Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 10:58, курсовая работа
Мақсаты: ҚТҚ қоршаған орта мен адам денсаулығына әсер ету дәрежесін анықтау. Оларды жою жолдарын ұсыну.
Міндеттері:
Қарағанды қаласындағы ҚТҚ-ты жоюдың қазіргі жай-күйін талдау.
Қарағанды қаласы мысалында ҚТҚ-тың қоршаған ортаны ластау әсерін талдауын жүргізу.
Қарағанды қаласы мысалында ҚТҚ-ты жоюдың шаралар жүйесін жасап шығару.
Нәтижесінде қоқысты қайта өңдеу зауыттарында алынатын компост органикалық тыңайтқыш ретінде қолданылады, сонымен қатар көкеністер мен картофель өнімділігі 30-40%-ға артады.
1.4. ҚТҚ жоюдың елдер арасындағы тәжірибелері
Әлемде қалдықтарды жою әлдеқашан қойылған мәселелердің бірі. Шетелдерде әр түрлі жобалар мен жасамалар жүргізілуде. Біздің мақсатымыз, ҚТҚ-ды жою мен қайта өңдеудің ең үздік идеясын таңдау. Германияның ҚТҚ жою тәжірибесі. Неміс үйлерінің жанында көк, сары және сұр түсті қоқыс бөшкелері қойылған. Таңертең оларды алып кетуге арнайы көлік келеді. «Экомобильдер» жиналған алып қоқысты қала сыртына шығарады. Бөшкелер үй маңайынан алыс емес және жүру аумағынан 15 метр жерде тұруы шарт. Сұр бөшкеге тек қана тағамдық қалдықтарды салады, сарыға – қаптамалар, оның ішінде бөтелке, оңқалар, ал көк бөшкеге – ескі газеттер, журналдар және картон қораптар. Автожабындыларды автожөндеу шеберханаларына тапсыру жөн, себебі тек олар ғана резеңкені қайта өңдеуге және тапсырғаны үшін иесіне ақша төлеуге құқылы. Шина қабылдау – олардың сервисі үшін бір қосымша жүк секілді. Әлі де жарамды киімдерді қайырымдылық қорлары жинайды. Оны арнайы пакеттерде үй иесі үйдің алдына күнделікті пошта алып жүрген жәшіктің жанына қойып қояды. Дәл сол мақсатта кейбір аудандарда ескі аяқ киім үшін қабылдау контейнерлерін қояды.[7]
Кейбір себептермен сары бөшкеге түспеген артық шыны ыдысты әрбір ауданның кейбір нүктелерінде орналасқан үлкен контейнерге қояды. Жасыл, ақ және қоңыр бөтелкелер сұрыпталады. Жарамдылық мерзімі өткен дәрілерді дәріхана қабылдайды. Кез келген супермаркеттерде ескірген батареяларды қабылдау пункті бар. Тоңазытқышты шығаруды алдын ала келісу қажет. Қоқысты жою толығымен үкіметтік деңгейде реттелінеді, нақты тәсілдерді муниципалитет жүзеге асырады, олар жеке фирмалардың қызметтерін де пайдалана алады. Кәушік қалдықтары. Жыл сайын полимер материалдар тонналап қалдыққа кетеді. Тауарды қаптауға, әсіресе бір реттік тауарларға біз жыл сайын шамамен млн.т полиэтиленді жұмсайды екенбіз. Ал сол кезекте оны жою толыққанды мүмкін және экономикалық түрғыдан ақталған. Қазіргі уақытта АҚШ-та тек 1% пластикті екінші ретті қолданады, бірақ өнеркәсіпшілер пластикалық «ағаш», жаңа контейнерлер, пластик қаптар мен саябақтық төсемдер, шаңғы асты төсемдерді жасау үшін түрлі жолдар қарастыруда.
Макулатура жинаудың салалық жүйесі Швецияда жасалған. Ондай жүйе тек үлкен қалаларда ғана емес, Қиыр Шығыстың аз тұрғынды аудандарында да таралған. Екінші реттік өңдеуге жинау нәтижесінде олардың 70 және 77% түседі. Әлемде макулатура жинау мәселесі түрліше шешілуде. Мысалы, Британияда ағылшындықтар оқылған газеттерді арнайы қоқыс жәшігіне лақтырады. Осындай жолмен жиналған қағаз фабрикада өңделіп, жаңа қағаз жасап шығару үшін жіберіледі. 1996 жылы «Промотходы» мәскеулік кәсіпорында макулатураны жылуоқшалаушы материалға айналдыру құрылығысын орналастырылған. Еуропада қайта өңделген макулатураны терезе мен қабырға шелдерін жауып, жылутуға арналған материал ретінде қолдануға бұрыннан маманданған.[8] Экомақтаның дәстүрлі оқшаулар материалдарынан басым түрдегі артықшылығы оның органикалық материалдардан тұруы. Экологиялық тазалығы құрылысшылар мен үй иелерін соған қызықтырады. Қағаздың жоғары деңгейдегі өңделуінің тағы бір артықшылығы оның көп көлемде қаптау материалы ретінде экспортталуы. Бұл материалдардың қайта өңделу деңгейі шамамен 50 пайызды құрайды. Бірақ, іс жүзінде экономикалық серіктестік пен даму ұйымының бағалауы бойынша ең төменгі көрсеткіші ретінде 90 пайыздық қайта өңделуге материалдың жіберілуі жатады. Люминецистентті шамдарлардың қоқыс алаңына шығарылуы экологиялық көзқарас тұрғысынан рұқсат етілмеген. Ресейде люминецистентті шамдарды жойып, олардан сынап алу құрылғысы жасап шығарылған. Омбының мотор құрылыстық бірлестігінде істен шыққан сынап құрамды шамдар үшін демеркуризацияның бірегей өндірісі жұмыс істейді. Зауыттық конструкция технологиясымен ұйымдастырылған технология адам қатысынсыз адам денсаулығына аса қауіпті сынап түрін алып шығуға мүмкіндік береді. Жаңа люминецистенттік шамдар «Светотехника» Сарандық өндірістік бірлестікте шығарылады. Ол шамдардың бұрынғы шамдардан айырмашылығы өқрамында сынап көлемінің 5 есе аз болуы. Жаңа шамдар экологиялық таза және қауіпсіз болып, оның қолдану сапасы да артқан – шамдар ұзақ уақыт қызмет етіп, электроэнергияны тұтынуы аз болады.[9] Баламасы жоқ шамдарды Томск электрошамдық зауыт та шығара бастады. Жаңа өнім көше аумағын жарықтандыруға арналған. Оның құрамында экологиялық қауіпті сынап жоқ, ал электроэнергияны тұтыну 10 есе аз. Әйгелі американдық, жылына 100 млн жұп спорттық аяқ киім шығаратын «Nike» фирмасы АҚШ-та ескірген аяқ киімдерді жинауды қалыпқа келтіріп, тапсырылған әр жұп аяқ киім үшін жеңілдік береді. Ескі кроссовкалар жуылып, бөлшектеліп, жүгіру жолдарының қаптамасы мен теннис корттарына арналған резеңке астары салынып, ал синтетика құбырларды оқшалау мен матрастарды толтыруға жұмсалады. Көптеген индустриалды дамыған елдерде аллюминий, қағаз, шыны сиақты материалдарды қайта өңдеу деңгейі артқан. Соңғы 10 жыл ішінде Австрия аллюминий өңдеу көлемін үш еселес, Жапония екі есе деңгейге жеткізген.[10] 1981 және 1985 жылдар аралығында Австрия мен Англия, Германияда қайта өңделетін шыны көлемі 50 пайызға артқан. Германияда 1971 мен 1984 жылдар арасындағы жиналған шыны көлемі 6 есе артып, 1985 жылы 1млн тоннаны құраған. Көп елдерде соңғы жылдары қағазды қайта өңдеу көлемі белгілі бір деңгеге тұрақтай түскен. Қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жалпы жетістіктерге қарамастан оның деңгейін одан да жоғары етуге болар еді. Себебі бұл материалдардың кішкене бөлігі, яғни шылым қораптары мен кітаптар өңделуге жатпайды. Жапония мен Голландия жиналатын аллюминий мен қағаздың 50%-ын қайта өңдеп шығарады. Сол себептен оларға шикізатты жылына екі реттің орнына екі жылда бір рет сатып алуға болады. Кейбір дамушы елдерде аллюмний қалдықтарын қайта өңдеп ғана қоймай, оны шетелге импорттап та үлгереді. Кейде, АҚШ жағдайындағыдай жалғыз отындық шикізат көзі осы екінші ретті шикізаттар болады. Пластикті қайта өңдеуге келер болсақ, ол әлі де толық жетілмеген. Өнеркәсіп, мысалы, әлі де болса қолданлыған полиэтилен сусынның бөтелкелерін қайта өңдеуге дайын емес. Контейнерлер көп жағдайда тесік немесе кесілген болып келеді. Осы себептен көпшілік оның пластиктен ағаш материалға ауысуын талап етеді. Берілген өнімнің ерекшелігі – ол басқа материалдарға қарағанда ұзағырақ қызмет етеді. Алайда Жапония ағашты керісінше пластикке ауыстыруға бейім, себебі ағаш ресурсы шектеулі.
Бұдан шығатын қорытынды, қалдықтарды қайта өңдеу экологияға зиян әкелу тәуекелін төмендетеді. Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі кезек күттірмейтін және оны шешуде кешенділікті талап етеді.
ІІ БӨЛІМ. ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТЫ ЖОЮДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Дәл қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықты сақтау мен қоймалау мәселесі экологиялық және экономикалық өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеу мақсаты: Қоршаған орта мен адам денсаулығына тұрмыстық қалдықтардың әсер ету дәрежесін анықтау. ҚТҚ-ты жоюды шешу жолдарын ұсыну.
Міндеттер: 1.Негізгі тұрмыстық қалдықтарды, полигондарды және қоқыс алаңдарын теориялық зерттеу. 2. Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ҚТҚ әсерін сараптау. 3. Оны жою жолдарын қарастыру.
Тұрмыстық қалдықтар – адам өмірі барысы нәтижесінде пайда болатын, қолданылған керексіз немесе жарамсыз деп танылған қалдықтар. Қатты тұрмыстық қалдықтарға картон, газет, қаптамалық немесе тұтынушылық қағаздар, барлық мүмкін (ағаш, шыны, металл) қолданыстан шыққандар ыдыстар, ағаш, металл, шыны, пластмасс,текстиль мен басқа да материалдар және теріден жасалған заттардың тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан, қираған немесе ескірген тұрмыстық құралдар – қоқыс, сонымен қатар ауыл шаруашылықтық және коммуналдық тағамдық қалдықтар – қалған-құтқандар.
Қарағанды қаласы әлі де ҚР аудандары ішінде қалдықсиымды елдердің бірі. 01.01.2011 ж., жай-күйі бойынша Қарағанды қаласы территориясы қоршаған ортаны қорғау басқарамасының мәліметтері бойынша облыс аумағында шамамен 6,22 млрд.тонна қалдық жиналған, оның ішінде 23,64 млн.тоннасы қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ).
№1 кестеде Қарағанды облысының 2002-2011 жж. қатты тұрмыстық қалдықтың жиналған көлемі динкамикасы келтірілген.
Кесте №1.
Қарағанды облысының 2002-2011 жж. қатты тұрмыстық қалдықтың жиналған көлемі динкамикасы, м3
Атауы |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
Тұрмыстық қалдықтар |
373253 |
49414,3 |
59943,7 |
54043,9 |
23277,4 |
23297,3 |
25784,9 |
29319,4 |
61678,9 |
81888,8 |
Қарағанды облысының 2010-2011жж. ҚТҚ-тың жай-күйі
Қарағанды облысының территориясында жиналған ҚТҚ-тың жалпы көлемі |
2010ж. – 13954 мың м3 2011ж. – 14614 мың м3 |
Оның ішінде ірі қалаларда: Қарағанды қ. |
2010ж. – 7650,5 мың м3 2011ж. – 7981,0 мың м3 |
Жезқазған қ. |
2010ж. – 1472,0 мың м3 2011ж. – 1617,5 мың м3 |
Балқаш қ. |
2010ж. – 2910,5 мың м3 2011ж. – 2999,0 мың м3 |
Ұйымдастырылған қоқыс алаңы: |
2010ж. – 269 2011ж. – 273 |
Ұйымдастырылмаған қоқыс алаңы: |
2010ж. – 791 2011ж. – 670 |
Заңдастырылғаны: |
2010ж. – 803 2011ж. - 654 |
Соңғы жылдары ҚТҚ көлемі артқандықтан, сонымен қатар ол күрделеніп, өзіне экологиялық қауіпті компоненттердің көп бөлігін енгізеді (батарейкалар,шамдар, бояулар, дәрі-дәрмектер және т.б.). Қоқыс алаңдарында оларды дәстүрлі көму экологиялық тұрғыдан болсын, экономикалық тұрғыдан болсын тиімсіз болып келе келеді. Сонымен қатар, сақтау орнынан ластаушы заттардың көшуі жүреді.
Айта кетерлік жағдай, облыста тұрмыстық қалдық пен басқа да қоқысты қайта өңдеу кәсіпорыны жоқ. Берілген осы мәселені шешуді жеңілдету үшін ҚТҚ-ды жинауда сұрыптауды енгізу қажет. Соңғы кездері қағаз, ветош, шыны,полиэтилен және картон қаптамалардың және т.б. қайта өңделуі төмендеген. Бұл «Екінші ретті шикізат» кәсіпорындарының оларды қабылдаудан бас тартуы мен оларды нарықта өткізудің болмауы басты себеп болып отыр. Қалада шыны, қағаз, пластиктарды қабылдайтын бірқатар жеке, заңсыз ұйымдар бар. Өнеркәсіптің дамуы әсіресе үлкен қалаларда қоршаған ортаның ластануына алып келеді, шаруашылық ықзмет қатты дамыған орындарды адам күнкөрісі деңгейі шарттарын төмендетеді және тек халық саны ғана басым болмай, сәйкесінше өнеркәсіп деңгейі де қарқынды дамыған орталықтарда қауіп айтарлықтай зор. Мұндай қала типіне Балқаш қаласын жатқызуға болады. Онда өнеркәсіптік кәсіпорындардың тығыз орналасуы мен қосымша өндіріс орыны және тұрғын аймағының болуы.
Балқаш қаласында, және осындай баламалы түрдегі қалаларда, интенсивті түрде қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ және ӨҚ) және өндірістік қалдықтардың жиналуы жүреді. Оларды дер кезінде және дұрыс жойып, залалсыздандырмаса қоршаған ортаны ластайды.
Автомобиль жолдары мен темір жолдардың дамыған жүйесі, аймақтағы көліктің интенсивті қозғалысы зор еңбекті тазалау жұмыстарына талап етеді. Жол үсті тазалығы мен оны қалыпты ұстап тұру, жаз маусымында шаңдардан тазарту, қарлы-мұзды кедергілерді болдырмау, қыс уақыттарында қарды тазалау мен жинастыру, қаланың және өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық тазалығы жұмыстырын жүргізу қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарға тұрғын үй және қоғамдық мекемелерінде пайда болатын қалдықтар, жылыту құрылғылардан қалған қалдықтар, жергілікті жылыту қалдықтары, түскен жапырақтар, күнделікті тұрмыстық тіршіліктен қалатын ірі заттар жиынтығы жатады. Өнеркәсіптік қалдықтарға қатты инертті әрі токсинді радиоактивтік қасиеттері жоқ өндірістік қалдықтар жатады. Бұл IV санатты қауіпті өндірістік қалдықтар, оларды оқшаулау материалы ретінде қарастыруға болады. Дәл осындай түрдегі қалдықтарға асбест цементті лом, ұнтақ, бетонит, гипс құрамды және т.б. қалдықтар жатады. Бұл офис, шағын бизнес кәсіпорындарында, тұрғын-үй пәтерлеріндегі қарқынды жөндеу жұмыстарымен байланысты азаматтардың белсенді әрекетінің нәтижесі. Біз қарағандылық полигонда зерттеу жұмысын жүргізген болатынбыз (Қосымша №1). Қаттық тұрмыстық қалдықтардың құрамы мен қасиеттері зерттелді. Сынамаларды іріктеу жыл маусымына байланысты жүргізілді. Оларды зерттеу барысында олардың морфологиялық құрамы зерттелді.
Морфологиялық құрам ретінде анықталған құрамды бөліктер, яғни оның жалпы массасында пайыздық түрде көрсетілген құрам деп ұғынамыз. Оларды табиғи түрдегі қалдық жай-күйі арқылы анықтайды. Ол үшін орташа тұрмыстық қалдықты 15х15мм өлшемдегі тордан сүзіп өткізді. Елеуіште қалған ірі түйірлерді қолмен жеке-жеке компоненттерге ұнтақтайды.
ҚТҚ-тың морфологиялық құрамын анықтадық: қағаз=32,1 сүйектер=8%, резеңке=1,9%, металл=4,7%, басқалары=15%, шыны=2,7%, ағаш=22,3%, пластмасса=5,1%, тастар=8,3% .
Морфологиялық құрам өзгеріп отырады: қағаз, текстиль, шыны, металл және пластмасса құрамы артып отырады. ( Қосымша №3). Қатты және өнеркәсіптік қатты қалдықтарды қабылдаудың фактілік көлемі Қарағанды қаласы полигонындағы көлемі салыстырмалы түрде артқан. ( Қосымша №4). Салыстыру нәтижесінде 9 ай ішіндегі ҚТҚ-ты шығару көлемі анықталды.
2009 жыл – 11072 м3
2010 жыл – 12432 м3
2011 жыл – 14064 м3
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау және көму шарттарына сәйкес нақты көлемі 2009 жылы Полигон аймағында 123 384 м3-ты құраса, 2010 жылы 148 442 м3, ал 2011 жылдың 9 айы ішінде – 281 136м3-ты құрады. Бұдан көріп отырғанымыздай, ҚТҚ жыл сайын артып отыр. Бұл мәліметтер қала кәсіпорындарының (дербес түрде) қоқыс шығарылуымен немесе санитарлық алаң тазалығымен есептелеген. Гигиена тұрғысынан, топырақты эндогенді химиялық заттармен (ЭХЗ) ластау қаупі оның таралуы, яғни тура қатынастағыдай билогиялық объектілермен топырақ қабатымен қатынасатын химиялық заттар , сонымен қатар топырақтың өзін-өзі тазарту үрдісі бұзылған кездегі және санитарлық өмір сүру шарттарына әсер етеді. Топырақты ластау қаупінің негізгі гигиеналық критерийін бағалауы болып шекті рұқсат етілген осы заттың мөлшері – ШРЗ табылады. Ол тәжірибелік топырақты-климаттық жағдайда орналасып, адам денсаулығы мен оның ұрпақтарына зиян тигізілмеуін сонымен қатар санитарлық шарттардың сақталуын, тікелей теріс немесе қалтқысыз залалдың болмауын қамтамасыз етеді. Топырақтың ластану деңгейін есептеген кезде (ЭХЗ) зерттелінетін ауданға байланысты ластану көзін ескере отырып, химиялық заттардың шығарылуы болады. Біздің қаламызда ҚТҚ көлемі интенсивті түрде өсіп отырады. Қалдықтардың кейбір компоненттерінің шіруі кезінде, әсіресе органикалық заттар шірігенде топырақта аммиак, нитрат, нитрит, фосфат пайда болады. Қоқыс алаңдарында люминисцентті шамдар, батареялар, электршамдары және т.б. пайда болады. Бұл топырақта ауыр металдар: қорғасын, мырыш, хром, никель, мыс, марганец сиақтылардың пайда болуына алып келеді.
2.1. Қарағанды
қаласы мысалында қоршаған
Экологиялық зертхана мамандарымен бірге топтасып Қарағанды қаласының полигонында топырақ сынамаларын жинадық. Топырақ сынамалары санитарлы-қорғау аймағынан алынған, ал үлгілер зерттеу орнынан талдау үшін зертханаға жеткізілді. рН топырақты анықтады. Зерттеу рН-метрмен жүргізілді. рН(3-4) өлшемде топырақ қышқыл, (4-5) қышқыл, (5-6) шамалы қышқыл, (6-7) бейтарапты, (7-8) құмдақты, (8-9) аса құмдақты. Біздің аймақта топырақ тұзды, құмдақты реакциямен ерекшеленеді (колометрикалық және эоктролитикалық).
Топырақ сынамасын талдау оның құрамында нитраттың барын анықтап берді. Әдіс мәні мынада – нитраттарды алюмокалийлі квасцы ерітіндіден массалық үлесі 1% немесе күкіртқышқылды калий концентратынан (S K2 S04)=0.1 моль\дм3 алу және сынама ерітіндісі көлемі 1:2,5 және келесі сығындыдан нитратты ионоселективті электрод арқылы анықтау. Несслер коллометрикалық реактиві әдісі: 2Hg K2 J4+3KON+NH3=NH2 HgOJ+7KJ+2H20 арқылы топырақта аммиактың бары анықталды. Ол үшін суға ерігіш 2% калий хлористін және табиғи ылғалды топырақты алды. Әдіс қосылыстарды сары түске бояуға негізделген. Ониани әдісі бойынша ЦИНАО модификациясы фосфор мен калийдің (ГОСТ 26206-91) жылжымалы формаларын анықтады. Жоғарғы тұқымды жасамдық топырақтық зерттеу барысында топырақ құрамында жылжымалы фосфор мен калийді анықтады. Әдіс топыраққа концентрациясы (S H2 S04)=0.1моль\дм3 күкірт қышқылының араласуы арқылы топыраққа қатынасы 1:2,5 болатын калий мен фосфор алынған. Келесідей көк түсті фосфор-молибден кешенін фотоэлектроколометрде алаулы фотометрінде калий арқылы анықтайды. Аса қауіпті жағдайға жерлердің өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы болып тұр. Топырақ ауыр металлдармен ластануда.
Топырақ сынамасынан алынған құрамда ауыр металдарды «Флюорат-02» құрылғысында (Қосымша №13) анықтады. Сынамаларды қышқылдармен өңдегеннен соң марганец пен қорғасын бөлініп алынды. Жылжымалы қалып әдісі арқылы анықталғаннан кейін хром, мыс, мырыш металдарын су құрамды топырақтан алды.
Металл атауы |
ПДК мг\м3 |
Нақты көлемі |
Марганец, Mn |
1500 |
750 |
Қорғасын, Pb |
32.0 |
11.5 |
Хром, Cr |
6.00 |
50.0 |
Никель, Ni |
35.0 |
30.0 |
Мыс, Cu |
23.0 |
23.0 |
Мырыш, Zn |
23.0 |
80.0 |
Информация о работе ТБО на казахском твердо-бытовые отходы пути решения