Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2014 в 15:36, реферат
Республикалық «Атамекен» балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі 1991 жылдың 7 желтоқсан айында Алматы қаласында өткен І Республикалық Құрылтай шешімі негізінде құрылған мектеп оқушылары мен ұстаз-тәлімгерлердің бірлескен қоғамдық бірлестігі. Қоғамдық бірлестіктің дүниеге келуіне 1985 жылдан бері Қазақстан мектептеріндегі пионер-комсомол және тәрбие жұмыстарына халықтық педагогика һәм психология элементтерін қолдануды мақсат еткен Халықаралық «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасы тарихи ықпалын тигізді. Бағдарлама бағыттарын мектептегі және мектептен тыс мекемелердегі оқу-тәрбие һәм қоғамдық жұмыстар мен іс-шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асыруды ниет еткен оқушылар мен ұстаз-тәлімгерлер, тәрбиешілер мен тәжірибелі педагогтардың шығармашылық іс-әрекеттері – «Атамекен» оқушылар ұйымының пайда болуына ұйытқы болды.