Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 17:23, реферат
Табиғи апат кезіндегі ТҚ "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" ҚР Заңы республика аумағында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда халықты, қоршаған орта мен шаруа-шылық объектілерін төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекөттік саясат жүргізуде басым салаларының бірі екендігі атап көрсетіледі. Заңда төтенше жағдайға, зілзалаға, аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай саласындағы ұйымдардың міндеттемесі, халықтық құқығы мен міндеттемесі белгіленіп, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарының өкілеттігі атап көрсетілген.
I. Кіріспе бөлім…......................................................................................................................
Табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар......................................................
II. Негізгі бөлім..........................................................................................................................
Аумақтың радиоактивті ластануы. Радиациялық авария. Радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, жергілікті жердің радиоактивті зақымдалуы...............................................
III. Қорытынды бөлім...............................................................................................................
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңы......................
Гамма-кванттар ауада
жұтылмайды, ал олардың ағынының
әлсіреуі гамма квант пен жүту
материалының энергиясына
Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элемент-тер жер қыртысында болуы, табиғи суларға түсуі, желдету процес-теріне қатысуы мүмкін. Көп жағдайда тау жыныстарындағы уран су бетіне шығып, оны едәуір қашықтыққа айдайды. Барлық табиғи суларда уранның қандай да бір мөлшері кездеседі. Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық ошақ кездессе ол сонда жинақталады және геологиялық процестердің үлкен созымдылығын ескергөнде (ондаған және жүздегөн мың жылдар) бүл орындардағы уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.
Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады. Қазылған көне хайуанаттар сүйектері қатты байытылған - проценттің он үлесіне дейін. Кейбір көмір өндіретін орындарда уран проценттің жүздеген үлесі деңгейіне дейін жинақталған учаскелерге түседі. Алайда уранның өзі организмге енгеннің өзінде үлкен радиациялық қауіп төндірмейді, өйткені оның үлөстік белсенділігі (яғни, белсенділігі бір граммға есептелген) көп емес, ол организмнөн тез ығыстырылады және көп мөлшерде енген жағдайда (бір грамм шамасы) радиоактивтілікке байланысты химиялық улану басталуы мүмкін. Ураннан ыдыраған өнімдердің радиациялық қауіптілігі едәуір жоғары. Олардың арасында радон бірінші орын алады.
Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ, ауадан 7,5 есе ауыр, радийдың ыдырау өнімі болып табылады. Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді, алайда оның сырқы ауадағы жинақталуы көлемнің әр түрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді. Топырақ эмиссиясын қоспағанда минералдық тектегі қүрылыс материалдары: қиыршық ақ тас, цемент, кірпіш және т.б. радон көздері бола алады. Барлық жыныстарда уран мен торий кездеседі. Ал кейбір жыныстарда, мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін. қүрылыс материалдарына радон радий ыдырағанда пайда болады. Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі. Егер ғимарат нашар желдетілсе, ал қүрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдың едәуір үлкен мөлшерін бойында үстаса, онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін. Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде, ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойлар алатын доза жүктемесінен асып түсуі мүмкін. Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады. Жертөбелерді қымтау мен желдету топырақтан радонның өтуін айтарлықтай азайтады. Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса, радонның жиналуын қабырғаны герметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болады.
Радиацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады. Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.
Аумақтың радиоактивті ластануы.
Радиациялық авария - радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария. Радиациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы факторларына байланысты. Радиациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады. Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін. Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді. Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен, сондай-ақ радионуклид қүрамымен және тасталған радиоактивті зат мөлшерімен бағаланады. Авария барысында және одан кейін оның салдарының деңгейі мен ұзақтығына, сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:
-радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы, осы заттардың қоршаған ортаға таралуы;
-метеорологиялық және климаттық факторлар
-авария салдарын жою жөніндегі жүмыс нәтижелілігі, оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.
Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады. Мұндай радионуклид, атап айтқанда радиоактивті иод (иод - 131) болып табылады. Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнөше жүз тәуліктен мың жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады. Олардың арасынан ұзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үлесті биологиялық қауіпті цезий - 137., стронций - 9, плутоний - 239 және басқа радионуклидтер енгізеді. Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар, малдар, өсімдіктер мен приборлар ұшырайды, ғимараттар, коммуникация, технологиялық қондырғы, көлік құралы, мүлік, материал мен азық -түлік, жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға ұшырайды. Ауыл шаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді. Оның қатардан шығуы ядролық отын, электр және жылу энергия, сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді ұқсату және радтиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келеді. Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттың шектен тыс (көлемді) тығыздығымен сипатталады және ауадан (көлем) бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімөн өлшенеді. Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары, инфрақұрылым элементтері, тұрғын үй, әлеумет тұрмыс объектілері, ауыл шаруашылығы мен орман алқаптары, суаттар мен жер асты су көздері, әр түрлі табиғат объектілері бар бірқатар аумақ шығарылады.Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады.
Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
ҚР Заңы
№19-1 1996ж. 5 шілде
(2006.10.01 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- өз жұмысының орнықтылығын
арттыру және қызметкерлер мен
халықтың қауіпсіздігін
- төтенше жағдайлардың
пайда болуы қаупі туралы
- қызметкерлерге төтенше
жағдайлар кезінде
- қарауындағы өндірістік
және әлеуметтік мақсаттағы
- заңдарда көзделген реттерде,
төтенше жағдайлардың
ҚР Үкіметі белгіленген тізбе бойынша қызметінде төтенше жағдайлардың пайда болу қатері басым ұйымдар қаржы және материалдық ресурс резертерін жасап, ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі күштер құралдар құрылуын, дайындалуы мен әзірлікте ұсталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергілікті ауқымдағы
төтенше жағдайлардың алдын
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады;
- халықты және ұйымдарды қажетті қауіпсіздік, ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді;
- ТЖ алдын алу мен
оларды жою жөніндегі
- материалдық-техникалық, азық-түлік
медициналық және басқа
- ТЖ салдарынан зардап
шеккен халықтың және
- ТЖ жойылғаннан кейін
қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар
мен азаматтардың шаруашылық
қызметін қалпына келтіру
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік орагндардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:
- сейсмикалық жағынан
берік құрылыстар салу және
үйлер мен ғимараттардың
- гидротехникалық және
инженерлік геологиялық
- көлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету және көлікте
ТЖ болғызбау үшін
- қауіпті өндірістік
- өрттерге (жарылыстарға), індеттер
мен малдың жұқпалы ауруларына,
ауыл шаруашылық өсімдіктері
мен ормандардың кеселдермен
және зиянкестермен
- арнайы уәкілдік берілген органдардың міндетті күші бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.
Қорыта келе өз сөзіммен айтқым келеді: Не дегенмен бұл табиғат.Болашақта бізді не күтетін ешкімгеде белгісіз, бірақ та қазіргі кезде болып жаткан жайларға біз жауаптымыз. Маған және де сіздерге белгілі болар, қазіргі біздін заманда неше түрлі радиация беретін фабрика,зауыттар ашылып жатыр.Бірақ аяғы табиғаттын зардабымен бітеді.Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуымыз керек. Қиын жағдайдағы іс-әрекеттерге әрдайым дайын болуыз керек. Алғыр,сенімді болуыз керек.Себебі: алғырлық сенімділікті тудырады. Сенімділік кез-келген тосын жағдайдан алып шығады. Кез-келген адам өзі күтпеген үлкен іс-әрекеттерді жасайды. Тек не істеу керектігін ғана білу керек. Қайғылы жәйт әркімнің басына туады. Оны күту - еш шарасыз қаза болу деген сөз. Оған дайындалу - тірі қалу деген сөз! Тығырықтан шығуды үйрену керек. Қабілетсіздіктен бақытсыздыққа дейін бір-ақ қадам екендігі белгілі.