Атемекен бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 15:36, реферат

Описание работы

Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматы қаласында өткен І Республикалық Құрылтай шешімі негізінде құрылған мектеп оқушылары мен ұстаз-тәлімгерлердің бірлескен қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық бірлестіктің дүниеге келуіне 1985 жылдан бері Қазақстан мектептеріндегі пионер-комсомол және тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика һәм психология элементтерін қолдануды мақсат еткен Халықаралық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасы тарихи ықпалын тигізді. Бағдарлама бағыттарын мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі оқу-тәрбие һәм қоғамдық жұмыстар мен іс-шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асыруды ниет еткен оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлер, тәрбиешілер мен тәжірибелі педагогтардың шығармашылық іс-әрекеттері – «Атамекен» оқушылар ұйымының пайда болуына ұйытқы болды.

Файлы: 1 файл

АТАМЕКЕН БАҒДАРЛАМАСЫ.docx

— 19.07 Кб (Скачать файл)

АТАМЕКЕН БАҒДАРЛАМАСЫ – ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА МОДЕЛІ 
 
Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі 
 
Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматы қаласында өткен І Республикалық Құрылтай шешімі негізінде құрылған мектеп оқушылары мен ұстаз-тәлімгерлердің бірлескен қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық бірлестіктің дүниеге келуіне 1985 жылдан бері Қазақстан мектептеріндегі пионер-комсомол және тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика һәм психология элементтерін қолдануды мақсат еткен Халықаралық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасы тарихи ықпалын тигізді. Бағдарлама бағыттарын мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі оқу-тәрбие һәм қоғамдық жұмыстар мен іс-шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асыруды ниет еткен оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлер, тәрбиешілер мен тәжірибелі педагогтардың шығармашылық іс-әрекеттері – «Атамекен» оқушылар ұйымының пайда болуына ұйытқы болды. 
Аталмыш үрдіс Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолақ-қорған ауылында республика көлемінде тұңғыш өткен аймақтық «Атамекен» оқушылар Слетінде ерекше көрініс тапты. Оны дарынды ұстаз, қаһарман тәлімгер, ұрпақ жанашыры, туған елінің нағыз ұлтжанды азаматы Балатай Әуезова (1957-1991) ұйымдастырды. 
Жинақталған азды-көпті тәжірибелерді жинақтау һәм тарату мақсатында жүзеге асыру мақсатында Республикалық «Ұлан» газетінің жанынан (1988) «Алау» штабы құрылған болатын. Штабтың негізгі жұмыстары – мектептегі пионер жұмысына халық педагогикасы материалдарын пайдалана отырып, ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп оқушылары лидерлері мен пионервожатыйлардың белсенділігі мен мәртебесін арттыру және пионер жұмысының ұлттық ерекшелігін айқындау мақсатында қазақ тілінде әдістемелік оқулықтар мен нұсқаулар шығару болды.  
Аталмыш ауқымды шараларға Б.Әуезова, Б.Бақтыбаева, З.Қарабекова (Оңтүстік Қазақстан), Б.Сүйеубаева, М.Маханов, У.Сұңғатов, Н.Есбосынова (Қызылорда), Қ.Өскенбаева, А.Қайырболатқызы (Астана), Г.Хасенова, Т.Смағұлова, Н.Еженханова (Шығыс Қазақстан), Б.Сейілханова, К.Мұхамеджанова (Алматы облысы), Б.Ахметова, М.Шермұхамбетова (Алматы), Л.Аппазова, А.Әбішева (Қостанай), Қ.Исин, А.Уәлиева (Ақмола), О.Нұрғалиева, Ю.Өтешова, А.Жұманиязов (Атырау), С.Ғайнушева, Н.Шхан (Батыс Қазақстан), Г.Донбаева, Н.Сырғабаева, Ж.Сейдеева (Жамбыл), Г.Серікбаева, С.Сенкібаев, Б.Сағындыққызы (Солтүстік Қазақстан), Қ.Нығыманова, А.Жәкенова (Қарағанды), А.Қорғанбаев, А.Қаплиева (Ақтөбе), Р.Сламбекова (Павлодар) және шет елдердегі қазақтар диаспораларындағы мектептерден Н.Баринова, М.Ахметова (Ресей), Қ.Жұмағалиұлы (Қытай), Ә.Ашайұлы (Монғолия), Б.Нұрмағамбетова (Өзбекстан) және басқа ұстаздар мен оқушылар ат салысты. 
1990 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы облыстарындағы көптеген мектептердегі тәлім-тәрбие жұмыстары «Атамекен» бағдарламасы негізінде жүргізіле бастады. Бағдарламаның жүзеге асырылуы – оқушылар ұжымының бірлескен шығармашылық іс-әрекеттері негізінде жүргізілді. Сондықтан, мектептегі оқушылар ұйымының негізгі үйлестіруші орталығы болып саналатын «пионер бөлмелері» - «Атамекен Ордасы» ұлттық тәлім-тәрбие орталығына айналды. 1991жылы өткен Республикалық «Атамекен» оқушылар ұйымының Құрылтайы шешімімен: пионервожатый – тәлімгер, октябренок – балдырған, пионер - ұлан, комсомол – мирас (мұрагер) өзгеріп, ұйымның әнұраны «Атамекен Ордасы» (М.Нұрқанов, Б.Өтепбаев), ұраны:  
А – Ата 
Т – Тәрбиесі 
А – Ақылшымыз 
М – Мақсатымыз 
Е - Елдігіміз 
К – Келешегіміз 
Е – Егемендігіміз 
Н – Намысымыз,- деп қабылданған болатын. Бұрынғы қызыл галстуктың орнына Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы іспеттес көгілдір галстукты және төсбелгі тағу жөнінде маңызды шешім қабылданған болатын.  
Республикалық «Атамекен» оқушылар ұйымының құрылуы және оның жер-жерлерде балалар мен ересек адамдардың бастарын біріктіре отырып қоғамға пайдалы іске жұмылдыруда кірісулеріне өзінің педагогикалық маңызын тигізді. «Атамекен» ұйымы – бұрынғы пионер ұйымының мұрагері болып қана қоймай, ол ұйымдардағы жақсы дәстүрлерді сақтап, оқушылар арасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда халықтық педагогика мен психология құндылықтарын ендіруді де мақсат етті. Әсіресе, бүкілқазақстандық «Кайырымдық», «Ауыл» операциясы, «Ескінің көзі» этнографиялық жорығы, бүкілқазақстандық «Елім-ай», «Алтын сақа» танымдық-этнографиялық ойын-сайысы, «Атамекен» тәлімгерлерінің жиыны, «Жазғы Атамекен ауылы» және басқа қызықты іс-шаралар жоспарланып, іс жүзіне асырылып отырды. 
1995 жылдың 18 желтоқсанында ұйым «Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар бірлестігі» деген атаумен Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде ҚР Азаматтық Кодексі талаптарына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден (547-1900-ҚБ 30703383) өтіп, заңдық қоғамдық ұйым ретінде өзінің мәртебесін алды. 
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда бүгінгі таңда 250-ден аса балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары бар. Оларға «Қазақстан балалар мен пионер ұйымдарының Одағы», «Мың бала» оқушылар ұйымы, «Мұрагер» оқушылар ұйымы, «Болашақ» оқушылар ұйымы, «Жұлдыз» оқушылар ұйымы, Қазақстан скауттарының ұйымы және басқа да қоғамдық бірлестіктер жатады. Аталмыш ұйымдардың іс-әрекеттері жөнінде арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп, олардың жалпы даму тенденциясын болжауға мүмкіндік беретін мониториг жүйесін жасау керек. 
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары (1991 - 2004) аралығында Қазақстан оқушылары Республикалық Слеті өткізілмей келгені – оқушылар ұйымының тағдырына деген қоғамдық пікірдің қаншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Осы орайда, мемлекеттік идеологияның негізі болып отырған «қазақстандық патриотизм» идеясын насихаттау, Қазақстан халықтарының достығы һәм татулығын сақтау және ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларды қайта жаңғыртып, жас ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған игі істерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстандағы барлық оқушылар ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтетін І Республикалық оқушылар Слетін өткізу жөнінде ҚР білім және ғылым министрлігіне балалар ұйымдары ардагерлері тарапынан ұсыныстар, хаттар жолданған болатын. Нәтижеде 2006 жылдың 26-28 тамыз аралығында Бурабайдағы «Балдәурен» орталығында ҚР білім және ғылым экс-министрі Б.С.Әйтімованың қолдауымен І Республикалық Слет өтіп, Қазақстан балалар ұйымдарының Одағы құрылды. Оған Қазақстандағы барлық балалар мен жасөспірімдер, оқушылар мен студенттер қауымдастықтары ұжымды түрде мүше болып енді. Одақ бағдарламасы болып «Атамекен» бағдарламасы қабылданды.

 

 

 

 

1.Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы.Алматы-2004  
2.Әбентаев С. Тәрбие теориясымен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы «Дарын». 2004  
3.Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы.Оқу құралы.Алматы 2007  
4.Бабаев С.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. Түркістан-2010.  
5.Бабаев С, Оңалбек Ж.Жалпы педагогика.Оқулық. Алматы-2006.  
6. Ғаббасов С. Халық педагогикасыныњ негіздері. (монография) Алматы. 1995ж  


Информация о работе Атемекен бағдарламасы