Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі заманда дау-дамайлар – күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр дау-дамайлық ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік – бұл аталған дау-дамайлар ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды».[3] Ішкі саясаттық күрес – көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы дау-дамайлар олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады.

Содержание работы

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.
1.1. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары
1.2. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері

ІІ БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.
2.1. Студенттердің дау-дамайді қылықтарын алдын – алу мәселесі
2.2. Дау-дамай жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізі
2.3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік маңызы
2.4. Дау-дамай проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік
нұсқаулар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дип.-Кик¦лж¦__-проблемасы (1).doc

— 230.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

Бұл тор өзіңіздің және кезкелген басқа адамның стилін анықтауға көмектеседі. Алдымен белсенді және енжарлы әрекеттер деп белгілеп қойған жақтан бастаңыз. Егер сіздің реакцияңыз енжарлы болса, онда сіз дау-дамайнен шығуға тырысасыз; ал егер де белсенді болса, онда сіз оны шешуге талпынасыз. Мұндай бағалауды өзіңізге және дау-дамайдесуші екінші жаққа да қолдансаңыз болады. Тордың жоғарғы жағы бірігіп әрекеттесуге жатады. Егер де сіз бірігіп әрекеттесуді қаласаңыз, онда сіз дау-дамайді дау-дамайдесуші адаммен немесе дау-дамайге қатысушы адамдар тобымен бірігіп шешуге тырысасыз. Ал жеке әрекеттесуді қаласаңыз, онда мәселені шешудің өз жолын іздейсіз.

Тордың екі бөлігін біріктіргенде, ортасындағы компромисс стилімен қоса бес стильден тұратын матрицаны аласыз. Ол бірдей деңгейде кооперативті және индивидуалды, сонымен бірге енжарлы және белсенді мінез-құлықты қамтиды. Егер де әртүрлі стильдерге мұқият қарасаңыз, әдетте өзіңіздің дау-дамай жағдайларда қолданатын стильді тануыңыз мүмкін; сонымен қатар сізбен байланысты адамдардың әдетте қолданатын стильдерін де анықтай аласыз. Бірақ белгілі бір жағдайда сіз басқа стильді қалауыңыз мүмкін. Әрбір адам қандай да бір деңгейде осы стильдердің барлығын қолдануы мүмкін, бірақ әдетте әрбір адам приоритеттісін қолданады. Төменде аталған стильдердің бәріне қысқаша сипаттама берілген және соңында олардың әрқайсысын қолдану тәсілдері көрсетілген.

 

                                      Қарсыластық стилі

Тор көрсеткендей, қарсыластық стилін қолданатын адам белсенді болады және дау-дамайді өзінің жеке жолымен шешуді қалайды. Оны басқа адамдармен бірлесіп әрекеттесу онша қызықтырмайды, бірақ ерікті шешім қабылдауға қабілетті. Мұндай адамдардың пікірі: «Мені басқалар не ойлайтыны қызықтырмайды. Мен оларға мәселені шешудің өзімнің жолын дәлелдеймін». Немесе, Томас пен Килменн процесінің динамикасы бойынша, сіз бірінші кезекте өзіңіздің мәселе шешімін басқаларға қабылдатқызып, басқалардың қызығушылықтарына кері әсерін тигізіп, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысасыз. Мақсатқа жету үшін еріктік сапаларыңызды қолданасыз: егер ерігіңіз жеткіліктідей күшті болса, онда мақсатыңызға жетесіз.[13]

Мұндай тәсілді қолдану бір адамның жүз пайыз ұтуына, ал екіншісінің нөл пайыз ұтуына алып келеді. Ұтқаны сонымен қатар өзін кінәлі сезінсе, ал жеңілгені ренжіп қалуы мүмкін. Мысалы, екі адам бір уақытта теледидардан екі түрлі бағдарламаны көргісі келеді. Өмірдегі кездесетін қарапайым жағдай. Біріншісі пультті алып: «Мен өз футболымды көремін, және мені сенің проблемаң қызықтырмайды» дейді. Ол өмір бойы емес, бірақ қазіргі жағдайда ұтты. Ал егер екіншісі оның бүгінгі әрекетінен сасқалақтап қалса, онда ертең ол мұндайға одан да күштірек қарсыласуға дайын болады. Егер біріншісі екіншісінен күштірек анық болса да, сонда да екіншісі қарсыласуы мүмкін. Мысалы, келесі де екіншісі теледидардың пультін тығып қоюы мүмкін немесе бір нәрсені сындыруы мүмкін, т.б. Сонымен мінез-құлықтың мұндай тәсілі ұзақ уақытты перспективада тек теріс нәтижелерден тұрады.[14]

Мұндай стильді қолдану сіз үшін белгілі бір беделге, басшылыққа ие болғанда ғана эффективті болады; сіз шешіміңізді немесе берілген жағдайға дұрыс келуіңізді түсінгенде ғана бас тартпай шешіміңізді дәлелдеуге мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, сонда да бұл стиль жекелік қарым-қатынаста қолданатын стиль емес; адамдармен жақсы қарым-қатынасыңызды сақтап қалғыңыз келсе, қарсыластық стилі оларда жағымсыз сезім тудыруы мүмкін.

Бұл стильді қолдануға болатын жағдайлардың мысалдары:

  • нәтижесі сіз үшін өте маңызды болғанда;
  • шешім қабылдау үшін сіз жеткілікті беделдісіз және сіздің ұсынған шешіміңіз сол жағдайға байланысты ең жақсы шешім;
  • шешімді тез қабылдау қажет және ол үшін сіздің беделіңіз жеткілікті болғанда;
  • сіз үшін жылдам әрекет етуді қажет ететін критикалық жағдайда;
  • шешімнің басқа жолы жоқ екенін сезінгенде;

Сіз бұл стильді қолданғанда әйгілі болмауыңыз мүмкін, бірақ шешіміңіз нәтижелі болса, жақтастар жаулап алуыңыз мүмкін. Бірақ сіздің негізгі мақсатыңыз болып, басқалармен жақсы қарым-қатынас құру болса, онда бұл стильді қолданудың қажеті жоқ; бұл стильді негізінде сіз ұсынған мәселе шешімі сіз үшін өте маңызды болғанда, оны жүзеге асыру үшін жылдам әрекет ету қажет екендігін сезінгенде және жеткілікті бедел мен ерікті болып жеңіске сенгенде қолданған дұрыс.

 

Дау-дамайнен кетіп қалу стилі (уклонения, избегание)

Дау-дамай жағдайына байланысты бес негізгі мінез-құлық стильдерінің екіншісі, дау-дамай барысында өзіңіздің құқығыңызды қорғамай, мәселені шешу үшін ешкіммен бірлеспей немесе дау-дамайді шешуден аяқ тартқан кезде жүзеге асады. Бұл стильді сізге қатысты мәселе сіз үшін онша маңызды болмағанда, бұл мәселені шешуге уақытыңызды, күшіңізді жоғалтқыңыз келмегенде немесе өзіңізді сенімсіз жағдайда екеңізді сезінгенде қолдануға болады. Сонымен қатар өзіңіздің қателігіңізді және басқаның дұрыстығын сезінгенде немесе дау-дамайдесушінің беделі жоғары екенін білгенде бұл тәсілді қолданған дұрыс. Мұның барлығы - өзіңіздің жеке позицияңызды жақтаудың себептері. Сіз тақырыпты өзгертіп жіберуіңізге, бөлмеден шығып кетуіңізге немесе дау-дамайді жоятын немесе кейінге қалдырып қоятын т.б. әрекеттер істеуіңізге болады. Сіздің пікіріңізше: «Мен мұнымен қазір айналыспаймын». Қысқаша айтқанда, сіз өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды және басқа адамның қызығушылықтарын қанағаттандыруға талпынбайсыз. Оның орнына көптеген әрекеттер арқылы дау-дамайді кейінге қалдырып, оны шешудің жауапкершілігін басқаның мойнына артып, оны өршіте, мәселеден кетіп қалуға тырысасыз.[13]

Жоғарыда айтып кеткендей, мұндай адам дау-дамайнен қашып, кезкелген жағдайларда ештеңе болмағандай қасиет көрсетеді; мұндай адам өзін тіпті дау-дамайге түспейтін, дау-дамайді адам емеспін деп жиі айтады.

Бірақ шындығына келгенде, мұндай тәсілді қарапайым өмірлік мысалда қарастырсақ, онда біз тіпті басқа суретті аламыз. Дау-дамайнен кетіп қала беру нәтижесінде, оған қатысушылардың бойына жағымсыз сезім жинала береді екен. Мұны теледидар мысалында қарастырайық. Біреуі футбол көргісі келгенін, екіншісі өзінің сүйікті фильмін көргісі келгенін айтады. Осыдан екеуі де үндемей қалады. Егер де екеуі де дау-дамайнен кетіп қалу принципін ұстанатын болса, мұндай жағдайда қалай әрекет ететіні түсінікті – теледидарды өшіріп, сөнген экранға қарап отыру. Әрине, өмірде басқаша болуы мүмкін. Мысалы, екеуі де барып өздерінің жұмыстарымен айналысады, немесе басқа бір үшінші бағдарламаны қояды және т.б. Бірақ ситуацияның мазмұны бұрынғыдай қалады: екеуі де қалағандарына жете алмайды. Әрине, олар бір-бірі туралы «егер ол болмағанда, мен тыныш қана өзімнің бағдарламамды көретін едім...» деп ойлайды. Егер де осындай жағдай тағы да бірнеше рет қайталанса, онда бұл жағдай әйтеуір бір уақытта біріншісі теледидар көремін дегенде, екіншісіне қажет болмаса да жауабына өзінің басқа бағдарламаны көретінін айтып қарсы шығуына алып келеді. Бұл сұрақ принципиалды сұраққа айналып кетті.[14]

Сондықтан да қиын адаммен араласуыңызға міндетті кезде және онымен контактілесуді жалғастыруға себеп жоқ кезде дау-дамайнен кетіп қалу стилін қолдану қолайлы. Мұндай тәсілді сонымен қатар шешім қабылдау барысында қалай әрекет етуді білмеген кезде және бұл шешімді қабылдау қажет еместігін білгенде нәтижелі болады.

Төменде дау-дамайнен кетіп қалу стилін қолдануға қолайлы, қарапайым ситуациялар берілген:

  • нәтижесі сіз үшін маңызды болмағандықтан, шешіміне күш салғыңыз келмейді;
  • күніңіз қиын өткендіктен, бұл мәселенің шешіміне қосымша жағымсыз сезімдер әкелетіндіктен күш салғыңыз келмейді;
  • дау-дамайнің шешімін сіз өз пайдаңызға шешуге мүмкіндігіңіз жоқ немесе шеше алмайтындығыңызды сезінгенде;
  • сіз біреудің көмегін сұрау үшін немесе қосымша ақпарат алу үшін уақытты созғыңыз келеді;
  • дау-дамайдік жағдай өте күрделі болғандықтан, дау-дамайнің шешімі сізден көп нәрсені сұрайды;
  • бұл мәселені шешуде басқалардың мүмкіндіктері мол екендігін сезінгенде;
  • дау-дамайді шешу үшін сіздің беделіңіз аз болғанда;
  • дәл сол уақытта мәселені шешу өте қауіпті, себебі дау-дамайді анықтап, ашық талқылау жағдайды тек өршітіп жібереді;

Көп адамдар дау-дамайнен кетіп қалу стилін мәселеден және жауапкершіліктен «қашып кету» деп санағанына қарамастан, негізінде дау-дамайнен кетіп қалу немесе шешімін біраз уақытқа қалдырып қою тәсілі дау-дамайдік жағдайға конструктивті және сай реакция болуы мүмкін. Егер де сіз тақырыпты ауыстырып, шешуден қашып немесе зейінді басқа жаққа аударсаңыз, онда дау-дамай өзімен өзі шешіледі. Егер керісінше болса, онда сіз кешірек дау-дамайді шегуге дайын болғаныңызда әрекет етсеңіз болады.

 

 

 

Бейімделушілік стилі (приспособления)

Үшінші стиль бейімделушілік стилі болып табылады. Бұл стиль өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдемей, басқа адаммен біріге әрекеттесетіңізді анықтайды. Бұл стильді мәселенің шешімі сіз үшін емес, екінші адам үшін өте маңызды болғанда қолдансаңыз болады. Сонымен қатар басқа адамның беделі жоғары болғандықтан, дау-дамайді өзіңіздің пайдаңызға шеше алмайтындығыңызды сезінгенде, сіз аяқ тартып, оппоненттің қалауымен келіссеңіз пайдалы болады. Томас пен Килменн пікірінше, сіз мұндай стильде басқа адамның пайдасына өзіңіздің қызығушылықтарыңызды құрбан етесіз. Сондықтан да, бұл стильді қолданғанда өзіңіздің қызығушылықтарыңызды бір шетке ысырып қоясыз, бірақ мұндай әрекетті мәселенің шешімі сіз үшін онша маңызды емес кезде жүзеге асырған жөн. Бұл әрекет басқа адамның қалауына қатысты өзіңізді комфортты сезінуіңізге мүмкіндік береді. Бірақ ренжіп тұрсаңыз, басқа адамға бейімделе алмайсыз. Егер де өзіңіз үшін бір маңызды нәрсені құрбан етсеңіз, сонымен қатар қанағаттанбаушылық сезінсеңіз, онда мұндай жағдайда бұл стильді қолданудың қажеті жоқ. Сонымен қатар басқа адам өз кезегінде сізге де бейімделмей және сіздің жасаған әрекетіңізді бағаламаса қолданудың қажеті жоқ. Мұндай стильді кішкене жол бере отырып, аз жоғалтатыңызды сезінгенде қолданған жөн. Немесе мұндай стратегияға жағдайды уақытша жұмсартып алу қажет болғанда қолданып, кейінірек бұл сұраққа қайта оралып, өз позицияңызды қорғасаңыз болады.

Бейімделу стилі дау-дамайнен кетіп қалу стиліне аздап ұқсайды, себебі мәселені шешуді уақытша қалдырып қоюға көмектеседі. Бірақ негізгі айырмашылығы болып, сіз басқа адаммен бірлесіп әрекеттесесіз; сіз ситуацияға қатысып, екіншісінің қалауына келісесіз. Ал дау-дамайнен кетіп қалу стилін қолданғанда, сіз басқа адамның қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін ешқандай әрекет жасамайсыз. Сіз әншейін проблеманы өзіңізден шетке қарай ысырып тастайсыз.

Міне, төменде бейімдеушік стилін қолдануға қолайлы болатын сәйкес ситуациялар берілген:

  • сізді болып жатқан дау-дамайдік жағдай онша толқындырмайды;
  • сіз басқа адамдармен мейірімді және бейбіт қарым-қатынасыңызды сақтап қалғыңыз келеді;
  • өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дұрыс екендігін дәлелдегенше, сіз үшін біреумен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу маңызды;
  • басқа адам үшін нәтижесі сізге қарағанда маңыздырақ екендігін сезінгенде;
  • шындық сіздің жағыңызда еместігін түсінгенде;
  • сіздің беделіңіз аз немесе жеңіске жету мүмкіндігіңіз шамалы;

Басқа адамның пайдасына өзіңіздің қызығушылықтарыңызды құрбан ете немесе келісе, сіз дау-дамайдік жағдайды жұмсартып, үйлесімдік орнатуыңыз мүмкін. Өзіңіз үшін қолайлы деп ойлап, нәтижесімен болашақта қанағаттануыңыз мүмкін, немесе кейінірек өзіңізге қолайлы шешімге жету үшін осы тынышталған кезеңді уақыт созу үшін қолдануыңызға болады.[12]

 

Бірлесіп әрекеттесу стилі

Негізгі стильдердің төртіншісі бірлесіп әрекеттесу стилі болып табылады. Бұл стиль бойынша, сіз дау-дамайді шешуге белсенді қатысасыз. Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды дәлелдей отыра, басқа адаммен бірлесіп әрекеттесуге тырысасыз. Дау-дамайдерді шешудің басқа стильдеріне қарағанда бұл стиль жалғастыруға міндетті жұмысты қажет етеді. Себебі, сіз алдымен екі жақтың да қажеттіліктерін, қызығушылықтарын анық ашып, содан кейін ғана оларды талқылайсыз. Бірақ сіздің уақытыңыз жеткілікті және мәселенің шешімі сіз үшін маңызды болса, онда бұл стиль барлық жақтың қызығушылықтарын қанағаттандырудың және екі жаққа да нәтижелі шешім іздеудің жақсы тәсілі болып табылады.[13]

Бұл нұсқамен әрекеттескен екі жақ та жүз пайызбен немесе жүз елу пайызбен ұту мүмкіндігімен жақсы. Мысалы, біреуінің екіншісіне қарым-қатынасы жақсы болғандықтан, оған ешнәрсе міндетті болмағандықтан өз еркімен келісе салды. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарын сақтап қалды және одан да жақсырақ әрекет жасады. Және де жақсы адамға жақсылық жасау қандай жақсы. Басқа мысал: екеуі де теледидар алдында отырып, бір уақытта екі түрлі арна көрудің мүмкін еместігін сезінді. Біреуі: «жүр, одан да қонаққа, театрға немесе кафеге барайық»,-деп ұсынды. Мұндай нәрсе жоспарда болмағандықтан ұтыс жақсы шешім болды, ал идея конструктивті дау-дамай барысында пайда болды. Адамдар теледидар көруден гөрі көп пайда алып, қарым-қатынастарын жақсарта білді. Әрине, сіз үшін бұдан да күрделі ситуациялардан шығу оңай болмас, бұл қазірше жақсы нәтижеге кепіл болатынжалғыз тәсіл болып табылады.[14]

Сонымен қатар бұл стиль екі жақтың әртүрлі жасырын қажеттіліктері болған жағдайда өте нәтижелі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қанағаттанбаушылықтың қайнар көзін анықтау қиынға түседі. Алғашында дау-дамайнің себебі болып табылатын екі жақ та бір нәрсені қалауы немесе алыс болашақта қарама-қарсы мақсатты болуы мүмкін. Бірақ дау-дамай жағдайының шынайы себептері болып анықталған даудағы сыртқы декларациялар мен позициялардың, қызығушылықтардың және қажеттіліктердің арасында айырмашылықтар бар.

Мысалы, жұмыс орнындағы жұмысшының баяулы әрекеті дау-дамай себебі болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның баяулығы өзінің жұмысымен қанағаттанбаушылық (оған деген жеткіліксіз құрметшілдік, жауапкершілік) себебі болып табылатын одан да терең дау-дамайді жасырып жатуы мүмкін. Оның сыртқы қасиеттеріне ғана әрекет етсе, мәселенің түбі қалғандықтан төмен нәтижелі сыртқы косметикалық ремонт секілді болып қалады. Адам баяулы болмағанмен, мұнда оның пікірі бойынша жұмысы аз төленетіндіктен және оны жеткіліксіз бағалайтындықтан, жұмыс орнын жеке мақсаттарда қолданып, қосымша үзілістер жасап, санасыз саботажға барады. Және бұл ол үшін қандай да бір компенсация алудың бір тәсілі болады. Ал бірлесіп әрекеттесу стилі әр адамды оны қалауларымен қажеттіліктерін ашық талқылауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген мысалдағы қызметкер өзін жоғары бағалауын қажет ететіндігі туралы ашық та тура  айтуы мүмкін. Егер де оның басшысы мұндай қажеттіліктерін түсініп, қызметкерімен келіссе, мұның нәтижесінде қызметкердің баяулық мәселесі шешіліп, өзін жұмысқа үлкен жауапкершілікпен арнай бастайды. Міне, баяулықтың бұл мәселесі қосымша нәтижелі эффектпен шешілді.

Информация о работе Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі