Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 21:05, реферат
ҚР азаматтық қорғанысзаңы белгілі бір принциптермен орындалады.Ол заңды Елбасының өзі тікелей басшылық жасайды.Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігінде алатын орны ерекше.Сонымен қатар Азаматтық қорғау қорғаныс шарасының құрамдас бөлігі болып табылады.Азаматтық қорғау жүйесін қазіргі кезде ары қарай нығайту үшін бірнеше қаулылар мен заңға сәйкес актілер қабылданды.
Азаматтық қорғау саласында көптеген құрылымдар жұмыс істейді. Азаматтық қорғау өмір қауіпсіздігін,төнген қауіп қатерді жоюға байланысты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТІРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: АҚ ұйымдастыру принциптері,АҚ шаралары ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар
І Кіріспе
ҚР азаматтық қорғанысзаңы белгілі бір принциптермен орындалады.Ол заңды Елбасының өзі тікелей басшылық жасайды.Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігінде алатын орны ерекше.Сонымен қатар Азаматтық қорғау қорғаныс шарасының құрамдас бөлігі болып табылады.Азаматтық қорғау жүйесін қазіргі кезде ары қарай нығайту үшін бірнеше қаулылар мен заңға сәйкес актілер қабылданды.
Азаматтық қорғау
саласында көптеген құрылымдар
жұмыс істейді. Азаматтық қорғау
өмір қауіпсіздігін,төнген
Қазіргі кезде азаматтық қорғаныстың негізгі принциптері мен мақсаттарына ерекше көңіл бөлінуде,соған байланысты бейбіт уақытта болсын немесе соғыс уақытта болсада азаматтық қорғаныс заңдарын білу еліміздің барлық азаматтарының міндеті болуы тиіс.
ІІНегізгі бөлім
1 Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
Азаматтық қорғаныс туралы Казақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматық қорғанысының негізгі міндеттерін, кұрылуы және жұмыс істеу принцип, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттілігін және Азаматтық қорғаныс(АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.
Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орнын елдің геосаяси жағдайы, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жәй-күйі, экономикасының даму деңгейі, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекет саясаты анықтайды.
Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі.
Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңында анықталған.
Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық үйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, мөншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б.:
Азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалықжәне аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады [1].
«Қазақстан-2030» даму стратегиясына сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмiрi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республикасында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жатқызылады. Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдаланатын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан құқық басымдылығы мен нарық экономикасы негізінде қаланған заманауи, өркениетті мемлекет болып құрылды. Республика Президентінің төрағалығымен кең масштабты экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар іске асырылды. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаев халықтың бірігу процесіне, келісім мен бейбітшіліктің нығаюына маңызды үлес қосты.
Заманауи мемлекеттің үздік қайраткері Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен жеткен Қазақстанның жетістігі, патриоттықтың мүмкіншіліктері, барлық қазақстандықтардың талмай еңбек етуі мен ұлғаймаған еріктер, Отанының амандығы мен дамуы үшін олардың бірлігі мен ұйымдасуы атты табыстарға жетті.
Н.А.Назарбаев ірі экономикалық және саяси сұрақтарды шешу кезінде Азаматтарымыздың қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Бірінші жарлықтарының бірі тәуелсіздікті алмағанға дейін Азаматтық қорғаныс (АҚ) және төтенше жағдайлар (ТЖ) Мемлекеттік комиссиясының Ережесін бекіту туралы Жарлығы болды, ол АҚ мен ТЖ жою және алдын алу жүйесін құру ісінде басты нүкте болып табылды.
Егеменді еліміздің құрылуы мен қазіргі уақытқа дейін біз Қазақстан Республикасы АҚ мен ТЖ қызметкерлері табиғи және техногенді мінездегі төтенше жағдайлардың теріс нәтижелерінен азаматтарды және мемлекет территориясын қорғау сұрақтары бойынша Президентіміздің үлкен мән беретінін сезінеміз.
Тәуелсіздік жылдарында мемлекетімізде жоғарғы сапада төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша алдына қойған міндеттерді шешуде іс-әрекет ету жедел жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігімен территориалдық бөлімшелерді өрт техникасымен, заманауи мамандырылған құрал-жыбдықтар және керек-жарақтармен қамтамасыз ету, әскери дайындығын дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
Біз алдағы уақытта алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға, Отанымыз бен халқымызды қорғау ісінде барлық күш-жігерімізді және білімізді салатын боламыз.
2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы, мақсаттары және басқару ұйымдары
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.
Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.
Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.
Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідейміндеттержүктелді:
Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген[2].
Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:
• әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
• халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.
Азаматтық қорғаныс міндеттері:
• халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
• төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
• зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
• апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
• зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
• төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
• өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
• адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
• территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.
Егемендiк алғалы берi азаматтық қорғаныс жүйесiнiң қазiргі бар әлеуетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн кең қолданылды. Нарықтық экономика жағдайларында жеке меншiк иелерi есебiнен азаматтық қорғаныстың қазiргi инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ кәсiпорындарда орнатылған хабарлау жүйелерi ұстау қиынға соқты. Жаңадан салынып жатқан объектiлерде панажайлар салу жүргізiлмей отыр. Халыққа арналған жеке қорғану құралдарын, олардың сандық құрамын тиiмдi caқтaу және облыс бойынша аумақтық бөлу мәселелерi шешiлмеген [3].
Азаматтық қорғаныс саласындағы түрлi оқыту бағдарламалары (алғашқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс, жол қауiпсiздiгi, өрт қауiпсiздігі, тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгi негiздерi, медициналық дайындық және басқалар) көбiнесе бiр бiрiмен еш байланысы жоқ жүйесiз енгізiледi.
XXI ғасырдың басында адамзат
халықаралық терроризм мен
Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.