Төтенше жағдай кезіндеші іс шаралар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:28, реферат

Описание работы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Содержание работы

Төтенше жағдай түсінігі
Төтенше жағдайлардың жіктелуі
Төтенше жағдай кезіндегі шартты іс-шаралар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

обж срс2.docx

— 795.51 Кб (Скачать файл)

Қар көшкіні болған жағдайда:

  • Егер сіз қар көшкікіне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз ол сіздің қимылдауыңызға жеңілдік береді
  • Қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе көшкіннің үстінде қалуға болмаса ағаш, бұтақтардан ұстауғы тырысу керек
  • Қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрынды шарф пен шапкамен жауып алу керек. Тізені бүгіп алу керек.
  • Қар көшкіні тоқтасымен көшкіннен шығуға тырысу керек , сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз.
  • Қардың астында қалып айқайлаудың пайдасы жооқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі. Құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз.   
  • Қажет болса, қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау (массаж), коореин салдыру керек.
  • Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.

Опырылу – ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.

Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.

Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.

Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:

  • Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.
  • Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.
  • Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.

Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:

  • Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау
  • Тік жардың бірден бұрылысы сызығы бар құлайды-ау деген жерлерге тоқтамаңыз
  • Опырылған тік жардың қасына жоламау
  • Қауіпті жерларден бір-бірлеп тез, әрі айқай- шусыз өту
  • Тік жарлардан тас құлағанда қабырғаға жабысып тұру немесе басты рюкзакпен жабу керек.

Әр адамның негізгі парызы

Сел жүргенде, көшкін жүргенде үнемі теледидар мен радиодан берілген ақпараттарға құлақ түре жүріңіз.

Қазгидромет орталығы бұқаралық ақпарат орталығы арқылы қар көшкіні мен сел тасқындаының қауіп-қатері туралы тұрақты алдын-ала ескертіп отырады. Ондай жағдайларда тауға шығуға қатаң тиым салынады.

Су тасқын, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізу керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:

  • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
  • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
  • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.

Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:

  • алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
  • барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
  • қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;
  • жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
  • жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:

  • үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
  • пештегі жанып жатқан отты өшіру;
  • үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
  • бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
  • мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен  15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең – Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіннің болу белгілері

  • Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;
  • Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;
  • Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;
  • Жер сілкінісі.

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері

  • Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;
  • Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;
  • Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
  • Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
  • Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

  • таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;
  • Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;
  • Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;
  • Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;
  • Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;
  • Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:
  • Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;
  • Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;
  • Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;
  • Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;
  • Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз;

 

Дауыл, құйын

Дауыл – ең көп тараған табиғат апаттарының бірі. Әсіресе, бұл жел, мұзда, теңізде, тауда өте қауіпті. Кез келген қатты жел қыста дауылмен, жазда шаңды, құмды дауылымен байқалады.

Егер ашық жерде жел қатты тұрса, тез арада тығылу қажет.

Жазық немесе құрлық далада – жерге жатып, тастан, қалың қамыстардан ұстап алу қажет. Киімнің алдың жауып, тыныс алу жолдарын шаң мен құмнан сақтану үшін, орап алу қажет. Өзімен бірге фляга су алып алу қажет.

Тауда – болған жағдайда, шың басынан, асудан аулақ кеткен абзал.

Қауіпсіз орындарда тығылу – ну орманда, үлкен қорғандардың артына жасырыну қажет. Сонымен қатар, тасты және қауіпті аймақтардан алыс жүру қажет.

Құйын - өте қауіпті. Құйын жылдмдығы 100 м/с дейін жетеді, ең тез жылдамдығы 30-40 км/сағ. Құйынмен бірге аспанға ұшқан шыбықтар, майда тастар және т.б. нәрселердің ұшуы адамдарға қаупті тудырады.

Құйынның дауылдан айырмашылығы, ол кіші болып келеді, сондықтан оған кез болмау мүмкіншіліктері бар. Тек қана құйынның бағытын және жылдамдығын анықтап, қарсы бағытта жүру қажет. Құйынға кезіккен жағдайда кез келген жерге қадалған заттан ұстап, бетті, әсіресе, көзді қолмен не болмаса матамен жабу қажет. Егер құйын, боран, дауыл болады дегенді болжамшылардан естісеңіз, үйдің ауласындағы барлық заттарды жерге қағып, қатайтып қою қажет. Әсіресе, бұл салмағы аз үй соғуға қажетті заттарға: тақтайша, фанерлерді, шифрларды ұшырып алып кетпейтіндей етіп байлау қажет. Бұл заттарды бір-біріне байлап, жерге нықтап қою қажет. Оларды сарайларға тығып, ұшып кетпейтіндей орында орналастру қажет. Жел тұратын бетке қарап тұрған терезені фанерлермен немесе тақтайшалармен жапқан абзал.

Алдын ала электр құралдарын сөндіріңіз, керосин шамын алыңыз. Сонымен қатар, құрғақ тамақ ішпес үшін, артық балонмен газ плитасын алыңыз.

Сондай-ақ, үйіңізге артығымен тамақ, су, ал қас кезінде көбірек отын жинап қойыңыз.

Дауыл, құйын жақындап келе жатқаннан, үйіңіздің жағдайы нашар, дауылға төзбейді деген жағдайда, погребті паналаңыз (төсенгеш, жылы киім, су, тамақ, шырақ, міндеттті түрде күрек пен балта алыңыз). 

АБАЙЛАҢЫЗ: СУ

Құтқарушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бақытсыздыққа көбіне балалар, мастар мен қатар денсаулығы дұрыс және жүзуді жақсы білетіндер де ұшырайды.

Суға түскенде қандай жағдайларды жасамау керек:

  • белгі қойылған жерден аспаңдар!
  • рұқсат етілмеген жерде шомылмаңдар;
  • балалар шомылғанда қараусыз қалдырмаңдар;
  • шомылғанда камера, доп, тақталарды пайдаланбаңыздар;
  • суда бұзықтық жасамаңдар;
  • өтірік дабыл көтермеңдер;
  • өтіп жатқан кеме, катер мен қайықтардан секірмеңіздер;
  • таныс емес жерде шомылмаңдар.

Егер сіз қайықта болсаңыз:

  • техникалық жағдайы нашар, қараусыз қалған қайықтарды пайдаланбаңыз;
  • құтқарушы құралсыз суға түспеңіз;
  • техниклық құжатта көрсетілгеннен артық жүк пен азаматтарды  алмаңыз!
  • мас күйде суда жүзбеңіз!
  • қайықтың мұрындығы мен шетіне отырмаңыз!
  • жүзу барысында бір орыннан екіншісіне, бір қайықтан басқа қайыққа ауыспаңыз;
  • қайықтан сүңгуге секірмеңіз;
  • қараңғы уақытта жүзу құралдарын пайдаланбаңыз!

14 жасқа дейінгі балаларға  үлкендердің бақылауынсыз жүзу  құралдарын пайдалануға тиым  салынады.

Ыстық күн мен құмда «қыздырынып» болған соң салқын суға түсуге асықпаңыз.

Температураның тез ауытқуы қан тамырының қысқаруына, құлап қалуға әкеп соқтырады.

Егер бақытсыздық болған жағдайда есіңізде болсын! Зардап шеккен адамға тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей өмірге қайтаруға болады.

Зардап шегушінің басын бір жағына бұрып, аузын құмнан т.б. тазарту қажет, тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару қажет, осының барлығын 10 секунд ішінде істеу керек.

Қан қысымының жиілігі мен тынысын анықтау қажет.


Білулеріңіз тиіс:

Сіңір тартылғанда не істеу керек:

  • саусақтарыңызды жұдырығыңызға тең жинап, сермеп, қайта жинаңыз.
  • аяғыңызды бауырыңызға жинап, сіңір тартылған аяғыңызды өзіңізге қарай қатты тартыңыз;

Егер сіңір тартылуы қоймасы, онда аталғандарды қайталау керек.

Егер сіз су иіріміне тап болсаңыз:

Суға басыңызды батырып, ауаны көп жұтып, ағысқа қарай қатты көтеріліп, су бетіне жүзіп шығыңыз.

                                              

Балаларды жүзуге үйретіңіз!

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде, ұшақтар мен поездтар апатқа ұшырағанда т.б.

Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. Ол жеңілтектік, білімсіздік, ырықсыздарды қатты жасайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіпкеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.

Информация о работе Төтенше жағдай кезіндеші іс шаралар