Техногенді сипатты төтенше жағдайлар: радиоактивті заттардың тасталуынан болатын авариялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 17:23, реферат

Описание работы

Табиғи апат кезіндегі ТҚ "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруа-шылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі. Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген.

Содержание работы

I. Кіріспе бөлім…......................................................................................................................
Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар......................................................
II. Негізгі бөлім..........................................................................................................................
Аумақтың радиоактивті ластануы. Радиациялық авария. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы...............................................
III. Қорытынды бөлім...............................................................................................................
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы......................

Файлы: 1 файл

Техногенді сипатты төтенше жағдайлар.docx

— 33.92 Кб (Скачать файл)

«Техногенді сипатты төтенше жағдайлар:

                радиоактивті заттардың тасталуынан болатын авариялар»

ЖОСПАР:

   I. Кіріспе бөлім…......................................................................................................................

       Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар......................................................

  II. Негізгі бөлім..........................................................................................................................

     Аумақтың радиоактивті ластануы. Радиациялық авария. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы...............................................

   III. Қорытынды бөлім...............................................................................................................

 «Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар  туралы» ҚР Заңы......................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т



өтенше жағдай - апат нәтижесінде қалыптасқан ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процестерінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді. Немесе адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи апат кезіндегі ТҚ "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруа-шылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі. Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы заңның бүзылғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты басқа да мәселелер мазмұндалған.

Зілзала - бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.

Авария - технологиялық процесстердің бүзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері - агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бүзу. Сондай-ақ техника қауіпсіздігі өрежесін бүзу, зілзала. Авария салдарының сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Аварияның негізгі салдары жарылыс, өрт, су басу, шахталардың қүлауы болуы мүмкін. Бірақта жағдайда атмосфера газданады, мүнай өнімдері, түтанғыш сүйықтар мен қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі, авария салдарын тудырады.

Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.

 

Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.

Көлемі бойынша:

  • Кіші
  • Орта
  • Үлкен

Көлемді анықтау кезінде өлшем үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ.

Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:

  • - табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);
  • -жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).
  • Табиғи:

1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты 

ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан 

болған өрт, жер сілкінісі).

З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу).

4. Космостық (метөориттердің  және басқа космостық денелердің  қүлауы, олармен соқтығыс).

  • Жасанды:

1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен,

темір жол).

2. Өндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,

термикалық).

3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).

4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік,

терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).

Әрбір апат ошақ құруға алып келеді, бұлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.

Табиғаттағы тосын жағдай - бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай.

Мысалы, ықтимал жарақаттар, өсімдіктер мен хайуанаттардың уымен улану, табиғи-ошақтық ауруларға шалдығу, тау ауруы, күн өту жәнө дененің суынуы, улы хайуанаттар мен жәндіктердің шағуы, жұқпалы аурулар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар таралу ауқымына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаhандық болып бөлінеді;

Төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдайлар пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;

Төтенше жағдайлардың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар:

  • - жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету;
  • - егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;
  • - төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шараларға азаматтық қорғаныс күштерiнiң қатысуы.Азаматтық қорғаныс күштерi (әскери бөлiмдер, аумақтық және ведомстволық әскерилендiрiлмеген құрылымдар, мамандандырылған авариялық-құтқару қызметтерi) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға заңдарға сәйкес тәртiппен қатысады.

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға мыналар жатады:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды  қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың  пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн  аварияны, зiлзала мен апатты болжау  және олардың қаупi туралы хабарлау;

- төтенше жағдайлар саласындағы  бiлiмдi насихаттау, халықты және  мамандарды оқытып-үйрету, қорғану  шаралары.

-табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар  саласындағы техникалық регламенттерге  талдау жасау.

Аумақтың радиоактивті ластануы. Радиациялық авария. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы

     Жердің радиоактивті ластануы - ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады. Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойынша эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әр түрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шек арасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді.

      Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмендейді. Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 5 сағаттан кейін он есеге азаяды. Радиоактивті заттармен зақымданған жөрде түрған адам әрдайым сыртқы сәулеге үшырауы немесе сәулө ауруына үшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақым-дануы ықтимал.Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы.Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүрді. "Иондық сәулелену" атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді. Радиоактивтік материалдар Жер мен Күн жүйесінің планеталарының қүрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді. Радионуклидтер тау жаныстарында, топырақта, суда кездеседі. Олар белгілі бір деңгейде өсімдіктер, адам үлпасы мөн мүшелерінде және хайуанаттарда да кездеседі.

        Радиоактивтілікті  ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің  есімімен байланысты, ол 1896 жылы  қара қағазбен жабылған фотопластинканы  ағартқан уран түзының сәулеленуін  анықтады. Жарыққа және 1895 жылы ашылған  рентген сәулелеріне үқсастыру  бойынша бүл қүбылыс радиоактивтілік  атауына ие болды, яғни сәулелендіру  қабілеті. Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды. Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты. 1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады. Олардің кейбірін - радий мен полонийді ғалымдар таза күйінде ажыратты. Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шықты. Бүдан кейін радий өзінің "сәулеленуші" атауына ие болды. Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшеленетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды. Сәулеленудің осы үш түрі грек харіпінің алғашқы әріптерімен аталды: альфа, бета және гамма. Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты, ондық ядросы; бета-бөлшектің электрон екендігі, гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды. Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жүмсайды. Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады: иондаушы сәулелену, иондағыш радиация немесе жай ғана радиация.

Иондаушы сәулелену - элементті бөлшектер ағынынан (электрон, протон, нейтрон, позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан түратын сәулелену, олардың заттар мен ықпалдасуы бүл заттарда әр түрлі заттардың пайда болуына алып келеді.

Радионуклид - атомдық салмағы мен атомдық заряды бар радиоактивті заттың атомы. Бірдей зарядтары бар, алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады. Радионуклидтің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен келген ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (рентген аппараты, элементті бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.). Иондаушы сәулелердің әр түрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әр түрлі жылдамдығымен байланысты болып шықты. Альфа бөлшектөр заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойын толық иондайды, сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады. Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлкен емес - олар ауада 3 - 8 см өтеді, металда - 10 микрон, ал тіпті тығыз қағаздың бір бет парағы да альфа бөлшекті толығынан ұстайды.

 Бета-бөлшектер үлкен  ену қабілетіне ие, ауада олар 2 метрге дейінгі жолдан өтеді, ал олардың металда жүтылуы  үшін қалыңдығы бірнеше миллиметр  қабат жеткілікті.

Информация о работе Техногенді сипатты төтенше жағдайлар: радиоактивті заттардың тасталуынан болатын авариялар