Асханалық және шараптық жүзім сорттарын таңдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:48, курсовая работа

Описание работы

XX ғасырдың соңғы он жылдарындағы әлемдік тарихқа қоғамдық әлем танудың терең спалы кезеңі жатады. Нарықтық экономикалық қатыныстар халықаралық дәрежесін нығайтуға өзінің өзінің моделдерін дамыған елдерге шығаруға демократиялық түрге өту үшін материалдық базасын құруға жағдай жасайды.
Экономиканы құру алдындағы негізгі тапсырмаға нарықтық негізді жетілдіру өзіндік қатынасты айналдыруға, нарықтық құрылымды түрлендіру, финанс және банк жүйелерін қайта құру, барлық деңгейде басқарудың принципиалды жүйесін туғызу жатады.
Барлық экономикалық реформалардың тармақтарына аграрлы аумақтар қатысады. Аграрлы аумақтың бір бөлігін жүзім өсіру және шарап жасау саласы республикамыздың экономикасында үлкен орынға ие.

Файлы: 1 файл

гульдана курсовая жүзім.docx

— 1.09 Мб (Скачать файл)

Бактериялық рак. Жүзім шыбықтарының рагі немесе бұғалығы Қазақстан жағдайында оңтүстік аудандарында жиі кездеседі. Бұл аурудың қоздырышы — бактерия. Ауру ең алдымен аспаларға және бұтақтарға түседі, тамыр мойындарына және тамырларға түсуі сирек болады, бұларға рак ісік сияқты болып келеді, оның көлемі жұдырықтай, түсі ақ сары немесе күлгін болады. Ең алдымен ісіктің сырты тегіс, жұмсақ болып келеді де, сонан соя барып қатаяды, тамыр жүйелерімен тұтасады, көбінесе қос қабаттанып бітеді.

Ауру  жүзім шыбыктарының өсуіне жол бермейді, жеке бұталарының өсуін тоқтатады, кейде өсімдік түгелдей апатқа ұшырайды. Бактерия өсімдіктің тканьдеріне еніп, шыбықтың жалпы кұрылысын бұзады, содан барып шыбық жарылып кетеді. Бұл ауру бактериялық рак тараған питомниктен әкелінген екпе шыбықтардан тарайды. Мұнан соң ауру өсімдіктерді кескенде ауру шыбықтарды кескен құралдар арқылы сау бұталарға жұғады.

Күрес шаралары. 1. Екпе шыбықтарды аурудан аман бұталардан дайындау. 2. Жүзім бұталарын сынудан және суыққа шалдығудан сақтау. 3. Ауру түскен бұталардың бөлігін кесіп, онан соң өртеу. Егер бұтаның ауру түскен бәлігі өте көп болса, мұндай бұтаны жүзімдіктен мүлде жою қажет. Ауру бұталарды кескен соң, ағаш кескен құралдарды 10 проценттік формалин ертіндісімен дезинфекциялау керек.

 

 

 

 


Информация о работе Асханалық және шараптық жүзім сорттарын таңдау