Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.

Содержание работы

Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57

Файлы: 1 файл

Астық сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары (2).doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Қолайлы температура 20°C, оның жоғарғы шегі 35°C. Жылы орында жылына 6-10 ұрпақ тіршілік етеді. Температура 45-47°C, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70% болғанда көбелек 45 мин, жұлдызқұрт 75 мин, жұмыртқа төрт сағатта өледі.

 

Ұн  қанкөбелегі (Pyralis farinalis L.)

 

Ұн  қанкөбелегі Арктикадан өзге жердің бәрінде тараған. Ұн тарту, жарма, құрама жем зауыттары, нан және кондитер өнімдерін шығаратын мекемелерде тіршілік етеді. Тек ұнда ғана емес, дәнде де, сабанда да дамып жетіледі.  Көбелек денесі 12 мм, қанаттары 28 мм. Алдыңғы қанаттары жалпақ, ал оның ұзындығы енінен 2 есе үлкен. Түбі мен ұш жағы қоңыр қызыл, жалпақ үш жолаққа бөлінеді, ақ нүктелері бар. Артқы қанаттары қошқыл сұр түсті, жиегі одан да қанықтау әрі қысқа шашақты.  Ұрғашы көбелек өнім бетіне 250 жұмыртқаға дейін салады, жұлдызқұрт сол өніммен қоректенеді. Қоймалар мен дән өңдеу кәсіпорындарында жылына 5-ке тарта ұрпақ тіршілік құрады. Жаппай өсіп-жетілген кезінде көбелектің келтіретін зияны өте үлкен.

 

 

 

Дән қанкөбелегі (Ephestia eleutella Hb)

 

Дән қанкөбелегі еліміздің оңтүстік аудандарына және әлемнің өзге де жылы елдерінде тараған. Оны тұқым, темекі, какао, шоколад көбелегі деп те айтады. Сыртқы пішіні мен тіршілігі жағынан алғанда ұн қоңыр көбелегіне ұқсас, тек оған қарағанда жылу сүйгіштеу және көлемі де кішілеу. Денесінің ұзындығы 8 мм шамасында, қанаттарын жайғанда 17мм. Алдыңғы қанаттары бозғылт сұр түсті, артқы қанаттары лай сұр. Оңтүстік аудандарында жылына 4, орталық аудандарда 2 ұрпаққа дейін береді. Жұлдызқұртты сақтауға қойылған өсімдік тектес өнімнің бәрін де зақымдайды. Астық тұқымдастар дәнінде ең алдымен оның ұрпақтық түбіршігін жейді. Өнімді зақымдау сипатына қарай дән қанкөбелегін қамба күйесімен шатастырады. Қанкөбелек жұлдызқұрты өнімді өрмектерімен торлап, жентектейді. Зияндылығы жөнінен ұн қанкөбелегінен кем түспейді.

 

      1. Кенелер

 

Кенелер – дара  жынысты жәндік. Олар – астық, түкті, жыртқыш және құрсақты (қарынсау) кенелері тұқымдастарының өкілдері. Кенелердің денесі ұзынша сопақ болып келеді, ұзындығы 0,2-1 мм, денесі екі бөліктен тұрады: кеуде-бас және құрсақ, денесі түктер немесе тікенектері бар хитин қабығымен қапталған. Кененің мұртшасы мен көзі болмайды. Тыныс алу, ас қорыту және көбею кененің әр тобында әртүрлі жүреді. Мысалы, астық кенелері хитин қабықтың майда тесіктері арқылы тыныс алса, жыртқыш және басқа кенелер кеңірдек арқылы тыныстайды. Тіршілік түрі мен зиян келтіру деңгейіне қарай кенелер екі топқа бөлінеді: тікелей дән өнімдерімен қоректенетіндер: олардың жоғарғы жақ сүйегі жақсы дамыған, сондықтан да дәнді кеміріп жей алады; оларға астық және түкті кенелер семьясы жатады;                                                 тек сұйық қорек қана пайдаланатындар: олардың аузы тесіп соруға бейімделген: өсімдік қабығын немесе жануарлар денесін тесіп, кене олардың шырынын не қанын сорады; астықтағы кенелер бірін-бірі жеп қоректенеді және басқа жәндіктердің жұмыртқасы мен қуыршақтарын жейді.  Өнімге араласқан кене оны балапан кене қабығымен, нәжіспен, өлген кенелермен ластап, дән өнімдерінің иісін, түсін, дәмін бұзады, жұқпалы аурулар тудырады. Сонымен бірге тыныс алғанда жылу мен ылғал шығарып, микроағзаның дамуына да  жағдай туғызып, дәннің қызуына әкеп соқтырады. Құрсақты кенеден басқаларының ұрғашылары жұмыртқа салады, құрсақты кене тірі туады. Жұмыртқалар ұзындығы 0,1 мм домалақ не сопақша келеді. Бірнеше күннен кейін жұмыртқадан балапан кене шығады, сыртқы түрі ересек кенеге ұқсағанмен, денесі одан кіші және үш қос аяғы болады. Балапан кене қоректі көп жейді, өсіп, қабығы түскеннен кейін 1-нимфаға айналады, біршама уақыттан соң ол екінші нимфаға айналады. 1 және 2-ші нимфалардың 4 қос аяғы болады және денелері құрттарға қарағанда ірірек келеді.   Кененің   өсіп-жетілуі үшін қолайлы температура 18-32 °C аралығы. Температура 10°C-тан төмендесе оның өсуі баяулайды. 0-ден төмен түскенде қатып қалады да, осылай ұзақ тұрса, онда өледі. Кенелер ауа мен өнім ығалдылығына да үлкен талап қояды. Астық қорында оның ылғалдығы 12%-тен кем болмағанда (кейбір 20%-тен төмен болмағанда) кенелер жақсы өсіп-жетіледі. Ылғалдығы 12%-тен төмен өнімдерде кенелер өліп қалады, ылғалдығы 15-16%-тен дән олар үшін ең қолайлы орта, 14%-тен төмен дәнді кенелер зақымдай алмайды. Кенелердің тарайтын жері өте көп. Олар қоймаларды, астық өңдеу кәсіпорындарын, құрама жем зауыттары мен олардың территорияларын мекендейді. Егіс жағдайында - әртүрлі өсімдік қалдықтарында, қырманда, оның маңайында пішен, сабан маяларында, кеміргіштер індерінде, топырақтың шөп басқан бетінде де тіршілік ете береді. Кенелер қоймалар мен астыққа кеміргіштер, құстар, жәндіктер арқылы түседі.

 

Ұн  кенесі (Tyrogluphus farinae L.)

 

Ұн кенесі барлық жерге тараған, алайда алғаш рет ұннан табылғандықтан да осы атқа ие болған. Басқа түрлерге қарағанда астық қорында бұлар жиі кездеседі. Кене денесінің ұзындығы 0,35-0,70 мм сопақ, ақшыл түсті, үсті жылтыр, басы мен аяқтары қызғылт немесе қоңыр. Түгі мен тікенектері қысқа. Арт жағында екі қос ұзын тікенегі болады. Еркек кененің алдыңғы аяқтары жуан, орта тұсынан сыртқа қарай қисық жаралған. Кене баяу қозғалады.

Кененің даму сатылары: жұмыртқа, балапан  кене, нимфа-1, нимфа-2. Қолайсыз жағдайларда ұн кенесі қимылдайтын гипопус шығарады, оның бауырында артқы аяқтарының түбінде 5 қос жабысқақ  ауыз болады, солардың көмегімен гипопус жануарлардың денесіне жабысып, дамуы үшін қолайлы жағдай туғанша сонда жүре береді. Қолайлы жағдай туысымен гипопус қабығын тастап екі нимфаға айналады да, одан ересек кене шығады. Кене үшін қолайлы температура 15°C-тан 22°C-қа дейінгі, өнім ылғалдығы 14%-тен 17%-ке дейінгі аралық. Ұн кенесі суыққа төзімді, төмен температураны жақсы көтереді. Ол көбіне-көп бидай, қарабидай, жарма, кепкен жеміс, көкөніс, құлмақ, емдік шөптер, тері және басқа өнімдерде дамып, жетіледі. Дән массасына қарағанда ұн мен жармада жақсы дамиды.   

                                    

Родионов  кенесі (Cologlyphus Rodinovi A. Zachv.)

 

Родионов кенесі ірі түрлерге жатады; денесінің ұзындығы 1,12 мм, ашық түсті. Алдыңғы екі қос аяғының басында орақ тәрізді тікенектері бар. Қозғалатын гипопус шығарады. Родионов кенесі ылғал және жылуды тәуір көреді. Ылғалдығы 22-25%-тен кем болмайтын өнімде, температура 16,5°C-пен 30°C аралығында болғанда ол жақсы дамиды. Құрғақ дәнде бұл кене тіршілік ете алмайды.

 

 

Сопақ (ұзынша) кене (Tyrophagus noxius  A. Zachv.)

 

Сопақ (ұзынша) кене сыртқы түрі мен тіршілік етуіне қарай ұрғашы ұн кенесін еске түсіреді. Одан айырмашылығы дененің артқы жағында ұзын қылтанақтары болады. Түсі ақ, денесі сопақша, ұзындық тұрқы 0,3-0,4 мм. Аяқтары онша жуан емес, ақ немесе ақшыл қызыл түсті. Сопақ кене  ұн кенесіне қарағанда жылуды тәуір көреді, салқынды көтере алмайды.  Даму үшін қолайлы температура 25-30°C, дән ылғалдығы 14%. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 90% болғандағы қолайлы температураның төменгі шегі 7-10°C, жоғарғы шегі 35-37,5°C. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60%-тен төмен болса, кене жетілмейді, ал ол 100% болған жағдайда өте жақсы дамып-жетіледі. Сопақ кене бидай, арпа, кебек, жарма, ұн, ірімшік, кепкен жемістермен қоректенеді. Астық кенесінен айырмашылығы денесі сопақша, кейде оны түк немесе қылтанақ басып жатады. Оларда бас-кеуде мен құрсақ арасында болатын сыза-жыра жоқ. Бұл тұқымдастардың кең тараған түрлері қарапайым қылтанақты, тықыр және қоңыр кене. 

 

Қарапайым қылтанақты кене (Glycyphagus Destructor Ouds)

 

Қарапайым қылтанақты кене өте кең тараған. Кене тұрқы 0,3-0,55 мм, түсі ақшыл, ұзын, тарбиған қылтанақтары бар, өнімдердің үстімен шапшаң қозғалады. Олардың дамуына астықтың температурасы 24-29°C, ылғалдығы 14%-тен жоғары болғанда қолайлы жағдай туады. Ұрғашы кене 100 жұмыртқаға дейін салады. Қозғалмайтын гипопус пайда болып, ол 1-нимфа қабығынан шықпай жатып алады. Осыған байланысты олар қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді, ауа құрғақтығын айлар бойы көтереді, көгертетін (көгерткіш) қышқыл буында 12 тәулік бойы өлмейді. Астықта түкті кене негізінен арам шөп қоспалары және ұсақталған дәнмен қоректенеді. Ұзын қылтанақтары қозғалуға кедергі жасап, онда дами алмайды. Дән арасында саңылау, ауа кеңістігі, қуыс жеткілікті болатын сұлы, арпа секілді дақылдарда жақсы тіршілік етеді.

 

Тақыр жылтыр кене (Chortogluphus arcuatus Troup)

 

Тақыр жылтыр кене еліміздің оңтүстік өңірлерінде тараған, Алтай өлкесінде де кездеседі. Қарабидай, бидай, күріш, ұн, беде тұқымын зақымдайды. Кене денесі сопақша, түрі 0,27-0,45мм, ақшыл сары немесе шамалы жасылдау түсті, аяқтары қызғылт. Бас-кеуде жалбағай секілді тұтаса бітіп, аузын жауып тұрады. Аяқтары ұзын әрі жіңішке, түгі қысқа да сирек, сондықтан кене денесі жалаңаш, тықыр (жылтыр) болып көрінеді. Қолайлы температура 35°C. Онша өсімтал емес. 

 

Жыртқыш кене (Cheyletidae)

 

Жыртқыш кене кенелердің басқа түрлерін жойып, ал қорек тапшы болған кезде өзі тұқымдастардың да жұмыртқалары мен балапан кенелерін қорек етеді. Әйтсе де бұл кенелер онша өсімтал да, ашқарақ та емес. Сондықтан, басқалардың санын айтарлықтай азайта алмайды. Оған қоса бұлар дән өнімдерін қабықтарымен, нәжістерімен, өз құрбандықтарының өліктерімен ластайды; сондықтан, жыртқыш кенелерді пайдалы деуге болмайды. Өзіне кезіккен олжаны бас салып ұстау үшін кененің қуатты аяқтары мен жақтары бар. Қарапайым жыртқыш кене де кездеседі. Оның дене тұрқы 0,5-0,8мм сарғыш қоңыр түсті. Қолайлы температура 17-23°C. Кенеде гипопус кезеңі жоқ. Қолайсыз жағдайларға ұзақ уақыт шыдай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары

 

Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерімен күресу шаралары агротехникалық, биологиялық, генетикалық, химиялық, механикалық, физикалық және өсімдіктер карантині  деп аталатын тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

 

3.1 Агротехникалық күресу шаралары

 

Агротехикалық күресу шаралары өсімдіктер мен зиянкестердің және сыртқы ортаның арасындағы өзара қарым-қатынастарға негізделген. Агротехникалық шаралар мәдени өсімдіктерге қолайлы жағдай жасап, ал зиянкес ағзаларға және ауру қоздырғыштарға қолайсыз жағдай туғызады.

Өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда агротехникалық шаралар  ішінде өте маңызды роль атқаратындарға ауыспалы егіс, топырақты өңдеу жүйесі, тыңайтқыштарды қолдану, арамшөптермен күресу, егінді егу мен өнімді жинаудың тәсілі мен мерзімі жатады. Селекцияның көмегімен өсімдіктердің зақымдануға төзімді немесе зақымданбайтын сорттары (формалары) шығарылады. Сөйтіп, агротехникалық тәсіл көпшілік жағдайда сақтық (профилактикалық) шара болып саналады. Бірақ кейде ол зиянкестерге тікелей әсер етіп, олардың қырылуына әкеліп соқтырады.

 

3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі

 

Ауыспалы егістер дақылдарды алмастырып тұру, топырақтағы қоректік заттарды, ылғал қорын, тыңайтқыштарды және т.б. толығымен пайдалану үшін қажет. Сонымен қатар өсімдік қорғау тұрғысынан қарағанда ауыспалы егіс танаптарының қайсысын болса да зиянкестердің қоректенуін қиындататындай немесе олар зақымдай алмайтындай етіп құруға болады. Бұл ең ақырында өнімнің жоғары болуын немесе оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Ауыспалы егісті пайдалану әсіресе монофагтардың сан мөлшері мен зияндылығын азайту үшін өте тиімді. Мысалы, бұршақтың аса қауіпті зиянкесі дәнек қоңызы бұршақтан басқа ешбір өсімдікте дами алмайды. Сондықтан бұршақты ауыспалы егіс жүйесінен 2-3 жыл қатарымен шығару арқылы осы зиянкестің сан мөлшерін және зияндылығын едәуір азайтуға болады. Ауыспалы егісті олигофагтардың да зиянды әсерін төмендету үшін пайдалануға болады. Мысалы, Қазақстанның солтүстік облыстарында және солармен шектес Рессейдің бірқатар аудандарында тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде бидайды бірнеше жыл қатарынан ауыстырмай егу нәтижесінде дәннің сұр көбелегі жаппай өніп-өсіп көп шығынға ұшыратқан. 1957 жылы дәннің сұр көбелегі жаппай көбейген кезде Омбы облысында әртүрлі учаскелердегі пардан кейін егілген бидайдың осы зиянкеспен зақымдануы 6-12%, ал бидайдан кейін қайтадан бидай себілген учаскелерде 25-94,5% болған. Бұл мысалдан астық тұқымдастардың олигофагтармен зақымдану мөлшері ауыспалы егістегі алдынғы дақылға байланысты екендігі анық көрінеді.

 

3.1.2  Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі

 

Ауылшаруашылық дақылының  өсуі, дамуы және олардың өнімінің жоғары болуы үшін минералдық, органикалық  және сидералдық тыңайтқыштардың қандай жағымды әсері бар екені жалпыға мәлім. Осыған қоса тыңайтқыштар өсімдіктердің регенеративті қабілеттілігін зиянкестердің зақымдануына төзімділігін арттырады, ал кейбір жағдайларда зақымдану қарқынын төмендетеді.

Тыңайтқыштардың көптеген түрлерін зиянкестерді құрту үшін пайдалануға да болады. Мысалы, тозаң түйірлі суперфосфатты шашу жалаңаш шырыштармен күресудің тиімді тәсілі болып саналады. Қышқыл топырақты известеу және аммиак тыңайтқыштарымен жерді өңдеу сымқұрттар, жалған сымқұрттар, қызылша бізтұмсығының личинкалары сияқты топырақты мекендейтін зиянкестердің дамуы үшін қолайсыз жағдайлар тудырады. Бірқатар ғалымдардың зерттеулері бойынша минералды тыңайтқыштарды, әсіресе фосфор тыңайтқыштарын, қырыққабат егістігінде қолданғанда өсімдіктердің химизмі, химиялық құрамы өзгеретіндігі және соның нәтижесінде ондай өсімдіктер жапырақ жегіш жұлдызқұрттардың қоректенуі үшін қолайсыз болып табылатындығы анықталған. Мұндайда жәндіктердің өсімталдығы төмендеп, сан мөлшері кемиді.

 

3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері

 

Топырақ көптеген зиянкестер үшін тіршілік ортасы болып есептеледі. Зиянды жәндіктердің кейбіреулері мысалы, бұзаубас немесе шыртылдақ қоңыздардың  личинкалары топырақты тұрақты  мекендейді, басқалары, мысалы, көбелектердің  көптеген түрлері топырақта қуыршаққа айналады. Өсімдік қоректі нематодтардың да көпшілігінің тіршілігі топырақпен тығыз байланысты. Сондықтан топырақты баптап өңдеген кезде байқалатын әртүрлі физикалық өзгерістер оның тығыздығының, құрлымының, ылғалдылығының, температурасының және т.б. өзгеруі сонда тіршілік ететін зиянкестерге әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Топырақты баптау арқылы онда кездесетін зиянкестерді тікелей құртуға да және олардың өсіп-өніп көбеюін, тіршілік қабілеттілігін,  даму қарқынын тежеуге де, сөйтіп ақырында сан мөлшері мен зиянкестік әрекетін төмендетуге болады.

Зябь жырту мен тұқымды  себер алдында жырту және отамалы  дақылдардың қатар аралығын баптау жұмыстарын дер кезінде дұрыс  жүргізу аса қауіпті зиянкестердің көптеген түрлерімен күресудегі агротеникалық шаралардың ең маңыздылары болып саналады.

 

3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері

 

Ерте көктемде егілген  егістерде өсімдіктер ерте көктейді және өсу фазаларынан тез өтеді де зиянкестер шығатын мерзімге дейін жақсы түптеніп олардың зақымдануына төзімді болады. Мысалы, бапталған тұқыммен қолайлы мерзімінде ерте егілген жаздық егістер астық шыбындарының личинкаларымен аз зақымданады. Егінді ерте мерзімде егіп, бүрге қоңыздардың, әсіресе зығырдың аса қауіпті зиянкесі зығыр бүргесінің зияндығын едәуір дәрежеде төмендетуге болады. Қант қызылшасының басты зиянкесі қызылша бізтұмсығы осы дақылдың кеш егілген егістіктеріне өте зор шығын келтіреді. Қыстап шыққан қоңыз қызылшасының жаңа шыққан жас көгіне шабуыл жасап, тұқым жарғақтарының төменгі өскінін қырқып тастайды немесе өсу нүктесін жеп қояды, соның нәтижесінде өсімдік біржола солып, қурап қалады. Ал жақсы дамыған өсімдіктерде ерте егілген егістікте қызылша бізтұмсығы жапырақ тақтасын ғана зақымдайды, одан өсімдік өлмейді. Сондықтан оның зияндылығы онша жоғары болмайды.

Кейбір жағдайларда, өсімдік  қорғау тұрғысыннан қарағанда, егінді кешіктіріп, бірақ қолайлы мерзімде еккен де жөн. Мысалы, Қазақстаның солтүстік және орталық облыстарында кешіктіріліп егілген жаздық бидай дәннің сұр көбелегінің жұлдызқұрттармен аз зақымданады.

 

3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері

Информация о работе Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары