Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 10:02, курсовая работа
Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тілі сабағын оқыту кезеңінде талантты және дарынды балаларды анықтау ,балалар бойындағы таланттылық және дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары және оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігін нақтылау, әрі жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Талантты және дарынды балалардың ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін анықтау.
Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды оқушыларды оқытудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау , зерттеу.
Кіріспе
Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және даму тарихы
Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі
2. Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі.
2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу. Бұл дегеніміз пән мұғалімдері нақты бағыттар бойынша сынау тапсырмаларымен деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының бағытын анықтау деген сөз.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану. Бұл ұстаным барысында дарынды оқушының қандай да бір бағыттағы іс-әрекетінің жетістігі анықталады.
3. Баланың дарындылық белгісін
оның психикалық дамуының
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары. Бұл ұстаным мектеп психологымен,мұғалімімен және ата-аналармен біріге отырып, баланың қандай бағытта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі бар екені анықталады.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін
пайдаланып, бала қабілеттерін кең
көлемде қамтуға мүмкіндік
Осы ұстаным негізінде мектеп ғылыми қоғамына төмендегідей бағдарды негізге алу қажет:
Аталмыш жұмыстар
жүйелілікке негізделген
Талантты және дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың нәтижелі болуы жоғарыда айтылған жұмыстардың жүйелілігінде. Сапалы да жүйелі ұйымдастырылған жұмыс – ұстаз қауымының төккен терінің қайтарымы болса, оқушының қабілеті мен дарынының шыңдауы.
Дарындылықтың қалыптасу деңгейлерін ғалымдар екі топта қарастырылады: 1. Актуальді дарындылық - бұған қабілеттілігі қалыптасқан белгілі іс-әрекетте өз жетістігін байқата алатын әлеуметтік ортада, үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға болады. 2. Потенциалды дарындылық - баланың жалпы психикалық мінезінде белгілі бір қабілеті бар, бірақ ол еш жерде байқалмайды, сондықтан жағдай жасағанда ғана нәтижелі болады.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап талантты және дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Талантты және дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Талантты және дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.
Дарындылық - жеке тұлғаның өте күрделі, көп аспектілі қыры. Сондықтан оларға тән ортақ көрсеткіштерді белгілеу мүмкін емес. Әйтседе, Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде дарындылықтың бірнеше көрсеткіштерін берген. Олар – психомоторлық, интеллектуалдық, академиялық, шығармашылық және әлеуметтік дарындылық.
Талантты және дарынды балаларды анықтау - өте күрделі, жан-жақты мәселе. Ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі көзқарас бар. Бірі "...кез келген бала дарынды, тек уакытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек" десе, ал қарсы көзқарастағылар "... дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән, сондықтан талантты және дарынды балаларды іздеу алтын түйінді іздеумен бірдей" дейді. Ал, шындығында адами ойлау - ізденімпаздықтың, табиғаттың адамға берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз. Дегенмен, табиғат оны бәріне бірдей етіп бермегені де анық.
Талантты және дарынды балалар қабілетін анықтауды ғалымдар үш деңгейде қарастырады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.
1. Теориялық- дарындылықты анықтау.
Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.
2. Әдістемелік- қабылданған анықтау әдісі мен талантты және дарынды оқушының білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.
3.Педагогикалық-ұйымдастыру-та
Талантты және дарынды балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір дарынды бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Қабілетті балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Міндеттері:
-оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
-өзін-өзі бақылау мен өз білімін жетілдіру;
-жеке тапсырмалар беру арқылы оқыту;
-жеке тұлғаның қасиеттерін,қабілетін анықтау.
Осы міндеттерді орындау үшін және оқушылардың таланттылығы мен дарындылығын анықтауға қойылатын талаптар:
1.Шығармашылық:
-ойлау;
-қабілет.
2.Мотивация (жеке-мотивациялы ерекшелік).
3.Оқушылардың әлеуметтік
Тест немесе сауалнама арқылы анықталады.
Оқушының қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән /вундеркинд/.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке
түрінен қабілеттілік. Мысалы:гуманитарлық
пәннен мықты оқушы математикад
3. Дарындылық белгілері кең
Бала өзінің дарындылық қасиетін іс-әрекет барысында көрсете алады. Сонымен бірге, іс-әрекеттің бір түрінен әр түрлі дарындылықтың аспектілері көрінуі мүмкін. Дарындылықтың әр қилы түрі, формалары оқушының психологиялық мүмкіндігі мен даму кезеңдерінде жақсы болып келеді және ол баланың ортасына да тікелей байланысты болады. Балалар кішкентай кезінен белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Осы қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырған жағдайда ғана ол қасиет баланың бойына дарып, болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар береді.
Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, терендіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, әркімнің қолынан жаңаны жасау мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгеруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі.
Дарындылық ұғымының мәнін тусінуде маңызды болып табылатын «қабілет» түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін атап көрсеткен ғалым Елеупаева Ж.К. Олар: 1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет -барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3. Қабілет - нақты адамға топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді. Ғалым Елеупаева Ж.К «Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам іс-эрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап, ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін күш салып, ұзақ уақыт жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен шеберлік пайдалануы ләзім» - деп, қабілеттің даму үрдісіндегі оқытушылардың да өзіндік рөлін ашып көрсеткен өзінің ғылыми еңбегінде.
Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күнінен қалыптаса бастайды және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Дарындылық "оқу" және "шығармашылық" болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу, әдетте, оқып-үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін "шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. "Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында" деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.
Бала дарындылығының байқалмайтын жақтары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады. Бала бойындағы белгілі бір қабілеттің жарқын көрінісі ой - өріс деңгейінің жалпы дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласын бейімделуімен сипатталады. Талантты және дарынды баланың өзгешелігі неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында. Бұл қабілеттер оқушының жоғары деңгейін көрсетіп тұр, бірақ бұл қабілеттерді мектепте дамытуға жағдай жасалмаған. Баланың дарындылығын байқағанда не істеу керек? Бала дарындылығының өзіндік қырларын білген педагог оны оқыту үрдісінде тиімді пайдалануына болады.
Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың,мұғалімдердің алдында жаңа міндет - балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Н.С. Лейтес талантты және дарынды баланың ой-дамуын жай оқушылармен салыстыра келе, жалпы дарындылықты жалпы қабілеттердің жиынтығы деп түсіндіреді (жеке қабілетке қарағанда, мысалы, музыкаға, бейнелеу өнеріне), бірақ, олар іс-әрекеттің әр түрінде кең көрінеді-деп, айқындай түскен. Ғалым осы ойын дарындылықтың ақыл-ой теориясына байланысты талантты және дарынды балаларды үш санатқа бөлу арқылы түйіндейді:
1) кез-келген шарттардағы ерекше жоғары ақыл-ой дамуының деңгейіндегі балалар (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағылар); 2) арнайы ақыл-ой дарындылығының белгілері байқалатын балалар (математика, әдеби, музыка т.б.) (орта жастағылар); 3) әлеует және «жасырын» дарындылыққа байланысты жарқын танымдық белсенділігі және ой-ерісі терең балалар (жоғарғы мектеп жасындағылар).
Қазір ғылыми әдебиеттерде әлемде талантты және дарынды балалардың диогностикасы туралы түрлі мағлұматтар бар. Бала дарындылығының негізгі белгілерін Ү.Б.Жексенбаева өз еңбектерінде былай көрсеткен:
- арнайы психометриялық тест;
- баланы бақылаудың түрлі
- арнайы бағдарлама аясында сынақ сабақтарын өткізу;
- педагог тарапынан оқушының іс - әрекеті мен мінез - құлқын эксперттік бағалау;
- әр түрлі зияткерлік жарыстар, байқаулар, олимпиадалар т.б. өткізу;
- оқушы шығармасының
- арнай психодиогностикалық
Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.
Дарындылықты анықтау
Информация о работе Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі