Ыбырай Алтынсарин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 14:59, дипломная работа

Описание работы

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.

Содержание работы

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3-5


І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _6 - 12

Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –

педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _ _ _ _ _ __ _13 - 20


ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ

Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің

атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21 -30

Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын

оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _31 - 54


Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 55 - 56


Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 57 - 58

Файлы: 1 файл

Дип.-Ы.Алтынсарин-ұлы-Педагог-Ағартушы.doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

Ұлы ағартушы  туған халқының тамаша болашағына сенді.

Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш  ұйымдастырушы  болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу  қажеттігі туралы  мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.

Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. «Қазақ хрестоматиясына» енген алуан жанрдағы шығармалар.

 Ол төл туындыларын  жазғанда да, орыс және Европа  халықтары әдебиетінен аудармалар  жасағанда да бір мақсатты қатты ұстанды, ең алдымен ол туындылардың балалар ұғымына  сай, олардың қиял – ойын шарықтататындай тағлымды да қызықты болуына баса назар аударады. Сондықтан оның әңгімелерінен балалар әдебиетіне  қойылатын негізгі талаптардың барлығы да атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы мен құрылысының қарапайымдығы, тілінің таза, түсінікті әрі шұрайлылығы, тәрбиелік – танымдық мәннің жоғарылығы, оқиғалардың балалар ұғымы мен жасына сай, көркем әрі қызықты баяндалуы, балаларға тән мінез, әрекет, ой – қиялдың табиғи түрде жазылуы.

Мұның бәрі Ыбырай Алтынсариннің  қазақ мәдениеті мен әдебиетінің  тарихындағы  қадірлі орнын көрсетеді.

Ыбырайдың артында қалдырған  рухани мұрасы аса бай және алуан  жанрлы. Бұл мұра оқушыларға мектеп  оқулықтарынан, сондай – ақ «Жалын», «Мектеп» баспаларынан әр кезде жарық көрген ағартушы шығармаларының жинақтарынан жақсы таныс.

10

Ыбырай әңгімелері кітапта  «Төл әңгімелер», «Аударма сипатты  әңгімелер» деп жеке екі бөлімге  бөліп берілді. Сондай – ақ «Ыбырай  Алтынсарин жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінен» және «Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер» деген бөлімдер де бұрынғы басылымдарда болмаған тың материалдарды қамтиды.

Кітап алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Өлеңдері». Бұған Ыбырай Алтынсариннің көпшілікке кеңінен мәлім өлеңдері мен И.А.Крыловтан аударған үш мысалы енді.

Екінші бөлім –  «Төл әңгімелері» - деп аталды да, бұған  жазушының хрестоматия – оқулыққа  арнап жазған төл туындылары жинақталды.

Үшінші бөлім –  «Аударма сипатты әңгімелері». Бұл  бөлімде ағартушының орыс педагогтарының оқулықтарынан, орыс жазушыларының балаларға арналған туындыларынан, сондай – ақ орыс және Европа халықтары әдебиеті мен фольклорынан өзінше  әңгімеленген шағын әңгіме, мысалдары жинақталып берілді. Ыбырай Алтынсариннің  орыс авторларынан алған әңгіме, көркем шығармаларын қазақшалауында ерекшеліктері бар. Ол әңгімелерді аударғанда Ыбырай Алтынсарин барлық жерде түп нұсқасын бұлжытпай, сол күйі аударуды мақсат етіп қойған. Кейде тақырыбын, кейде сюжетін, кейде баяндау әдәсін өзгертіп, қайткен күнде де қазақ өміріне  жақындатып, қазақ балаларына  түсінікті баяндауды негізге алған.

«Ауыз әдебиеті үлгілерінен  жинағандары» - деп аталатын төртінші бөлім оның ел аузынан жинап, сұрыптап, алғаш рет «Қазақ хрестоматиясында»  жариялаған мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз - әңгімелер орын алды.

Бесінші бөлім – «Оқу – ағарту мәселелері жайында жазбалары» деп аталынып, бұған Ыбырай Алтынсариннің  қазақ даласындағы оқу – ағарту жайы мен оны өркендетуге қатысты  жазбалары жаңа материалдармен толықтырылып енгізілген.

Алтыншы бөлім – «Хаттар». Мұнда Ыбырайдың қызмет бабына және

11

тағы басқа жағдайларға  байланысты Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге, А.А.Бобровниковке, орыс – қазақ  мектептерінің оқушылары, өзінің әріптестері  А.А.Мозохинге, Ф.Д.Соколовқа жазған хаттары іріктеліп берілді. Ыбырай Алтынсариннің бұл хаттары ол қайтыс болғаннан кейін профессор Н.И.Ильминский құрастырып, 1891 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. «Воспоминания об И.А.Алтынсарине» - деген естелік кітапта алғаш жарияланған болатын.

Кітап соңында Ыбырай Алтынсарин туралы естеліктер берілді. Бұған енгізілген материалдар да жинақ үшін арнайы  аударылды. Мұнда педагог – жазушы, қоғам – қайраткері  Ыбырай Алтынсариннің қайтыс болуы туралы некрологтан және Н.И.Ильминскийдің, әріптестері Ф.Д.Соколов пен

А.А. Мозохиннің ол туралы естеліктерінен үзінділер берілді.

Жан – жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда  уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан – тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады. Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін  өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені ол әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтерген еді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне  қарамастан әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән – маңызы мен қадір – қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай, үркердей санаулы саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер – білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Сол арманына күрес арқылы, өрісі биік таланты арқылы жетті.

12

    1. Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық – педагогикалық, аудармашылық қызметтері.

Қазақ сахарасында  мәдениет пен оқу – ағартудың туын көтеріп, халыққа білім беру, мектеп ашу, оқулық жазу, мұғалім даярлау ісінде үлкен  өнеге көрсеткен Ыбырай Алтынсариннің  мұралары отызыншы жылдарға дейін арнайы зерттелмеген. Ол тек қырқыншы  жылдардан бастап қана қолға алынады. Орта мектептерге арналған Қ.Жұмалиев пен С.Мұқанов, С.Исмаиловтың әдебиет кітаптарында Ыбырай Алтынсарин шығармалары талданып, олардың мазмұны мен мақсаты, идеясын ашып көрсетуге алғашқы  талпыныс жасалады. Тарихшылардың ішінен Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық, жазушылық қызметі мен жазысқан хаттары туралы архивтік деректерге сүйене отырып, дұрыс та дәйекті жаза бастаған Бекежан Сүлейменов еді.

Жалпы алғанда Бекежан  Сүлейменұлының Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның мәдени дамуы және қоғамдық ойдың даму тарихы бойынша еңбектерін екі кезеңге бөлуге болады. 1945 жылдан бастап 1957 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғалым тақырыпқа байланысты 13 ғылыми – көпшілік еңбек жариялайды. Соның ішінде Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағын қазақ (1955 жылы) және орыс тілінде (1957 жылы) дайындайды. Екінші кезең 1957 жылы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары жинағы жарық көргеннен кейін, Бекежан Сүлейменовтің осы тақырып бойынша зерттеуді тереңдетіп, түрлі қырларын кеңейткендігімен ерекшеленеді.

Ыбырай Алтынсариннің  шығармашылық мұрасы жөнінде Б.Сүлейменов 30 – ға жуық ғылыми, ғылыми – көпшілік еңбектер жазған. Ол ең алғашқы болып  Ыбырай Алтынсаринді қоғам қайраткері ретінде  танытқан зерттеуші еді. Сондай – ақ Б.Сүлейменұлы алтынсаринтанудың деректік негізін қалап, баға жетпес үлес қосқан. Профессор Ә.Ламашев

13

ғалымның осы еңбегі жөнінде былай деп жазады: «Алтынсариннің мұраларын  іздеуге, табуға, жинауға, жариялауға тарихшы Бек Сүлейменов ерекше үлес қосты. Ол Ленинград, Москва, Қазан, Орынбор, Чебоксары және республикамыздың бірнеше қалаларындағы архивтерде, кітапханаларда болып, мол материалдар жинады. Солардың негізінде Ыбырай Алтынсариннің 1943, 1948 жылдары баспадан шыққан «Таңдамалыларын» қайта қарап, толықтырып, алғы сөзбен түсініктеме жазып, 1955 жылы ұсынды. Академиялық үш томдығын орыс тілінде жариялады.»

Бекежан Сүлейменов зерттеулері негізінде 1975 – 1978 жылдары Ыбырай Алтынсариннің толық шығармалар жинағы шығады. Бекежан Сүлейменовтің соңғы еңбегі 1980 жылы жарық көреді. Ол – «Ыбырай Адтынсарин – түрколог ғалым» мақаласы.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы – педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленді, тоғыз жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі Шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан әдебиет, тарих тағы басқа ғылым салаларынан кітаптар оқиды. Кейіннен дүние жүзі  әдебиеті классиктері В.Шекспир, И.Гете, Д.Байрон, А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, Ә.Фирдауси, Г.Низами, Ә.Науаи тағы басқа классик шығармаларын өздігінен оқып білім алады. Бұл Алтынсаринның ой - өрісін кеңейтеді, өркениетті елдердің ғылымы мен мәдениетіне деген құштарлығын арттырады.

Мектепті үздік бітірген ол, 1857 – 1859 жылдары арасында өз атасы  Балқожа бидің песірі болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап Алтынсариннің  ағартушылық – педагогикалық қызметі басталады. Ол

14

кездері шалғай түкпірде мектеп ашу өте қиын еді: қаражат, мектеп үйі, оқу құралдары жетіспейтін. Оның үстіне осындай ізгілікті іске  облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтын. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады, ағартушылық идеямен қанаттанған қайраткер көздеген мақсатын орындауға құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел – елді аралап қаражат жинауға кіріседі.

1864 жылы қаңтардың  8 – ші жұлдызында жұрттың көптен  күткен мектебі ашылады. Ыбырай  Алтынсарин балаларға сабақты  қызықты, тартымды, әрі түсінікті  етіп беруші еді. Мәселен, діни  мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды. 

Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой тағы басқа педагогтардың гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог болды.

Ыбырай Алтынсариннің  педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім – тәрбиенің алтын діңгегі  гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептердің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен, түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді... Оқытушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатынасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек» - деп жазған еді,

15

ал Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында: «Мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең, балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың», - деген Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин мұғалімдердің  бала оқытудағы орнын жоғары бағалап: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, ол  - мектептің жүрегі» - деген сөзі осы күнге дейін құнын жойған жоқ.

Ыбырай Алтынсариннің  төл туындыларымен қатар көптеген аудармалары да бар.

Халықты сауаттандыру, сана – сезімін ояту, рухани өмірін дамыта түсу мақсаттарында жазған хрестоматиясында  Ыбырай Алтынсарин орыс тіліндегі әртүрлі оқулықтардан сырттай үлгі алумен тынған жоқ. Осы іздену үстінде ол орыс мәдениетінің қазақ арасына енуіне  жол ашты: орыстың алдыңғы қатардағы жазушылары  мен үлкен ойшылдарының, ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерін қазақ даласына алып келді; оларды қазақ  тіліне аударып, дала өміріне сіңістірді.

         Ыбырай Алтынсарин И.Крыловтың  «Егіннің бастары», «Қарға мен  түлкі», «Қайырымды түлкі», Лев Толстойдан  «Полкан деген ит», «Силинші»,  И.И.Дмитриевтен «Екі шыбын», орыс  хрестоматияларынан, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан «Тәккаппаршылық», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Үш ұры», «Алтын шеттеуік», «Аурудан – аяған күштірек», «Әке мен бала», «Білгеннің пайдасы», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Жаман жолдас», «Мейірімді бала» сияқты көптеген шығармаларды аударды.

Бұл шығармалардың барлығы  да әрі қысқа, әрі көркем, баланың  жас ерекшелігі мен білім көлеміне сай, түсінуге жеңіл, тәрбиелік жағынан  шебер құрылған шығармалар.

Аударманың тарихи категория  екені мәлім. Халықтың мәдени өмірі мен рухани тілегінің өсуіне байланысты аударма да дамып отырады. Аудармаға қойылған белгілі бір  дәуірдегі талап, халықтың мәдени өмірі өсіп,

16

кемеліне келген екінші бір дәуірде  қоғам тілегін  қанағаттандыра алмауы мүмкін. Сондықтан әрбір аудармаға (демек, Ыбырай Алтынсариннің аудармаларына да) баға бергенде өз дәуірінің талап – тілек дәрежесі  тұрғысынан қарауға тиістіміз.

Аударманың алдына қоятын негізгі мақсаты – сол тілде  оқитын оқушыны басқа бір тілде  жазылған шығармамен таныстыру. Бұл таныстырудың өзі әр кезде әртүрлі мөлшерде болған. Әсіресе, өткен ғасырда, халықтардың мәдени дәрежесі әр сатыда тұрған кезде, аударманың «дәл шығу мөлшері аудармашының негізгі мақсаты мен мәтіннің өзіндік ерекшелігіне және аударманың қандай оқушыға арналуына байланысты болған». Соның нәтижесінде ХІХ ғасырда көптеген аудармашылар шығарманың оқушыға жақын, тартымды шығуына көбірек көңіл бөлді. Ыбырай Алтынсарин де осы принципті ұстады. Ол өз кезіндегі қазақ оқушыларының білім дәрежесі жағынан орыс оқушыларынан көп кейін екендігін ескермей кете алмады. Осының нәтижесінде ғана ол алғашқы кезде қазақ оқушылары үшін тәрбиелік күші басым, қысқа тартымды шығармалар пайдалы деп санады және осы мәндегі әрбір аудармалық шығарманың түсінікті, қарапайым түрде шығуын қадағалады. Бұл турасында хрестоматияның  алғы – сөзінде ол былай деп жазған еді: «Кітапқа енгізілетін әңгімелердің басым көпшілігі қазақтар рухында болуын көздедім. Сондықтан да ол үшін әңгімелерді таңдап алу аз қиындық келтірген жоқ. Әрбір жеке шығарма туралы жан – жақты ойлап қорытынды жасау қажет болды».

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин