Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 21:11, реферат
Тiл аралық коммуникацияның кең таралған тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы қызметі, лингвистикалық ғылымның бақылауында үнемі болуы тиісті. Барлық сәйкес бірліктердің мағынасы мен қолдану саласы бойынша олардың мұқият жасалған салыстырмалы анықтамаларын беретін екі тілді сөздіктердің теориялық және практикалық құндылығының қаншама екенін, сонымен қатар олардың аса қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды екенін асыра мадақтау қиынға соғады.
Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар
Тiл аралық
коммуникацияның кең таралған
тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы
қызметі, лингвистикалық
Ауызша аударманың
арнайы теориясының шегінде аудармашы
сөзінің басқа да ерекшеліктері
атап өтіледі. Мұнда аудармашының жалтақтауы
себепті жіберілетін
Аудармашының мәтіні
ырғақсыздау, синхронды аудармашы
түсінікті мәтінді тезірек
Ауызша аударма теориясының маңызды бөлімдері аударманың әр түрлі үлгілеріне жетімді болатын баламалық сипатының зерттеулері болып табылады. Көрсетілгендей, жазбаша аудармада орнатылған баламалық деңгейімен салыстырғанда, ауызша аудармада кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін. Бұл ауытқулар алып тастауларға, қосылуларға немесе қате ақпараттың орын ауыстыруларына әкеліп түйістіреді. Ауытқулардың әрбір түрі жеткізілмеген немесе қосылған ақпараттардың маңыздылық дәрежесіне қарай бөлінетін ұсақ категорияларды қамтиды.
Алып тастаулар:
1) кішігірім жеке сөздердің, көбіне теңеулердің алып тастаулары;
2) аудармашы мәтіннің кейбір бөліктерін түсінбеуіне байланысты маңызды және көлемді бірліктерінің алып тастаулары;
3) аударма процесінде мәтіннің құрылымының өзгеруіне байланысты мәтіннің бір бөлігін алып тастау;
4) аударманың оратор сөзінен артта қалушылығына байланысты мәтіннің мағыналы бір бөлігінің алып тастаулары болып бөлінеді.
Қосылулар қосылған мол элементтердің сипаты бойынша топтастырылады: жеке анықтауыштар, қосымша түсініктемелер, айтқан сөздердің арасындағы байланыс, және т.б. Ал, жіберілетін қателіктер маңыздылық дәрежесіне қарай топтастырылады: жеке сөз аудармасының кішігірім қателігі, жеке сөз аудармасының мағыналық қате аудармасы, сөз құрылымының өзгеруімен байланысты кішігірім қателігі, сөз құрылымының айтарлықтай өзгеруімен байланысты мағыналық қате аудармасы.
Ауызша аударманың
сапасын бағалау кезінде өзара
байланыстың ауызша формасы есепке
алынады: байланысушылардың тікелей
қатынасында баламалықты төмен
деңгейде анықтау олардың өзара
түсінісушілігіне кедергі келтірмейді,
керісінше ауызша аударма процесіндегі
жоғалған ақпаратты белгілі бір
дәрежеде толықтырып отырады, ауызша аударманың
ерекшелігі-фунционалды-
аударылатын мәтін көлемі мен күрделілік дәрежесіне белгілі бір шектеулік қояды.
Негізінде, көркем
әдебиет шығармалары ауызша аударылмағаныменен,
бұл шығармалардан алынған жеке
цитаталар сөз сөйлеулер
Ресми баяндамалардың, хабарламалардың немесе сөз сөйлеулердің аудармасы үшін, құжаттың түгел мазмұнын немесе оның тақырыбын алдын-ала хабарлаған жөн. Аудармашыға баяндама мәтінін талқылауына, тақырып бойынша арнайы әдебиетпен танысуына, глоссарийды құруына мүмкіндік берген жөн. Дегенмен, бұл жағдайда да аудармашы күтпегендіктен қауіпсіздендірілмеген, себебі оратор сөз сөйлеу кезінде өз баяндамасының мазмұнын қысқартуы немесе ұзартуы, тақырыптан ауытқуы немесе оны түгелдеу өзгертіп жіберуі мүмкін.
Аударма ісі бойынша
көптеген мамандар кәсіби жарамдылық
сапаларының ішінен психикалық тұрақтылықты
бірінші орынға қояды, және бұл кездейсоқ
емес. Себебі олар ұзақ уақыт бойы сөйлеуге,
жиі сөз ауыстыруларға, жоғары жылдамдықпен
сөйлеуге мәжбүрлі, сонымен қатар, күні
бойы өзінің жеке ойына алаңдамай, бөгде
ойларды бақылау қажеттілігі-
Байланыс, яғни басқа
адамдармен қарым-қатынаста болу талпынысы
кез-келген адамға жаратылысынан тән.
Байланыс көптеген адамдарда жеке тұлға
болып қалыптасу барысында
Соғыстан кейінгі жылдарда ілеспе аудармашылардың халықаралық ұйымдары мен жеке конференцияларына деген сұраныс тез өсе бастады. Женевада 1948 жылы кәсіби синхронисттерді оқыту үшін алғашқы мектеп ашылды, ал 1962 жылы М.Торез атындағы мәскеулік институттың жанынан аудармашыларды арнайы БҰҰ Бреуске даярлайтын курстар ашылды. Қазіргі уақытта квалификациялы синхронисттер қызметін тек үкімет мекемелері мен конференция және телекөпір ұйымдастырушылары ғана емес, компьютер, спутниктік байланыс және глобальді коммуникацияның басқа да түрлерімен айналысатын серіктестік менеджерлері де қажет етеді. Қазіргі халықаралық конференциялар бірнеше тілдің ілеспе аударма қызметінсіз мүмкін емес болар еді.
Бұл, біздің ел үшін,
Батыстағы форумдардың
Негізінен, мәжілістерде
алты кабиналар жұмыс iстеуi керек, бірақ
олардың ішінен алғашқы төртеуі,
атап айтқанда: ағылшын, француз, орыс
және испандық тілдері бірыңғай жұмыс
істейді. Қытайлықтар ағылшын тілінен
өз ана тіліне аударады, ал арабтар
ағылшын және француз тілдеріне
және кері. Бұл, әрине, қытай және араб
аудармашылары үшін үшеулеп жұмыс
істейтіндіктен екі есе жүктеме,
ал қалған кабиналарда екеулеп отырады.
Ағылшын будкасында бір синхронист
(оны russisant деп атайды) орыс және француз
тілдерінен ағылшын тіліне аударады,
келесі hispanisant испандық және француз
тілдерінен сол тілге аударады. Француз
будкасында russisant сәйкесінше орыс және
ағылшын тілінен француз
Мұндай жүйеде (ал бұл көптеген ірі халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді) әрбір аудармашы отыз минуттан жұмыс жасайды, содан кейін оның әріптесінің кезегі келеді. Нәтижесінде, егер оратор орысша сөз сөйлесе, ал ағылшын кабинасында russisant болмаса, онда оның әріптесі hispanisant көрші кабинадағы орыс тілінен француз тіліндегі аудармасын тыңдайды да, содан соң француз тілінен ағылшын тіліне аударады.
Аудармашылар өз жұмысын кабинадан екеуі бір уақытта шықпайтындай етіп жиі үйлестіреді. Мәжілістерде үш еселі аударма жиі болады, мысалы, орыс тіліндегі мәтін француз тіліне, француз тілінен ағылшын тіліне, содан соң қытай тіліне аударылады. Мұндай үш фазалы аударма бірнеше секунд ішінде атқарылады. Егер мәжіліс залында жұмыс тілдері тек қана екеу болса, мысалы, орыс және ағылшын тілдері, онда тек қана екі кабина жасалады. Ал егер аудармашылар «екі жақты» аударма жасаса, олар бір будкада отырады.
Синхронисттер сөйлеушілердің дауысын құлаққап арқылы тыңдайды. Көбі өз дауысын және аударманы жақсы қадағалауы үшін тек бір құлаққап киюді қалайды. Ілеспе аудармашы бір уақытта сөйлеушінің сөзін топтауына және өз аудармасын тыңдауына үйренуі керек. Аудармашы жұмыс кезінде әріптесімен ақылдасу немесе сөйлесу мүмкіндігі үшін меншікті микрофонын өзі қосып, өзі сөндіре алады. Алайда, кабинадағы микрофон аудармашының даусын күшейтпеуі керек, әйтпесе, өз дауысының қатты шығуынан сөйлеушінің дауысын басып тастауы мүмкін.
Мұндай шиеленіскен жағдайда жұмыс істеуі үшін аудармашыға тиімділігін арттыратын шарттар керек. Кабинадағы ауа температурасының дұрыс реттелуі өте маңызды, себебі ыстық пен суық ауа аудармашының энергиясын алып, оның назарын жұмыстан шындап алаңдатуы мүмкін.
Бірақ ең маңыздысы-бұл, ендігі болатын мәжіліс үшін қажетті барлық жазбаша материалдардың қолда бар болуы. Мұнда, ең алдымен, күн тәртібі, сөйлеушілердің аты-жөні мен қызметтері көрсетілген тізім, сарапшылардың талқыланатын салада қолданылатын ерекше қысқартулар тізімі және аудармашылардың арнайы терминдерді игеруі үшін барлық жұмыс тілдерінде шығарылатын және алдын-ала таратылатын басқа да құжаттар түрлері жатады.
Аудармашылардың жұмыс
барысында жіберілген қателіктерін
дұрыстау үлкен халықаралық ұйымдарда
өте маңызды мәжілістердің
Сірә, ең қиын рөл синхронисттің үлесіне тиеді, себебі оған аударылатын тілдің белгісіз және тым шапшаң дерекнамаларымен жұмыс істеуге тура келеді. Жеке алғанда, бүгінгі күндері халықаралық конференцияларда көрнекті құрал ретінде жиірек қолданылатын слайдтарға арналған түсініктемелер мен бейне фильмдер туралы айтылып отыр. Осындай қарқында қатесіз жұмыс істеуі үшін аудармашыға мәжілістің басталуына дейін бейнежазбаны қарауға немесе сценаридың мәтінін алуға өтініш білдіруіне тура келеді.
Аудармашылар жұмыс
істейтін мекемелерде өз-өзін ұстау
ережесі мен ортақ тәртіптен
басқа, әр будкаларда өзінің әдеп нормалары
болады. Мысалы, синхронистер жұмыс
уақытының көбінде
оған хат жазған жөн болады; әйтпесе, ол құлаққапты шешуіне немесе микрофонды жабуына тура келеді, ал бұл-сөйлемнің бөліктерін жіберіп қоюына әкеледі. Аудармашы уақытша жұмыссыз отырған кезінде де, ол мәжілістің жүру барысын зейін салып бақылауы керек.
Будкадағы өзін-өзі
ұстау ережелері-жазбаша
Әрдайым формада
бола білу, әрбір ауыстырылатын сөйлемге
тез реакция көрсету, ұғымдар
мен ойлардың бір уақыттағы тапқырлығы-
Синхронисттің жұмыс жағдайлары психологиялық қатынаста тiптi жеңiл емес. Кез-келген сөйлеші аудармашыға емес тыңдаушыларға қарап сөйлейтіндіктен,
синхронистке екі рөлді атқаруына тура келеді, ол-ақпаратты қабылдаушы және жіберуші бола отырып, екі істі бір уақытта орындау.
Аударма-механикалық
қызметтің бір түрі және кез-келген
бірнеше жүз сөзді жаттап алған
адам синхронисттің міндеттерін
орындап шыға алады деген ілеспе
аудармашылардың жұмысқа қарым-
Өзімен-өзі бөлектенуінің сезімі аудармашының ақыл-ойына қарамастан, оның психикасына өз әсерін тигізеді. Бұл тіпті оның жанында өз әріптесі отыратынына және ол екеуі де бір-біріне көмектесетін ұжымның мүшелері болып табылатынына қарамайды. Бірақ, аударма басталған кезде синхронист залға жалғыз өзі шығады. «Ол тек өзіне ғана сене алады, өзінің интеллектуалды қорларына, өз біліміне, өз энергиясына үміт арта алады. Ол жалғыз жұмыс істейді. Оның тыңдармандары неғұрлым көп болған сайын, аудармашының бөлектену сезімі соғұрлым ұлғаюы мүмкін».
Информация о работе Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар