Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 21:11, реферат

Описание работы

Тiл аралық коммуникацияның кең таралған тәжiрибесi, жеке алғанда, аудармашы қызметі, лингвистикалық ғылымның бақылауында үнемі болуы тиісті. Барлық сәйкес бірліктердің мағынасы мен қолдану саласы бойынша олардың мұқият жасалған салыстырмалы анықтамаларын беретін екі тілді сөздіктердің теориялық және практикалық құндылығының қаншама екенін, сонымен қатар олардың аса қажеттіліктерінің қаншалықты маңызды екенін асыра мадақтау қиынға соғады.

Файлы: 1 файл

Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар.docx

— 22.22 Кб (Скачать файл)

Аудармашыға тигізетін  келесі психологиялық қысым-оның жіберетін  қателіктерінде. Маңызды келіссөздер  кезінде бір ғана қателіктің немесе абайсыздықтың кесірінен аудармашы  атына «кір түсетін кездер» де болған.

Аудару дегеніміз-ең алдымен түсіну дейді. Ал түсініп  аудару үшін дарындылық, білім мен  арнайы дайындық қажет. Ол өте жақсы  ұзақ және қысқа уақыттық ес, тез  жиналушылық, шыдамдылық, интуиция, суырып салма қабілетіне ие болуы керек, сонымен қатар екпін мен тілдің нюансын тез ұғынып, сөйлеушінің  стиліне тез үйренуі қажет.

Синхронисттің тағы бір күрделі де маңызды міндеттерінің  бірі-ол, сөйлеушінің екпінін түсінуі, яғни ол ызамен, мысқылмен немесе ынтасыз  сөйлеп тұрғанын байқау. Алайда, аудармашы  өкілеттіктерге немесе талқыланатын сұрақтарға деген өзінің қарым-қатынасын білдіртпеуі  керек. Жұмыс барысында аудармашыға  мәжіліс жүргізудің ережелері мен  тәртібін айтпағанда, политикалық келіссөздердің, географиялық, әдеби, дүниежүзілік тарихтың терминологияларымен жұмыс істеуіне тура келеді. Мамандандырылған аудармашы  ғылыми конференцияларда көп қолданылатын техника мен табиғаттану сияқты салаларымен хабардар болуы тиіс.

Сөйлеу компрессиясы, материалдарды қосу немесе алып тастау, синекдоха мен метонимия, антонимдер мен семантикалық баламаларды қолдану  және грамматикалық инверсия-ауызша аударманың ұзақ дамуы процесінде қалыптасқан  аудармашының қолданатын негізгі әдістері. Алайда, олардың бір-бірінен айырмашылықтары  болса да, ауызша материалдарды қысқартып  және тұжырымдай отырып, біруақытта олардың  жалпы мағынасын бұрмаламай жеткізу  де ілеспе аудармашының негізгі міндетіне  жатады. Сөйлемдердің құрылуымен және қайта құрылуымен айналыса отырып, ол ең алдымен сөйлемдерді анық және ықшам етіп шығаруға тырысады. Зерттеулер көрсеткендей, нақтылы сұхбаттың  аудармасын жаңғырту процесі дәл  сол мәтіннің жазбаша аудармасына  қарағанда, ілеспе аудармасының синтаксисы әрдайым оңай, ал сөйлемнің орташа ұзындығы әрқашан қысқа болып  келеді.

Бүткіл аударма  процесі сияқты, оның жеке сөйлемдері де-тыңдау және түсіну, есте сақтау және мағынасын ашу, сонымен қатар, сөздік материалдардың айтылуы-адамның тілі мен сөйлеуінің табиғатына байланысты. Выготскийдің психолингвистикалық  теориясына сәйкес, аудармашы бір  лексикалық жүйеден келесісіне көшкен кезде (мысалы, орыс тілінен ағылшын  тіліне), шетел тілінің сөздері  абстракты немесе символикалық деңгейде анықталады.

Жоғарыда айтып  кеткенімізге сүйене отырып, ілеспе аудармашыны  әзірлеу процесі көкейтесті мәселе болып табылады деп қорытынды  жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Алматы Мемлекеттік гуманитарлы-педагогтік колледж №2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар

 

Орындаған: Самсаева А. ПД-26

Тексерген: Мустафаева М.М.

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013


Информация о работе Ауызша аударма процесінде кездесетін қиыншылықтар