біріншіден, Абай шығармаларында діни көзқарастардың өзін экономикаға жақындатып, сол арқылы негіздеу бар. Мысалы, ғылымды Алланың бір сипаты деп қарауы.  
        Екіншіден, экономикалық ойлау жүйесін жан-жақты негіздеуі. Оның дәлелі - кереғар, қайшы ұғымдарды тіршілік дүниесімен байланыстыруы.  
        Үшіншіден, экономикалық қатынастардың сүрлеуін көре білуі. Абай былай дейді: "Кісіге біліміне қарай болыстық қыл, татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады".  
        Әр адамның тағдыры сол адамның өз қолында. "Талмай еңбек еткен адам ешкімнен кем қалмас, еңбектің жақсы-жаманы жоқ",- деген данышпанның өсиеттері, біздерді өмірлік белсенділікке үндейді.  
        Ұлы ақынның осыдан бір жарым ғасыр бұрын айтқан ойлары қазіргі заманның өзекті мәселелерімен үндесіп жатқандығынының айқын дәлелі. Халқымыз басынан өткізіп жатқан осы қиын-қыстау кезеңде бойкүйездік, еріншектік, кертартпалық мінездерден арыла алмасақ, ғылым, білімге талпынбасақ өз болашағымызға өзіміз балта шапқанымыз.

 

 

                                                    ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Қорыта келгенде, Абайдың  қара сөздері- оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Сондықтан да,  ақылман бабаның  ұрпақ  игілігіне  арнап қалдырған қазынасын  дәл  бүгінгі таңда  әжетке  жаратпасақ, ертең кеш  қалу қаупі   де жоқ  емес. Ал Абайдай  алыпты  алып жеген «сұрқай  заманға»  қазіргі таңдағы  мәңгүрттіктен  толық  бойы  тазарып бітпеген рухани әлжуаз ұрпағын қазіргі жалаң ұрып тұрған жаһандану аждаһасының   қылғыта салуы  түк те емес. Ондай  күнәні  ата-бабалар рухы кешпейді.  

 Бұл қарасөздердің  құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі қоғам үшін Абай өмір кешкен тарихтық орта мен қоғамдық байланыстар мүлде артта қалған дүние. Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.

Бұлардан басқа Абайдың  қарасөздерінің тілі де ғажап. Ол мұнда  да поэзиясындағы сияқты көркемдік  таланты бойынша қазақ тілінің  сапасын әдебиет тілінің дәрежесіне көтерді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық академиялық кітапханасының бастуымен “Бір ел- бір кітап” акциясына  байланысты жыл кітабы болып ұлы  Абайдың “Нақыл сөздері” (“Қара  сөздері”) жариялануы өте құптарлық  шешім. Өйткені Абайдың бұл еңбегінің  тәрбиелік мәні зор. Бұл еңбекті әсіресе оқушылар, студент және жұмысшы жастар зейін қойып оқығаны дұрыс. Сонымен қатар бұл еңбекті оқытушылар, кітапханашылар, басқа да тәрбие жұмысымен айналысатын зиялы адамдар өздерінің күнделікті жұмыстарында пайдаланулары қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.

 

  1. «Абай  тағылымы» А.,1993
  2. Абай. Қара сөз. Поэмалар. –А., 1993.
  3. Әуезов М. ХУІІІ-ХІХ ғ. ақындары // Әуезов М. 20 томдық. Т.16. –А., 1985.
  4. Жанбершиева Ұ., Оралова Г., Шандыбаева А. Қазақ хандығы дәуіріндегі     әдебиет.-Қызылорда, 2006.
  5. Қазақ  әдебиетінің  тарихы, А.,2001

 

 

 

                  ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  САЙТТАР  ТІЗІМІ

 

  1. www.abay.kz
  2. www.irgetas.kz
  3. www.adebiet.kz
  4. www.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             ЖОСПАР

 

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі  бөлім

 

  1. Абай  қара  сөздерінің  зерттелу  және  жариялану  мәселесі
  2. Абай  қара  сөздеріндегі  еңбек, шаруашылық, тұрмыс  жайлы
  3. Абай  қара  сөздеріндегі  өнер-білім, оқу-ағарту  мәселелері

 

ІІІ. Қорытынды

ІV.Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі

 

 

 

 


Информация о работе Абайдын кара сөздері