XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы Ресейдегі ғалымдардың педагогикалық көзқарастыры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 21:10, реферат

Описание работы

Николай Иванович Пирогов (1810-1881) көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог. Ол – Москва университетінің медицина факультетінің түлегі. Дернт университетінде (қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы) медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне диссертация қорғайды.26жасында Дерпт университетінде ол хирургия профессоры атағын алады.Петербургтің медициналық хирургия академиясында профессорлық қызмет атқарады.

Файлы: 1 файл

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы Ресейдені ғалымдардың педагогикалық көзқарастыры.docx

— 33.54 Кб (Скачать файл)

   Дене  тәрбиесінің Чернышевскийдің пікірінше,  өзінің мақсаты оқушылардың дене  күштері мен денсаулығын дамыту  және нығайту болып табылады. Эстетика туралы Чернышевскийдің  материалистік ілімі тұрғысынан  эстетикалық тәрбие міндеттері  жаңаша қарастырылды. Ол негізінен  оқушыларды өмірде кездесетін  сұлулықты көре білуге түсіне  және сезе білуге, өнердің құралдарын  пайдалануға, бұл сұлулықты толық  және анық бейнелеуге әкеледі.  Эстетикалық тәрбиенің міндеті  қажетті құралдарды пайдалана  отырып, өмірдегі жағымсызды жамандау  болып табылады.

   Тәрбие мен білім берудің мазмұны және әдістері. Чернышевский жалпы білім беретін мектепте негізгі пәндерге ана тілін, әдебиетті, тарихты, шет тілдерін, математиканы, физиканы, жаратылыстануды және жағырафияны жатқызды.

   Мектепте  қандай ма болмасын дінді оқытуға  ол үзілді-кесілді қарсы болды.  Жалпы білім беруді шектеуге  бағытталған кез-келген тенденцияны,  оны мамандыққа даярлаумен өзгертуді  Чернышевский өте зиянды, реакциялы  деп бағалады.

    Чернышевскийдің пікірінше, жалпы  білім беретін оқу пәндері  тек ғана ақыл-ой емес, сонымен  қатар оқушылардың адамгершілік  және эстетикалық тәрбиенің фундаментін құрайды. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, негізінен табиғат және адам туралы білімдерді меңгеру үрдісінде іске асады.

   Әрбір  оқу пәнінің өзінің негзігі  ретінде сәйкес ғылымы болады, Чернышевский ғылым мен оқу  пәні ұғымдарын бірлікте қарастыруға  қарсы болды. Оқу пәні, Чернышевскийдің  пікірінше, ешуақытта да ғылымның  қарапайым көшірмесіне айналмау  керек.

   Оқушылардың  зерттеуіне арналған әрбір пәні  бойынша оқу материалын іріктеу  қажет. Дене тәрбиесінде Чернышевский  күнбе-күнгі дене жаттығуларына,  сонымен қатар серуендеуге ерекше  мән берді. Оның геройы Рахметов (“Не істеу керек?” романында)  белгіленген режмиді қатаң сақтады,  біржүйелі дене жаттығуларымен  айналысты, ерікті және берік  мінез-құлықты тәрбиелейді –  бұл жеке адамның құнды белгілері.

   Дене  тәрбиесінің өте құнды құралы  Чернышевский біруақытта адамгершілік  тәрбиесінің құралы болып табылатын  дене еңбегі деп есептеледі.

   “Не  істеу керек?” романында (Вера  Павловнаның төртінші түсі) Чернышевский  болашақ қоғамның азаматтарының  ерікті және қуанышты еңбегінің  суретін бейнелейді. Чернышевскийдің  бұл романында еңбек адамның  моральдық бейнесін өзгертуге  қабілетті күш ретінде қарастырылды.

   Оқытуды  ұйымдастыру, әдістері және тәсілдері  оқушылардың әртүрлі білім негіздерін  жемісті меңгеруге, рухани күштері  мен қабілеттерінің жан-жақты  даумына, дұрыс сенімдерінің өсуіне  және бекуіне көмектеседі. Ол  үшін, Чернышевскийдің көзқарасы  бойынша, төмендегілер қажет:

   а)  материалдық көлемі мен сипатын  анықтауда және оқытудың тәсілдерін, оқушылардың ерекшеліктері мен  олардың күшін және қабілеттілігін  қатаң ескеру;

   ә)  оқыту мен тәрбие үрдісінде  қатаң бірізділікті сақтау;

   Әртүрлі  оқытудың әдістері мен тәсілдерінің  ішінде Чернышевский мұғалімнің  көрікті сөзіне, әңгімеге және  оқушылардың өз бетімен істейтін  жұмысына ерекше орын берді.  Ол көбіне оқушылардың өз бетімен  істейтін жұмысына ерекше мән  берді. 

   Чернышевский  оқу үрдісін көңіл көтерудің  құралына айналдыруға қарсы болды.  Ол қызықты сабақ беруді тек  ғана құрал ретінде қарады, ал  негізгі мақсат емес, оқытуда  қызығу баяндаудың көңіл көтеретін,  тартымды түрлері арқылы іске  алады.

   Чернышевский  оқыту үрдісі тәрбие үрдісі  болып табылатындығын бірнеше  рет қайталап айтқан болатынды.  Оқыту үрдісі мен тәрбие үрдісінің  бір-бірімен байланысты екендігін  нақты дұрыс түсіндіріп берді.

   Мектептерде  қолданылып жүрген оқулықтар  мен оқу кітаптарға Чернышевский  толықтай сын көзбен талдау  жасады. Көптеген оқулықтар мен  оқу кітаптарының негізгі кемшілігі,  оның пікірінше, біріншіден, мазмұнсыз,  құрғақ келеді, екіншіден, олар  адамгершілік құрғақ ақыл айтудан  тұрады, оқушыларда жалған моральді  қалыптастыру мақсатын қояды;  үшіншіден оқулықтарда оқиғалар  мен деректер қате беріледі, құрғақ, дәмсіз, өте суы мол тілмен  түсіндіріледі. Сондықтан да балаларға  арналған оқулықтар өте сауатты,  әдеби, түсінікті, тартымды, қарапайым,  жеңіл тілмен берілуді талап  етті.

Николай  Александрович Добролюбов (1836-1861) Нижний Новгородта 1836 жылы дін қызметкерінің жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді ол үйде және діни училищеде алды, орта білімді діни семинарияда, жоғары білімді – Петербургтегі педагогикалық институтты бітірді. Студент кезінен бастап, Добролюбов “Современник” журналының жұмысына қатысып, онда өзінің бірнеше педагогикалық мақалаларын жариялады, оның ішінде “Тәрбиедегі беделдің маңызы туралы” атты оның атақты мақаласы бар.

   Институтты  бітіргеннен кейін “Современник”  журналының редакциясына тұрақты  жұмысқа орналасты.

   Добролюбовтың  жан-жақты қалыптасқан публицистикалық  қызметінде педагогика және тәрбие  мәселелері ерекше орын алды, ол мәселелерді шешуде Чернышевский  сияқты, материализм және революциялық  демократизм тұрғысынан қарады.

   Ресми  педагогиканы сынау. Өзінің еңбектерінде  үкіметтің халыққа білім беру  саясаты халықтың білімге ұмтылысын  жоюға бағытталғандығын жазды.  Оны ол әскери деспотизм саясаты  деп атады. “Халыққа білім  беру министрлігінде,-деп жазды  ол,-топастық, шектеушілік және жауыздық  үстемдік етеді”.

   Ол  ресми педагогиканы қатты сынға  алды. Өзінің еңбектерінде тәрбие  мәселелеріне ресми көзқарасын  білдірген педагогикалық шығармаларды  өрескел кемшіліктері үшін сынады. Ол бұл мақалалардың авторлары  балалардың кез-келген өз бетімен  жұмысы мен белсенділігінен айыратын  тәрбиешінің беделіне баланың  соқыр, санасыз бағынуын, мүлтіксіз  бұйрығын орындауын жақтайтындығын  дәлелдеп берді.

   Чернышевскиймен  бірге ол жеке адамның дамуында  тұқым қуалаудың ролін асыра  бағалауға бағытталған көзқарастың  ғылыми негізі жоқ екендігін,  үстем тап өкілдерінің мүддесін  қорғайтындығын дәлелдеді.

   Бұл  “теорияларға” қарсы, Добролюбовтың айтуынша, адам тағдыры, оның көзқарастарын, сезімдерін және көңіл-күйлерін, оның мінез-құлқы мен қабілеттіктерін қалыптастыру қоғамдық өмір мен тәрбиенің жағдайларымен анықталды, тек қана құрылысының кейбір ерекшеліктері, темпераменттері, орналасулары тұқым арқылы беріледі, Добролюбов “қазіргі” білім беру жүйесін жақтады, оның негізгі белгілері демократизм, гуманизм және ғылымилық деп есептеді.

   Жаңа  жүйе жан-жақты дамыған мектеп  жүйесі болу керек, білім берудің  барлық сатысында мектептерде  оқыту тегін болуы қажет, Ресейді  мекендеген барлық сословиелер  мен ұлттардың балалары өз  ана тілінде оқу керек. Барлық  оқыту оқушының жеке басын  терең сылай негізінде құрылуы  қажет.

   Добролюбов  дене тәрбиесіне жеткіліксіз  мән беруге қарсы болды. “Біз  баланың басына әртүрлі көптеген  оларға жат (бір құдайдың өзі  білсін, істе ешқандай қажетсіз) дерексіз ұғымдарды құюмен боламыз,  бірақ біз ақыл-ой және адамгершілік  қызметке қажетті органдарды  дұрыс тәрбиелеуге мән бермейміз”.

   Добролюбовтың  пікірінше, дене тәрбиесіне жеткіліксіз  мән беру екі негізгі себептерге  байланысты іске асады:

   1) адам табиғаты туралы жалған, идеалистік түсініктердің нәтижесінде;   

2) үстем  тап өкілдерінің дене еңбегіне, еңбек адамына менсінбей қараушылықтың  салдарынан.

   Адам  даярлау жүйесінде Добролюбов  басты рольді ақыл-ой тәрбиесіне  ерекше мән берді. Ол табиғат  және қоғам туралы білімдермен  шәкірттерді қаруландыруы қажет  деген болатынды.

   Шәкірттердің  сенімін қалыптастыруда ақыл-ой  білімімен қатар Добролюбов дұрыс  ұымдасқан адамгершілік тәрбиесіне  ерекше мән берді. Негізгі адамгершілік  қасиеттерге патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілікпен қарау,  табандылық, турашылдық, принципшілдік  т.б. қасиеттерді жатқызды.

   Добролюбов  оқушыларды сөз бен істің бірлігін  қамтамасыз ету қабілеттілік.

   Оқушылардың тәртібі туралы. Добролюбов сол кездегі мектептегі таяқ тәртібін қатты сынға алды. Ұрып-соғу және басқа да оқушылардың адамгершілік қасиеттеріне нұсқан келтіретін және балалардың белсенділігі мен өз дербестігін аяққа басатын құралдарды Добролюбов варварлық деп атады.

   Оқушыларға  әсер етудің крепостниктік тәсілдеріне  тән таяқ тәртібін қарсы бола  отырып, Добролюбов оқушылардың  саналы тәртібімен оны ұстаудың  ізгілік құралдарын жақтады.

   “Оқушылардың  орнында дұрыс отыруы”, Добролюбовтың  пікірінше, - бұл таяқ тәртібінің  көрсеткіші. Ал саналы тәртіп  баланың қозғалғыштығына, белсенділігіне, балалық ерекшелігіне онымен  жұмысты және мінез-құлқына мүмкіншілік  беріледі.

   Тәрбиенің  негізгі шарттары мен тәсілдері  және оқушылардың арасында саналы  тәртіпті қолдау ретінде Добролюбов  төмендегілерді атады: мұғалімнің  шәкірттерге ерекше қамқоршы  болуы, көңіл бөлуі, оқушыларды  дер кезінде міндеттерімен таныстыру,  мұғалімнің оқушыларға қойған  талаптарын, табандылық және бірізділік, кішіпейілділік пен қамқорлық  қатынастардың ұштасуын қамтамасыз  ету, мұғалімнің үлгісі және  оқушылардың мінез-құлқындағы  жағымды  үлгілерді қолдану, оқушылардың  тәртіпті орнатуға ынталылығы, олардың  тәртіпті бұзушылыққа күреске  қатысы.

   Добролюбов  Пироговтың ұрып-соғуға, таяқ тәртібіне  қарсы шығуын қызу қолдады.  Бірақ Пирогов өзінің бұрынғы  айтқан бағытынан ауытқып, “кейбір  жекеленген жағдайларда” ұрып-соғуды  қолдануға болады дегеннен кейін  оған қарсы өзінің атақты “Дүремен  қиратылған бүкілресейлік иллюзиялар”  атты мақаласында Пирогов пікірінің  екіжақтылық сипатын қатты сынға  алды. Пирогов 1860 жылғы өзінің  жауабында Добролюбовтың сын-ескертпелеріне  қарсы шығып, өзін ақтамақшы  болды. Осыдан кейін “Тамшыдан  теңізге” атты мақаласында тағы  да Пироговтың келісімпаздығын,  бұрынғы ұстанған бағытынан бас  тартқандығын қатты сынға алды.

   Чернышевский  және Добролюбов Радищевтің, Белинскийдің және Герценнің педагогикалық көзқарасын дамытты және тәрбие, педагогика туралы революцияшыл-демократиялық ілімнің жүйесін негіздеді. Олар мектептің оқу және тәрбие жұмысының мазмұны және әдістемесі туралы ілімді толық талдады.

   Революцияшыл  демократтардың педагогикалық мұрасы  өзінің идеялық-саяси бағыттылығы  және ғылыми деңгейі бойынша  Маркске дейінгі кезеңде тең  келетін болмады және тәрбие  мен оқытудың алдыңғы қатарлы  жүйесі үшін Ресей прогрессивті  күштерінің күресінде көрнекті  роль атқарады.

   Чернышевский  мен Добролюбовтың революцияшыл-демократиялық  педагогикалық ойлары Ресейдегі  прогрессивтік педагогиканың және  білім берудің дамуына үлкен  ықпал жасады. Осы педагогикалық  мұраның көптеген мәселелері  қазіргі кезеңге дейін өз құндылығы жоқ.

 

 

  1. Николай Иванович Пирогов қандай университеттің түлегі?

                   Н.И.Пирогов Москва университетінің  түлегі.

  1. Н.И.Пирогв   Қырым соғысына  өз еркімен қай жылы және не үшін аттанады?

Н.И.Пирогв   Қырым соғысына  1854жылы жарақаттанғандарды емдеуге  аттанды.

  1.    “Адам болу – бұл тәрбиенің негізгі мақсаты болу керек” қай ғалымның сөзі??

 Николай Иванович Пироговтың айтқан сөзі

  1. Николай Гаврилович Чернышевский  алғашқы білімін қай жерде алды?

   Н.Г.Чернышевский  алғашқы білімін үйде алған  болатын

  1. Н.Г. Чернышевский Петербург университетін бітіргеннен кейін қандай гимназияда мұғалім болып жұмыс істейді?

       Петербург  университетін бітіргеннен кейін  Н.Г. Чернышевский                                                               Саратов гиназиясында  3 жыл  әдебиет пәнінің мұғалімі болып      жұмыс істейді

  1. “Өмір сүретіннің барлығы – материя, материясыз сана болмайды, болуы да мүмкін емес” деп айтқан кім?

          Н.Г. Чернышевский айтқан

  1. Николай  Александрович  Добролюбов  жоғарғы білімін қандай институтта алады?

          Петербургтегі педагогикалық институтында алады

  1. Н.А.Доролюбов Петербургтегі педегогикалық институтты бітіргеннен кейін қандай жұмысқа орналасады?

    Н.А.Доролюбов  педагогикалық институтты бітіргеннен  кейін                                            Современник журналының  редакциясына  жұмысқа орналасады.

 

 

ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық-педагогикалық

қозғалысқа жалпы сипаттама.

 ХІХ  ғ.60-жылдары Ресейде өндіргіш  күштердің дамуымен және бұл  дамуды тежейтін крепостниктік  қатынастардың арасындағы қайшылықтарға  байланысты үлкен қоғамдық қозғалыстың  кезеңі болып табылады. Шаруашылықтың крепостниктік түрі капиталистік дамудың жолындағы кедергі болды. Крепостниктік құрылыстың іріп-шірігендігі және әлсіздігін Қырым соғысы көрсетті. Ресей экономикалық және техникалық артта қалудың, жоғары әскери басшылықтың дұрыс емес стратегиясының салдарынан соғыста жеңілді.

Информация о работе XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы Ресейдегі ғалымдардың педагогикалық көзқарастыры