АҚ ұйымдастыру принциптері,АҚ шаралары ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 21:05, реферат

Описание работы

ҚР азаматтық қорғанысзаңы белгілі бір принциптермен орындалады.Ол заңды Елбасының өзі тікелей басшылық жасайды.Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігінде алатын орны ерекше.Сонымен қатар Азаматтық қорғау қорғаныс шарасының құрамдас бөлігі болып табылады.Азаматтық қорғау жүйесін қазіргі кезде ары қарай нығайту үшін бірнеше қаулылар мен заңға сәйкес актілер қабылданды.
Азаматтық қорғау саласында көптеген құрылымдар жұмыс істейді. Азаматтық қорғау өмір қауіпсіздігін,төнген қауіп қатерді жоюға байланысты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

Файлы: 1 файл

ТКН СОЖ.docx

— 45.84 Кб (Скачать файл)

 

 

3Азаматтық қорғанысқа басшылық және оның іс-шаралары

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты, экономиканы, республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Соған байланысты Азаматтық қорғанысқа басшылық етуде бірнеше іс-шаралары қолданылады. Атап айтқанда,Азаматтық қорғанысқа басшылық және оны басқару төмендегідей пунктерге незізделген:

1. Азаматтық қорғанысқа  басшылықты Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі жүзеге асырады, ол лауазымы бойынша Қазақстан  Республикасының азаматтық қорғаныс  бастығы болып табылады.

2. Уәкілетті орган басшысы  лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының  азаматтық қорғаныс бастығының  орынбасары болып табылады және  бейбіт уақытта азаматтық қорғанысқа  басшылық етеді.

3. Орталық атқарушы органдарда  және ұйымдарда азаматтық қорғанысқа  басшылықты олардың бiрiншi басшылары  жүзеге асырады, олар лауазымы  бойынша азаматтық қорғаныстың  тиiстi бастықтары болып табылады.

4. Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық бірліктерінде  азаматтық қорғанысқа басшылықты  әкімдер жүзеге асырады, олар  лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық  бірліктердің азаматтық қорғаныс  бастықтары болып табылады.

5. Уәкілетті орган ведомствосының  аумақтық бөлімшелерінің басшылары  лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық  бірліктердің азаматтық қорғанысының  тиісті бастықтарының орынбасарлары  болып табылады.

6. Мемлекеттің азаматтық  қорғаныс бойынша дайындығы қару-жарақтың, әскери техниканың және халық  пен объектілерді қорғау құралдарының дамуы ескеріле отырып, күні бұрын бейбіт уақытта жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасының  аумағында немесе оның жекелеген  жерлерінде азаматтық қорғанысты  жүргізу ерекше жағдайларда, Қазақстан  Республикасы Премьер-Министрінің  өкімі бойынша, Қазақстан Республикасының  аумағында немесе оның жекелеген  жерлерінде әскери қақтығыстардың  нақты басталуынан немесе соғыс  жағдайын енгізуден басталады.

8. Азаматтық қорғаныс  іс-шараларының орындалуын қамтамасыз  ету:

1) уәкілетті орган мен  оның ведомствосының аумақтық  бөлімшелеріне;

2) облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың, астананың  орталық және жергілікті атқарушы  органдарында азаматтық қорғанысты  ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі  құрылымдық бөлімшелерге;

3) азаматтық қорғаныс  санаттарына жатқызылған, бірінші  басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда  азаматтық қорғанысты ұйымдастыру  және жүргізу жөніндегі құрылымдық  бөлімшелерге немесе жекелеген  жұмыскерлерге жүктеледі.

Уәкілетті органда, оның ведомствосында, сондай-ақ ведомствосына ведомстволық бағынысты аумақтық бөлімшелерде және мемлекеттік мекемелерде штат санының лимиті шегіндегі лауазымдардың бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады [3].

  9. Азаматтық қорғаныс  бастықтары:

1) Қазақстан Республикасының  азаматтық қорғаныс бастығы белгiлеген  тәртiппен тиісті деңгейдегi азаматтық  қорғаныс жоспарын бекiтуге және  қолданысқа енгізуге;

2) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртіппен  ведомстволық бағынысты аумақта  эвакуациялық іс-шаралар жүргізуге;

  3) азаматтар мен ұйымдарды  азаматтық қорғаныс іс-шараларын  жүргiзуге Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгiленген тәртiппен тартуға міндетті.

Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды – топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу мемлекеттiк, қорғаныстық маңызына және халықтың тiршілігін қамтамасыз етуге қарай азаматтық қорғаныс iс-шараларын кешендi және сараланған түрде жүргiзу мақсатында жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс бойынша орындалатын мiндеттердiң көлемiне қарай қалалар үшін мынадай: ерекше, бiрiншi, екiншi және үшінші топтар айқындалады.

 Қалаларды топтарға  жатқызу мынадай критерийлер  бойынша белгiленедi:

1) ерекше топқа астана  мен республикалық маңызы бар  қала жатады;

2) бiрiншi топқа мынадай  қалалар:

 халқының саны миллион  адам және одан астам болатын;

 халқының саны бес  жүз мың адам және одан астам, аумағында аса маңызды санаттағы  кемiнде үш ұйым немесе елуден  астам санаттандырылған ұйым  орналасқан;

егер қала халқының не аумағының елу пайыздан астамы жаһандық немесе өңiрлік ауқымдағы ықтимал төтенше жағдай аймағына кірсе жатады;

3) екiншi топқа мынадай  қалалар:

халқының саны бес жүз мың адам және одан астам болатын;

халқының саны екі жүз елу мың адамнан бес жүз мың адамға дейiн, аумағында аса маңызды санаттағы кемiнде екi ұйым немесе жиырмадан астам санаттандырылған ұйым орналасқан;

егер қала халқының не аумағының отыздан елу пайызға дейiнгісі жаһандық немесе өңiрлiк ауқымдағы ықтимал төтенше жағдай аймағына кірсе жатады;

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

 Әскери қақтығыстар  туындаған кезде Қазақстан Республикасының  халқын, объектілерін және аумағын  қорғау, нұқсан мен шығынды азайту  мақсатында орталық және жергілікті  атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс  бойынша санаттарға жатқызылған  ұйымдар өз құзыреті шегінде  азаматтық қорғаныстың мынадай  іс-шараларын жүргізеді [3]:

1) күні бұрын:

  • азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерін құру әрі дамыту және оларды пайдалануға әзірлікте ұстап тұру;
  • азаматтық қорғау күштерін құру, жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстап тұру; қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар қолданылған жағдайда қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдарын дайындау және халықты оқыту;
  • азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын салу және оның қорын жинақтау, оларды жұмыс істеу әзірлігінде ұстау;
  • азаматтық қорғаныс мүлкін құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;
  • эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау; салалар мен ұйымдардың орнықты жұмыс істеуі жөнінде іс-шараларды жоспарлау және орындау;

2) әскери қақтығыстар туындаған кезде:

  • қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қатерi мен қолданылуы туралы құлақтандыру, халыққа іс-қимылдар тәртібі туралы хабар беру;
  • халықты азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарында паналату, қажет болған кезде - жеке қорғану құралдарын пайдалану;
  • жараланғандар мен зақым алғандарға медициналық көмек көрсету;

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

 

 

III Қорытынды

 

 Қорыта айтқанда, қазіргі кезде азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі ерекше. Елбасының өзі «Қазақстан -2030» даму стратегиясында азаматтық қорғаныс шараларының маңыздылығын ресми түрде атап көрсетті. Демек, Азаматтық қорғау өмір қауіпсіздігін,төнген қауіп қатерді жоюға байланысты іс-әрекеттерді қамтамасыз етеді.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргiзу - мемлекеттiң аса маңызды мiндеттерiнiң бiрi, оның қорғаныс шараларының құрамдас бөлiгi.

Осы Заң Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерiн, құрылуы мен жұмыс iстеуiнiң ұйымдық принциптерiн, адамдардың құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi. Сонымен қатар, Азаматтық қорғау қорғаныс шарасының құрамдас бөлігі болып табылады. Азаматтық қорғау жүйесі қазіргі кезде көптеген өзгертулермен толықтырылып,қосымша қаулылармен бекітілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

Негізгі

 

  1. Набиев Е.Н. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» Оқу құралы.- Астана, 2013ж – 286бет

 

Қосымша

 

  1. ТайжановС.«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері»-Оқу құралы,- Алматы, 2010 ж – 225 бет
  2. А.М. Әбдіров, Ғ.Қ.Сейфуллина. Қауіпсіздік қорғаныс саласы, Астана, Фолиант, 2014, 120 б.

 

Электронды ресурстар

 

4.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000188

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

І Кіріспе

ІІНегізгі бөлім

1  Азаматтық қорғаныстың  ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі

2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің  құрылымы,мақсаттары және міндеттері

3Азаматтық қорғанысқа  басшылық және оның іс-шаралары

III Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе АҚ ұйымдастыру принциптері,АҚ шаралары ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін жауапты тұлғалар