Ыбырай Алтынсарин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 14:59, дипломная работа

Описание работы

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.

Содержание работы

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3-5


І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _6 - 12

Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –

педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _ _ _ _ _ __ _13 - 20


ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ

Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің

атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21 -30

Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын

оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _31 - 54


Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 55 - 56


Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 57 - 58

Файлы: 1 файл

Дип.-Ы.Алтынсарин-ұлы-Педагог-Ағартушы.doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

Ыбырай Алтынсариннің  білім дәрежесі жағынан өте төменгі  сатыда  тұрған қазақ оқушыларына  лайықты шығармалар іздеуі, басқа  тілдегі кейбір шығармаларды олардың  дүниетануы мен біліміне сәйкестендіріп аударуы дұрыс та еді. Ұлы сыншы В.Г.Белинский жастар үшін өзге тілден аударылған шығарманың оқушы өміріне жақын шығуын, оның дүниетанушылық ерекшелігіне  толық үндесуін талап еткен болатын. Мұнсыз аудармаларды ол өлі еңбек деп санаған еді.

17

Реакциялық бағыттағы педагогтердің еңбектерін аудармай, дүниежүзілік мәдениеттің көрнекті қайраткерлері мен белгілі педагогтерден аударма жасауы  Ыбырай Алтынсариннің айқын прогресшілдік бағытта болғандығын өз - өзінен – ақ дәлелдей алады.

Ыбырай Алтынсарин бұл ағартушылардың еңбектерін педагогикалық жұмысында да кеңінен пайдаланды. К.Д.Ушинскийдің жастарды  тәрбиелеудегі принциптерін Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында тұңғыш рет қолданды. Олар ағартушының аудармаларынан да анық байқалады.

Ыбырай Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухында тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары  арқылы Ыбырай Алтынсариннің  қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне  көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Оның аудармаларының негізгі  тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б. болды. Бұл мәселелер Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сыйпатын танытады.

Ыбырай Алтынсарин әр шығарманы  аударарда, ең алдымен, оның тәрбиелік  мәніне  ерекше көңіл бөлді. Аудармашының бұл талабын кез – келген әңгіменің көтеретін мәселесінен – ақ байқауға болады, Л.Н.Толстой мен И.И.Паульсонның әлсіз шығармаларын аударуда да Ыбырай Алтынсарин осы біржақты талаппен келіп, ол шығармалардың жалпы мәнін байқай алмады, өйткені  олар тәрбие мәселесін көтеруі жағынан  бағалы да болатын: оқушыны әділдікке, қарапайымдыққа, тапқырлыққа баулуды көздейтін. Ыбырай Алтынсарин бұл әңгімелердің осы қасиеттерін жоғары бағалап, оларды қазақ тіліне аударды.

Ыбырай Алтынсарин Л.Н.Толстойдың шығыс аңыздары мен ертегілері негізінде жазған әңгімелерін аударды. Ол бұл шығармалардың қазақ оқушылары үшін қай жағынан  да айрықша қиындық туғызбайтындығын ескерген тәрізді.

Ыбырай Алтынсарин аудармаларының  тақырыптарына қарап, олардың 

18

түп нұсқаларын табу қиын, өйткені ол көптеген аудармаларының тақырыбын   өзгертіп, өзінше алған. Оның  бұл  әрекеті шығарманың  тақырыбын оқушының  көңілін бірден аударарлықтай дәрежеге жеткізу талабынан туған және әңгіме идеясының тақырып арқылы айқын белгіленіп тұруын қадағалаған. Мысалы, ол И.И.Паульсонның хрестоматиясынан аударған «Вежливость украшает всякое состояние» деген әңгімені «Әдеп»,  «Первый русский гоф – малер»» әңгімесін «Талаптың пайдасы», «Сапожные гвозди» әңгімесін «Білгеннің пайдасы», «Два друга и медведь» әңгімесін «Ақымақ дос» деп алды т.б. Осы келтірілген түп нұсқалар мен аудармалардың тақырыптарына қарағанда, аудармалардағы тақырыптар әлдеқайда жеңіл және оқушысын тарта алатындай дәрежеде шыққан. Атап айтқанда, бірінші әңгіменің түп нұсқадағы тақырыбы тым ұзақ, шұбалаңқы, ал аудармада керісінше. Бірақ соның өзінде ол ұтымды, әңгіменің негізгі мәселесін дәл және тартымды жеткізіп тұр. Екінші әңгімеде түп нұсқа кейіпкердің атымен аталған, ал аударма әңгіменің идеясына байланысты аталған. Мұның себебі: аудармашының негізгі мақсаты – орыстың бірінші суретшісінің өмірін дәріптеу емес, оның зор талап арқылы үлкен нәтижеге жеткенін ғана айту, сол арқылы оқушыны талаптылыққа шақыру.

Ыбырай аудармалары  дала өміріне  қазақ жазба әдебиеті қалыптаспай тұрған кезде келіп, сол әдебиеттің тууына және идеялық жағынан нығая түсуіне жан – жақты әсерін тигізді. Қазақ жазба әдебиетінің алғашқы негізі болып саналатын Ыбырай Алтынсариннің  өз шығармаларының осы аудармалар арқылы, басқаша айтқанда, орыс әдебиетімен тікелей танысуының нәтижесінде туғандығы белгілі. Ол орыс әдебиетімен шығармашылық байланыс жасай  отырып, одан идеялық сабақ алды, аударма жасау үстінде өзінің жазушылық шеберлігін жетілдіре түсті, сөйтіп аударма    өнері  қазақ жазба   әдебиетінің   дамуына  әсер етті, яғни Ыбырай Алтынсариннің аудармаларынан қазақ жазба әдебитінің қалыптасуына орыс әдебиетінің тигізген зор көмегін көреміз.

19

Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абайдың орыс әдебиетімен жалпы шығармашылық қарым – қатынасы арқылы, көркем аудармалары арқылы қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің арасында көптен өмір сүріп келе жатқан дәстүрлі әдеби байланыс бар екенін көреміз. Мұның өзі ауыр күндерде қалыптасқан  халықтар арасындағы  тарихи достықтың бір сабағы  ретінде қаралуға тиіс және өз алдына зерттеуді қажет ететін мәселе, өйткені орыс  әдебиеті қазақ әдебиетіне тек Октябрь революциясынан кейін ғана ықпал етіп қойған жоқ, онан бұрын да тамаша әсерін тигізді, оның дамуына жағдай жасады. Сондықтан да бұл екі әдебиеттің арасында әлі толық зерттелмей  келе жатқан бір ғасырға жуық әдеби байланыс тарихы бар деп білеміз.

Ыбырай Алтынсариннің  аудармалары қазақ әдебиетінде  аударма өнерінің де өзіндік тарихы, өсу жолы барлығын танытады; олар бүгінгі өскелең аудармамыздың басқышы болып  саналады. Ыбырай Алтынсариннің аудармалары мен қазіргі аудармаларды салыстыра отырып, біз қазақтың тілі мен мәдениетінің, дүниетану парасатының дамығанын, сондай – ақ, аударма өнерінің  де тарихи санат (категория) ретінде өсіп, жетіліп келе жатқанын анықтап білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20

ІІ тарау     ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН

                       ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ

2.1. Ыбырай Алтынсарин  - ақын, жазушы, балалар 

                             әдебиетінің атасы.

              Ыбырай бір жағынан ақын болса, екінші жағынан халық ағарту майданында қызмет қылған. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жазған және сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушысы болған. Қазақ әдебиетін Европа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл, суретші ақын.

Ыбырайдың шығармаларының мәні сол замандағы орыс елінің өнерге, өнеркәсіптеріне аяқ басуы арқасында орыс оқығандарынан шыққан, жаңашылдардың әсерімен және қазақ даласына сауда капиталының, отаршылдықтың мықтап шеңгел салуының әсерімен Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Енді одан басқа жолдың жоқ екенін біледі. Онан соң Ыбырай қазақ елінің білім майданында тез ілгерілеуіне үлкен бөгет болатын сол заманда – ақ білген, араб әрпіне қарсы болған. Сондықтан қазақтың ана тілінде жазған оқу құралын орыс әрпімен жазған. Бұл ретте Ыбырайды  орыс миссионерлері пайдаланбақ болған, Ыбыраймен жақындасқан, Ыбырай олардан қашпай, оларды өзі пайдаланып жүрген, сондықтан қазақ ескішілдері оны «шоқынды» деп шығарған, талай өсектер таратқан.

Осы күнде кейбіреулер Ыбырайдың істерімен таныс болғандықтан, сол бұрынғы ескішілдердің таратқан өсектерінің қалдық – сарынымен Ыбырайдың заманында қазақ көпшілігіне кәдірсіз болған еді, -  деген сияқты теріс сөздерге малданатын тәрізді. Расында, оқуға талпына  бастаған қазақ жастарына Ыбырай айрықша болған адам. Жас буынға арнап шығарған Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылығын» жатқа білмеген оқушы болмаған.

 Ыбырайдың өмірі  мен ісіне көз жіберіп, оның  жұмыс еткен жағдайын еске  алсақ, таңқалмасқа болмайды. Ол  іске кіріскенде, сонау Торғай,

 

21

Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы  қазақ далаларында қараңғылықтың  қаймағы бұзылмай», мұрты кетілмей жатқан болатын. Татар молдалары  арқылы тағы басқа да жолдармен ел ішінде уын жая бастаған ислам  діні, оны таратушылардың «балаңды орысша оқуға берсең, шоқынып кетеді», - деп елді үркітуге барынша күш салды. Ыбырай, не Ыбырай тәрізділерді оқытып шығарғандағы миссионерлердің ойлаған ойы мен көздеген мақсаттары Ыбырайдың ойлаған мақсат, көздеген нысанасы мүлде басқаша болды. Олардың үстіне елдегі бай – феодалдармен тіпті өз туыстарымен де оның тілек – мүдделері қабыспады. Ыбырайды оқытқанда «әкесінің баласы болар», - деп олар үміт етуші еді. Ол армандары орындалмады. Оқып  білім алып, өз тізгінін өз қолына алған күннен бастап – ақ Ыбырай туыстарынан іргесін бөлек салды. Олардың күткен үміттерін үзіп кетті. Осы айтылғандардың бәрі де Ыбырайдың жолында бүк түсіп жатқан үлкен – үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең келген, көзқарасы бір серігі жоқ, ең қараңғылықтың жуан ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де,сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп, қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да , екіншісі халықтың ой – санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оның барлық іс  амалы мен бізге қалдырып кеткен мұраларына  көз жүгіртсек амалсыз осы қорытындыға келеміз. Өзінің алғашқы адымында – ақ ол мектептің рөлін бірінші орынға қойды.

1871 жылы отыз бірінші  август күні Н.И.Ильминскийге  жазған хатында жастарға дін  мектептерінің  басын қатырған  зияннан басқа ешбір пайда  берметінін, халықтың ілгері  дамуына бөгет жасайтындықтарын айта келіп:

«Қазақтардың білімге  қолын жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ 

 

22

даладағы мектептер  шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы  бола  алмай отыр, әйтсе де олардың  үміт күтері – мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты», - деді.

Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі  қарады. Қазақ ішінде мектептің, оған бала оқытудың пайдасын тез ұққандар да, баласын  орысша оқытатын мектептерге  беруден тартыныңқырағандар да болды. Тіпті үстем тап өкілдері феодалдардың өздері де бірыңғай болған жоқ. Ислам дініне берушілер және ескілікті берік сақтағысы келгендер ескі оқуды қолдады. Кейбіреулері өздерінше жаңаға  қарай бейімделіп, ел билеу үшін де орысша білу керек деп ұқты да, балаларын жаңа мектепке беруді мақұл көрді. Мұндайлар қазақтың әр губерния, әр үйездерінен де табылды. Бұлардың жерлері басқа болса да, аңсаған арман, көздеген мақсаттары бір болатын.

             Ата – аналары: «оқу - өнеріңмен  біз үшін қызмет ет» - десе, миссионерлер: «біліміңді патша үкіметінің ықпалын  қазаққа молырақ таратуға күш сал» десе, Ыбырай тәрізді халықтың адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу, ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке үндеу айтарлықтай тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.

           Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық  – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама –қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті.

          Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда  жұмыс істеді, талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар

 

23

орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:

          «Біз надан боп өсірдік,

            Иектегі сақалды,

           «Өнер  жігіт көркі» - деп,

           Ескермедік  мақалды.

           Біз  болмасақ сіз барсыз,

           Үміт  еткен достарым,

           Сіздерге  бердім батамды» - деді.

          Ыбырай қазақ жастарын оқуға  үндеумен қатар адамгершілікке, махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке, қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі  болып шығуға үндеді және жастарға бала кезінен бастап дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

            Балаға жастай дұрыс тәрбие  беру бүкіл дүниежүзіндегі педагог  – ғалымдардың ертеден бері  үлкен көңіл аударып, айрықша  көтерген мәселесінің бірі десек,  ХІХ ғасырдың екінші жартысында  қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі Ыбырай Алтынсарин.Бұл мәселе жөнінде ол көптеген педагогтердің, әсіресе орыстың алдыңғы саптағы ұлы педагог – ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Бунакаковтармен пікірлес болды.

          Соңғы  зерттеушілер (Ә.Дербісәлин) Алтынсариннің отыз бес аудармасының барлығын айқындатып және әңгімелерінің көпшілігі И.И.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке» хрестоматиясынан алынған да, басқалары К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово», Л.Н.Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан

24

алынғандығын анықтап  отыр.

          Бұлардың  көпшілігі дәл аудармалар да, бір қатары ерікті аудармалар. Кейбіреулері орысшадан тек тақырып,  сюжетін ғана алып, қазақтың өмірі  мен тұрмыс – салтына жақындатып, өзінше жазған деуге болады.

          Қалай  болғанда да жастарға дұрыс  тәрбие беру үшін олардың дүние  танушылық көзқарасын кеңейту  үшін «Қазақ хрестоматиясының»  тек өз кезі ғана емес, қазірдің  өзінде де мәні зор. Сондықтан  да ол талай жылдар, талай рет басылып, мектеп оқушыларына ұсынылып келеді. Бұл кітапқа енгізілген әңгімелер: еңбек сүюшілік, оқу, өнерге ұмтылушылық, Отанын – елін сүюшілік, талаптылық, жігерлік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық, тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез – құлыққа тәрбиелеуге керекті мәселелерді қамтиды. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, надандықты, сотқарлықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті. Мысалы:

Хрестоматияға енгізілген өлең, әңгімелердің балалардың жасына, сана – сезімдеріне лайықтыланып, педагогика ғылымының міндетті түрде тәрбиешілерден талап ететін әдіс мәселесінің берік сақталуы өз алдына, сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен: оқу, еңбек, талап, мейірімділік тағы басқа тақырыптарға арнаулы, қолға таяқ ұстатқандай әңгімелерді әдейі, саналы түрде таңдап алғандығын да көрмей кетуге болмайды.

           Кітаптың беташары оқуға шақырудан  басталып, оның әлеуметтік мәнін  түсіндіру болса, сонымен қатар  негізгі тақырыбының бірі –  еңбек.

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»  әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де өмір, тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете  келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», - дейді.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин