Анатомияның зерттеу тісілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 17:34, реферат

Описание работы

Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли Ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтебойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр),Халел Досмұхамбетұлының (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.

Файлы: 1 файл

анатомия.docx

— 76.85 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

             МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Анатомияның зерттеу тісілдері

 

 

 

                                                                Тобы: 101Б 

     Орындаған: Абдурахимова А.С.

 Тексерген: Сайлаухан С.Б.

 

 

 

 

                                 Алматы, 2015 жыл

 

Жоспар:

 

 

 

 

  • Анатомияға жалпы шолу

 

  • Анатомия саласына үлес қосқан ғұламалар

 

  • Зерттеу әдәстері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Анатомияға жалпы шолу

 

        Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.     Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли Ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтебойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр),Халел Досмұхамбетұлының  (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі жасушалардан тұрады. жасушалар жасушааралық затпен қосылып тін (ұлпа) құрайды.

Тін:

  • эпителиалдық,

  • дәнекерлік,

  • бұлшық еттік,

  • жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді.

      Тін қосылып органдарды құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын органдар –органдар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам ағзасын құрайды.                           Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді:

  1. тірек-қимыл аппараты;

  1. ас қорыту жүйесі;

  1. тыныс алу жүйесі,

  1. несеп-жыныс аппараты;

  1. жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді);

  1. сезім ағзалары;

  1. эндокриндік бездер;

  1. жүйке жүйесі.

      Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, бағана, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына бағана қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әртүрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.

 

 

  • Анатомия саласына үлес қосқан ғұламалар

 

      Гиппократ (б.з.д. 460-377 жж.) - медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым әрі дәрігер. Адам денесіне көптеген бақылаулар жасап, алғашқы медициналық тұжырымдарды бір жүйелеген. Қабырғалар мен омыртқалардын, бұлшық еттердің, қантамырларының құрылысын зерттеген ғұлама. Темперамент пен дене бітімінің төрт типі жайында ілімді тұжырымдады. Гиппократ этикалық тәртібі және адамгершілігі мол дәрігердің жарқын үлгісі. Әлі күнге дейін медицинаға бет бұрған жандар "Гиппократ сертін" - дәрігердің өнегелік кодексін жаттайды. Гиппократ - "медицина атасы" болып саналады.

      Гален (Galenus) (129-200ж.ж.) — морфология ғылымының сол кездегі қарқынды дамуына зор еңбек сіңірген көне Рим дәрігері. Гален маймылдың, үй жануарлардың, аюдың, пілдің, арыстанның, құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, балықтардың дене құрылысын салыстырмалы зерттеп, жинақталған. Морфологиялық ғылыми мәліметтерді толықтырумен қатар, морфологияға халықаралық латын атауларын енгізуге атсалысты. Гален өлекселерді зерттеп қоймай, итке, шошқаға, маймылға және сиырға тәжірибе жасау арқылы жүйке жүйесін зерттеп, 7 жұп ми, 30 жұп жұлын жүйкелерін және кейбір жүйке түйіндерін (ганглийлерін) анықтап, грек ғалымдары Герофил мен Эразистрат еңбектеріне толықтырылулар еңгізді. Ол жүрек пен қолқа қуысында ауа емес, қанның болатындығын, көптеген қан тамырларды дұрыс анықтап, жануарлар қаңқасын зерттеген. Бүлшықеттердің 300-дей түрін анықтаған. Гален ғылыми еңбектерінің негізінде "Адам дене бөліктерінің маңызы" атты классикалық кітабын жазып, медицаның дамуына зор үлес қосты.

     Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер дана. Әл Фарабидің еңбектерінен оның медициналық білімі болғандығын дәлелдейді. Ол өмір сүрген заманда медицина жаратылыстану ғылымдарының ішінде дамыған сала болды. Медицина ол кезде "емдеу шеберлігі ғылымы" деп атады. Әл-Фарабидің ірілі-ұсақты 150 ғылыми еңбегі артында қалған болса соның ішінде бірнеше еңбегі медицина саласына бағытталған. Мысалы: "Адам ағзасындағы мүшелер", "Жануарлар ағзасындағы мүшелердің құрылысы мен қызметі " және тағы да басқалары.

      Әбу Әли ибн  Сина (Авиценна) (980-1037 жж.) - шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы, тәжік философ әрі дәрігері. Оның "Дәрігерлік ғылымның ережелері" деген энциклопедиясында сол заманғы медицина жайлы құнды деректер бар. "Адам анотомиясы" кітабы ғасырлар бойғы дәрігерлердің таптырмайтын нұсқау құралы болды. Бұл кітапта адам денесінің қызметі мен құрылысы жайлы жылпы сипаттама берілген. Әбу Әли ибн Синаның медициналық еңбектерімен қатар философиялық трактаттар, математика, астрономия, геология, тіл білімі, музыка теориясы жөнінде жазған еңбектері бар.

       Андреас Везалий (1512-1564 жж.) - қазіргі медицинаның негізін салушы, Италиядаға Падуан университетінің профессоры. Мәйіттермен жеке жұмыс жасап, 7 кітаптан тұратын "Адам денесінің құрылысы туралы" еңбек жазып қалдырған. Еңбектерінде ізашарларының қателерін ашық көрсетіп, қарсыластарының қуғындауына ұшырады. Везалий ер адам мен әйел адамның қабырғалар саны тең болатынын дәлелдеген. Ол адамның шынайы анатомиясына көптеп еңбек сіңіріп, анатомдар мектебін құрды. 

      Уильям Гарвей (1578-1657) - ағылшын дәрігері, қазіргі заман физиологиясының негізін салушы. Қанайналымның тұйық екендігін дұрыс түсіндіре алған ғалым. Үлкен қанайналым шеңберін ашқан. Уильям физиология ғылымының негізін салушы. "Жануарлардағы жүрек пен қанның қозғалысы туралы анатомиялық зерттеулер" еңбегінің авторы.

       Николай Иванович Пирогов (1810-1881 жж.) - орыс анатомы, хирург. "Артерия діңінің хирургиялық анатомиясы" деген кітабында "Адам денесінің қолданбалы анатомиясының толық курсын" жария етті. Біраздан кейін Пироговтың "Топографиялық анатомия" атты әлемге әйгілі еңбегі жарық көрді. Ол алғаш рет эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріңдегенде спирт пен йодты пайдаланған болатын. Сонымен қатар ол ота жасаудың жолдарын ұсынып, іс жүзінде тәжірибелер жасады. Қазіргі таңда ғалымның үйінде мұражай ұйымдастырылды.

      Иван Сеченов (1829-1905жж.) - орыс физиологиялық мектеп ашқан ғалым. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелуді және қанның тыныстық қызметін зерттеді. "Ми рефлекстері" атты еңбегінде адамның саналы-санасыз әрекеттерінің рефлекстік табиғатын негіздеді. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.

      Иван Павлов (1849-1936 жж.) - адам мен жануардың жүйке жүйесінің қызметін, қанайналымның реттелуін зерттеді. Жүрек бұлшықеттерінің арнайы жүйкелерінің болатынын дәлелдеген. Асқорыту физиологиясын зерттеп, шартты рефлексті ашқаны үшін 1904 жылы Нобель сыйлығана иеленді.

      Халел Досмұхамедов - ұрпағының болашағы үшін күрескен қазақтың біртуар ұлы. Аз жасаса да, артына біршама еңбек жазып қалдырып үлгерген ғалым. 1920 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыстармен шұғылданған. 1922 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағын алған. Онық негізгі еңбектері: «Қырғыз өлкесі халқының арасында обамен қалай күресуге болады» (1918, Ташкент); «Табиғаттану» (1924, Ташкент); «Оқушының саулығын сақтау» (1925, Ташкент); «Адамның тән тірлігі» (1927, Ташкент) және т. б.

X. Досмұхамедовтың  әсіресе әр мүшенің тазалығын (гигиенасын) сақтау үшін айтқан  өсиеттері өз алдына бір төбе. Соның кейбіреулерінен үзіндісін ғана келтіре кетейік.

  1. «Құлағың сау болсын десең... - құлағыңның құрылысы мен қызметін біл; құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де орында; құлағыңа еш уақытта еш нәрсе тықпа; құлағыңның ішін, сыртын таза ұста...»

  1. «Мұрның сау болсын десең... - мұрныңды әрдайым таза ұста; аузыңның тамақ жеп, сөйлеу үшін, мұрныңның тыныс алу, иіскеу үшін жаралғанын ұмытпа!»

  1. «Тынысың сау болсын десең... - дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын; үйдің ішінде еденге, қабырғаға, мұрын орамалға қақырма, түкірме; киім, төсегіңді үйде қақпа; гулеген желден сақтан!»

  1. «Көзің сау болсын десең... - ымыртта, ала көлеңкеде, жарық нашар түскенде жазба, оқыма, үй жұмысын жасама; жазғанда қою сиямен анық көрінетін сызықтың үстінен жаз; бөгде адамның сүлгісімен, бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе».

Бұл ережелер осыдан 78 жыл бұрын жазылса да осы күнге дейін құндылығын жоймай қолданылып келеді.

        X.Досмұхамедов анатомия, физиология,гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Мүшелердің гигиенасына тоқталмас бұрын оның құрылысы мен қызметін талдап барып, ең соңында гигиенасына тоқталады. Бұдан біз X. Досмұхамедовтың анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуына көп еңбек сіңіргендігін көреміз. Анатомия, физиология, гигиена ғылымдарының дамуы аталған ғалымдардың зерттеулерімен ғана шектелмейді

 

 

 

 

  •  Зерттеу әдістері

 

  1. Мүрделерді сойып көру және пепараттар жасау;

  1. Антропометриялық әдіс;

  1. Гистологиялық әдіс (жеке ұлпалардың, мүшелердің кесінділері микроскоп арқылы зерттеледі);

  1. Рентгенологиялық әдіс (рентгенге түсіру арқылы жеке мүшелердің өзгерістері, орналасқан орны, тірі адам өмірінің түрлі кезеңдері зерттеледі);

  1. Эндоскопиялық әдіс ( жарықсәулелерін пайдалану арқылы іші қуыс мүшелердің ішкі беттері зерттеледі);

  1. Компьютерлік томография әдісі

  1. Ультрадыбыстық әдіс

        Гистологиялық зерттеу әдістері — 1) оптикалық (жарық сәулесінің көмегімен) микроскопия — жануарлар мүшелерінің ұлпалары мен жасушаларының ұсақ құрылымын көріп таддаудың негізгі әдісі; 2) фазалық контрасттық микроскопия жануарлардың тірі ұлпалары мен жасушаларынан алынған, боялмаған мөлдір гистологиялықжонындыларды зерттеу әдісі; 3) ультракүлгіндік микроскопия — әдіс қысқа ультракүлгін сәулелерді пайдалануға негізделген. Ультракүлгіндік микроскопияда препараттың көрінісін люминесцентті экранда талдап, анықтап көріп, фотопластинкаларға түсіріп зерттейді;4)]Флуоресценттік (люминесценттік) микроскопия — флуоресценция құбылысына, яғни зерттелетін гистологиялық нысанның сәулелі энергия әсерінен қозуына негізделген. Флуоресцентті микроскопта флуоресценцияны қоздыру үшін, сәулелі энегия көзі ретінде, тым жоғарғы қысымдағы сынап немесе ксенонды шамдар қолданылады. Флуоресценцияның екі түрі ажыратылады: 1. өзіндік (біріншілік) флуоресценция — гистологиялық препараттағы жасуша құрылымдарының сәулелі энергия әсеріне байланысты жарық шығарып өздігінен жарқырауы. 2. жасанды (екіншілік) флуоресценция — жасуша құрылымдарының арнайы бояғыш заттар—флуорохромдармен боялуы нәтижесінде ерекше түспен жарық беру қасиеті. Мысалы, қызыл-сары акридин флуорохромымен боялған ДНҚ жасыл, ал РНҚ қызыл түс береді. Екіншілік флуоресценция — тым сезімтал әдіс. Оның көмегімен жасушаның химиялық құрамын да анықтауға болады; 5) авторадиография — жануарлар ұлпалары мен жасушаларындағы радиоактивті [изотоп|изотоптармен белгіленген заттарды анықтауға арналған цитологиялық әдіс Радиографиялык,зерттеуге радиоактивті фосфорды(Р ),көміртегті(С ),күкіртті(S ), сутегті (Н ), немесе осы радиоактивті элементтермен белгіленген қосылыстарды пайдаланады. Зерттеу кезінде препараттағы белгіленген радиоактивті изотоптан бөлінген сәулелердің әсерінен көріністі тұсірген фотопластинка [фотоэмульсия|фотоэмульсиясы құрамындағы бромды күмістен таза күміс түйіршіктері бөлініп, ұлпалар мен жасушалардағы белгіленген заттардың орналасу орындарын көрсетеді; 6) электронды микроскопия жарық сәулелері толқындарына қарағанда 100000 есе қысқа электромагнит толқындарын пайдалану арқылы нысандарды 100000- нан миллиондаған есеге дейін үлкейтіп көрсететін жаңа тым нәзік микроскопиялық (субмикроскопиялық) зертеу әдісі.Соңғы кезде шыққан микроскоптар гистологиялық нысандардың кеңістіктік үшөлшемдік көлемді зерттелуін қамтамасыз етеді.  

Информация о работе Анатомияның зерттеу тісілдері