Биологиялық қару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2015 в 12:15, реферат

Описание работы

Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз көлемде түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе, өлім қаупін тудырады немесе зақымдаушыны ұзақ уақыт ұрысқа жарамсыз етеді [9].

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................
2

Негізгі бөлім.

1.
Тарихы..........................................................................................................
3
2.
Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері...................
6
3.
Биологиялық қарудың түрлері және медицина-биологиялық сипаттамалары.............................................................................................

9
3.1.
Адамның инфекциялық ауруларының топталуы.....................................
9
3.2.
Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық аурулары................................
10
3.3.
Өсімдіктердің аса қауіпті аурулары..........................................................
11
4.
Бактериялық (биологиялық) зақым ошағы...............................................
13
4.1.
Құтқару жұмыстарын жүргізу....................................................................
13
5.
Жеке қорғау құралдары..............................................................................
15
5.1.
Бактериялық қарудан қорғану жұмыстары...............................................
17
5.2.
Бактериялық зақым аумағында жүріп-тұру, іс-қимылы және әрекет ету тәртібі.....................................................................................................

19

Қорытынды..................................................................................................
23

Пайдаланған әдебиеттер тізімі....

Файлы: 1 файл

Биологиялық қарудың жіктелуі және медицина-биологиялық сипаттамалары. Қорғау әдістері мен құралдары.doc

— 1.87 Мб (Скачать файл)

Қоздырғыштың түрі бойынша инфекциялық аурулардың топталуы да кең қолданылады, олар: вирустық аурулар, риккетсиоздар, бактериалды инфекциялар, протозойлы аурулар, гельминтоздар, тропикалық миноздар және қан жүйесінің аурулары болып бөлінеді [9].

Тырыспа. Қоздырғышы – тырыспа вибрионы, имек таяқша пішінді, өте шапшаң қозғалмалы және белсенді; өзіне лайықты ортада тез арада көбейіп, өседі; ылғалды ортада көп уақыт сақталады, әсіресе суда. Тырыспа ішек инфекциялық ауруларға жатады. Ауырған адамның организмі көп мөлшерде сұйықтығын жоғалтады – сырқатты негізгі ауырлататын осы нәрсе. Науқастың алғашта іші өтеді, құсады, дене температурасы төмендейді, көздері шүңірее түседі. Емделмеген адам өледі. Қастенің жасырын мерзімі 2-5 күн.

Бөртпе сүзегі. Тарихта әдетте соғыс кезінде, ашаршылықта пайда болған. Қоздырғышы – Провацек риккетсиясы. Науқастан сау адамға биттер арқылы тарайды. Жасырын мерзімі орташа алғанда 14-15 күн. Дене температурасы күрт өседі, басы ауырады, теріні бөртпе қаптап кетеді, бас миының қабынуы ықтимал. Дерттен сауыққан организмде тұрақты иммунитет пайда болады.

Ку-қызбасы. Бернет риккетсиялармен қоздырылады. Қоршаған ортада бұл риккетсия өте тұрақты, кептірілген жағдайда бірнеше ай бойы сақталады. Табиғи түрінде әсіресе малдарға жұғысқан адамдарға, жүн, терімен айналысқандарға тыныс арқылы өтеді.

Табиғатта риккетсияларды кенелер сақтап жүреді. Сырқаттың жасырын мерзімі 8-28 күн. Ауырған адамның температурасы көтеріліп, өкпеде өзгеріс байқалады, бүкіл денесі ауырады, бауыры ісінеді.

Оба. Халық арасында бұл індет үрей, дүрбелең туындатады, өйткені ол ерекше қауіпті инфекциялы қасте. 1346-1351 жылдары обадан 50 млн.-ға жуық адам өлген деп тарихшылар мәлімдейді. Қоздырғыштың пішіні жұмыртқаша келеді. Табиғатта оны таратушы, сақтаушы болып кеміргіштер болады: атжалман, тышқандар, суыр, саршұнақ, т.б.Адамның дертті қабылдаушылығы өте биік. Өкпе обасы науқас қолданылған заттарынан, ірің-сілекейлерінен сау адамға тыныс арқылы өтеді. Індеттің таралуында әсіресе басым рөлін бүргелер атқарады. Жасырын мерзімі 2-3 күн. Алғашта температура өсіп, организмді жалпы әлсіздік баурайды. Өкпе обасымен ауырған адам емделмеген жағдайда 2-3 күн арасында міндетті түрде өледі [10].

Қазақстанда іш сүзегі, дизентерия және басқа да ішек аурулары, тұмау, көкжөтел, қызылша, полиомелит, бруцеллез, туберкулез, мидың қабынуы, вирустық гепатит, сүзек, безгек, ыстығы көтеріліп ауру, тыныс жолдарының вирустық инфекциялары және т.б. тіркелген.

Қазақстан аумағында, атап айтқанда Атырау мен Қызылорда облысында обаның белсенді табиғи ошағы орналасқан, оны таратушылар кішкентай кіші сарышұнақ, май тышқанның түрлері болып табылады [7].

 

 

3.2 Жануарлардың аса қауіпті инфекциялық аурулары 

 

Жануарлардың инфекциялық аурулары – арнайы қоздырғышты, даму кезеңділігі, ауру жануардан сау жануарға жұғу мүмкіндігі, эпизотикалық таралуды қабылдау сияқты жалпы белгілері бар аурулар тобы.

Эпизоотикалық ошақ – белгілі жағдайда өте қабылдағыш жануарларға ауру қоздырғышы берілуі мүмкін, белгілі мекенжай аумағында қоздырғыш инфекциясының көзінің болу орны эпизоотикалық ошағы белгілі инфекция табылған жануарлардың жүрген аймақтары және тұрған ғимараттары болуы мүмкін.

Эпизоотикалық процесс таралу кеңдігі бойынша үш формамен: спорадикалық ауруларынан, эпизоотиялық және панзоотиялықпен сипатталады.

Эпизоотия – эпизоотикалық процестің қарқындылығының орташа дәрежесі. Эпизоотия кеңінен инфекциялық аурулардың шаруашылықта, ауданда, облыста, елде таралуымен сипатталады. Эпизоотияға жаппайлық инфекция қоздырғышының көзінің ауқымдылығы, жұқпалықтың басып алуының бір мезгілділігі, кезеңділік пен мерзімділік тән.

Панзоотия – эпизоотияның дамуының жоғарғы дәрежесі. Бұл инфекциялық ауру бір мемлекетті, бірнеше елді, материкті қамтитын кең таралуымен сипатталады. Панзоотияға жақындылығына ие жануарлардың инфекциялық ауруларына ящур, ірі қара, шошқа және құстар обасы жатады [9].

Қазақстан Республикасында  хайуанаттардың эпизоотиялық ауруларының мынадай түрлері таралған: бруцеллез, туберкулез, шешек, құтырғандық, қанды безгек, аусыл, лептоспироз [7].

Ящур – ауыз қуысының сілекейлі қабығының, терінің, аяқтарының автозды (ойықты жара) қабынуымен және безгекпен сипатталатын жабайы және жүн тұяқты үй жануарларының жоғары контагнозды (түйіспелі) тез жұқпалы вирусты ауруы. Ірі қара мал мен шошқа ящур ауруын тез қабылдағыш, ал қой мен ешкі бұл ауруға аз сезімталды келеді. Ауру жануарлар, сонымен қатар вирус тасымалдағыш  жануарлар вирусты қоршаған ортаға сүтпен, сілекеймен, зәрмен және қимен бөледі де, нәтижесінде мал қораларды жайылма жерлерді, жемді, тасымалдау құралдарын инфекциялық жарақаттайды.

Ящур вирусын тапқан жағдайда, шаруашылыққа немесе елді мекенге карантин жариялайды және шаруашылықтың жұмысына шектеулік қойылады. 

Шошқалар классикалық обасы – инфекциялық, жоғары контагиозды (түйіспелі) тез жұқпалы вирусты ауру. Табиғи жағдайда бұл аурумен үй және жабайы шошқаның барлық түрі ауырады. Ауру және вирус тасымалдағыш жануарларды сау жануарлармен бірге ұстағанда және інтек жем бергенде жұғады. Обамен ауыратын шошқаны арнайы емдеу әдістері әлі табылмаған. Ауырған жануарларды жедел өлтіріп,  ал өлігін өртейді.

Құстар обасы – тауықтар құрылымындағы құстардың жоғары түйісу жұқпалы гиозды вирусты ауруы, тыныс, ас қорыту, орталық жүйке жүйесінің жұқпалықтан істен шығуымен сипатталады. Аурудың жұғуы жем, су, ауа арқылы, бір жерде ауру құсты сау құстармен ұстаған кезде өтеді. Ауру кейбір кезеңдікпен жазғы-күзгі мерзімділікке ие, өйткені бұл кезде шаруашылық жұмысы көбейеді де құстардың, көбеюі өтеді. Ауру пайызы 100%-ға дейін, ал өлшемдігі – 60-90% -ға дейін жетеді. Арнайы емдеу әдістері әлі өңделмеген. Шаруашылықта ауру пайда болған жағдайда карантин жариялайды, ал құстарды өлтіріп өртейді [9].

 

 3.3 Өсімдіктердің аса қауіпті аурулары

 

Өсімдіктер ауруы – бұл фитопатогеннің әсерінен немесе қоршаған ортаның жағымсыз жағдайынан болатын ағзалар торларының және барлық өсімдіктің құрамында зат алмасуының бұзылуы нәтижесінде өнімділігі төмендетіледі немесе мүлдем өліп қалуына келтіреді.

Фитопатоген – өсімдіктердің заттар алмасуына кері әсер көрсететін биологиялық активті заттарды бөлетін ауруының қоздырғышы, ол тамыр жүйесін зақымдап, қоректік заттардың берілуін бұзады.

Өсімдіктердің ауру масштабтарын бағалау үшін эпифитотия және панфитотия деген түсініктемелерді қолданады.

Эпифитотия – белгілі уақытта маңызды аймақтарда таратылған өсімдіктердің инфекциялық ауруы.

Панфитотия – бірнеше мемлекетті немесе құрлықтарды басып алған жаппай аурулар.

Өте қауіпті ауруларға бидай мен арпаның сабақты сызықты тозаңдануы, бидайдың сарғыш тозаңдануы және картоптың фитофторазы жатады.

Бидай мен арпаның сызықты тозаңдануы – бұл өсімдіктердің бір жылдық кең тараған зияндылығы жоғары ауруы. Сабақты тозаңдану көп жағдайда, сабақтың және жапырақтың қынабын жарақаттандырады. Тозаңдағыш аурулардың тез таралуы қоздырғыштың жоғары өнімділігімен белгіленеді. Аурудың дамуының ең қауіпті ошақтары  Кубань және Ставрополье болып табылады.

Бидайдың сарғыш тозаңдану ауруы саңырауқұлақты зиянды тасымалдағышпен өте таралған ауру, арпа, сұлы басқа да астықтарды жарақаттандырады. Бидайдың сарғыш тозаңдануымен жарақаттану вегетациялық кезеңнің барлық уақытында байқалады, бірақ негізінен тамшылы сұйық ылғал бар жағдайда және ауа температурасы  +10-нан +20°С-қа дейінгі аралықта өтеді.

Бидайдың сарғыш тозаңдау ауруының ең зиянды тасымалдағыш эпифитотиясы жылы қыста, жылы көктем мен ылғалды салқын жаз айларында байқалады. Сары тозаңдануға ұшыраған бидай дәнін егу кезінде өнімділік 50%-ға дейін, ал саңырауқұлақтарға тиімді жағдай болған жылдары 90 және 100%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Картоп фитофторозы – кең таралған зиянды тасымалдағыш ауру. Аурудың зияндылығына өнімділіктің төмендеуімен және жерастында пайда болған түйнектерінің жаппай шіріп кетуімен белгіленеді. Ауру қоздырғышы – қыс бойы ұрықтық түйнекте сақталатын саңырауқұлақ. Фитофтора өсімдіктердің барлық жер бетіндегі ағзаларын зақымдайда да ауру жаздың екінші жартысында байқалады. Картоп өнімінің шығын 15-20% және одан да жоғары болады [9].

 

    

7-сурет. Картоп фитофторозы

4 Бактериялық (биологиялық) зақым ошағы

 

Бактериялық (биологиялық) зақым ошағы – бұл зақым ошағына бактериялық қаруды қолдану салдарынан адам мен малда түрлі жұқпалы аурулар тараған аймақ жатады. Жұқпалы аурулардың таралу кезеңінің әр түрлі болуына байланысты зақым ошағы бактериялық қару қолданылысымен бірден анықталмайды. Зақым ошағы ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, ол кейбір микробтар мен саңырауқұлақтардың сыртқы жағдайға тұрақтылығына және олардың ауру таратқыш жәндіктер организмдерінде ұзақ сақталу қасиетіне байланысты.

Бактериялық зақым ошағының көлемі қолданған қарудың түрі мен биологиялық рецептуралардың ерекшелігіне, қолдану әдісіне және ауа райына, жер бедеріне байланысты болады.

Бактериялық ошақта бактериялық құралдарды пайдаланудың негізгі белгілері: жарылыс орында сынған қару. Шөпте, өсімдікте, жерде, айналадағы заттардың бетінде тамшы пайда болады, төмендеп ұшқан самолет соңында тұманның немесе түтіннің жолағы, контейнерлер, ауырған өлген малдар көрінеді. Әсіресе жарылыс болған жерде құрт-құмырсқа, кеміргіштер, кенелер кенет көбейеді, үй жануарлары мен адамдар жаппай ауырады [7].

 

4.1 Құтқару жұмыстарын жүргізу

 

Бактериялық қаруды қолдану нәтижесінде жұқпалы ауру тараған территорияға азаматтық қорғаныс бастығының шешімі бойынша карантин немесе обсервация салынады. Бұл жағдайда территорияға сырттан ешкім кіргізілмейді және одан шығарылмайды. Зақым ошағында медицина қызметкерлері, мал мен өсімдікті қорғау қызметкерлері, мал мен өсімдікті қорғау қызметі эпидемияға қарсы емдеу және аурудың алдын алу шараларын жүзеге асырады. Бұл шараларға үйлерді, киімдерді, т.б. тұрмыстық заттарды дезинфекциялау, адамдарға тиісті дәрілер мен вакциналар егу кіреді [7].

Дұшпанның бактериялық құралдарды қолданғаны белгілі болысымен бактериялық ошаққа барлаушылар жіберіледі. Олар ошақтың шегін, уақытша тиым тәртібін орнатады. Санитарлық жасақтар санитарлық сараптама, азық-түлік шикізатын, су, жайылым, оларды залалсыздандыру, індетке қарсы санитарлық-гигиеналық, арнаулы санитарлық емдік-көшіру жұмыстарын жүргізеді.

Бактериялық құралдармен зақымданған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде АИ-2-дегі N1 бактериядан қорғайтын құралдарды пайдаланған жөн.

 N1 бактериядан қорғайтын құрал – жасыл түсті таблеткалар, аппақ түсті екі пеналда сақталады, бактериалды зақымдану қауіпі немесе жұқпалы аурулар ошағында жұмыс кезінде шұғыл сақтандыру үшін қабылдайды. Әуелі 5 таблетка қабылдайды (бірінші пеналдың ішінде) және 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблетканы (екінші пеналдың ішінде) қабылдайды.

Емханаға, дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі.

Дәрігерлерге дейін мынадай шараларды жүргізу керек:

  • қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтау;
  • қолданылуы аясы кең антибиотиктерді беру;
  • дезинфекциялық шараларды жүргізу;
  • ошақтық ішінде санитарлық тазалауды жүргізу;
  • сырқаттардың киімдерін микробиологиялық зерттеу үшін лабораторияға жеткізу.

Бактериялық ошақта пәтерді, мебельдерді, ыдыстарды, киімдерді, төсек орындарды және де басқа заттарды хлорлы әкпен, феномен дезинфекциялайды. Жұқпалы ауруларды тарататын жәндіктерді, тышқандарды, атжалмандарды, шыбын-шіркейлерді т.б. жәндіктерді жою қажет. Карантин жарияланған аудандарда бактериялық ошаққа кіріп-шығуға тиым салынады.

Бактериялық ошақтарда суды залалсыздандыру жұмыстары дезинфекция деп аталады [6].

 

                          

 

8-сурет. Барлаушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 Жеке қорғау құралдары

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте. Жеке қорғау құралдарының топталуы. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары.

Сүзгілейтін газға қарсы заттар дем алу ағзасына микробтардың түсуінен қорғауға арналған, көзге, бетке. Қорғаныс әрекетінің қағидалары қауіпті қоспалардан алдын ала қорғануға бағытталған. Газға қарсы құралды пайдаланар алдында оның дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу керек. Азаматтық газға қарсы ГП-7 ең соңғы және жетіктірілген модель. Ол УЗ-дан көптеген КӘУЗ-дан, радиобелсенді шаңнан, бактериалды құралдардан қорғайды. ГП-7, МГП бет бөлігінен сүзгілеу қорапшасынан тұрады.

Ол УЗ көптеген КӘУЗ, радиоактивті шаңнан, бактериялды заттан жақсы қорғайды. Өте жеңіл, қозғалыстарды аз тығыздайды.

Ұзақ уақыт бойы қолданған демалуды қиындата түседі. Көру өрісін шектейді.

Өнеркәсіптік газға қарсы құралдар көз, бет ағзаларын зақымдаудан сақтайды.Олар нақты улы заттардан қорғау үшін арналғанын есте сақтау қажет. Ауада оттегі реттелген жағдайда осындай газға қарсы құралдар қолдануға тыйым салынады. Мысалы, жылдамдықта, цистернада, құдықтарда және басқа да жекелеген бөлшектерде жұмыс істеу кезінде қолдануға тыйым салынады.  Оларды  ауада 18% оттегі болғанда ғана қолданылады.

Информация о работе Биологиялық қару