Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:28, реферат
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Төтенше жағдай түсінігі
Төтенше жағдайлардың жіктелуі
Төтенше жағдай кезіндегі шартты іс-шаралар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы:
«Төтенше жағдай кезіндегі қолданылатын іс-шаралар»
Орындаған: Шығыстану факультетінің
2 курс студенті Абилова Айжан
Тексерген: Абдибаттаева М. М.
Алматы 2014 жыл
Жоспар:
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай: объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған төтенше жағдай жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді.
Зілзала бұл төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Төтенше жағдайдың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдай пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
.
Жер сілкінуіне дейін:
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:
Алғашқы жер сілкінісі кезінде :
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
Егер көшеде болсаңыз:
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
Жер сілкінісен кейін:
Өрт
Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.
Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды. Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:
Ескерту шаралары:
Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.
Қар көшкіні, опырылып құлау
Қар көшкіні – тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы.
Қазақстанда қар көшкіні – Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Қар көшкіні маусымы: Қазақстанда қар көшкіні барлық таулы аудандарды қамтығын, бұл мөлшерден көп жауған қарға байланысты. қар көшкіні маусымы – сәуір, ал таулы аудандарда қазан-мамыр айларында болады.
Қар көшкінінің қауіпті белгілері:
Қар көшкінінің екпіні ұрса!