Анатомияның зерттеу тісілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2015 в 17:34, реферат

Описание работы

Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли Ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтебойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр),Халел Досмұхамбетұлының (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.

Файлы: 1 файл

анатомия.docx

— 76.85 Кб (Скачать файл)

       Эндоскопия (грек. endon – ішкі және skopeo – көремін) – адамның ішкі органдарын арнайы аспап – эндоскоп арқылы тексеру. Эндоскоптар – оптик. және жарық жүйелерімен жабдықталған, иілгіш металл немесе пластмасса түтікшелер.Эндоскопия хирургияда, гастроэнтерологияда, урологияда, гинекологияда, пульмонологияда жиі қолданылады. 20 ғ-дың 60 – 70-жылдарында клиник. тәжірибеге оптик. талшықтардан тұратын (фибро) құрастырылмалы аспаптар (фиброскоптар) енгізіле бастады. Тексерілетін органға байланысты Эндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады:фибробронхоскопия (бронх Эндоскопиясы), фиброэзофагоскопия (өңеш Эндоскопиясы), фиброгастроскопия (асқазан Эндоскопиясы), фиброколоноскопия (тоқ ішек Эндоскопия сы), т.б. Сондай-ақ Эндоскопия биопсияда, денеге енген бөгде заттарды немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді алып тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде Эндоскопия тек ауруды тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп. хирургия) айналып отыр. Эндоскоп. жолмен жасалатын операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың ондай операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.

        Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.

       Рентгенология (В.Рентгеннiң атымен) және грек. logos – iлiм] – клиникалық медицинаның рентген сәулесiнiң көмегiмен органдар мен олардың жүйелерiнiң құрамын, қызметiн зерттеп, аурудың рентгендiк диагностикасын қоятын саласы. Рентгенологиялық зерттеулердiң барлық әдiстерi денеден өткен сәуленi ұстайтын рентгендiк таспа (рентгенографияда); флюоросценттiк экран (рентгеноскопияда); селендiк күйтабақ (электррентгенографияда) немесе кристалдық детекторлар (компьютерлiк томографияда) – сәуленiң сапасы мен шоғырланған рентген сәулесiнiң сандық талдауына сүйенедi. Рентгенологияның маңызды теорема бөлiмi болып – рентгендiк скиалогия (рентгендiк көлеңкелi суреттiң пайда болу заңдылығын зерттейдi) есептеледi.

       Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.                                            Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы.
  2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі.
  3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Анатомияның зерттеу тісілдері