Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 10:02, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тілі сабағын оқыту кезеңінде талантты және дарынды балаларды анықтау ,балалар бойындағы таланттылық және дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары және оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігін нақтылау, әрі жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері:
Талантты және дарынды балалардың ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін анықтау.
Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды оқушыларды оқытудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау , зерттеу.

Содержание работы

Кіріспе

Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және даму тарихы
Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі

2. Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі.
2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

диплом сиякты.doc

— 314.00 Кб (Скачать файл)

-         арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;

-         баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;

-         балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;

-         түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;

-         белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.

Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Жалпы балалар психодиагностикалық жұмыстарға зерттелуші рөлінде ғана қатысады. Әйтсе де, дарындылықты объективті бағалау үшін баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Балалар дарындылығының диагностикалық үрдісін фундаментальдық идеялар ретінде жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алынады. Ол - ұйымдастыру кезеңінен тұрады. Осы кезеңдегі жұмыстың мәніне бала туралы алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр түрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар және балалардың өздері.     Ата-аналар үшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы», «интеллектуалдық портрет» және т.б.    

 Мұғалімдер үшін баланың  бейімділігін анықтауға арналған  әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық портрет». Медициналық құжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың өзінің дарындылығын анықтау диагностикасына қатысуы олардың тесттік тапсырмаларды орындауымен анықталады.

Келесі кезең - бағалаушылық болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті диагностикалық кестеде ізденіс кезеңінде алынған ақпараттарды нақтылау мен бекітуге бағытталған. Осы кезең барысында педагогикалық іс-әрекет бір реттік зерттеумен арнайы бағдарлама бойынша сабаққа ауысады. Бала туралы алынған ақпаратты негізділігі мен дәлелділігіне қарай осы кезең барысында жүйелі түрде кең танымал психодиагностикалық әдістемелерді қолдана отырып, балаларды жеке және ұжымдық зерттеу жүргізіледі. Бұл жұмыстың жүйелілігі, ұзақ мерзімділігі бала туралы алынған ақпараттардың дәлелділігінің қосымша кепілі қызметінде атқарады.

Өзін бағалау кезеңінде балаға өздігінен қосымша сабақтарды таңдау құқығы беріледі. Баланың еш зорлықсыз қосымша сабақтарды жалғастыруға деген ниеті дарындылықтың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Жоғары интеллектуалдық жүктемелерге деген бейімділіктің байқалуын көптеген ғалымдар талантты және  дарынды баланың ерекше қасиеттерінің бірі деп есептейді. Бала сабақты әрі қарай жалғастыруды өздігінен таңдай отыра, өзі үшін қосымша интеллектуалдық жүктемелердің қажет екендігі туралы сұрақты шеше алады. Осылайша, ол өзінің дарындылығын бағалауға қатысады. Қорытынды іріктеу кезеңінде жұмыс барысындағы ақпарат деректерінен алынған мәліметтерді негізге алып, балалардың қосымша сабақтарға қатысуы мен оның нәтижесін таңдау арқылы әр баланың дамуына болжам жасалады.

          Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде дарынды баланы дамыту мен тұлғалық болмысын қалыптастыру үшін дарынды балаларды оқыту үрдісін жүргізудің өзіндік ерекшелігі болуы шарт. Оның негізінде дарын ерекшеліктеріне қарай өмірлік бағыт-бағдарын қалыптастыра отырып, оқыту үрдісін жүргізу қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мәселенің өзектілігіне қарай    мынадай сұрақтар туындады.

1. Талантты және дарынды оқушыны қалай оқыту керек?  Бұл мәселені шешу үшін әуелі дарындылық ерекшеліктері анықталады. Сол ерекшеліктерді дамытуға бағытталған оқыту технологиясы белгіленеді.

2. Қандай оқушы дарынды, ерекшелігі неде? Бұл сұраққа жауап беру барысында арнайы оқыту технологиясының мазмұны анықталып, құрылымдық жүйесі жасалды.

     Дарындылықтың психо-физиологиялық  ерекшеліктерін айқындаудағы педагог-психологтардың  ұйғарымында дарындылық дегеніміз– оқушының жоғары нәтижеге жетудегі ерекше қабілеттілігі, жасампаздық мүмкіндігі.  Осы ұйғарым бойынша Д.Ж.Резнули дарындылыққа былай түсінік береді: дарындылық үш байланыстың үйлесімділігі: жоғары интеллектілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің  біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. С.И.Ожеговтың түсіндірмелік сөздігінде дарындылық «табиғаттан берілген ерекше қабілет» деп түсіндіріледі.Ал, ғалым А.Матюшкин дарындылықтың психологиялық құрылымы – шығармашылықтың негізгі құрылымдық элементтерімен және адамның шығармашылық дамуымен сәйкес келеді деп түсіндірген.

Оқушының шығармашылық (дарындылық) әлеуетіне, психологиялық негізіне түрткілердің басқа түріне қарағанда басым болатын танымдық түрткіні құрайтын танымдық қажеттілік жатады.

Дарынды оқушыда басым болатын танымдық түрткі жаңалыққа ынталанудың, жаңалықты жағдайды туындатудың, жай нәрседен жаңалықты байқаудың төменгі баспалдағында пайда болатын ізденушілікке, зерттеушілікке белсенділік формасында көрінеді

Осы аталған белгілерге қарай мынадай негізгі қасиеттерді атап  көрсетуге болады: а) басым танымдық қажеттілік; ә) шешім табуда,жаңалықты  байқауда көрінетін зерттеушілік белсенділік; 6) ерекше шешім табуға мүмкіндік: в) болжам жасауға, тапқырлық көрсетуге мүмкіндік; д) жоғары деңгейдегі "үлгілер" жасауға қабілеттілік.

Шығармашылық - бұрын болмаған жаңа, соны өнім өндірудегі адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған саналы, мақсатты іс-әрекеті, онда шығармашылықты ізденушілікпен, зерттеумен орындалатын іс-әрекет формасы деп нақты айтуға болады,

Осы анықтамалардан мынадай тұжырым жасалынды: «Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы – дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы - дарынды" деп есептеледі.

Адам дайын қабілеттермен туылмайды, өмірге қабілеттіліктің анатомиялық-физиологиялық алғы шартымен ғана келеді. Ал қабілеттілік сол алғы шарттар негізінде қоршаған әлеммен қатынас жасау процесінде оқу мен тәрбие әсерінен дамиды.

Әрқандай іс-әрекетке байланысты бала қандай қызметті орындауы қажет және сол істің тиімді нәтижемен қамтамасыз етуге жәрдем беретін сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті түрде бір жағынан, өзіндік психикалық табиғатына ие болудан, екіншіден - әркімде өз алдына, қайталанбас көрінісінен жеке адам қабілеті деп аталады. Адамның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ бұлардың бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі біріншісі-психологиялық қүбылыс емес, екіншісі-баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс-әрекетті тез меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі психофизикалық қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған, әрі оларға тәуелді күрделі жүйе. Адамның психологиялық сипаты білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен, қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.

Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағалағаны жөн, яғни қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және дағдыларды игерудің мүмкіндік көзі, ал оның іске асу, аспауы көп жайттерге тәуелді. Мысалы балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірақ ол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ғылыми ізденіске бағыттау үшін шығармашылық ойлауды дамыту мен шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісі жүргізілуі тиіс. Мұны оқыту үрдісінде тиімді орындау үшін  белгілі тәртіптік жүйе қажет. Осы қажеттілікті орындаудың тетігі ретінде шығармашылыққа баулудың, ойды дамытудың, іс - әрекетті қалыптастырудағы әдіс-тәсілдердің бастапқы алгоритмдік жүйесі - логикалық ойлау операциялары -оқыту технологисының негізіне алынған. Сондықтан оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесі қарастырылған. Логикалық ойлау операциялары жалпы орта білім берудің салалық стандарты бойынша үш деңгейге топтастырылған.

Оқыту технологиясының мақсаты - оқу үрдісінің барысында оқушыларды жүйелі түрде шығармашылыққа баулу мен ғылыми ізденіске бағыттау. Осы мақсатқа   жету үшін ғалымдар мынадай міндеттер белгілеген.

1. Оқу үрдісінің барысында оқушыларды  шығармашылыққа баулуда логикалық ойлау операцияларын  әрбір сабақта қолданудың  тәртібін белгілеу;

- шығармашылық ойлаудың (ойлауды дамытудың) негізі ретінде қабылданған логикалык операцияларды айқындау  және оларды  деңгейлеу;

- логикалық ойлау операцияларын  сабақ барысының әрбір кезеңдерінде, оқу материалдарының тақырыптары бойынша шығармашылық 
тапсырмаларды, сұрақтарды кұруда, тәжірибелік-зерттеулік жұмыстарды жүргізуде қолдануды енгізу;

- оқыту үрдісіндегі пәнді оқыту  жоспарларының үлгі нұсқаларын 
және онда логикалық ойлау операцияларын қолданудың әдістемесін 
жасау,

2.  Оқушылардың шығармашылық  іс-әрекетін қалыптастыруды іске асыру барысында:

- сабақта игерген шығармашылық  іс-әрекет дағдылары бойынша 
өз бетінше шығармашылық тапсырмалар орындау;

  • шығармашылык жұмыстардың мәні мен мазмұнын түсіне отырып, 
    шағын шығармашылық жұмыстар жасау арқылы нақтылы ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуге және логикалық ойлау операцияларының жүйесінде орындауға бағыттау.

3.Оқушылардың ғылыми-шығармашылық  жұмыспен шұғылдануын ұйымдастыруда:

-  өз бетінше материалдарды іздеу, кітапханада әдебиеттермен жұмыс орындау;

-  ғылыми зерттеу жұмыстарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін игеру;

- өз бетінше ғылыми-ізденіс жасауға  баулуда логикалык заңдылықтарды қолдануды меңгерту үшін шығармашылық топтарда «шығармашылыққа баулу» сабақтарын жүргізу қажет.

Оқыту үрдісінің мазмұнындағы бейімді оқыту үрдісін орындау технологияның ішкі құрылымында қарастырылады. Бейімді оқытудың талаптары бойынша әр пән белгілі мамандықтарға негіз болады. Пән бойынша оқушылардың болмысын жасай отырып, онда сабақ барысында игеруге мамандыққа қажетті дағды, іскерліктері мен қабілеттері бойға сіңіріледі.

Мектеп оқушыларын мақсатты деңгейге жеткізу үшін мектепті бітірушілердің болмысы белгіленген.  Болмыста дарынды оқушылардың да болуға тиісті құнды сапалық қасиеттер көрсетілген.  Олар тәрбие берудің барысында міндетті түрде басшылыққа алынып отырылады.

      Оқушылардың  білімдері мен өзіндік шығармашылық  жұмыстарының негізі, ғылыми ізденіс  бастамасы сабақ барысында қамтамасыз  етіледі. Сабақ барысындағы ғылыми-шығармашылыққа бағыттаудың тәжірибелік жалғасы сабақтан тыс уақыттағы оқушыларды дамыту жұмыстарында орындалатын өзіндік ізденістері арқылы ұйымдастырылуы шарт.

    Талантты және  дарынды баламен дұмыс барысы оқытудың жаңаша технологияларының қағидаларын негізге ала отырып жоғары қабілетті оқушылардың білім негіздерін меңгерумен қатар шығармашылық тұрғыда (өнімді) ойлауға, өз бетінше ізденуге, ғылыми-ізденіс бастамаларын үйренуге бағытталуы қажет.

  Дамыта оқыту деп мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері оқушының өнімді ойлауының даму заңдылықтарына сәйкес берілген оқытуды айтамыз. Өнімді ойлаудың жүйесі – танымдық іс-әрекеттен логикалық іс-әрекетке келтіру, одан шығармашылыққа бағыттау. Ол үш негізгі аспектіні қамтығаны дұрыс.

  1. Танымдық - оқу материалдарын игеруі, қызығуы, танымдық белсенділігі.
  2. Логикалық - оқу материалдары бойынша логикалық ойлау процесі арқылы құрылымындағы тапсырмаларды орындау
  3. Шығармашылық - шығармашылық әдіс-тәсілдері игеруі, шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындатуы, қорытынды жасау, ғылыми-ізденіс жүргізу

Деңгейлеу – оқушының игеруге тиісті білім мен білік жүйелерінің сатылай топтастырылған белгілері. Жалпы орта білім берудегі салалық стандартқа сай үш деңгей белгіленген.

  1. Міндетті деңгей – жалпы орта білім берудегі жай мектептер (міндетті стандарт) деңгейі. Шығармашылық тапсырмалардын, күрделілік деңгейі.
  2. Лайықты деңгей – лицей, гимназия (салалық стандарт) деңгейі.
  3. Жоғары деңгей – дарынды балаларға арналған арнайы мектептер (салалық стандарт) деңгейі.

Оқушының оқу материалдарын меңгерудегі ой іс-әрекетінің екі деңгейі бар: а) өнімсіз (міндетті деңгейге сәйкес келеді); ә) өнімді (лайықты және жоғары деңгейге сәйкес келеді), яғни эвристикалық және шығармашылық деңгей.

Деңгейлеудің қажеттілігі: оқушы өз іс-әрекетінің деңгейін салыстыра отырып жүйелеуі керек.

Жай сабақтардағы бағалаудың өзі деңгейлік белгілер арқылы атқарылады, бірақ онда оқушының танымдық іс-әрекеті бағаланады.

Орта білім берудің салалық жалпыға міндетті стандартының үш деңгейіне негізделіп, қисынды ойлау операциялары күрделілігіне қарай үш деңгейге топтастырылған.

1. Міндегті деңгей - минимум ҚР ОББ стандарт деңгейі.  Қарапайым ойландыратын операциялар белгіленген.

2. Лайықты деңгей - лицей, гимназия  оқушыларының деңгейі. Күрделі ойлау операциялары белгіленген.

3. Жоғары деңгей - дарынды балалар  мектебі деңгейі.

Күрделілігі жоғары ойлау операциялары белгіленген (шығармашылыққа бағытталған).  Балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттері, іскерліктері мен сезім ерекшеліктері оку-тәрбие үрдісінің өн бойындағы барлық жоспарлауларда басшылыққа алынады.

Информация о работе Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі