Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі заманда дау-дамайлар – күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр дау-дамайлық ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік – бұл аталған дау-дамайлар ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды».[3] Ішкі саясаттық күрес – көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы дау-дамайлар олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.
1.1. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары
1.2. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері

ІІ БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.
2.1. Студенттердің дау-дамайді қылықтарын алдын – алу мәселесі
2.2. Дау-дамай жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізі
2.3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік маңызы
2.4. Дау-дамай проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік
нұсқаулар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дип.-Кик¦лж¦__-проблемасы (1).doc

— 230.00 Кб (Скачать файл)

Б.з.д. 7-6ғ.ғ. Қытайлық ойшылдар тіршіліктің даму көзі әрқашанда күресте болатын жағымды (янь) және жағымсыз (инь) материялардың қарама-қатынастарында деп жазған. Жақсылық пен зұлымдық күрес тақырыбы мәдениет пен өнер туындыларында көрсетілген.[2]

Ежелгі Грекияда қарама-қарсылықтар және олардың заттың пайда болуындағы рөлі туралы философиялық көзқарастар туындады. Анаксимандр (б.э.д. 640-547ж.ж. шамасында) өзімен қарама-қарсылықтар туындататын бүтін материалды бастапқы «апейронның» тоқтамсыз қозғалысынан туындайды деді.

 Гераклит (б.з.д. 6ғ. аяғы-5ғ. басы) қозғалыстың себебін, заттардың және құбылыстардың қозғалысын қарама-қарсылықтың күресінен туындайтын қажетті заңды процесс ретінде себебін анықтауға тырысты. «Күрес бәріне қатысты және барлығы қажетінше күрес арқылы жүреді» деп жазды. Бұл кезеңде соғыс сияқты әлеуметтік дау-дамайларға қатысты ең алғашқы түсініктемелер  берілген.

Гераклит соғысты барлық тіршіліктің әкесі және патшасы деп қарастырса, ал Платон (б.э.д. 428-348ж.ж. шамасында) оны ұлы зұлымдық деп есептеді. Оның пікірінше, бір-біріне «мейіріммен қарап, бір-бірін жақсы көрген» «алтын ғасыр» өмір сүрген.

Гераклит пікіріне Геродот (б.э.д. 490-425ж.ж. шамасында) та қарсы пікір айтқан. Ол «бейбітшілікке соғысты қалайтын ешкім жоқ. Себебі, соғыста әкелер балаларын жерлесе, бейбітшілік уақытында – балалар әкелерін жерлейді» деген.

Философ-материалист Эпикур (б.э.д. 341-270ж.ж.) да қақтығыстардың негативті нәтижелері қашан да болса да адамдарды бейбіт өмір сүруіне алып келеді деп есептеген. Өткен заманның ойшылдары қоғамдық өмірдегі конфронтацияны түсіне, сол кезден бастап-ақ «адал» немесе «адал емес» зорлық-зомбылықтың өлшемдерін анықтауға тырысқан.

Сонымен қатар, Цицерон (б.э.д. 106-43ж.ж.) мемлекетке басып кірген жауды қуу үшін, әкелген зұлымдығы үшін кек қайтаратын «адал соғыс» туралы тезис құрды. Аврелий Августин Гиппонский Блаженный (345-430ж.ж.) Цицеронның шарттарына соғыс жүргізушінің «адал ниетін» қосты.

Орта ғасырларда Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) қоғамның өмірінде соғыстың болу мүмкіндігі туралы ойларын дамыта, «адал соғыстың тағы бір шартын анықтады: оған беделді компетенция қажет», яғни мемлекеттік басшылықтан санкция қажет деді. Бірақ сонда да, оның пікірінше, «соғыс және зорлық-зомбылық әрқашанда күнә» деп санады.

Әлеуметтік дау-дамайларды жүйелеп анализдеуге ең алғашқылардың бірі болып тырысқан Флорентиялық теоретик пен мемлекеттік қызметкер Николо Макиавелли (1469-1527ж.ж.) болды. Оның концепциясының құндылығы қоғамдық дамудың қайнар көзіне сол кезде басшы болған көзқарастардың қайтуында. Ортағасырдың теоретигі дау-дамайды әмбебап құбылыс деп санады. Ол дау-дамайда тек жоюшы қасиет емес, сонымен қатар құрушы қасиетті көрді.

Эрази Роттердамский (1469-1536ж.ж.) «соғыс оны көрмеген, білмейтіндерге тәтті» деп санады және басталған дау-дамай бір-біріне жалғасқан реакция секілді, өзінің әсер ету орбитасына басқа да жаңа тіршілік қабаттарын және мемлекетті қамтып өсетінін айтты.

Гуго Гроций (1548-1645ж.ж.) екі жақ өзінің растығына сенімді, екі суверенді мемлекеттердің арасындағы соғыс мүмкіндігін айтты. Оның пікірлері кейінгі нейтралитет мағынасына негіз салды.

Дау-дамайлардың табиғатына қатысты қызықты пікірлерді ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1626ж.ж.) айтып кеткен. Ол ең алғашқы болып мемлекет ішіндегі әлеуметтік дау-дамайлардың себеп жүйесін теориялық анализге негіздеді.

Томас Гоббс (1599-1679ж.ж.) «Левиафанда» «барлығына қарсы соғыс» концепциясын табиғи жағдай ретінде негіздеді. Ол дау-дамайдың ең негізгі себебі деп ләззат алу үшін және өзін-өзі сақтап қалу үшін қажетті бір объектілерге иелену мен адамдарда бірдей үміттің пайда болуына әкелетін теңдікке ұмтылыс деп көрсетті. Ал ол өзінде адамдарды дұшпанға дейін айналдырып, араларында бәсекелестік, сенімсіздік тудырады.

Жаңа заманда Жан-Жак Руссоның (1712-1778ж.ж.) дүниелік тарихи процесстің сатылығы туралы идеялары бәріне мәлім болған. Оның пікірінше, алғашында адамдар дербес және тең «табиғи жағдайда» өмір сүреді, содан соң өркениеттің дамуы адамдардың теңдік, бостандық және бақыт жағдайын жоғалтуға әкеп соқтырады. «Қоғамдық келісім шарт» құрып, адамдар қоғамдық қатынастарда жоғалтқан үйлесімін, «мәңгілік бейбіт өмірін» және келісімін қайта иеленеді. Жан-Жак Руссоның пікірінше, қоғамдық келісім халықтың қатыгез қадағалауымен ғана мүмкін, себебі министрлер мейірімді ерік көрсетпейді. Сондықтан да, тірліктің барлығы сұрауда емес, тайынбай қажет етуде.

Алғашқы рет дау-дамай көпдеңгейлі әлеуметтік құбылыс ретінде Адам Смиттің (1723-1790ж.ж.) «Табиғат және халықтың байлығының себебі туралы» еңбегінде қарастырылған. Дау-дамай негізінде қоғамды кластарға бөлу (капиталистер, жер жекеменшіктері, жалдамшы жұмыскерлер) және экономикалық бәсекелестік жатыр деп есептеді.

Неміс ғалымы Георг Гегельдің (1770-1831ж.ж.) пікірінше, дау-дамайдың негізгі себебін, бірінші жағынан «байлықтың жинақталуының» арасындағы, екінші жағынан «еңбекке жақын класс» арасындағы әлеуметтік поляризациясында деп көрсеткен. Мемлекеттік басшылықтың жағында болған Гегель мемлекеттік бірлікті қарастырушы мемлекет ішінде тәртіпсіздікке қарсы шықты. Оның пікірінше, мемлекет бүкіл қоғамның қызығушылығын қарастырып, дау-дамайларды реттеуге міндетті деп санады.

Тіршілік үшін күрес мәселесі ағылшын биологы Чарльз Дарвиннің (1809-1902ж.ж.) ілімінде маңызды орын алды. Оның биологиялық эволюция теориясының мазмұны 1859 жылы басылып шыққан «Тұқым түрлерінің табиғи жолмен сұрыпталу арқылы пайда болуы, немесе тіршілік үшін күресте түрлерін сақтап қалуы» атты еңбегінде берілген. Бұл еңбектің басты идеясы өзінің атауында анық айтылған, яғни бейімделген тұқым түрлерінің сұрыпталуының табиғи механизмін құрайтын, тіршілік үшін күресте жүзеге асырылатын тірі табиғаттың дамуы. Ары қарай Ч.Дарвиннің көзқарастары дау-дамайдың әлеуметтік және психологиялық теорияда дамыды.[8]

Сонымен, ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейін дау-дамай мәселесіне өзара екі көзқарас қақтығысады.

Бірінші көзқарас ежелгі гректік философиядан (Аристотель мен Платон) бастауын алады: дау-дамай – қарсыластық, зұлымдық, яғни адамдар арасындағы қарым-қатынас дау-дамайлы болмауы қажет. Адалдық пен құқық барлық адамдарға табиғаттан тән.

Екінші көзқарасты қоғам – бұл «барлығының бәріне қарсы соғысы» деп санайтын Томас Гоббс айтқан. Оның пікірінше, «табиғат адамдарды физикалық және ақылдылық қабілеттігі жағынан теңдей қылып жаратты», бірақ адамдардың табиғаттан алған мұндай теңдігі өздігімен жақсы емес деп санаған.

Адамдарды және қоғамды қатыстыру сұрағын түсінудің екі дәстүрін салыстыруды түйіндей келе, аристотельдік позиция адамның бойында табиғаттан берілген қоғамдық бастауды, оның басқа адамдармен бірлесіп әрекет ететіндігін сызып көрсетеді. Табиғи адамдық қасиетке ие бола отырып, ары қарайғы  түсініктеме беруді қажет етпейді. Керісінше, қоғамдық өмірдің белгілі формалары адамдардың бірлесіп әрекет етуімен бірлесіп өмір сүруге деген осы ұмтылысымен түсіндіріледі.

Гоббстың қарастырған қарама-қарсы позициясы адамды индивид ретінде, оны қоршаған басқа адамдар оның өмір сүру ортасы, серігі немесе дұшпаны болып, өзінің идеяларын және мәселелерін өзі құрап, өзінің басқа адамдармен байланысы мен қарым-қатынасын мақсатына жету үшін қолдануға ұмтылатын индивид ретінде қарастырды.

Бақылаушы позицияға байланысты дау-дамайды түсіну әртүрлі жолдармен жүрді. Адамдар бірлесіп әрекет етуге қабілетті деген пікірден, олар зұлымдыққа, жек көрушілікке, зорлық-зомбылыққа қабілетті емес деп түсінуге болмайды. Тарихи тәжірибе кері байланысты көрсетеді. Аристотель мен Платонның еңбектерінде дау-дамайдың маңызды қайнар көздері – адамдардың жекеменшіктік теңсіздіктерінде және оларға көрсететін құрметтің теңсіздігінде деп көрсетілген. Мұндай теңсіздіктер өзара көре алмаушылыққа алып келеді, сонымен қатар Аристотель айтқандай: «дау-дамайдың себептері болып, сонымен бірге қорқыныш, өзімшілдік, жақтырмаушылық, тіптен өзін жоғары ұстау; екінші жағынан жағымсыз қарым-қатынас, беделін төмендетіп кемсіту, мінездерінің әртүрлілігі»-деп көрсеткен.

Ал қоғамды «бәріне қарсы күрес» ретінде түсінігінде, дау-дамайлар адамдардың табиғаты арқылы және ең басты адамдардың табиғи теңдігімен түсіндірілген. Егер де олардың қабілеттіліктері тең болса, онда олардың қажеттіліктері де бірдей. Ал олардың қажеттілік объектілері бір уақытта бәріне тән болмағандықтан, олардың қарым-қатынасына дау-дамай де тән болады. Бұл адамдар бірлесіп әрекет етуге қабілетті дегенді білдірмейді. Бірақ бірлесіп әрекет етуді олар табиғи қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін емес, керісінше қоғамдық келісімнің бұзуына байланысты алатын жазадан қорқуынан жүзеге асырады.[2]

             Дау-дамай мәселесін дамыта зерттеп, маңызды үлесін қосқан неміс әлеуметтанушылар Карл Маркс пен Георг Зиммельдің орны ерекше.[9] Маркстік-лениндік бағыттың ұстанушылары өткір қарама-қарсылықтар коммунизмнің бірінші фазасы социолизмде тоқтатылады деп есептеген.[8]

             Әлеуметтік  өзгерістер мен төңкерісшілдік сатыдағы дау-дамай моделін дамыта келе, Маркс қазіргі заманғы әлеуметтік теорияға әсер ететін әлеуметтік ұйымның бейнесін құрды. Маркс қарапайым мүмкіндік пікірден бастайды: экономикалық ұйым, әсіресе жекеменшік, айналадағы қоғамның ұйымын анықтайды деп түсіндірді. Әлеуметтік жүйеде қалыптасқан әлеуметтік құндылықтар, сенімдер, діндік догмалар мен басқа да пікірлер қоғамның экономикалық базисінің бейнесі болып табылады дей келе, ол қосымша мүмкіндік пікір енгізді: коммунистік қоғамды санамағандағы кезкелген қоғамның экономикалық ұйымы төнкерістік дау-дамай тудыратын күшке ие деп түсіндірді. Мұндай төнкерісшілдік сатыдағы дау-дамай белгілі бір дәуірде пайда болып, диалектикалық ерекшеліктерге ие. Бұдан үшінші мүмкіндік пікір анықталады: мұнда дау-дамайдың екі полюсі бар, анықталған экономикалық жағдайда құрылған эксплуативті саты, өзіндік сатысын басқарушы басшылыққа қарсы шығатын төнкерісшілдік-саяси ұйымдағы өзінің нағыз қызығушылығын сезіне бастайды.

Біздің заманымызда дау-дамайге деген көзқарас аз өзгерген. Бізжің елімізде Алматы қаласында «Конфликтология» орталығы жұмысын атқарады. Олар дау-дамайге түрлі ғылыми түрлі ғылыми проекттер, конференциялар, оқыту семинарларын халықаралық деңгейде өткізіп тұрады. Дау-дамай деген бұл мәселе қазір дербес бір ғылым ретінде (шиеленістану (конфликтология)) бөлінсе де, қоғам туралы ғылым әлеуметтануда зерттелінеді. Бұған деген объективті себептер бар: ересек те дербес жеке тұлға бола отырып, адам өзінің қызығушылықтарының басқа адамдардың қызығушылықтарынан ерекшеленетінін сезінеді. Не болса да ол қоғамға әрқашанда тәуелді болып қалады. Бірақ көптеген маңызды сұрақтарда ол басқа адамдарға қарсы келеді. Сонымен қатар, көбінесе оның қызығушылықтары басқа адамдардың қызығушылықтырына сәйкес келмейді. Олардың қызығушылықтары көбінесе өзгермелі болып келеді. Мысалы, бір топ жасты балаларды белгілі бір уақыт аралығында біріктірген қызығушылық объектісі біріктіретін күш пен ортақ қызығушылық ретінде қасиетін жоғалтуы мүмкін. Олардың араларында бәсекелестік, конкуренция, қарсыластық, позицияларының сыйыспауы, т.б. қарым-қатынастар орнайды. Басқа сөзбен айтқанда дау-дамай пайда болады. Мұны олар нормалы әлеуметтік қарым-қатынас деп түсінуі қажет.

Сонымен, қазіргі заманғы әлеуметтануда дау-дамайдер қоғамдық өмірдің нормалы құбылысы ретінде анықталады; дау-дамайнің дамуы және анықталуы көптеген ғылымдардың мәселесі болып табылады. Қоғам, жеке азаматтар дау-дамайге және дау-дамайдік жағдайларға көзін жұмбай, олардан қорғану және дау-дамайдерді реттеуге бағытталған белгілі бір ережелермен әрекет етсе, эффективті нәтижелерге жете алады.[2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктері  

Дау-дамайдік жағдайға түскенде оны эффективті анықтау және шешу үшін дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стилін, дау-дамайге түскен басқа адамдардың стильдерін, сонымен бірге дау-дамайнің табиғатын анықтап алу қажет.

Дау-дамайді шешудің бес негізгі стильдері бар. Олар Томас-Килменн әдісі деп аталатын жүйенің негізіне салынған бағдарламаларда бейнеленген және кеңінен қолданылған ( 1972 жылы Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнмен өңделген). Жүйе әрбір адамға дау-дамай жағдайы барысында өзінің жеке мінез-құлық стилін анықтауға көмектеседі. Дау-дамай жағдайына байланысты көрсететін мінез-құлықтың негізгі стильдері, екі немесе одан да көп дау-дамайдесуші жақтардың қызығышылықтарының сәйкес келмеуінен пайда болатын кезкелген дау-дамайнің жалпы себебімен тығыз байланысты.[12]

Сіздің белгілі бір дау-дамай жағдайдағы көрсететін мінез-құлық стиліңіз өзіңіздің жеке бастық қызығушылықтарыңызды (белсенді немесе енжарлы әрекет ете) және екінші жақтың қызығушылықтарын (бірігіп немесе жеке әрекет ете) қанағаттандыру шегімен анықталады. Егер де графикалық түрде бейнелейтін болсақ, онда дау-дамайді шешетін бес негізгі стильдердің әрқайсысының атауын және алатын орнын анықтайтын Томас-Килменн торын аламыз.

                                                                                                         3-кесте

Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерін анықтайтын Томас-Килменн торы

 

 

Өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысатын іс-әрекетіңіз

Қарсыластық стилі

----------

Бірлестік стилі

 

Белсенді әрекеттер

----------

Компромисс стилі

---------

Дау-дамайнен кетіп қалу стилі

 

-----------

Бейімделу стилі

Енжарлы әрекеттер

Жеке әрекеттесу

 

Бірігіп әрекеттесу

Информация о работе Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі