Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.

Содержание работы

Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57

Файлы: 1 файл

Астық сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары (2).doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Атмосфералық  жағдайлардың  тәулік,   ай,   жыл   бойы   өзгеруіне байланысты (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы өзгереді),  астықтың ылғалдылығы да түрақсызданады.   Ылғалдылығы артқанда астық сапасының төмендеуін болдырмау үшін бұл өзгерістерді білген жөн  және  болжай  білу қажет.  Астық  сатушылардан астық қабылдағанда, сонымен бірге сақтағаңда және өңдегенде тәуліктік астықтың ылғалдылығына бақылау жасау, шығындарды болдырмаудың алғы шарты.

1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау  қасиеттері

 

Бұлар туралы түсінік астық массасын сақтағанда, кептіргенде, белсенді желдеткенде болатын жылу алмасу құбылыстарын түсіну қажет.

Жылусыйымдылық - астықты қыздыруға қажетті жылудың мөлшерімен сипатталады және меншікті жылу сыйымдылық шамасымен айғақталады. Соңғысы әдетте астықтың құрғақ заты мен судың жылу сыйымдылықтарының   арасыңдағы орташа өлшенген шамамен есептейді. Астықтың құрғақ заты үшін ол шама 1550 Дж/кг*К немесе 0,3-0,4 ккал/кг. Судың жылу сыйымдылығы 4190 Дж/кг.К немесе 1 ккал/кг*С. Сондықтан астық ылғалдылығының жоғарлауына байланысты оның меншікті жылу сыйымдылығы артады. Жылу сыйымдылықты астықты кептіргенде ескереді, өйткені жылу шығыны астықтың алғашқы ылғалдылығына тәуелді болып келеді.

Жылуөткізгіштік — астықтың жылуөткізгіштік қасиетін сиппаттайды. Оның коэффициенті 0,13-тен 0,2-қа Вт/м*К дейін ауытқиды, яғни жылу өткізгіштігі нашар. Ол астық массасының органикалық құрамы мен ауаның болуына байланысты. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауына байланысты оның жылуөткізгіштігі артады, алайда төменгі деңгейде қалады.

Температура өткізгіштік — астық температурасының өзгеру шапшандығын, оның жылу инерциясын көрсетеді. Астық массасы өте төмен температура өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады, яғни жоғары жылу инерциясына ие. Температура өткізгіштік коэффициенті 7*10"7-1,9*Ю"7м2/с шамасында ауытқиды.

Астық массасының температура өткізгіштігінің төмендігінің пайдасы да бар: дұрыс салқындатылғанда, тіпті жылдың жылы мезгілінің өзінде, астық массасында төменгі температура сақталады. Сонымен астық массасын суықпен өңдеп ұзақ уақыт бұзылмайтын етуге мүмкіндік туындайды. Температура өткізгіштіктің төмендігінің теріс жағы, ол қолайлы жағдайлардың нәтижесінде белсеңді физиологиялық процестер әсерінен (астық, микроорганизмдер, кенелер мен жәндіктер тіршілігінен) бөлінген жылу астық массасында бөгеледі де, оның температурасының көтерілуіне өздігінен қызуына) әкеліп соғады.

Астық массасындағы температураның өзгеру жылдамдығы сақталу тәсілі мен қойма түрлеріне байланысты. Қоймаларда астық үйіндісінің биіктігі онша биік болмағанда атмосфералық ауа әсеріне элеваторлардың силостарына қарағанда көбірек ұшырайды. Ал элеваторда астық массасы атмосфералық ауа әсеріне аз кездеседі, өйткені жылуөткізгіштігі төмен силос қабырғаларымен айтарлықтай қорғалған.

Термоылғалөткізгіштік — астық үйіндісінде температура өзгеруінен оның массасындағы ылғалдың орын алмастыру құбылысы. Термоылғалөткізгіштіктің нәтижесінде ылғалдың жылы қабаттардан шамалы жылынған қабаттарға ауысуы жүреді.

ЬІлғал ауысу құбылысы астық массасын сақтағанда үлкен іс-саналық маңызға ие болады. Ол үйіндінің әр қабатыңда температура өзгерісі болғанда байқалады, әсіресе күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдердегі максималды температура ауытқуларында (градиенттерінде) туындайды. Қойма қабырғаларының әркелкі жылынуы, жылы астық массасының суық асфальт немесе кірпіш еденді қоймаларда ауысуы, күн көзінде кептіру де ылғалдың жылы қабаттардан салқын қабатқа ауысуына себеп болады. Бұл қабаттарда ылғалды ауа салқындағанда су тамшылары пайда болады, басқаша   айтқанда   ылғалдың   конденсациясы   байқалады.   Сонымен термоылғалөткізгіштіктің әсерінен үйіндінің жекелеген қабаттары ылғалданады да өзінің тіршілік әрекетін күшейтеді. Оларда астықтың өздігінен қызуы, тіпті дәннің өнуі байқалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Астық қорының зиянкестері

2.1 Микрофлораның  тегі және оның  қалыптасуы

 

Ауылшаруашылық  дақылдарының микрофлораның негізгі  көзі –  топырақ. Топырақтың  өсімдік тамырына жақын жерінде  (ризосфера) бәрінен де бұрын  бактериялар, әсіресе, спорасыз  бактериялар басым. Сондай-ақ, шірік  бациллалар, актиномицеттер, сүт қышқылды  ашу қоздырғыштары және жетілмеген  саңырауқұлақтар да кездеседі. Дән микрофлорасы өсімдіктердің әрбір туыстар тобы мен түріне тән эпифитті, паразитті, өсімдікке кездейсоқ түсетін, дән массасына егін жинау және бастыру кезінде түсетін микроағзалардан тұрады. Кейде микробтар дәннің ішкі жағына да өтіп кетеді (субэпидемальды микрофлора).                                                          

Микрофлора сипаттамасы  және оны топтастыру. Тіршілік ету сипаты мен дәнге қалай әсер ететініне қарай астық микрофлорасы үш топқа бөлінеді:

  • Сапрофитті
  • фитопатогенді
  • адамдар мен жануарлар үшін патогенді.

Сапрофитті  микроағзалар дән мен тұқымның сыртында болады, дамуы үшін олар органиклық заттарды қажет етеді. Кейбір сапрофиттер ондай заттарды дәннен алады, сөйтіп оның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін ішінара немесе толығымен бұзады және өзгертеді.

 

2.1.1 Дәнді дақылдардың  микрофлорасының түр құрамы

 

Ашытқылар.  Әртүрлі пішіндегі, бактериялардан гөрі ірірек бір түйіршікті организмдер. Ашытқы колонияларына паста тәрізді консистенция тән. Сақтау кезінде дән сапасына елеулі бір әсері бола қоймайды, бірақ нақты бір жағдайларда қамба иісі деп аталатын иістің тууына себепші болады.

Зең саңырауқұлақтары.  Астық құрамында мәні жағынан екінші орында тұратын микроорганизмдер тобы. Жалпы микроорганизмдер мөлшеріндегі олардың үлесі 1-2%. Қатты қоректі ортада саңырауқұлақтар мақта тәрізді немесе үлпілдек колониялар түзеді. Зеңдердің жалпы құрамына саңырауқұлақтың 60-тан  астам түрі енеді. Дәннің сақталуы мен  сапасына әсер ететін «сақтау зеңдері» деген атаққа ие болған Aspergillus және  Penicillium (туыстастар) тобына жататын саңырауқұлақтар.                                                                                      

Актиномицеттер. Бұл сәулелі саңырауқұлақтар, дән құрамына орақ кезінде топырақ түйірлерімен бірге түседі. Әйтсе де олар жаңа жиналған  дәнде онша көп болмайды. Қолайлы жағдай туған кезде дамып, дәннің қызуына әкеп соқтырады.

Дәннің  фитопатогенді  микроағзалары. Микроағзалардың бұл тобына бактериялар, саңырауқұлақтар және вирустар жатады.

Бактериоздар. Бактериялар беткі ткандерді зақымдап, қабықтарға күйген секілді дақ және жапырақтарға теңбіл дақ түсіреді, ал егер олар сөл жүретін тамырларды зақымдаса, онда өсімдік солып, қурап қалады. Астыққа кездейсоқ түсетініне қарамастан кейбір инфекцияның қосымша таралу көзі болып табылады. Бұлар тек адам немесе жануарлар ауруларының қоздырғыштары, олар зоноз деген атқа ие болған. Солардың қатарына топалаң, маңқа, бруцеллез, туберкулез және басқа да бірқатар аурулар қоздырғыштары жатады                                                                            

Микроағзалар тіршілігіне  әсер ететін жағдайлар.                                        Барлық дақылдардың дәні мен тұқымы көптеген сапрофитті, әсіресе зең саңырауқұлақтар тіршілігі үшін ең қолайлы орта болып табылады. Микроағзалар қоршаған ортада қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өніп, споралар салады, ал жағдай қолайсыз болған кезде өліп қалады немесе тыныш күйге көшеді. Су, ылғал-микробтар денесінің 80-96 % мөлшерлі болып келетін бір бөлігі. Микроағзалар тіршілігі үшін аса қажетті фактор ылғал олардың тіршілігіне дем береді, ал оның тапшылығында микроағзалар дамуын тоқтатады. Қоршаған орта ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, торшық пен орта арасындағы зат алмасу да солғұрлым жедел жүреді, микробтар тез әрі жақсы өсіп-өнеді. Ылғалдың дамуы үшін қажетті төменгі шекті мөлшеріне қарай микроағзалар:

Гидрофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% және оның ең төменгі мөлшері 90% ортада жақсы жетіледі.

Мезофиттер үшін салыстырмалы ылғалдылықтың ең төменгі шегі 80-90%.                                                                                                                    

Ксерофиттер ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90-95%, ал оның ең төменгі мөлшері 70-79% болған жағдайда дамып жетіледі.                          

Дәннің температурасы микроағзалар тіршілігі үшін қажетті жағдайдың бірі, өйткені ол микроб денесіндегі әртүрлі процестер мен оған қатысатын ферменттерге әсер етеді. Температура жоғарыласа процесс жеделдейді, төмендесе баяулайды. Оның жеделдеуі мен бәсеңдеуінің де шегі бар. Температураның жоғарғы және төменгі шегінен асқан жағдайда зат алмасу тоқтайды.

Астық қорының зиянкестері  жер шарында  кең тараған және тірішілік қабылетінің  күштілігі, өнгіштігі және тез дамып  түрленуіне қарай әртүрлі өнім түрлерін зақымдай алады. Зинкестер әлемі орасан зор және алуан түрлі, онда жәндіктер  тобының жүздеген түрі, өрмекші тәрізділер тобының ондаған түрі, құс және сүтқоректілер тобының бірнеше түрі бар.

Астық қоры зинкестеріне «танатоза», яғни тынып  қалу құбылысы: мұртшасы мен аяқтарын жинап алу арқылы олар механикалық  зақымнан қорғанады. Кейбір жәндіктер (бізтұмсық, кеміргіш, т.б.) дән ішінде жетіледі де, олардың балапан құрттары мен қуыршақтары зақымға ұшырамайды. Омыртқасыздар  тобының ішінде неғұрлым көп тарағаны – жәндіктер. Қазіргі уақытта  жәндіктердің миллионға жуық түрі бар, оның бәрі бір Insecta тобына біріктірілген.

 

 

 

 

 

2.2 Астық  қорының зиянкестері

2.2.1 Қоңыздар (қатты  қанаттылар Coleoptera)

 

Қатты қанаттылар, қоңыздар – жәндіктер класының ең ірі отряды. Қазба қалдықтары пермь кезеңінің шөгінділерінен табылған. Қоңыздар жер шарында, әсіресе, тропиктік аймақтарда кең тараған. Бұлар Антарктидада, Арктиканың мұзды белдемі мен биік тау шыңдарында ғана кездеспейді.

Қазақстанда 20 мыңнан аса  түрлері кездеседі. Денелерінің ұзындығы 0,3 мм-ден 155 мм-ге дейін. Екі жұп қанаттарының бір жұбы мүйізденіп, қанат жүйкелері жойылып, қатты элитра деп аталатын үстіңгі қатты қанатқа айналған. Ол, негізінен, қорғаныш қызметін атқарады. Қанатының екінші жұбы жарғақты, біріншісінен ұзындау, тыныштық қалыпта ұзынынан және көлденеңінен бүктеліп үстіңгі қанаттарының астына жиналып орналасады. Ұшар алдында үстіңгі қанаттары көтеріледі де, астынан екінші жұп жарғақты қанаттары жазылып шығады. Қоңыздардың үстіңгі қанаттары, әдетте құрсағының ұшына дейін жетіп, құрсағын толығымен жауып тұрады. Үш жұп аяқтары жүруге, жүгіруге бейімделген. Бірақ кейбір түрлерінде, мысалы, тақтамұрттылар тұқымдасының өкілдерінде алдыңғы жұп аяқтары қазуға, жүзгіш қоңыздарда артқы жұп аяқтары жүзуге бейімделген. Жұп мұртшалары және фасетті көздері жақсы дамыған. Қоңыздардың көпшілігі қара түсті болып келеді. Кейбіреулерінің түсі жылтыр қара, көк-күлгін, әр түрлі жылтыр түсті, қоңыр. Бұлар толық түрленіп дамиды, яғни жұмыртқа (дернәсіл), қуыршақ сатысынан өтіп ересек түріне айналады. Дернәсілі құрт тәрізді, ақ түсті, жақсы дамыған басы және үш жұп кеуде аяқтары бар. Қуыршақтары ашық түсті.

Қоңыздар – даражыныстылар, кейбір түрлерінде жыныс диморфизмі айқын көрінеді. Көпшілігі жылына бір рет, кейде 2 – 3 ұрпақ береді. Қоңыздар ет қоректілер және көп қоректілер болып екіге бөлінеді.

Ет қоректілердің көпшілігі  жыртқыштар, үш жұп аяқтарының табандары 5 бунақты, артқы аяқтарының жамбас бөлігі ұзын, құрсағының бірінші сегментін  жауып тұрады.

Көп қоректілердің –  артқы аяқтарының жамбас бөлігі қысқа, қозғалмалы қоңыздар. Үш жұп аяқтарының табандары әр түрлі бунақты.

Негізгі тұқымдастары: жапырақ  жемірі, тақтамұрттылар, шыртылдақ  қоңыздар, бізтұмсық қоңыздар, қара денелілер, дәнек қоңыздар, мұртты қоңыз, қабық қоңызы, т.б. Қоңыздар өте алуан түрлі және барлық жерде кездеседі. Олардың арасында жыртқыштары, өсімдік қоректілері, сапрофагтары, некрофагтары және құрлықта, топырақта, суда тіршілік ететін түрлері бар. Көпшілігі ауыл және орман шаруашылықтарының зиянкестері, сонымен қатар қоңыздар шіріген заттарды (сапрофагтар), зиянды жәндіктерді (жыртқыштар) жеп көп пайда келтіреді, табиғаттағы зат алмасуда маңызды орын алады.

 

 

 

2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)

 

Қарақоңыз - өңделген дән өнімдерінің зиянкесі. Олар дән өңдеуші кәсіпорындарында тіршілік етеді. Оның түсі қара. Біздің елімізде кіші, үлкен ұн заузалары мен кішкентай қара зауза неғұрлым кең тараған.

 

Кішкентай ұн заузасы (Tribolium confusum Duv.)


Кішкентай ұн заузасы кең тараған және өнімнің ең қауіпті зиянкесі. Ол сау, бүтін дәнді зақымдайды, кепкен нан, кептірілген көкөніс пен жеміс зиянкесі.

Қоңыз қызғылт қоңыр  түсті, денесі ұзынша, арқасы жапырайған, ұзындығы 3,5мм, қанаты жақсы жетілген, бірақ ұша алмайды. Өте өсімтал, ұрғашы қоңыз дәнге, ұнға, қапқа немесе ағашқа 500-ге жуық жұмыртқа салады. Дәнде олар оның  ұрығын жейді.  Кішкентай ұн заузасы температурасы 21-33°C кез-келген ылғалдықтағы ұнда көбейе алады, температура 15°C-тан төмен және 40°C-тан жоғары, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30%-тен төмен, 90%-тен жоғары  жерде жұмыртқа салмайды. Жылытылмайтын орындарда жыл бойы 2, ал жылытылатын орындарда 4-ке дейін ұрпақ береді. Қоңыздар төмен температураға аса сезімтал келеді. 0°C температурада 10-12 тәулік, 5°C температурада 5, ал -15°C температурада 2-5 сағат қана тіршілік етеді.

 

Үлкен ұн заузасы (Tenebrio molitor L.)

 

Үлкен ұн заузасы барлық елдерде тараған, көбіне дән өңдейтін және наубайханада кездеседі. Астық қоры зиянкестері ішіндегі ең үлкені осы қоңыз.

Зауза қоңызының денесі жылтылдап тұрады, ал ұзындығы 16 мм-ге дейін жетеді, арқасынан қарағандағы түсі қара қоңыз ымыртта да, түнде де ұша береді, кішкентай ұн заузасына қарағанда онша қауіпті емес: жылына бір-ақ ұрпақ береді, екі ұрпақ беруі сирек және оның өзін толық бермейді; балапан құрт түрінде қыстап шығады, ұрғашысы 280-580 жұмыртқа салады. Бір ұрпағының өсіп шығуының ұзаққа созылу себебі балапан құрттың ұзақ дамуына байланысты (жылдың көп  бөлігін алады). Балапан құрт өсіп-жетілу барысында 30 ретке дейін қабық тастайды, ұзындығы 25-30 мм-ге  дейін жетеді, денесі тығыз, ұн мен кебек араларында оңайырақ орналасады. Үлкен ұн заузасы үшін неғұрлым қолайлы орта ұн мен кебек.

Информация о работе Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары